Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2


Сараптамалық-талдау құжаттары



бет23/26
Дата22.02.2016
өлшемі6.78 Mb.
#1840
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26


6. Сараптамалық-талдау құжаттары
«Қазақстанға баланы шетелдік асырап алу керек пе?»

тақырыбындағы қоғамдық тыңдаудың ұсыныстары
2007 жылғы 18 маусым
Біз, Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл бастамашылық еткен және 2007 жылғы 24 маусымда «Астана» телеарнасы көрсетілген қоғамдық тыңдауға қатысушылар, бала құқықтары мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың, балалар интернаты мекемелерінің, құқық қорғау мекемелерінің, мемлекеттік органдардың өкілдері, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалардың құқықтарын қамтамасыз етумен, отбасымен, бала құқықтарын қорғау бойынша заңнаманы жетілдірумен байланысты проблемаларды талқылай келіп, баланың қалыпты дамуы үшін қажетті және Балалар құқықтары туралы конвенцияда және Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында басым деп танылған баланың отбасылық құқығы тиісті деңгейде сақталмай отыр деп санаймыз.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бала құқықтарын қорғау жөніндегі комитеттің 2007 жылғы 1 қаңтардағы мәліметі бойынша 16 883 бала білім беру органдарының мемлекеттік мекемелерінде болып табылады. Денсаулық сақтау органдарында 2084 бала тәрбиеленуде. Бүгінгі күні балалар үйіндегі балалардың 80% – әлеуметтік жетімдер (ата-аналары тірі жетімдер).

Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан мемлекеттік конвенция нормаларын іске асыру бойынша ұсынған бастапқы есебінен кейін берілген Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Комитетінің Балаларды қорғау туралы конвенцияны ратификациялау керектігі туралы және баланы шетелдік асырап алуына қатысты ынтымақтастық (Гаага конвенциясы) туралы, тәрбиені, отбасылық түрдегі үйлерді өсіру мен нығайту және, тиісінше, альтернативті нысан ретінде институциялық қамқорлықты төмендету бойынша тиімді шаралар қабылдау туралы ұсыныстарын толығымен орындаған жоқ. Бала асырап алу жүйесі жетілдірілмеді. Ұлттық бала асырап алуды көтермелеу жүйесі жоқ, бұған қазақстандық азаматтардың бала асырап алу санының аздығы дәлел болып табылады. Консулдық қызмет ресурстары шетелдер тұратын балаларды асырап алу құқықтарын сақтауға тиімді бақылау жасау үшін жеткіліксіз.

Отбасылық қолайсыздықтардың, әлеуметтік жетімдіктің және балалардың қараусыз қалуының алдын алу жүйесі өз тиімділігін көрсете алмай отыр. Өз кезегінде, әлеуметтік жетімдік балалардың аурушаңдығының және өлімінің, олардың әлеуметтік және еңбектік пайдаланылуының, балалар қылмысының өсуіне алып келеді.

Қоғам бала асырап алу, оның ішінде шетелдік асырап алу институтының мақсаттары, рәсімдері мен салдарлары туралы толықтай хабарсыз. Ата-аналарының қарауынсыз қалған балаларды қазақстандық немесе шетелдік азаматтардың асырап алуын қоғамның оң қабылдауы бойынша ағартушылық жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілмейді.

Баланың отбасылық құқығының басымдылығын тану, бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік биліктік барлық тармақтарының, үкіметтік емес ұйымдардың күшін біріктіру мақсатында қоғамдық тыңдауға қатысушылар Қазақстан Республикасының Парламентіне, Үкіметіне және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарына ұсынады:

- баланың ең үздік мүдделерін ескере отырып, ата-анасының қамқорынан айырылған барлық балаларды ұлттық және шетелдік асырап алу механизмін жетілдіру және дамыту;

- баланың құқықтарын қамтамасыз етуге және оның мүдделерін ескеруге, сондай-ақ оларды іске асыруды бақылауға бағытталған «Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алу қатынастарындағы ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң қабылдау, аталған конфенцияны имплементациялау мақсатында заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізу;

- қазақстандық балаларды шетелдік азаматтардың асырап алу рәсімін заңды және әкімшілік тәртіпте халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажет;

- Гаага конвенциясына сәйкес бала асырап алу құқықғы бұзылған жағдайда шетелдегі баланы қайтарып алу механизмін әзірлеу;

- қазақстандық балаларды шетелдік азаматтардың асырап алуына байланысты барлық мәселелер бойынша статистикалық ақпаратты жүйелендіру бойынша шараларды жүзеге асыру;

- балаларды заңсыз әкетуді және балаларды сату мақсатында шетелдік асырап алуды теріс пайдаланудың алдын алу және болдырмау бойынша шараларды күшейту;

- ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды туыстарының отбасында ұстау және тәрбиелеу жөніндегі ұлттық дәстүрді көтермелеу және дамыту бойынша шараларды жүзеге асыру;

- қорғаншы және қамқоршы органдардың ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды отбасында қорғаншылық (қамқоршылық) немесе патронаттың шарты бойынша асырып алуға орналастыру жөніндегі жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін заңнамалық және басқа да шаралар кешенін қабылдау;

- балалар интернаты мекемелерінің жұмысы, соның ішінде отбасыларына орналастырылған балалардың саны бойынша, жетістіктерін бағалау;

-жетім балалардың отбасылық құрылымының өзгеру жағдайы үшін қабылдайтын отбасыларды іздеу, оқыту және медициналық-әлеуметтік көмек беру бойынша мемлекеттік бағдарламалар әзірлеу;

- интернат мекемелері тәрбиеленушілерінің отбасыларында қысқа мерзімде тұруы, қонақта болуы, отбасылық тәлімгерлік және жетім балаларды отбасында тұрақты қалуға психологиялық үйрететін және сезімін оятатын басқа да үлгілер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;

- бала асырап алған отбасының бейімделуін жеңілдету мақсатында кез келген жастағы баланы асырап алған кезде ақылы демалысқа кепілдік беруді, баланы асырап алу үшін жетім балаларға көзделген көптеген жеңілдіктер сақталатындығын заңды тәртіпте белгілеу;

- «Неке және отбасы туралы» Кодекс жобасында бала асырап алушыларды жынысына, жасына, нәсіліне және басқа да белгілеріне қарай кемсітуге жол бермейтін нормаларды қарастыру;

- балалардың интернаттың мекемелерін тәрбиеленушілердің отбасында тұруы қағидасы бойынша қайта институттандыруға, қайта құруға бағытталған мемлекеттік бағдарлама әзірлеу және қабылдау. Бұл мекемелердің отбасында ұстау қағидасына көшуі тәрбиеленушілердің отбасында тұру және өсу құқықтарын іске асыру болып табылады.

- отбасы түріндегі балалар ауылдарын, жастар үйі санын арттыру, патронаттық тәрбиелеу және басқа да баламалы отбасылық қамқорлық жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылдау; балаларды интернат мекемелеріне орналастыру тек қысқа уақыт мерзімінде пайдаланылатын айрықша, соңғы шара болуы тиіс;

- интернат мекемелері тәрбиеленушілерін отбасылық тәрбиеге ауыстырумен бір мезгілде мекеме қызметкерлерін «әлеуметтік жұмысшы» мамандығы бойынша оқыту және мекеме жұмысын патронат отбасыларын, сондай-ақ нашар отбасыларды әлеуметтік қатарға қосу қызметіне өзгерту;

- «Қазақстан балалары» бағдарламасын әзірлеуді аяқтау және бекіту;

- жақын болашақта Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл ұлттық құқық қорғау мекемесін құру;

- балалар құқықтарын қорғау жүйесін құру, әлеуметтік жетімдік пен балалардың қараусыз қалуы, сондай-ақ отбасылық қиындықты жеңу бойынша стратегиялық элемент болып табылатын ювенальды әділет жүйесін құру бойынша шаралар кешенін қабылдау;

- әлеуметтік серіктестік бағдарламасын әзірлеу, жағдайы төмен отбасылармен және балалармен жұмысқа қоғамдық ұйымдарды тарту;

- азаматтық қоғамның балалар мекемесіне тәуелсіз тексеру жүргізуге және онда тұрып жатқан балалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі басқа да шараларға белсенді қатысуы механизмін құру;

- баланы шетелдік асырап алумен айналысатын, басқа мемелекетте таралған әлеуметтік, заңды және ақпараттық сипаттағы қызметтерді жүзеге асыратын шетелдік агенттіктердің жұмыс тәжірибелерін пайдалану.


Ұсыныстар «Юридическая газета» басылымында жарияланды (2007 жылғы шілде)

«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкестендіру мәселері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасына ұсыныстар


Құрылымдық элементтің атауы

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының

2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132-ІІ Конституциялық заңы

3-бап

3-бап. Сот жүйесі

1.Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды.

Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді.

2. Жергілікті соттарға мыналар жатады:

1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот –Қазақстан Республикасының Әскери соты, мамандандырылған қаржылық соттар және басқалар);

2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот – гарнизонның әскери соты және басқалар).

3.Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

4.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы бейнеленген мөрі болады.



3-бап. Сот жүйесі

1.Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті және басқа да соттар құрайды.

Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді.

2. Жергілікті және басқа да соттарға мыналар жатады:

1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот –Қазақстан Республикасының Әскери соты, мамандандырылған қаржылық соттар және басқалар);

2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот – гарнизонның әскери соты және басқалар).

3.Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

4.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, жергілікті және басқа да соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы бейнеленген мөрі болады.



Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабы

3-тармағының жаңа редакциясын көздейтін 2007 жылғы 21 мамырдағы

конституциялық түзетулерді жүзеге асыру мақсатында


31-бап

31-бап.Судьяға өкілеттіктер беру тәртібі

1.Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан Республикасы Президентінің

Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.


31-бап.Судьяға өкілеттіктер беру тәртібі

1.Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын Қазақстан Республикасы Президентінің

Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.


Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабы

3-тармағының жаңа редакциясын көздейтін 2007 жылғы 21 мамырдағы

конституциялық түзетулерді жүзеге асыру мақсатында


36-бап

36-бап. Жоғарғы Сот Кеңесі және Әділет біліктілік алқасы

1. Жоғарғы Сот Кеңесіне Республика Президенті қызметке тағайындайтын Төраға басшылық жасайды және Конституциялық Кеңестің Төрағасынан, Жоғарғы Соттың Төрағасынан, Бас Прокурордан, Әділет министрінен, Парламент Сенатының депутаттарынан, судьядлардан және Республика Президенті тағайындайтын басқа да адамдардан тұрады.

2. Әділет біліктілік алқасы Парламент Мәжілісінің депутаттарынан, судьялардан, прокурорлардан, құқық пәнінің оқытушыларынан және заңгер ғалымдардан, әділет органдарының қызметкерлерінен құрылатын дербес, тәуелсіз мекеме болып табылады. Әділет біліктілік алқасының төрағасын Республика Президенті тағайындайды.

Жоғарғы Сот Кеңесі мен Әділет біліктілік алқасының мәртебесі, құрылу тәртібі мен жұмысын ұйымдастыру заңмен анықталады.




36-бап. Жоғарғы Сот Кеңесі

1. Жоғарғы Сот Кеңесі Республика Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа да адамдардан құралады.

2. Жоғарғы Сот Кеңесінің мәртебесі және жұмысын ұйымдастыру заңмен белгіленеді.


Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының жаңа редакциясын көздейтін 2007 жылғы

21 мамырдағы

конституциялық түзетулерді жүзеге асыру мақсатында


«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының

1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Конституциялық заңы

3-бап

3-бап. Конституциялық Кеңесті құру тәртібі

1. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

2. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін Республиканың Президенті, екі мүшесін Парламент Сенатының Төрағасы және екі мүшесін Парламент Мәжілісінің Төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады.


3-бап. Конституциялық Кеңесті құру тәртібі

1. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

2. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін Республика Президенті, Конституциялық Кеңестің екі-екіден мүшесін тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды.


Қазақстан Республикасы Конституция

сының Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрт мүшесін тағайындау тәртібіне қатысты 71-бабы

3-тармағының жаңа редакциясын көздейтін 2007 жылғы

21 мамырдағы

конституциялық түзетулерге байланысты


17-бап

17-бап. Конституциялық Кеңестің құзыреті

1.Конституциялық Кеңес дау туған жағдайда Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес:

1)Республика Президенті сайлауының;

2)Парламент депутаттары сайлауының;

3)республикалық референдумның дұрыс өткізілгендігі туралы мәселені шешеді.

2.Конституциялық Кеңес Конституцияның 72-бабы 1-тармағы-ның 2)-3)-тармақшаларына сәйкес:

1)Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол

қойғанға дейін олардың Конституцияға сәйкестігін;

2) Республиканың халықаралық шарттары бекітілгенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды.


17-бап. Конституциялық Кеңестің құзыреті

1.Конституциялық Кеңес дау туған жағдайда Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 1) тармақ-шасына сәйкес:

1)Республика Президенті сайлауының;

2)Парламент депутаттары сайлауының;

3)республикалық референдум-ның дұрыс өткізілгендігі туралы мәселені шешеді.

2.Конституциялық Кеңес Конституцияның 72-бабы 1-тар-мағының 2), 2-1), 3)-тармақшала-рына сәйкес:

1)Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол

қойғанға дейін олардың Конституцияға сәйкестігін;



2) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың  Республика Конституциясына сәйкестiгiн қарайды;

3) Республиканың халықаралық шарттары бекітілгенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды.



Қазақстан Республикасы Конституциясының

72-бабы 1-тармағын

Конституциялық Кеңестің құзыретін кеңейту туралы

2-1) тармақшамен толықтыру туралы 2007 жылғы

21мамырдағы конституциялық түзетулерге байланысты


23-бап

23-бап. Конституциялық Кеңеске өтініш берудің салдарлары

Конституциялық Кеңеске төменде көрсетілген мәселелер бойынша өтініш жасалған ретте:

1) Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасында көрсетілген Президенттің қызметіне кірісуі, Парламенттің сайланған депутаттарын тіркеу не республикалық референдумның қорытындыларын шығару тоқтатыла тұрады;

2) Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2), 3)-тармақшаларында көрсетілген тиісті актілерге қол қою не оларды бекіту мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады;

3) Конституцияның 78-бабында көрсетілген іс жүргізу тоқтатыла тұрады.


23-бап. Конституциялық Кеңеске өтініш берудің салдарлары

Конституциялық Кеңеске төменде көрсетілген мәселелер бойынша өтініш жасалған ретте:

1) Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасында көрсетілген Президенттің қызметіне кірісуі, Парламенттің сайланған депутаттарын тіркеу не республикалық референдумның қорытындыларын шығару тоқтатыла тұрады;

2) Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2), 2-1), 3)-тармақ-шаларында көрсетілген тиісті актілерге қол қою не оларды бекіту мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады;

3) Конституцияның 78-бабында көрсетілген іс жүргізу тоқтатыла тұрады.


Қазақстан Республикасы Конституциясының

72-бабы 1-тармағын

Конституциялық Кеңестің құзыретін кеңейту туралы

2-1) тармақшамен толықтыру туралы 2007 жылғы

21 мамырдағы

конституциялық түзетулерге байланысты



39-бап

39-бап. Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін қабылдау салдарлары

1. Конституцияға сәйкес келмейді деп танылған Республика заңдары мен халықаралық шарттарына қол қоюға не тиісінше бекітуге және күшіне енгізуге болмайды. Заңдарды Конституцияға сәйкес деп тану оларға қол қою мерзімінің өтуін жаңартады. Республиканың халықаралық шарттарын Конституцияға сәйкес деп тану оларды бекіту процесін жаңартады.

2. Конституциямен бекітілген адам мен азамат құқықтарына және бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған, осыған орай конституциялық емес заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер заңдық күшінен айрылады және қолданылуға жатпайды. Мұндай заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге негізделген соттардың және өзге құқық қолданушы органдардың шешімдері орындалуға жатпайды.


39-бап. Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін қабылдау салдарлары

1. Конституцияға сәйкес келмейді деп танылған Республика заңдары мен халықаралық шарттарына қол қоюға не тиісінше бекітуге және күшіне енгізуге болмайды. Заңдарды Конституцияға сәйкес деп тану оларға қол қою мерзімінің өтуін жаңартады. Республиканың халықаралық шарттарын Конституцияға сәйкес деп тану оларды бекіту процесін жаңартады.

2. Конституциялық емес деп танылған, оның iшiнде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етiлген құқықтары мен бостандық-тарына нұқсан келтiредi деп танылған заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер-дiң күшi жойылады және қолданылуға жатпайды. Мұндай заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге негізделген соттардың және өзге құқық қолданушы органдардың шешімдері орындалуға жатпайды.


Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы

2-тармағының жаңа редакциясын көздейтін 2007 жылғы

21 мамырдағы

конституциялық түзетулерді жүзеге асыру мақсатында



«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2709 Заңы

21-бап

21-бап. Санкция

1. Прокурор жазбаша түрде:

1) қылмыс жасады деп сезік келтірілген немесе айып тағылған адамды қамауға алуға;


21-бап. Санкция

1. Прокурор жазбаша түрде:

1) алып тасталсын;


Қазақстан Республикасының Конституциясына 2007 жылғы

21 мамырдағы прокуратура органдарынан санкциямен тұтқындау

және қамауда ұстау құқығын сотқа беруге қатысты (16-баптың

2-тармағы) түзетулер енгізілуіне байланысты



38-бап

38-бап. Прокурордың анықтама мен тергеу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттігі

1.Анықтама мен тергеудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:

1) анықтама мен тергеу органдарынан тексеріс үшін қылмыстық істерді, жасалған қылмыстар, жедел-іздестіру қызметінің, анықтаманың, тергеудің барысы туралы құжаттарды, материалдар мен өзге мәліметтерді алады;

2) жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды қабылдағанда, тіркегенде, шешекенде заңдылықтың сақталуын тексереді;

3) қамауда ұстауға және қамауға алуға санкция береді;


38-бап. Прокурордың анықтама мен тергеу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттігі

1.Анықтама мен тергеудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:

1) анықтама мен тергеу органдарынан тексеріс үшін қылмыстық істерді, жасалған қылмыстар, жедел-іздестіру қызметінің, анықтаманың, тергеудің барысы туралы құжаттарды, материалдар мен өзге мәліметтерді алады;

2) жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды қабылдағанда, тіркегенде, шешекенде заңдылықтың сақталуын тексереді;

3) алып тасталсын;


Қазақстан Республикасының Конституциясына 2007 жылғы

21 мамырдағы прокуратура органдарынан санкциямен тұтқындау және қамауда ұстау құқығын сотқа беруге қатысты (16-баптың 2-тармағы) түзетулер енгізілуіне байланысты



39-бап

39-бап.Қамауға санкция беру

1. Қылмыс жасады деп сезiк туғызған немесе айып тағылған адамды қамауға алуға санкция беру құқығы Республиканың Бас Прокурорына, облыстардың прокурорларына және оларға теңестiрiлген прокурорлар мен олардың орынбасарларына, аудандық, қалалық және оларға теңестiрiлген басқа прокурорларға берiледi.


2. Прокурор анықтама мен тергеу органдары берген материалдарды зерделегеннен кейiн адамды қамауға алуға санкция бередi. Қажет болған жағдайларда прокурор iстiң мән-жайы бойынша санкция беру туралы мәселенi шешу үшiн санкция сұратылған адамнан жауап алуға хақылы.
  3. Қамауға алуға санкция беруден бас тарту оның себептерi көрсетiле отырып, жазбаша баяндалады және оған шағым беруге болады.

39-бап.Қамауға санкция беру

алып тасталсын

Қазақстан Республикасының Конституциясына 2007 жылғы

21 мамырдағы прокуратура органдарынан санкциямен тұтқындау және қамауда ұстау құқығын сотқа беруге қатысты (16-баптың 2-тармағы) түзетулер енгізілуіне байланысты



Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі № 167-І Қылмыстық кодексі

49-бап

49-бап. Өлім жазасы

1. Өлiм жазасы-ату жазасы адамның өмiрiне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшiн, сондай-ақ соғыс кезiнде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттiк сатқындық, бейбiтшiлiкке және адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыс және ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны үшiн ғана ең ауыр жаза ретiнде қолданылуы мүмкiн.



49-бап. Өлім жазасы

1. Өлiм жазасы - ату жазасы террористiк қылмыстар жасағаны үшiн, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшiн ең ауыр жаза ретiнде қолданылуы мүмкiн.



Қазақстан Республикасы Конституциясының

15-бабы 2-тармағын

өлім жазасы түрінде жаза тағайындау негіздерін шектеуді көздейтін 2007 жылғы

21 мамырдағы

конституциялық түзетулерді іске асыру мақсатында


«Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3-І заңы

4-бап

4-бап. Мемлекет және қоғамдық бірлестіктер

Мемлекет қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қаматамсыз етеді.



Қоғамдық және мемлекеттік институттардың қосылуына, мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер істеріне және қоғамдық бірлестіктердің мемлекет істеріне заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың міндеттерін жүктеуге және қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттің қаржыландыруына жол берілмейді.

4-бап. Мемлекет және қоғамдық бірлестіктер

Мемлекет қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қаматамсыз етеді.

Қоғамдық бiрлестiктер iсiне мемлекеттiң және мемлекет iсiне қоғамдық бiрлестiктердiң заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың қызметiн жүктеуге жол берiлмейдi.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет