Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы



бет4/10
Дата14.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#134282
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Еркін ДОСЫМБАЙ,

БІЛІМДІГЕ ҚОНҒАН БАҚ
«Болашақ» бүгінде түлектерімен мақтана алады. Мемлекет Басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен тағайындалған «Болашақ» халықаралық стипендиясы бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға бағытталған аса маңызды бағдарлама екенін дәлелдеп келеді. Жүзеге асырылып жатқанына биыл 20 жыл толған бағдарлама еліміздің білікті мамандарға деген сұранысын қанағаттандыруға үлкен үлес қосуда. Түлектерінің алды ел назарында, яғни лауазымды қызметте. Олардың бірқатарын Үкімет отырысында «Болашақ» халықаралық бағдарламасын іске асыру қорытындылары жөнінде баяндаған Білім және ғылым министрі Бақыт­жан Жұмағұлов үлгі ете атап өтті.

Бағдарлама бойынша білім алып жатқан стипендиаттар оқуының орташа шығыны 13,5-14 млрд. теңге, бір стипендиатқа жылына 5 млн. 623 мың теңге жұмсалады екен. Ал айына студент 2 мың АҚШ доллары көлемінде шәкіртақы алады. Демек, білім алуына материалдық жағдай жасалуда. Әрине, талап та қатаң. Министрлік Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, «Шетелдегі студент» ақпараттық жүйесін енгізіпті. Яғни, бітірушілердің елге оралуы және жұмыс істеуі қатаң бақылауда болады. Министр­дің мәлімдеуінше, 1994-2013 жылдар аралығында 9250 стипендия тағайындалыпты. Бітірген түлектер саны – 5714 болса, 2 796 стипендиат әлемнің 33 елінде білім алуда екен. Ал жоғары кәсіби біліктіліктің үлгісін көрсетіп жүрген түлектердің 20 пайызы мемлекеттік секторда, 21 пайызы ұлттық компанияларда, 55%-ы жекеменшік компанияларда, 4%-ы халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істейді. Оқуын биыл бітіріп келген 87 түлек әзірге жұмыссыз. «Олардың жұмысқа орналаспауының басты себебінің бірі – әр мемлекетте диплом құжаттарын дайындау мерзімі 3 айдан 9 айға дейін созылады. Сондықтан қолдарына диплом тимей отыр. Дипломдарын алғаннан кейін барлығы жұмысқа орналастырылатын болады», – деді Б.Жұмағұлов. Соңғы жылдары аймақтар үшін бағдарламаға қолжетімділік артыпты. 2005-2010 жылдар аралығында Алматы, Астана қалаларынан үміткерлер саны шамамен 75 пайызды құраған екен. Бұл көрсеткіш қазір өзгерген. Еліміздің барлық азаматтарына электронды үкімет, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы құжаттар тапсыруға мүмкіндік жасалып, нәтижесінде аймақтардан үміткерлердің қатысу үлесі 2011 жылы 39 пайыз болса, 2012 жылы 47 пайызға жеткен. Сондай-ақ, министр «Қазақстан – 2050» стратегиясында қойылған жаңа міндеттерді орындау мақ­сатында аймақтарды экономиканың сұранысына сәйкес білікті мамандармен қамтамасыз ету қолға алынғанын атап өтті. Бұл орайда, Өңірлік даму министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жыл сайын аймақтың мамандарға сұранысы бойынша мақсатты өтінім (заявка) жасамақ. Министрдің айтуынша, диссертациялық және зерттеу жұмыстарының тақырыптарын таңдауда стипендиаттарды министрлік «Қазақстан – 2050» Стратегиясындағы міндеттерді іске асыруға бағыттайтын болады.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының 22 компаниясында «Болашақ» бағдарламасының 324 түлегі жұмыс істейді екен. Қордың Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев келтірген деректерге жүгінсек, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында – 117, Қазақстан теміржолында – 37, Қордың орталық аппаратында – 20 түлек қызметке тартылған. Кейбір түлектердің 5 жылға дейін еңбек өтілі бар.

Үкімет отырысын қорытындылаған Премьер-Министр Серік Ахметов Білім және ғылым министрлігіне «Болашақ» бағдарламасы түлектерін жұмыспен қамтудың кешенді іс-шараларын қабылдауды, сондай-ақ, орталық және жергілікті атқарушы органдарға экономиканың даму басымдықтарын және еңбек нарығының нақты қажеттілігін ескере отырып, кадрларды даярлау жоспарын жасауды тапсырды.

//Дала мен Қала.-2013.-20 сәуір.-3 б.

32

Гүлнар ТАЙҚҰЛАҚОВА,экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Болашақ» бағдарламасының стипендианты



Білім байлығы – ел болашағы

Қазақстанда білім алушы жастар үшін білім беру үдерісін жүзеге асыратын 144 жоғары оқу орны бар. Десек те, экономика мамандықтары бойынша оқытатын жоғары оқу орны деңгейлес бизнес мектептер көп емес, солардың ішінде Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Халықаралық бизнес академиясы, Халықаралық бизнес университеті және тағы басқалары бар. Аталған ұйымдар арасында инновациялық, қарқынды түрде даму үстіндегі әрі барлық бағытта транспаренттік танытатын Халықаралық бизнес академиясы айрықша назар аудартады. Академияның даму стратегиясы қашан да мамандарды – бизнес класс өкілдерін даярлау деңгейінің жоғары болуын, оқытушылардың білім сапасын тұрақты түрде көтеріп тұруын, политілдікті күшейтуді, тек отандық қана емес, халықаралық білім беру кеңістігіндегі үздік бизнес ЖОО ретіндегі имиджін сақтауды көздейді. Егер Қазақстан ЮНЕСКО мәліметтері бойынша Норвегия, Жапония, Германия елдері әлемдегі білім беруді дамытудың жоғары көрсеткіші бойынша төртінші орынға ие болса, Халықаралық бизнес академиясы өзінің оқытушылық құрамына халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелден білім алу мүмкіндігін қамтамасыз еткен еліміздің ең мықты 5 жоғары оқу орны рейтингісіне енді. 2013 жылы жоғары оқу орнының 25 жылдық мерейтойы тойланып, бұл жыл Халықаралық бизнес академиясының тарихына білім беру жүйесіндегі үлкен жетістіктерімен: идеялардың креативтілігімен, студенттер мен оқытушылар ұжымының белсенділігімен және білім алушы және білім беруші қызметкерлердің мамандандырылу деңгейін жоғарылата жақсартуымен ерекшеленеді.

Академияның жиырма жеті оқытушысы Қазақстан Республикасының халықаралық «Болашақ» стипендиясын жеңіп алды. Ректор, үш проректор, төрт кафедра меңгерушісі, профессорлар, доценттер «Кәсіпорындар мен кешендерді ұйымдастыру және басқару, инновацияны басқару» бағыты бойынша АҚШ-тағы атақты Berkeley-Haas School of Business және Швейцариядағы Montreux School of Business университеттерінде, сондай-ақ жеке жоспарлар бойынша Оңтүстік Корея мен Ұлыбританияда ғылыми тәжірибеден өту құқығына ие болды. Қазақстанның жоғарғы бизнес мектебі ретінде тек Академия ғана кәсіби құзыреттілігін дамыта отырып, педагогикалық деңгейді және білім беру жетістіктерін тереңдете отырып, институционалдық әдісті талмай насихаттау нәтижесінде ҚР Президентінің 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған жаңа ойларға сәйкес озық идеяларын жүзеге асыра алды. Бұл жетістіктер Бағдарламалар орталығының вице-президенті А.Абдуалиевтің биылғы 8 ақпанында халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендияттарына мемлекеттік сертификаттар тапсырар алдындағы тестілеу және сұхбаттасу кезеңдері аясында жүзеге асырылды.

Бір ғана жоғары оқу орнының отыздан астам өкілі жаппай бір мезгілде «Болашақ» бағдарламасының спипендиаларын жеңіп алатындай ауқымды жоба Қазақстан Республикасындағы білім беру мен халықаралық бағдарламалар орталығы қызметінің тарихында бұрын-соңды болмаған. Бұл – оқыту жүйесіндегі тиімді білім берудің алғашқы қадамы ғана емес, еліміздегі кәсіптік

33

мектептердің зияткерлік мүмкіншіліктерін көтерудегі жетістік. Академияның жиырма жеті қызметкері – IELTS-қа дайындықтағы барлық қиындықтардан, қазақ тілінен және психологиялық тестілерден сүрінбей өтіп, өздерін Тәуелсіз Қазақстанға лайық мамандар екендерін таныта білді. Еліміздің Ата заңы және өз елінің тарихын білу – «Болашақ» стипендиясы үміткерлерінің бұлжымас парызы. Ұлт тарихын үйренуге деген талпыныс кең-байтақ Қазақ елінің ежелден бергі тарихын, бастан кешірген соқтықпалы, соқпақты кезеңдерін, соңғы ғасырлардағы ел өміріндегі қоғами өзгерістерді зерделей зерттеуге түрткі болды. Халықаралық бизнес академиясының Қазақстандағы ең ілгері дамыған кәсіптік жоғары оқу орны болуында академия президенті А.Қожахметов мырзаның қосқан үлесі зор. Мұндай алпауыт идеяны жүзеге асыру барысындағы академия жетістігі бұл күндері басқа ЖОО-лар арасында қызығушылық тудыруда.



Ерекше атап өтер жайт, аталған жобаны игеру әрекеттеріне еш шектеулер қойылмаған. Талапкерлер жасына, атақ-лауазымына қарамастан қатыса алды. Мұндағы ең негізгі міндет – өз білімін жетілдіру, тіл игеруді барынша ұлғайту, шетел бизнес мектептеріндегі барлық оқыту ерекшеліктерімен кеңірек танысып, тәжірибемен бөлісу, өз идеялары мен білімдерін ХБА бизнес мектебін жақсаруға жұмсау, сөйтіп, академияның басты жобасын қолдау. Академияның оқу, оқыту, ғылым-білімді тереңдете игеру барысындағы қазіргі қадамы оның идеялар жүйесінің аса бай екенін айғақтай түсуде. Ендеше, әлемдік аренадағы болашағы аса жарқын екендігінде дау жоқ. АҚШ, Англия және Швейцарияда Қазақстанның ұжымдық түрде білім алып жатқан бизнес мектебінің түлектері, шетелдік ЖОО-ның алдында еліміздің мәртебесін көтеріп, ХБА тұрақты беделін қалыптастырып, халықаралық білім және ынтымақтастық даму мәселелері бойынша еларалық байланыстарды нығайта түсуде. Дей тұрсақ та, «Болашақ» бағдарламасы негізінде алған білімді, тәжірибені, тілді бір жерде, бір ЖОО-да, яғни Халықаралық бизнес академиясында жүзеге асыру әлдеқайда тиімді болмақ. Бұл тәуекел синдромы мемлекет және Халықаралық бизнес академиясына үлкен моральдық және материалдық жауапкершілік жүктейді.
//Айқын.-2013.-20 сәуір.-6 б.

34

Университеттер – көп, қайтарымы – аз


Мақсат – жұмыспен қамтуды жақсартып, жоғары оқу орындарын оңтайландыру

Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен кезекті комитет отырысы өтті. Онда комитет мүшелері «Жұмыспен қамту-2020» жол картасының жобасы туралы» және «Қазақстанның жоғары оқу орындары жүйесін оңтайландыру туралы» мәселелерді талқылады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов жобасын алып келген «Жол картасы-2020» бағдарламасының басты мақсаты жұмыссыздықты жою, кедейшіліктің алдын алу мен өзін өзі жұмыспен қамтығандардың кірісін асыру болып табылады. Осы мақсатты дұрыс орындағанда еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға төмендеп, тұрмысы төмен отбасылар жыл сайын 0,5 пайызға азаймақ. Өзін өзі жұмыспен қамтушылардың үлесі жыл сайын 30 пайызға артып отырмақ.

2013-2015 жылдары мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қаржы есебінен 113,5 мың жұмыс орнын ашу болжанып отыр. Шағын жеке кәсіпкерлікті қолдауға (шағын несиелендіру) 19,3 млрд. теңге қарастырылған.

Жұмысқа орналастыру үшін қайта оқыту шаралары да жүргізіледі. Ол тікелей жұмысқа орналастыру, біліктілігін көтеруге қайта әзірліктен өткізіп барып жұмысқа орналастыру, ауылдық жердегі жастар мен әйелдерді әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру карта бойынша жүргізіледі. Оқып жүргендерге материалдық көмек көрсетіледі. Осылардың ішінде 29 жасқа дейінгілер, балалар үйінде өскендер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, оралмандар мен бас еркіндігінен айыру орындарынан босағандар, штаттық қысқартуға түскендер және 50 жастан асып, зейнет жасына жақындаған адамдарға көрсетілетін арнайы басымдықтар бар.

Министрдің баяндамасын мұқият тыңдаған комитет мүшелері мәселеге ерекше назар аударып, жан-жақты талқыға салды.

Қазақстанның жоғары оқу орындары жүйесін оңтайландыру туралы Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов баяндап берді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында «Жоғары білім саласында техникалық білім беруге ерекше көңіл бөле отырып, жоғары оқу орындары желілеріне оңтайландыру жүргізу қажет» деп атап өткен болатын. Бүгінгі күні Қазақстан жоғары білім беру жағынан әлемде алдыңғы лектегілерден де асып кетіп тұр. Дамыған елдерде 1 миллион тұрғын халыққа 1-ден 6-ға дейін жоғары оқу орны келсе, ал Қазақстанда 2011 жылы 9 жоғары оқу орнынан келген (елімізде 149 жоғары оқу орны болды).

Өңірлерде жергілікті еңбек нарығын дамытуға лайықталған және шағын мамандықтарға негізделген академия, институт сияқты жоғары оқу орындары аз. 63 жекеменшік жоғары оқу орнының 42-сі университет атын иеленген. Өңірлердегі жоғары оқу орындарында мамандықтардың 61%-ы бір-бірін қайталайды.

35

2012 жылғы мемлекеттік тексерудің нәтижесі бірқатар түйінді мәселелердің бетін ашып берді. Мемлекеттік аттестаттау кезінде жүргізілген кешенді тестілеу нәтижесінде жекеменшік жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің 60%-ы «3» және «2» деген баға алды. Ал мамандықтардың 17%-ы бойынша студенттер тестілеуден түгелімен өтпей қалды.



Сол жылғы оңтайландыру нәтижелеріне сәйкес сот шешімі бойынша 4 жоғары оқу орны жабылды. Олар – Қызылорда гуманитарлық университеті, Алматы инновациялық технологиялар университеті, Балқаштағы Орталық Қазақстан технология және менеджмент институты мен Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы оқу орындары.

Ендігі басталатын оңтайландыруда Қоғамдық кеңес мүшелері жоспар бойынша жоғары оқу орындары басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және оңтайландыруға әсер ету үшін өңірлерге шығады. Жоғары оқу орындары жүйесін оңтайландыруды іске асырудың тетіктері жасалды.

Оңтайландыру нәтижесінде Алматы, Астана қалаларымен Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарын қоспағанда, өңірлердің көпшілігінде бір ірі мемлекеттік және бір дәл сондай дәрежедегі жекеменшік жоғары оқу орны жұмыс жасайтын болады, яғни өңірлік экономиканың шынайы сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған ғылым мен білімнің ірі орталықтары ғана қалады.

Министрлік жабылған жоғары оқу орны студенттерінің мүддесін қорғай отырып, олардың басқа жоғары оқу орнына оқу ақысының мөлшерін өзгертпестен ауысуына мүмкіндік жасайды.

//Егемен Қазақстан.-2013.-20 сәуір.-4 б.

36

Бибігүл ОРЫНТАЕВА,университет баспасөз хатшысы.


Білім орындары бірікті
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орындарын біріктіру саясатын ең алғашқы болып оңтүстік аймақтағы іргелі үш білім ордасы Қазақстан халықтар достығы университеті, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті және Тілдер академиясы жүзеге асырып, Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университеті деген жаңа атауға ие болды.

ҚР Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы бірлескен жоғары оқу орнында дайындалатын 30 бакалавр, 11 магистратура мамандықтары бойынша мемлекеттік аттестациядан толық өткізді. Сонымен қатар, мемлекеттік комиссия бітіруші түлектерден бақылау тестін қабылдап, нәтижесінде студенттердің білімдерін жоғары деп қорытындылады.

Білімнің биік шыңдарын бағындыруды мақсат тұтып, осы жолда талмай еңбек етіп келе жатқан үлкен ұжымның тыңғылықты да тиянақты жұмысының нәтижесіне осы жоғарыдағы көрсеткіштер дәлел.

Халқымызда «Бірлік түбі – береке!» деген қанатты сөз бар. Бірлігі жарасып, татулығы тамсантқан оқу ордасы жоғары білікті мамандарды дайындау мен тәрбиелеуде алдағы уақытта да зор жетістіктерге жетіп, еліміздің ғана емес, халықаралық дәрежедегі жоғары оқу орындарының қатарынан көрінетіндігіне сеніміміз мол.

//Егемен Қазақстан.-2013.-20 сәуір.-5 б.

37

Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ, ҚР Білім және ғылым министрі, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңес Бюросының мүшесі



«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ –

ЖЕТІСТІК ПЕН МҮМКІНДІК СИМВОЛЫ

1993 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бастамасымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Содан бері 20 жыл өтті. Бұл әлемдік практикада бірегей бағдарлама болды. «Болашақ» бағдарламасы әрқашан елімізге қажетті мамандарды даярлауға бағытталды.

1994-2013 жылдар аралығында 9250 стипендия тағайындалды. Бітірген түлектер саны – 5714. Ал, 2 796 стипендиат әлемнің 33 елінде білім алуда. «Болашақ» бағдарлама­сының түлектері жоғары кәсіби біліктіліктің үлгісін көрсетуде. Олардың көпшілігі мем­лекеттік органдар мен ұлттық компанияларда жауапты қызмет атқаруда. Бүгінде түлектердің 20 пайызы мемлекеттік секторда жұмыс істейді. Сонымен қатар, ұлттық компанияларда – 21 пайыз, жекеменшік компанияларда – 55 пайыз, халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдарда – 4 пайыз. Негізінен, болашақ түлектері табысты еңбек етуде. Жалпы, «Болашақ» бағдарламасы экономика мен қоғамға зор үлес қосып отыр деп сеніммен айтуға болады. Осы орайда, «Болашақ» бағдарламасының материалдық емес активтеріне тоқталғым келеді. Біріншіден, еліміздің әлемдік деңгейдегі беделін арттыру. Екіншіден, идеологиялық фактор. «Болашақ» бағдарламасы еліміздің жетістіктері мен мүмкіндіктерінің символына айналды. Бағдарлама сапалы білімнің жастар үшін тамаша әлеу­меттік сатысы екенін көрсетті. Үшіншіден, бағдарлама түлектері әлемнің үздік жоғары оқу орындарында өз құрдастарымен, яғни әлемнің болашақ элитасымен қарым-қа­тынас жасап, әлеуметтік капиталға да ие болуда. Мұндай ресурстың келешекте маңызы өте зор. Бағдарлама соңғы екі жылда барынша жаңартылды. Біріншіден, 2011 жылдан бастап бакалавр даярлау тоқтатылды. Қазіргі кезде бағдарлама магистрлер мен PhD докторлар даярлауға бағытталған және академиялық, ғылыми мобильдік шеңберінде тәжірибеден өтуге баса назар аударылған. Шетелдік университеттердің тізімі қайта қаралды. Қазір олардың саны әлемдік рейтингі жоғары 200 университетті ғана құрайды. Екіншіден, түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі түбегейлі шешілді. Бағдарламалы-мақсатты әдіс енгізілді. 2011 жылдан бастап мамандарды даярлау мақ­сатты өтінімдер негізінде жүргізіледі. Өз қызметкерлерін оқуға жіберген ұйым шарттың бір тарабы болады. Оған маманның жұмыс орнын сақтау бойынша міндеттемелер бекітілді. Стипендиат оқуын бітірген соң жіберуші ұйымға, өндіріске келіп 5 жыл міндетті түрде жұмыс істейді.

Замана үрдісі тудырған сұранысқа орай қазір «е-Болашақ» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Ол стипендиаттар бойынша мониторингті, қаржыландыруды және статистикалық есепті қамтамасыз етеді. «Шетелдегі студент» ақпараттық жүйесі де енгізілді. Енді бітірушілердің елге оралуы және жұмыс істеуі қатаң бақылауда болады.

Аймақтар үшін бағдарламаға қолжетімдік артты. 2005-2010 жылдар аралығында Алматы-Астана қалаларынан үміткерлер саны шамамен 75 пайызды құрады. «Болашақ» стипендиясына құжаттар қабылдау мемлекеттік қызметтер тізіміне енгізілді. Енді Қазақстан Республикасының барлық азаматтары елдің кез келген жерінен электрондық Үкімет порталы, Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы құжаттар тапсыра алады. Нәтижесінде аймақтардан үміткерлердің қатысу үлесі 2011 жылы 39 пайыз болса, 2012 жылы 47 пайызға артты. Ауылдық үміткерлердің аз қатысуына байланысты кепілдікпен қамтамасыз етуге қатысты талаптар қайта қаралып, бұл проблема шешілді. Соңғы жылдары «Болашақ» бағдарламасы өз әлеуетін күшейтті.

38

Енді біз «Қазақстан – 2050» стратегиясында қойылған жаңа міндеттерді орындауды бастадық. Атап айт­қанда, аймақтарды экономиканың сұранысына сәйкес білікті мамандармен қамтамасыз ету. Бұл мәселені мынадай жолмен шешуді ұсынамыз. Өңірлік даму министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жыл сайын аймақтың мамандарға сұранысы бойынша мақсатты өтінім жасайды. Біздің министрлік оларды аймақтарына қайтара отырып, бағдарламалық-мақсатты даярлауды үйлестіреді. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі мен Өңірлік даму министрлігі арасында меморандум жасауды орынды деп есептейміз. Енді Халықаралық бағдарламалар орталығы жергілікті жерлерде құжаттарды жинау арқылы ақпараттық жұмыстар жүргізеді.



Тағы бір жаңалық – мемлекеттік органдардағы мамандарды кәсіби тәжірибеден өткізу. Бұл – уақыт талабы. Біз аталған мәселені «Білім туралы» заңда заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етеміз. Бұл ұсынысты Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қолдап отыр. «Болашақ» бағдарламасы, сондай-ақ елдегі тапшы мамандықтар бойынша мақсатты топтарды ұйымдастыратын болады. ҚР Мемлекеттік хатшысының төрағалығымен өткен республикалық комиссияның соңғы отырысында мамандық топтарын нақты даярлау туралы шешім қабылданды. Бұл мәдениет, журналистика, ақпараттық технологиялар саласына, сондай-ақ, техникалық және қоғамдық-саяси мамандықтарға, ұлттық қауіпсіздікке қатысты. Біздің министрлік тиісті орталық органдармен бірлесіп, осындай топтарды жасайтын болады.
ТҮЙІНшек:
Елдегі сұранысты толық қанағаттандыру үшін мамандықтардың атауына ғана емес, даярлау мазмұнына да назар аударуымыз қажет. Диссертациялық және зерттеу жұ­мыстарының тақырыптарын таңдауда стипендиаттарды біз «Қазақстан – 2050» Стра­тегиясындағы міндеттерді іске асыруға бағыттайтын боламыз. Бұл үшін мемлекеттік органдар өз саласындағы басым тақырыптардың спектрін анықтап, Білім және ғылым министрлігіне ұсынуы қажет.

//Дала мен Қала.-2013.-22 сәуір.-3 б.

39

Еркін ДОСЫМБАЙ.

ҰЛТ ДАМУЫ БІЛІМГЕ БАЙЛАНЫСТЫ
Ақордада Мемлекет Басшысы Н.Назарбаевтың төрағалығымен «Назарбаев Университеті», «Назарбаев интеллектуалды мектептері» және «Назарбаев қоры» жоғары қамқоршылық кеңесінің екінші отырысы өтті.

Отырысты ашқан Мемлекет Басшысы алқалы жиын болашақта істейтін жұмыстарды саралап, тиісті құжаттар дайындау үшін өткізіліп отырғанын, бұған дейін көптеген жұ­мыстар атқарылғанын атап өтті. «Біз келешекте әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетін алға қойдық. Сондай-ақ, индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл міндеттердің орындалуы білім, ғылыммен және кадрлар даярлау ісімен тығыз байланысты», – деді Елбасы. ХХІ ғасырда Қазақстанның дамуы халыққа білім беру ісімен тікелей байланысты болатынын айта келе, Елбасы күні кеше Президенті елімізге алғашқы мемлекеттік сапармен келген Финляндияның дүниежүзінде білім саласын барынша жоғары игер­гендігін, басқа салаларда да өркендеп отырғандығын мысал ретінде келтірді. «Біздің университетіміз аз уақытта үлкен беделге ие болды. Қазір бұл оқу орны әлемнің жетекші университеттерінің қатарында келе жатыр. Халықаралық стандарттарға сай мамандарды дайындайтын боламыз. Әлемдік экономикалық және білім, ғылыми бәсекеге лайықты болады деп санаймын», – деді Н. Назарбаев.

Кеңес отырысына ұсынылған құжаттардың қабылдануымен университетте әлемдік стандарттарға жауап беретін құрылым жұмыс істей бастайды. Бұл орайда, Мемлекет Басшысы қазірден бастап негізгі академиялық және атқарушылық функциялар бірыңғай органға біріктірілетінін жеткізді. Ректор, Академиялық және Ғылыми кеңестер тек академиялық бағытпен шектелмей, университет қызметіне белсене қатысатын болады. Консультативтік-кеңес беруші Академиялық және Ғылыми кеңестерге дербес органдар өкілеттігі беріледі. Сондай-ақ, Елбасы университет классикалық академиялық басқару жүйесіне көшуді аяқтағанын атап көрсетті. Университеттің өзекті бір міндеті зияткерлік-инновациялық даму міндетін шеше отырып, экономиканың сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық кластер құру екеніне тоқталды. Бұл орайда, Мемлекет Басшысы университетке ірі ұлттық және халықаралық компанияларды кластер қалыптастыруға тарту жұмысын жандандыруды тапсырды. «Бұған өзінің ғылыми-зерттеу бөлімшелерін орналастыру жағынан «Самұрық-Қазына» қоры алғашқы бастамашы болуға тиіс. Үкімет инновациялық кластер инфрақұрылымдарын құру үшін қаражат көздерін қарастыруы керек. Кластер қызметінің бақылануы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін университетке Байқаушы кеңесін құруды тапсырамын. Кеңес құрамына бизнестің, оның ішінде өнеркәсіп секторының өкілдерін қосуды ұсынамын. Тағы айтқым келеді, бұл басты іс болады. Кластер аумағын арнайы аймақ деп жариялап, оның орналасқан жерін университет меншігіне беру керек, – деді Мемлекет Басшысы. Осы арада айта кетелік, отырыс барысында «Назарбаев Университеті» ААҚ атқарушы кеңесінің төрағасы Аслан Саринжипов Бурабайда ғылыми білім беру, сауықтыру орталығының бас

40

жоспары әзірленгенін, ол жерде «Назарбаев интеллектуалды мектептері» аясында жұмыс істейтін сауықтыру орталығы болатынын баяндаған болатын. Алайда, бұл нысанның «Қазақстандық артек» сияқты жыл бойы сабақ өтетін мектеп болатындығын, қызметі мен мақсатын, Үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаев анықтап айтып берген соң Елбасы асыра сілтемеуді талап етті, бұл мәселені күн тәртібінен алып тастауға тапсырма берді. Университет құрылымында Тау-кен ісі мектебі мен Инженерлік мектептің болуы маңызды. Кен өндіру салалары ел экономикасының локомотиві болып қала беретініне тоқталған Мемлекет Басшысы бұл бағыттағы зерттеулерді дамытуға мүдделі екенімізді білдірді. Сөзінің соңында Мемлекет Басшысы кеңес отырысында қабылданған шешімдер жоғары білімді ұлт пен бәсекеге қабілетті мемлекет құруға жасалған тағы бір қадам екенін айта келе шешімдерді жүзеге асыру мақсатында Үкіметке ағымдағы және келесі жылғы бюджетті нақтылауда қажетті қаражат қарастыруды тапсырды.



Үкімет басшысы Серік Ахметов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімов, Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев және басқа да лауазым иелері қа­тысқан кеңес отырысында «Назарбаев Университетінің» ректоры Шигео Катсу, Атқару­шылық кеңес төрағасы Аслан Саринжипов, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» басқармасының төрайымы Күләш Шәмшидинова атқарылған жұмыстар мен даму болашағы жөнінде баяндама жасады.

//Дала мен Қала.-2013.-22 сәуір.-2 б.

41

Қанат ҚАБДІЛМӘЖИТ,




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет