2.4 ІV Иванның Астраханьға екінші жорығы.
Болған оқиғалар ІV Иванның Астаханьға екінші рет жорық жасауына себеп болды. Жорықтың мақсаты астархандық билік пен халықты жүгенсіздігі үшін жазалау еді. Жəне жеңген жағдайда Астраханьның тəуелсіздігін жою болды. Екінші жорыққа орыс əскерлері тарапынан Черемисинов жəне Тетерин бастаған атқыштар отряды (саны, шамамен 1000 адам), Писемский бастаған вятскілік отряд (саны белгісіз), атаман Колупаев бастаған дон казактарының отряды (саны белгісіз), атаман Ляпун Филимонов басшылығындағы еділ казактарының отряды (деректерде еділ казактары туралы айтыла бастады) (саны 500-600 адам) қатысты.
Екінші жорықтағы жалпы əскер саны – 3 мың адамнан артық емес, бірақ бірінші жорықтан 10-15 есе аз болды. Бұл жорықтың тонаушылық сипаты мен Астрахань хандығының əлсіздігін көрсетеді. Астраханьға орыс əскерінің екінші жорығы 1556 жылдың көктемінен – 1556 жылдың 26 тамызына дейінгі уақытты қамтыды.
Отрядтар əрқайсысы жеке-жеке 1556 жылдың көктемінде шықты жəне Астраханьда кездесетін болып келісті. Астраханьға алғашқы болып жеткен Ляпун Филимонов бастаған Еділ казактары болды. Олар күтпеген жерден қалаға шабуыл жасап, тіпті Астрахань кремліне тығылып үлгермеген жергілікті гарнизонға үлкен соққы берді. Асығыс жеткен атқыштар мен дон казактарының қиындықсыз қаланы алып, теңіз арқылы Еділ бойымен қашқан Астрахань ханы Дервиш-Алиді артынан қуды. Татарлардың лагерін қоршап, түн ортасында шабуыл жасап, оларда үрей туғызған орыс əскері жеңіске жетті. Таңертең «жеңіспен» Астраханьға қайтып бара жатқан орыс əскерінің ізімен қуған Дервиш-Али хан орыс əскеріне қатты соққы берді. Сонда да жалпы жағдай хан əскері үшін қолайлы бола қойған жоқ. Бекінісінен айырылған жəне сенімсіз əскері екі-үш қақтығыстан кейін хан Азовқа, одан Меккеге қашты. Соңғы Астраханьдық хандар Бұхарадағы Шайбанилерден пана тапты. Кейінірек Астрахань хандығының өкілдері Бұхарадағы Аштарханидтер əулетінің негізін қалайды. Астрахань қаласы жəне бүкіл хандық 1556 жылы 26 тамызда ешқандай бейбіт келісімсіз Ресей мемлекетінің құрамына қосылады. Астрахань патшасының титулын 1557 жылдан орыс патшалары иемдене бастады. Астраханьды басқару үшін воеводалар тағайындалды. Астрахань тұрғындары Ресей мемлекетіне адал болу туралы ант қабылдады. Бұл оларға тыныш көшпелі өмір мен пайдалы саудаға кепілдік берді.
Астрахань хандығының жылдам жəне Қазан хандығымен салыстырғанда ешқандай қантөгіссіз өзіне қосып алуы Ресейдің сыртқы саяси жетістігі болды. Жəне бұл Алтын Орда ыдырағаннан кейін құрылған түркі тілдес мемлекеттердің одан əрі Ресей құрамына қосылуын жылдамдатты. 1557 жылы территориясы Булак жəне Жайық өзендерінің арасын қамтыған Ноғай Ордасы Ресей билігін мойындады. 1557 жылдың күзіне қарай ұрыссыз Ресей құрамына қазіргі Башкирия территориясындағы түркі халықтары кірді.
Достарыңызбен бөлісу: |