ПАТРИАРХ ВЫСШЕЙ ШКОЛЫ
У каждого народа есть люди, которые всей своей судьбой, образом мыслей и поступками заслужили всеобщее признание называться духовной опорой нации, источником ее вдохновения и силы. К числу таких людей, бесспорно, следует отнести незаурядного человека, большого ученого, талантливого педагога и наставника, автора многочисленных научных трудов, профессора КГУ им.Коркыта-ата Мустафу Матаевича Матаева, которому на днях исполняется 80 лет. Имя Мустафы Матаевича неразрывно связано не только с развитием высшей школы и науки Кызылординской области и республики в целом, но и неотрывно от судеб тысяч людей, с которыми сталкивала его жизнь не только по работе, но и на общественном поприще, а также в личных взаимо- отношениях. Путь к своим жизненным и творческим вершинам ученый начинал с родного Казалинска, где прошло его довоенное детство и где первые уроки нравственности, морали и честного труда он получил от своих родителей: отца Нурумбетова Матая и матери Нурымбетовой Айши Бухарбаевны, чьи светлые образы Мустафа Матаевич проносит через всю свою большую жизнь и кото-рые для него являются мерилом Совести, Чести и Достоинства. Бескрайние просторы родной степи, любовь и тепло близких, родных людей повлияли на формирование внутреннего мира, пытливый ум и объемное мировосприятие маленького Мустафы. Незримая нить, которая связывает Мустафу Матаевича с его малой Родиной, не прерывалась никогда, куда бы ни забрасывала его судьба в разные периоды жизни. Не случайно по окончании учебы в железнодорожной школе на станции Новоказалинск с золотой медалью в 1950 году Мустафа Матаевич в 1955 году поступает в Казахский государственный университет им.С.М. Кирова на философский факультет по специальности «Диалектический и исторический материализм». Уже в студенческие годы Мустафа Матаевич показал себя как талантливая одаренная личность, которая сочетала в себе масштабное видение мира, креативное мышление, новаторский подход к делу и удивительную скромность и внутреннюю интеллигентность. Мустафа Матаевич – явление уникальное. Его жизнь, научно-педагогическая и общественная деятельность наполнены высоким смыслом и глубоким духовным содержанием. Это стало возможным во многом благодаря той духовной среде, той атмосфере, которая создавалась его первыми учителями, коллегами по педагогическому цеху, патриархами отечественной казахстанской науки – людьми уходящего, к сожалению, поколения – поколения последних романтиков. Именно среда отцовского дома, среда незаурядных учителей и друзей-единомышленников всегда являлись для Мустафы Матаевича источниками и опорой на его долгом жизненном пути. Начинал свой трудовой путь Мустафа Матаевич в 1955г. в Казалинском сельскохозяйственном техникуме, где проработал до 1957 года. Далее он трудился в областном отделе общества «Знание» КазССР референтом. Авторитет, высокое гражданское самосознание и активная жизненная позиция позволили Мустафе Матаевичу успешно закончить аспирантуру Академии общественных наук, в 1967 году защитить кандидатскую диссертацию и в течение 3-х лет быть руководителем лекторской группы в Кызылординском областном комитете. Большая часть жизни Мустафы Матаевича связана с историей, развитием высшей школы Казахстана и Кызылординской области. С 1969 по 1980 годы Мустафа Матаевич работал заведующим кафедрой философии Кызылординского педагогического института им.Н.В.Гоголя. С 1992 по 2002 годы заведовал кафедрами правоведения, государства, теории и истории права. Вся глубина и одаренность Мустафы Матаевича проявились, когда он работал деканом филологического факультета педагогического института им.Н.В.Гоголя. Деканом Мустафа Матаевич был не только по должности, но и по бесспорному, огромному авторитету. Его лидерство, роль и влияние на студентов и своих коллег были непререкаемыми. Долгое время рядом с Мустафой Матаевичем
79
работали такие первоклассные педагоги, как Мирошников В.М., Мирошникова В.Ф., Канцев А.Н., Аникина Л.П., Шкуридин С.В., Сон Е.Н., Попова Г.А., Андрианова Г.А., Ким Л.Р., Угай В.А., Прокофьева С.А. и др. Мустафа Матаевич относился к числу тех руководителей, которые не просто занимали должности, а были людьми государственного мышления, чьи авторитет и мнение были весомы в самых широких слоях всего населения. Решая проблемы факультета, Мустафа Матаевич «болел» за всю казахстанскую школу высшего образования, при этом проявлял не только свой высокий профессионализм, активную гражданскую позицию и патриотизм, но и старался сохранить преемственность и традиции отечественной высшей школы. Как человек долга и государственного мышления Мустафа Матаевич в своей деятельности всегда исходил из той истины, что менталитет и своеобразие культуры казахского народа изначально генетически ориентированы на духовные ценности, поэтому Казахстану, даже сегодня, в условиях модернизации, не следует «слепо» копировать Запад, необходимо сохранить собственную культурную традицию, основанную на уважении к старшим, на человечности и гуманности людей друг к другу. Именно эти концептуальные философские знания Мустафа Матаевич несет и сегодняшним студентам, с которыми он встречается ежедневно в аудитории в качестве почетного профессора кафедры «Государства и теории и истории права» КГУ им. Коркыт Ата. В нынешних студентах, будущих учителях 21 века Мустафа Матаевич хотел бы видеть специалистов всесторонне образованных, высоконравственных и граждански зрелых, органично интегрированных в реалии современной действительности – достойных граждан демократического постиндустриального Казахстана. Мустафа Матаевич всей своей жизнью подтвердил, что он является ярким представителем той легендарной когорты руководителей и педагогов, которых отличала высота духа, масштабность ума, на фоне которых так естественно проявляется забота об обычном человеке. Где бы ни был и в какой бы ипостаси ни находился Мустафа Матаевич, вокруг него всегда много людей, и каждый из них знает, что этот мудрый человек с теплыми и добрыми глазами всегда им окажет поддержку словом и делом. Фундаментальные академические знания Мустафы Матаевича, изложенные и сформулированные в более чем 55научных работах, представляют бесценную сокровищницу философской мысли и особенно востребованы сегодня среди молодых ученых. Своим жизненным, профессиональным опытом Мустафа Матаевич охотно делится с современной молодежью, активно выступая на страницах местных и республиканских печатных изданий, а также по каналам республиканского и местного телевидения. Например, к 70-летию Мустафы Матаевича был снят специальный документальный фильм «Откровения с Сыром». За многолетний, плодотворный и добросовестный труд в научно-педагогической сфере Мустафа Матаевич награжден и отмечен многочисленными государственными наградами – медалями, грамотами и благодарственными письмами. В 1984 году Мустафа Матаевич был отмечен знаком «Отличник просвещения КазССР»;в декабре 2009 года решением внеочередной сессии Кызылординского городского маслихата Мустафе Матаевичу присвоено звание «Почетный гражданин города». И все же из всех наград для Мустафы Матаевича самая дорогая – это номинация «Лучший отец», которая ему была присвоена в 2006 году Ассоциацией женщин «Ақ босаға». Мустафа Матаевич – счастливый, богатый человек. Богатство его – это его знания, его необычайно удивительный духовный мир, его прекрасная душа, его многочисленные выпускники, авторитет и уважение среди народа. Но самое главное богатство и гордость для Мустафы Матаевича – это его семья. Долгие годы рядом с Мустафой Матаевичем была его жена Акзия Дуйсенова, верная подруга жизни и хранительница домашнего очага. Не обманули ожиданий отца дети. Старшая дочь Ботагоз – преподаватель КазНУ им.Аль-Фараби; вторая дочь Гульнар – педиатр; старший сын Габит – доктор политологии, автор ряда монографий и крупных аналитических работ, является ответственным работником аппарата премьер-министра РК; второй сын Галымжан пошел по стопам отца – кандидат философских наук; младший сын Талгат – кандидат экономических наук. У Мустафы Матаевича 11 внуков, 4 правнука. Выросли и состоялись дети, подрастают внуки и правнуки – значит династия Матаевых продолжается, значит в ней всегда незримо будет присутствовать наш дорогой Мустафа Матаевич, чье благородство, порядочность и самоотдача в делах станут достоянием новых поколений этой замечательной фамилии.
//Кызылординские вести.-2013.-20 апреля.-С.3
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.
ҚАЙСАР ҚАЛАМ
Қолындағы таяғына сүйеніп, аяғын сылти басып жүретін әріптес ағамызды аймақтың ақпарат саласындағы танымал тұлғалардың бірі десек, артық айтпағанымыз. Әрине, танымалдық жайдан-жай келе қоймасы анық. Ол ұзақ жылғы еңбектің, ізденістің, мол тәжірибенің арқасында келеді. Сонымен бірге ол талантпен ұштасып жататыны ақиқат. Біздің әңгімелегелі отырған кейіпкеріміз – Бақтыбай Бердібаев. Ол кісіні әсіресе, аға ұрпақ өкілдері жақсы біледі. Өйткені, сонау бір жылдары оның жағымды қоңыр дауысы аймақтағы әрбір отбасына жетіп тұрған еді. Ол уақыттары радио барлық үйде бар. Бақтыбай Бердібаев пен Гүлайым Жанұзақова екеуі эфирден өңірдің барлық жаңалықтарын жеткізіп тұрды. Тек қана жаңалықтар емес, дауыс дикциялары келіскен, өз мамандықтарының нағыз шеберлері атанған қос диктордың тебіреніспен жеткізген қызықты әңгімелері, радиоочерктері, сырлы өлең жолдары, қысқа қойылымдар тыңдармандарын ерекше әсерге бөлейтін. Жерлестеріміз облыстық радиохабар беретін уақытты асыға күтіп отыратын. Қысқасы, әуе толқынының жергілікті сарбаздары Сыр еліндегі әрбір отбасының бір мүшелері іспеттес болды.
Облыстық радионың жабылып қалғаны қаш-шан. Әйтсе де, қайбір ортада, мейлі ол қоғамдық көлік ішінде, көшеде не қонақта болмасын Бәкеңнің даусын естіген адамдардың елең ете қалғанына талай мәрте өзіміз де куә болғанбыз, «Ай, сен осы баяғы Бердібаев емеспісің, бар екенсің ғой», деп жатқандары. «Ой, шіркін, өзіңді облыстың Левитаны деп атайтын едік» деген сөзін де қосып қояды. Үлкен кісілер ғана емес, жастар арасында да «жергілікті Левитанның» даусын есте сақтап қалғандар кездеседі екен. Бірде Бәкеңнің «жаңа әзірде автобус ішінде қасымдағы адаммен әңгімелесіп отырғанымда алдыңғы орында отырған бір студент қыздың бұрылып, «Аға, сіз радионың дикторы болған жоқсыз ба?» деп сұрағанын айтып келді. «Иә» деген жауапты естіген жас қыз мәз-мәйрам болып қуанып қалған көрінеді. Сол секілді ел аузымен «Тоқылдақ» атанып кеткен пойыз ішінде екі көзі көрмейтін адам жанында келе жатқан жолаушының Бердібаев екенін жазбай таныпты. «Тоқылдақ» демекші, бұл пойыздың баратын жері Арал ауданы. Бәкең осы ауданның түлегі, дәлірек айтқанда, Аралтұзда туып-өскен.
Ол ұстаздың отбасында өмірге келді. Әкесі Смайыл Бердібаев ұзақ жыл тұзшылар кентінде балаларды білім нәріне сусындатқан жан. «Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі» атағын иемдеген ұстаз өнегелі отбасының отағасы ретінде балаларына да жақсы тәрбие бере білді. Он баланың үлкені Бақтыбай бес жасына жеткенде ауыр кеселге ұшырап, бір аяғын баса алмай қалды. Туғанынан тақылдап, қолды-аяққа тұрмай зырылдап жүрген бала таяққа сүйенбесе жүре алмайтын халге жетті. Мұның өзі жас баланың мінезіне көп өзгеріс әкелді. Уайымшыл, әсершіл, ренжуі де, қуануы да тез болып алды. Дегенмен, арманшылдық қасиеті мол жан тағдырдың салған тауқыметіне мойымады. Әр нәрсеге талаптанудан танған жоқ. Көркемдеп жазуды меңгерді, сурет салумен айналысты, ән айтуға құмартты. Ол уақыттағы балалар кітапты көп оқитын. «Қазақ солдатын» оқымаған оқушы кемде-кем. Оқырмандар басты кейіпкерлер Шеген мен Қайрошқа еліктеп, соларға ұқсағысы кеп тұрса, Бақтыбайдың жанына жақын тұтқаны Бораш болды. Ол да өзі сияқты жарымжан. Сүйікті кейіпкері секілді әндетіп кететін кезі аз болмады. Бір қызығы, Бәкең кейіннен сол Бораштың прототипімен кездескен еді. Ол – қазақ журналистерінің ұстазы Тауман Амандосов. Бұл туралы ол «Сүйікті кейіпкерімнен тәлім тердім» атты естелік әңгімесінде тарқатып жазады.
Бала Бақтыбайдың журналистикаға әуестігі, шамасы, Николай Озеровқа еліктеуден басталғандай. Аға ұрпақ өкілдері, оның ішінде футбол жанкүйерлері, әйгілі коментатордың репортаждарын әлі күнге дейін сағынышпен еске алары даусыз. Оның айызыңды қандыратын футбол репортаждарын бала Бақтыбай жаттап алып, ұйқыға жатар кезде қайталап айтып жатуды әдетке айналдырды. Ол сол кездегі футбол клубтарының,
81
одақтың құрама командасы ойыншыларының атын, нөмірін жатқа соқты. Озеровтай болсам деген арман мен қиял журналистика мамандығын таңдауға жол сілтеп, ақыры Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің студенті атанды. Университет қабырғасында жүргенде жастайынан үйренген өнері көмекке келді. Ол факультеттің «Жас қалам» аталған қабырға газетінің редакция алқасының белді бір мүшесі болды. Сонымен қатар, бес жыл бойы Қазан төңкерісі мен Мамыр мейрамдарында мерекелік шеруге алып шығатын барлық ұрандар мен транспаранттар, лозунгілер студент Бақтыбайдың қолымен жазылды. Сонысымен факультет деканы Темірбек Қожекеевтің ықылас-құрметіне бөленді. Ал ол кезде атағы дүрілдеп тұрған Темірбек Қожекеевтен бес жылдың ішінде бір жылы сөз естудің өзі талай студентке арман болғаны белгілі.
Журналистік еңбек жолы Жалағаш аудандық газетінде басталды. Өмірде жақсы мен жаман қатар жүреді. Университет түлегін редакция ұжымы түгелдей дерлік жылы қабылдағанмен, тек бас редактор орынбасарының салқын қабағына ұшырады. Ол ә дегеннен «таяғына сүйеніп жүрген адам қалай журналист болмақ?» деп, әр нәрседен кілтипан іздеп, мазалай берді. Оның бұл түртпектеуіне жарты жылдай шыдас берген соң кетуге бел байлады.
– Бақтыбай, түбі сен осы газеттің бас редакторы боласың, кетпе, – деп сол кездегі бас редактор Зордан Салықбаев ағасы қанша үгіттесе де қала алмады. Ал редактордың орынбасары Бердібаевты кетіруге тырысуының басты себебі де бар екен. Оның орнына өзінің туысын орналастырғысы келіпті. Ақыры, дегеніне жетті. Содан облыс орталығынан жұмыс іздеп көрді. Ол кезде ақпарат саласында бар болғаны екі газет, бір радио ғана бар, жұмыс табу мүмкін болмады. Амал жоқ, алыстағы ауылына қайтты. Тұз өндіретін кәсіпорында жұмыс атқарды. Ауылында жүріп, отбасылы болды. Сұлу есімді қыз Бақтыбайдың өмірлік қосағына айналды. Көп ұзамай әке-шешесінің рұқсатын алған жас отбасы облыс орталығына қоныс аударды. Мұндағы бас тіреген жері «АТП-1» атты іргелі кәсіпорын. Осында комсомол хатшысы болып қызмет атқарды. Кәсіпорын партия ұйымының хатшысы екеуі бір кабинетте отырады. Партия ұйымының хатшысы Әлен Ақсақалов ағасы облыстық газеттің штаттан тыс тілшісі. Баспасөз жайында екеуі жиі әңгіме құратын.
Бір күні облыстық радиода дикторлыққа конкурс жарияланды. Оған талап қылған бес-алты үміткердің қатарында Бердібаев та бар, әрине. Таңдау Бақтыбайға түсті. Оның кандидатурасын комиссия мүшелері бір кісідей қолдады десек, сөзіміз жалған болар. Бірақ комиссия төрағасы. облыстық радионың бас редакторы Есенкелді Шілдебаев басқаларға көнбей, өз дегенінен қайтпай қойды. Талантты тани білген Ес-аға кейін оның мамандығын ұштауға көп септігін тигізді. Ақылшы ұстазы, қамқоршы ағасына айналды. Облыстық радиода жұмыс істеп жүргенде Алматыдағы Қазақ радиосында білім жетілдіру курстарында болып тұруына тура келді. Сол кезде елден дайындап алып барған хабарларын республикалық радиодан беріп тұрудың мүмкіндігі туатын. Осы хабарларды тыңдаған көркемсөз оқудың хас шеберлері атанған Сауық Жақанова, Әбдірәлі Бөлебай секілді әріптес аға-апалары Бақтыбайдың даусына тәнті болып, оған «керемет дауыс» деп баға берді.
Жұмыс кезінде небір қызық жағдайлар орын алып тұратыны да белгілі. Бірде сахна өнерінің майталманы Сәбира Майқанова апамыз туралы хабар дайындағаны бар. Бірақ, сол хабардың бас кейіпкерінің аузынан шыққан сөзге Ес-ағаң қатты шүйліксін. Актриса: «туған жерімді сағынғанда сексеуіл гүлдеген кез есіме түседі» деп айтқан еді. Бәкең сол қалпы өзгертпестен жеткізуге тырысты. «Жиде гүлдеген десе түсінікті, сексеуіл дегенді қайдан шығардың, алып таста ол сөзді!» Басшы ағасы осылай деп отырып алды. «Ау, апамыздың өзі осылай деп айтты ғой», деп бұл да дес берер емес. Болмаған соң ауылшаруашылық басқармасы мамандарына шығып, кеңесуге тура келді. Сөйтсе, сексеуіл гүлдеген шақта жиде гүлінің исі жолда қалады екен. Оны кім білген десеңізші?! Ақыры Сәбира апамыздың сөзі эфирге бастапқы қалпында кетті.
Нарықтың ауыртпалығынан болар, 1999 жылы Қазақстандағы барлық облыстық радиолар жабылып қалды. Өйткені, олар республикалық бюджеттен қаржыландырылатын. Жұмыс орны жабылып қалған соң Бәкең облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қабылдауына кірді. Ол кісі де жағдайдан хабардар екен. Дереу қаржы басқармасына телефон шалып, қаржы көздерін табуға тапсырма берді. Екі күннен кейін радио қайтадан жұмысын бастады.
«Өмірде жақсы адамдарды көп кездестірдім», – деді бір сөзінде Бәкең. – Солардың бірі – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Қылышбай Бисенов.
– 2004 жылдың соңында облыстық телерадиокомпанияның сол кездегі бастығының бұйрығымен облыстық радио жабылып, он төрт адам бір күнде далада қалғандай болдық. Енді қайда барып жұмыс іздерімді білмедім, көңіл-күйім де жоқ, үйде жатып алдым. Содан бір күні Қылышбай Алдабергенұлы хабарласып, өзіне жолығып кетуімді өтінді. Әңгімелесіп, мән-жайға қаныққан соң бұлай болмайтынын айтып, университетке жұмысқа келуімді сұрады. Олай болса, университеттің газетінде жұмыс істейін, – дедім мен.
– Жоқ, газетте жұмыс істесеңіз, менің орынбасарларымның қолбаласына айналып кетесіз. Одан да кафедрада жұмыс істегеніңіз абзал деген ой айтты. Міне, осылайша ректордың азаматтығының арқасында Қазақ әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы болып шыға келдім.
Аймақтың іргелі оқу орында ұстаздық еткен жылдары бүгінде ел білетін талай жас журналистерге тәлім берген еді. Ал Бисенов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайланып кеткен соң, көп ұзамай «Сыр бойы» газетіне қызметке шақырылды. Сол кездегі бас редактор ақпарат бөлімін Бәкеңе сеніп тапсырды. Өйткені тұтас бір оқиғаны, жаңалықты 4-5 сөйлем аясына сиғызып жеткізудің өзі нақтылықты, шеберлікті, жинақылықты талап етеді. Ақпарат журналистиканың негізгі жанры саналады. «Жаңалықты жылдам жанр» деп есептейтін редактордың бұл саланы Бердібаевқа жүктеуі де сондықтан еді. Сенім үдесінен шыға білген журналист газет жұмысында тек ақпарат жанрымен шектеліп қалған жоқ. Оның танымал тұлғалармен жасаған сұхбаттары, құқық қорғау саласына қатысты мақалалары, естелік әңгімелері оқырмандар көңілінен шығып келеді. Мәселен, «Жылан сорпасынан жазылғанмын» деген әңгімесінде өзінің жылан сорпасымен емделгенін өрнектесе, «Сурет сыры» деген естелігінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевпен жолыққан сәтті шебер жеткізе білген. Сол секілді «Декан ризашылығы» деген мақаласын оқыған оқырман Қожекеевті жаңа қырынан танып, біледі. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Бақтыбай ағамыздың аймақтың ақпарат саласындағы еңбегі елеусіз қалған жоқ. Президент Н.Назарбаевтың «Алғыс хаты», облыс әкімінің қос бірдей «Құрмет грамотасы» соның айғағы. Сондай-ақ «ҚР Мәдениет қайраткері» атағының берілуі де осы заңдылықтың жалғасындай.
Баяғы Сұлу есімді қыз бүгінде берекелі шаңырақтың отанасы. Бәкең екеуі екі ұл, үш қызды тәрбиелеп өсірді. Олардың барлығы да жоғары білім алып, бүгінде әр салада еңбек етуде.
Дау-дамайды сүймейтін, ешкімге дауыс көтеруді білмейтін әріптес ағамыз бүгінде асқаралы алпыс деген асуға жетіп, аға жасына келіп отыр. Олай болса, барлық ізгі тілектер сол кісіге арналары сөзсіз. Бүгінде Бәкеңді құттықтаушылар көп екенін айта кеткен жөн. Солардың арасында «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек те бар. Ол Бәкеңе «Асқаралы алпыстың биігіне шығып жатқан тұсыңызда сізге шығармашылық табыс тілеймін! Әрқашан да абырой биігінен көріне беріңіз. Бала-шағаңыздың рахатын көріңіз!» – деп тілек айтыпты. Біз, әріптестері де сол тілекке қосылатынымыз анық.
«Алпыс – тал түс» дейді халқымыз. Олай болса, Бақтыбай Бердібаевтың ақпарат саласына әлі берері көп екеніне сенеміз.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ. //Сыр бойы.-2013.-20 сәуір.-10б.
Рахила Доспаева, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ кітапханасының бөлім меңгерушісі
Іздеген жетер мұратқа
Бүгінде білім жүйесінің барлық сатылары үшін құрастырылған электронды оқулықтармен кітапхана қоры толығуда. Бұл «Өмір бойы білім алу» қағидасының басты ерекшелігі болғандықтан, қазіргі кітапханашы үшін ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан-жақты игерген, ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болу кәсіптік талап. Осы орайда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасының қызметкерлері пайдаланушыларға жаңа инновациялық жетістіктер ақпараттарын дер кезінде таратып, насихаттауда түрлі іс-шаралар жасауда. Жуырда «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасымен бірлесіп өткізген «Электронды оқулықтар» апталығы кітап көрмесіне қойылған дәстүрлі және электронды оқулықтар, баспасөз беттеріндегі мақалалар, сыртқы электронды ақпарат ресурстары туралы мәліметтерді таныстырудан басталды.
Студенттер, магистранттары мен оқытушылары электронды зал қызметкерлерінің көмегімен шет елдік және отандық электронды кітапханалар Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасы мен республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапханасының онлайн желісі арқылы қызметін пайдалану жолдарын үйренуге мүмкіндік алды. Пайдаланушылар арнайы слайд арқылы дүние жүзіндегі ең ірі ғылыми туындылар баспасына, Science Direct – электорды ғылыми толық мәтінді базасына, халықаралық және аймақтық жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы журналдар басылымдарына өздерінің жеке жарияланымдарын жасау ережелерімен танысты. Әлемге белгілі «ПОЛПРЕД Анықтамалығы» — Ресей мен шет елдердегі орыстілді дайджесттер топтамасы мен IEEE (электротехника және электроника инженер институты) сандық кітапханасы құрамына енген ғылыми зерттеу технологиясының ең жоғары рейтингісіне жеткен бірден бір алдыңғы қатарлы ақпараттық агенствалар жинағының сараптамалық құжаттары да ұсынылды.
Апталық соңы «Электронды оқулықтар және дәстүрлі кітап: мүмкіншіліктер мен қайшылықтар» атты пікір-сайыспен қорытындыланды.
Пікірсайыта Нұргүл Арыстанова, Қаракөзайым Бақытжанова, Әлібек Сәрсенбаев, Арман Толышев сияқты студенттерден «Білімділер», «Алтын диск» топтары құрылды. Бірі электронды оқулықты жақтаса, екінші топ дәстүрлі кітапты дәріптеді. Сайыскерлер ғасыр сырын қойнауына бүгіп, тарих керуеніне іліесіп келе жатқан рухани қазына дәстүрлі кітаптың бар болымысын айқара ашып, жаңа технологиялық ақпараттар заманында ғылым мен білімінің жетістігі электронды оқулықтардың әрбір пайдаланушының өз мүмкіндігіне қарай, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуіне тиімділігін баса айтып біздің күнделікті дүниемізге айналғандығын дәлелдеді. Әрбір шығып сөйлеуші ойларын ортаға салып белсенділіктерін танытып, тақырыпты жан-жақты аша түсті. Төрешілер дебатқа қатысушылар пікірлерін қорытындылай келе, кез келген маман иесі, қоғам мүшесінің міндеті ақпаратты сауатты болу: ол – дәстүрлі және электрондық заманауи ақпарат дереккөздерінің барлық шоғырын білу; әртүрлі ақпараттық ресурстарды іздеу және пайдалану тәсілдерін меңгеруі керек, деп түйіндеді. Апталық соңында белсенді оқырмандар арнайы марапатқа ие болды.
//Сыр бойы.-2013.-25 сәуір.-4 б.
84
Оңғар БЕРМАХАНОВ,философия ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың «Философия және мәдениеттану» кафедрасының меңгерушісі.
ЖАҚСЫДАН ТИЕР ШАРАПАТ
1977 жылдың қырқүйек айының басы. С.М.Киров атындағы Казақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітіріп, Білім министірлігінің жолдамасымен Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтына келдім. Қызылордаға келген соң сол кездегі жалғыз институтты сұрап тауып, философия қафедрасы орналасқан бөлменің есігін қақтым. Рұхсат алып ішке кірсем кішкене кабинеттің төрдегі үстелінде ақсары келген, жинақы, сырт пішіні шынында да ұстазға ұқсайтын, орта жастар шамасындағы кісі отыр екен. Жөнімді айттым. Ол өзін «кафедра меңгерушісі Мұстафа Матаев деген боламыз, шырағым» деп таныстырды. «Сөзі де, жүзі де жылы адам екен» деп ойлап қойдым. Асықпай мән-жайымды егжей-тегжейлі сұрады. Маған дәріс берген ұстаздарымның көпшілігін танитын болып шықты.
Қазақстан философия мектебінің негізін қалаған көшбасшысы, атақты Жабайхан Абділдинмен қатар оқығандығын, университетте философия факультеті 1949 жылы ашылып, екі-ақ жыл жұмыс істеп, келесі жылы жабылғанын, соның біреуінің түлегі екенін тілге тиек етті. Белгілі философ Қажымұрат Әбішовті сұрады. «Мықты ойшыл адам» деді. Оның осы институтта да қызмет істегенін, осы өңірдің перзенті екенін әңгімеледі. Сөз соңында мені маман ретінде кафедраның күтіп отырғанын айтып, «жақсы болды шырағым, осы жердің жігіті екенсің, енді әріптес болдың, бірге қызмет жасаймыз. Басшылыққа кіріп, бұйрықтарыңды реттестіріп, жұмысыңа кіріс, оқу орнын бітіре салысымен жоғары оқу орнында сабақ беру оңай шаруа емес» деді. «Сөзі көңілге қонымды екен» деп ойладым. Жаңа басшымның мені баласынбай тең адамша сөйлесіп, ілтипат білдіргеніне көңілім көтеріліп, марқайып, риза болып шықтым. Сол күні оқу ісінің проректоры Н.Күнхожаевтың, ректор О.Камардиновтың қабылдауында болып, оқытушылыққа бұйрық алып, жатақханаға орналастым. Ертеңіне проректор мені сабақ беретін тобыма апарып таныстырды. Осылайша қафедра меңгерушісі Мұстафа Матаев ағамызбен етене араласқан оқытушылық, әріптестік тіршілігім басталып та кетті. Міне, содан бері де 36 жыл болыпты, бұл – бір ұрпақтың өмірі.
Ол кезең – кеңес дәуірі, әлемдік философия тек маркстік философия тұрғысынан қаралып, ал марксизм болса, қоғам өмірінің барлық саласында еш нәрсені қалт жібермей қадағалап, тотальды билік етіп тұрған құдіретті коммунистік партия мен мемлекеттің ресми идеологиясының, қала берді саясатының басты құралы болатын. Менің айтып отырғаным, философияның тек кеңестік ой-сананың, рух әлемінің квинтэссенциясы болып қоймай, билік өміріне, адам болмысына тікелей араласатын қолданбалық, практикалық құзыретінің де болуы. Осыған байланысты сыртқы облыс көлеміндегі идеологиялық жұмыстарға да тікелей араласып жүрдік. Мұстафа Матайұлының бұл қызметтің алдында облыстық партия комитетінің идеология саласында номенклатуралық қызмет атқарған тәжірибелі маман болғандығы бізге көп көмегін тигізді, үйрендік. Кеңестік Одақ кезінде қазақ мектебін бітіргендерге орыс тілінде сауатты жазу, сөйлеу, оның үстіне философиядан ойыңды орысша сауатты жазып, акцентсіз сөйлеу үлкен жетістік, тіпті арман болатын. Талмай шұғылданатынбыз. Осы тұрғыдан қарағанда Мұстафа ағайдың өте білікті, орысша қазақша сауатты маман екендігін байқадым. Сұрастырсам, бұл кісінің өмір жолындағы өткен асулары, білім алған мектептері кімге де болса тағылым болатындай екен.
Қазалыдағы № 67 мектепті алтын медальмен бітіргеннен кейін, Қазақстанның бас білім ордасы – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетіне оқуға түсіп, оны 1955 жылы «философия» мамандығымен тәмамдайды. Ауылдағы ата-анасының тұрмыс тіршілігіне байланысты тиімді ұсыныстарға қарамастан елге келуге шешім жасап, Қазалы ауылшаруашылық техникумына мұғалім болып орналасады. Осы қызметте 2 жыл 2 ай абыройлы жұмыс атқарып, коммунистік партия мүшелігіне қабылданады. 1957 жылы аудан орталығына жиынға келген облыстық «Білім» қоғамының жауапты хатшысы Вера Семеновна Маторинаға кездеседі. Жас жігіттің білімін, қабілетін байқаған ол Мұстафа Матайұлын қоғамның референттігіне жұмысқа шақырады, сонда референт болып жұмысқа орналасады. Жаңа жұмыс орны үшін қиындықтарға қарамастан, ата-анасымен Қазалыдан Қызылордаға көшіп келіп, пәтер жалдап тұрады. 1961 жылы облыстық партия комитетінің идеология бөлімінің шақыруымен лекторлыққа орналасып, кейін сонда лекторлық топтың жетекшісі болып қызмет атқарады. Тыңғылықтылығымен, біліктілігімен танымал бола бастаған жас теоретиктің қызметін
85
облыстық партия комитеті жоғары бағалап, облыстық партия комитеті бюросының шешімімен Москваға, сол кезеңдегі гуманитарлық саланың басты оқу орны Орталық Комитет жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасына оқуға жіберіледі. Қазақстаннан келген аспиранттың жетекшісі болып Кеңес дәуірінің көрнекті ойшылы, философия ғылымдарының докторы, профессор Марк Моисеевич Розенталь бекітіледі. Оның басшылығымен философиядағы таным теориясы саласын зерттейтін топ құрылып, бұл топқа атақты ғалымдар: бұрын «Правда» газетінің бас редакторы болған, философия ғылымдарының докторы, профессор Григорий Ефимович Глезерман, философия ғылымдарының докторы, профессор Евгений Петрович Ситковский кіреді. Міне, сөйтіп Мұстафа ағамыз және қырғыз жігіті мен украиндық қыз үшеуі аталған әйгілі ғалымдар тобында ғылыми жұмыспен шұғылданады. Өзінің біліктілігі, еңбекқорлығы арқасында бұл жерде де 3 жылдық еңбегі зая кетпеді. 1967 жылдың қырқүйек айында оқуын «Проблема субъекта и объекта в марксисткой философий» тақырыбындағы диссертация қорғауымен сәтті аяқтады. Мұстафа Матайұлы Қызылорда облысы бойынша философия саласынан қорғаған алғашқы ғылым кандидаты еді. «Мәдениет өз бастауын алғашында еліктеуден алады» дейді Нобель сыйлығының лауреаты Ф. фон Хайек. Данышпан құрылымның қалыптасуын өте терең тұжырымдаған. Олай болса, Мұстафа Матайұлын біздің Сыр өңірінде, аймақта гуманитарлық салада ғылым мен білімге жол ашқан, сонысымен де жас ұрпаққа үлгілі өнеге көрсеткен, ізгі жолдарға сілтеген зиялы ағаларымыздың бірі деп айтсақ, артық болмайды деп ойлаймын. Шынын айтсақ, біздің ұрпақ осындай ағаларымызға еліктеп, солардай болсақ деп өсті.
Мұстафа Матайұлы 1969 жылы облыстық партия комитетінің ұсынысымен Қызылорда педагогикалық институтына философия қафедрасының меңгерушісі болып жұмыс ауыстырды. Сол кездегі мемлекеттік номенклатураның реестрлік статусы бойынша бұл үлкен қызмет болып саналатын. Мұстафа Матайұлы келгеннен кейін бұрынғы саяси экономия және философия қафедрасы екіге бөлініп, философия кафедрасы өз алдына отау көтерді. Бұл жұмыста да Мұстафа ағамыздың квалификациясы, кәсіптік біліктілігі бірден көзге түсті. Аз уақыт ішінде жаңадан ашылған кафедраның жұмысын талапқа сай жолға қойып, институт ұжымында беделге ие болды. Ол кездерде мұндай жоғары деңгейдегі ұлттық мамандар жетіспеуші еді. Мұстафа ағамыздың кандидатурасы бұл орынға айтарлықтай сәйкес келді. Философия кафедрасын Мұстекең 12 жыл басқарды. Оның басшылығымен кафедра кәсіби білікті мамандармен, ғылым кандидаттарымен толықтырылды. Кадр даярлауда, білімін көтеріп, ғылыммен шұғылданып диссертация қорғауында, оларды тәрбиелеп бағыттап отыруда әріптестік ақылын айтып, қажетті жерлерде ағалық жанашырлық жасап адамгершілік межеден көріне білді. Менің аспирантураға жолдама алуыма, кейін партия қатарына өтуіме кепілдік беріп, тікелей көмек жасады. Жалғыз мен емес, кафедраның барлық мамандары – Жұмабеков Жарылқасын, Омаров Тоқшылық, Майдашов Балтабай, Ғалия Кұлбашова, барлығымыз да маман ретінде, белгілі бір деңгейде адам ретінде алғашында Мұстафа Матайұлының өнегесімен қалыптасып, шапанынан шықтық десем, артық болмас. Мен Мұстекең ағамыздың біреуге дауыс көтеріп, керісіп не жүз шайысып жатқанын көрген де, естіген де емеспін. Үлгі тұтарлық қасиет емес пе? Қай-қайсымызда да кемшіліктер, білместіктер болып жатады. Мұндайлар менің өз басымда да жеткілікті. Бірақ ол кісімен бірге жұмыс істеген кездерде менің кем түсіп жатқан жерлерімді байқаса да байқамаған болып, қалыпты жағдай сияқты қабылдады, жақсы жақтарымды ғана көре білді. Бұл түсіне білген адамға биік болмысты ағаның, ұстаздың, қала берді тұлғаның «ойлан, түзел» деп сөзбен емес, ісімен және адамгершілік қасиетімен ескерткен нұсқауы болатын. Кейін біз де есейдік. Әр нәрсеге мән беріп, жақсы мен жаманның байыбына бара алатындай жасқа жеттік. Бүгінде алдыңғы толқын аға буынға көз жүгіртсем, маған, қай жағынан алып қарағанда да, Мұстекеңнің тұлғасы биіктеу көрінеді.
Мұстафа Матайұлы 1981 жылы филология факультетінің деканы болып ауысты. Дегенмен, бір қафедраның оқытушысы болып қала бердік. Ол кісі жаңа жұмысында да мерейлі ұстаз, абыройлы басшы болып ұзақ жылдар қызмет атқарды. Қарапайым, байсалды, тыңғылықты, білімпаздығына қоса, кішіге аға, үлкенге іні болып қала берді. «Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ» дейді ұлылар. Күмәнім бар, тіпті қарсымын. «Жоқ, олай емес, өзгермейтін нәрселер бар, ол адамның ізгілік қасиеттері, парасаты, оның басқа адамға тигізер шарапаты» деймін мен. Дүниеде бәрі өзгереді екен деп адами қасиеттерді не болса соған айырбастап, өзгертіп отырсақ не болғаны? Онда ол қасиеттерде қандай береке қалмақшы?
86
Қиындыққа кезігіп табаның тайған сәтті аңдып тұрып, аяқ астынан асығыс өзгеріп, достан дұшпанға айналған, саған қолын шошайтып көрсетіп, санын шапалақтап қуанғандарды да көрдік. Міне, бұлар өзгергендер, адамнан ажыратуға келмейтін құндылықтарды аттап, майда-шүйде жылтыраққа айырбастап кеткендер. Ал, Мұстекең болса, бұл жағдайда да адамға деген адамгершілік қатынасын, пікірін өзгерткен жоқ, сол баяғы қалпында қала білді. Менің түсінігімде бұл әділетсіздікке үнсіз қарсылық, былай айтқанда, азаматтық ерлік болатын.
Менің есіме 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы түседі. Кеңес дәуіріндегі орыс шовинизмінің құтырынған шағы, біз қолымыздан ешнәрсе келмей, шарасыз ахуалға ұшырап, жерге қарап қалдық. Сонда бір пікірлескен кезімде Мұстекең «интеллигенцияға қиын болуы мүмкін» деді. Мен кезінде бұл сөздің мағынасын жете түсіне қойған жоқпын. Бақсам, «арым жанымның садағасы» деп қазақ болашағы үшін өмірін қиған, бірақ асыл мұраттарды өзгертпей атылып кеткен Алаш ұлылары мен қуғын-сүргін құрбандарының тағдыры тағы да қайталанып қалмас па екен деген ойда болыпты. Шын зиялылардың, яғни, өзгермейтін зиялылардың ұлт болашағы үшін орны толмас тарихи маңызын ол кісі философиялық тұрғыдан саралаған екен. Бізге сонда өзгермеуі тиіс адамгершілік қасиеттерді сіңіре білетін интеллигент тұлғалар хақында айтып тұр екен. Мұнан өз идеалдарын айырбастамайтын, яғни өзгермейтін интеллигенцияның ұлт тағдырындағы орны мен мәнін ұққаным өзінше бір бөлек, Мұстафа Матайұлының ұлтжандылығын, отаншылдығын, қоғам өміріне байланысты да философиялық ойлау кеңістігін байқадым.
Менің Мұстекеңнің кіші інісі Өмірбекпен аздап таныстығым бар. Ол өзінің бір әңгімесінде өсу, азамат болу жолындағы Мұстекең мен Ақзия жеңгейдің еңбегін толқи отырып айтқаны есімде. «Біздің барлығымызға ол кісілердің сіңірген еңбегі зор ғой» деп отырды. Мұстекеңнің өзі де өзінен үлкен ағасы Алдаш Матайұлы туралы: «Әкеміз қартайып қалды. Оқымаған, ешқайда шықпаған адам болғасын оң-солын біле бермейді ғой. Оның үстіне заман да қиын болды, соғыстан кейінгі кезең, жоқшылық. Өзімнен үлкен ағам мені сүйемелдеп оқытты. Ол болмаса, оқи алмайтын едім ғой, қайда...ә..ә, ол кісілер тәуір адамдар еді ғой» деп отырды бір әңгімесінде. Демек, Мұстекеңнің бойындағы жақсы қасиеттер қазақ халқының тек өзіне тән ықылым заманнан тұқым қуалап келе жатқан тектілігінің жалғасы, міне, ол қай жерде тоқтап аялдаса, сол жерде тұқым шашып, көктеп, өз жемісін беріп жатыр.
Қазір Мұстафа Матайұлы зейнеткер, Қызылорда қаласының құрметті азаматы, халқына қалаулы, еліне елеулі тұлға. Ұстаздықтан қол үзген жоқ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің мемлекет және құқық теориясы кафедрасының құрметті меңгерушісі, профессор, ҚР әлеуметтік ғылымдар саласының академигі. Философия, құқық философиясы, мемлекет және құқық теориясынан көптеген ғылыми еңбектердің авторы, көрнекті ғалым. Кейде Мұстекең өзінің өсу жолында кейбіреулердің көре алмай бақай есеппен аяқтан шалғанына реніш білдіреді. Түсінуге болады, пендеміз ғой. Ренжімеңіз, аға. Ондай «таланттан» да құр алақан халық емес екенімізді білемін. «Бізге Адам деген атақты Жаратушым берген, – деді данышпан Т.Пейн, – сондықтан да одан жоғары атақ болуы мүмкін емес». Егер осы ойдың ақиқатына жүгінсек, онда сіз, аға, өмір қарбаласындағы қандай да болсын қиындықтарды мызғымай қарсы алып, өзгерместен сол Жаратушым табыстаған Адам деген атыңызды сақтай алған азаматсыз, тұлғасыз деп есептеймін. Сондықтан да мен, сізді, сіздей замандастарымды көргенде өсіп келе жатқан ұрпақтың жарқын болашағына сенемін. Мерейтойыңыз құтты болсын, жасыңызға жас қосыла берсін!
//Сыр бойына.-2013.-27 сәуір.-3б
87
Достарыңызбен бөлісу: |