Мазмұны : I. Кіріспе II. Негізгі бөлім



бет7/7
Дата25.12.2022
өлшемі114.03 Kb.
#467889
1   2   3   4   5   6   7
бөж тмт

III. Қортынды
Астрахан хандығы -Алтын Орда ыдырағаннан кейін құрылған дербес мемлекеттердің (1465 - 1556) бірі.Тақ үшін күресте туысы Ахмет ханнан жеңілген Үлкен Орда ханы Махмуд (1459 - 1465) ата-бабасының иелігі Қажы Тарханға(Астрахан) қашып келіп, дербес хандық құрды. Оның аумағына Каспийдің солтүстік-батыс жағалауы, төменгі Еділбойы, Солтүстік Кавказ енді. Халқы 100 мың адамшамасында болды, түркі тілдес тайпалардан тұрды. Көшпелі мал шаруашылығымен, аң, балық аулау, тұз өндіру, қолөнер, Бұзан бойындағылар аздап егіншілікпен айналысты. Батыс пен шығысты жалғастырған Астрахан хандығы Русьпен, Қазанмен, Қырыммен, Хорезммен, Армениямен, Иранмен, Әзербайжанмен, Сібірмен, Ноғай Ордасымен, Қазақ хандығымен, Түркиямен саяси және сауда байланыстарын орнатты. Билеушілер Жошының кіші ұлы Тоқа-Темір ұрпақтары болды. Астрахандық ханзадалар Қазан мен Русьте маңызды қызметтерге ие болып, олардың тарихына елеулі ықпал етті. Бай сауда орталығы болғандықтан Қажы Тархан көршілерінің шапқыншылығына жиі ұшырап отырды. 1492 жылы қаланыСібір билеушісі Айбек хан басып алды. Үлкен Орда, Ноғай Ордасы мен Қырым хандығы да Астрахан хандығының ішкі істеріне араласып отырды. 16 ғасырдың ортасында Астрахан хандығын Ресей жаулап алды.

IV . Пайдаланған әдебтиеттер:
1.Бизақов Сейдін/ Түбі бір түркілер/ Алматы 2013/ 146-147 б
2. А.Ювалы, Н.Имашова /Жалпы түркі тарихы . Түркістан-2004 /132 б
3. К.Р.Аманжолов /Түркі халықтарының тарихы /Алматы : “ Білім ”,2005/
62-63 б
4. Ұлы дала мемлекеттері /Алматы ,2010/176 б
5. Л.Динашева,А.Пала/Түркі мемлекеттерінің тарихы/Алматы ,2014/ 202-211б
6. К.Аманжолов,Қ.Рахметов/ Түркі халықтарының тарихы/ Алматы , “ Білім ”,1997 /56-57 б
Электрондық қорлар :
https://stud.kz/referat/show/52761
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет