Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы


Қызылорда облысының ғылымы, білімі



бет7/10
Дата14.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#134282
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қызылорда облысының ғылымы, білімі

және мәдениеті

Жоғары білім:
Жас әнші Марат Сүгірбай «Қәнеки, тілім, сөйлеші!» атты республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық музыкалық-драма театрында «Қәнеки, тілім, сөйлеші!» атты республикалық байқау өтті. Сайысқа еліміздің 14 облысынан 32 жас өнерпаз қатысты.

Байқауға қатысушылар «Таныстыру», «Шешендік шеберлік», «Өз өнері», «Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады» аталымдары бойынша бақтарын сынады. Шешенік өнерді насихаттау, ел ішінен сөз өнеріне жақын, талапты да талантты ділмар азаматтарды іздеп табу мақсатында ұйымдастырылған шараға еліміздің белгілі тұлғалары төрелік жасады. Қазылар алқасының құрамында жазушы, драматург Дулат Исабеков, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Өмірзақ Айтбай, Алаш сыйлығының иегері Ханбибі Есенғараева, айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков, Маржан Ешбаевалар болды.

Дәстүрлі түрде ұйымдасытырылып отырған биылғы байқауға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік унверситетінің музыкалық білім және дәстүрлі музыка өнері кафедрасының аккомпониаторы, әнші Марат Сүгірбай қатысып, Гран-при иеленді. Қорқыт бабаның қара қобызымен Сыр мұрағатын халық алдында кеңінен дәріптеп жүрген Марат, аталмыш байқауда үш жыл бойы бағын сынап жүлделі орынды еншілеп келеді. Айта кету керек, Марат Сүгірбай келесі жылдан бастап «Қәнеки,тілім, сөйлеші!» атты республикалық байқаудың қазылар алқасының мүшесі болып бекітілді.

Бірнеше байқаулардың жеңімпазы атанып жүрген жас дарын иесін университет ұжымы атынан тағы бір үлкен жетістігімен құттықтаймыз!
********

Дидар» халықтық фольклорлы-этнографиялық ансамблі «Жұбанов көктемі - 2013» фестивалінің

Гран-приін иеленді

Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясында «Жұбанов көктемі - 2013» халық аспаптар ансамбльдерінің халықаралық фестивалі өтті. Фестивальге Уфа республикасының өнерпаздарымен қатар Қазақстанның 8 қаласының өнер ұжымдары үлкен дайындықпен келген. Ақтөбе сахнасында барлығы 15 ұжым Жұбановтардың хор түрінде немесе өңделген шығармаларын, таңдаулары бойынша өзге де туындыларды орындап, мықтылықтарын танытты..

61

Студенттік ғылыми конференцияның

пленарлық мәжілісі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Студенттердің ғылыми-инновациялық шығармашылығы: зерттеулер тәжірибесі және басым бағыттары» атты 15 (69) студенттердің ғылыми конференциясының пленарлық мәжілісі өтті.

Жиынды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры – бірінші проректор Абайбек Талғатұлы Жүнісов ашып, шығармашылық пен ғылым жолына түскен жастарға сәттілік тілей келе, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларын іске асыруда жастардың рөлі ерекше екендігіне тоқталып өтті.

Конференция жұмысы 16 сәуірден бастап 24 секция бойынша өткен болатын. Педагогика және психология, филология және шетел тілдері, әлеуметтік-гуманитарлық және экономика, ауыл шаруашылығы және жаратылыстану, техникалық ғылымдар және жаңа технологиялар бағыттары бойынша барлығы 700-ге жуық студент қатысып, өздерінің ғылыми жұмыстарын қорғаған.

Пленарлық мәжіліс барысында «ЭКСПО–17 «Энергия үнемдеу технологиялары және жаңартылатын энергия көздері» секциясы бойынша «Сымсыз электрлендіру» тақырыбында баяндама жасаған ЭЭ-11-1 оқу тобының студенті Али Жәнібектің ізденісі қатысушылардың қызығушылығын оятты. Сонымен қатар, ОПД-11-1 оқу тобының студенті Нұрхат Бодықовтың «Жер қыртысы саңылау салуға арналған құралғының беріліс механизмдері» баяндамасы, ПП-11-1у оқу тобының студенті Жансая Ерденбаеваның «Жеткіншектердің зейін тұрақтылығын қалыптастыру» тақырыбындағы баяндамасы, РЯЛ-11-2 оқу тобының студенті Бибісара Зиянсызова «Юмористические рассказы и пародии А.П.Чехова» баяндамасы, Эк-10-1 оқу тобының студенті Перизат Жақсылықова «Аймақта туризмді дамыту» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалады. Айта кету керек, бұл студенттердің ғылыми ізденістері секциялар негізінде озық шыққан баяндамалар.

Жалпы, университетте білім алушыларының шығармашылықпен айналысып, ғылымға түбегейлі бет бұруына мол мүмкіндік жасалған. Теорияны практикамен ұштастыруда 8 ғылыми зерттеу институттары мен орталықтар, зертханалар жұмыс жасайды. Бұл өз кезегінде студенттердің шығармашылық қабілетін шыңдауға мол мүмкіндік.

Конференция барысында бұған дейін жоғары оқу орындары арасында өткен республикалық пәндік олимпиадалардан жеңімпаз атанған барлық студенттерге университет ректоры атынан Алғыс хат және ақшалай сыйлық табысталды.

Ал, студенттердің дәстүрлі 15(69) конференциясының жеңімпаздары мен оларға жетекшілік жасаған оқытушылар университет ректорының арнайы Дипломы мен ақшалай сыйлықпен марапатталды

62

Физиканың ғажайып әлемі
№6 оқу ғимаратындағы кітапхана қызметкерлері университеттің физика және математика кафедрасының оқытушыларымен бірлесе отырып, «Ньютон және физиканың ғажайып әлемі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел Исаак Ньютонның 370 жылдығына және ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылды. Жиын барысында «Уақыттың Ньютондық концепциясы», «Болашақтың тұғыры – балама энергияда» атты тақырыптар кеңінен талқыланды. Іс-шараға физика-математика мамандығының оқытушы-профессорлары, магистранттар мен студенттер белсене қатысты. Физика және математика кафедрасының меңгерушісі Б.Қалиев И.Ньютон өмірінен мәлімет берсе, Ф-12-1М тобының магистранттары А.Төретаева мен Ж. Назарова физиканың өшпес заңдылықтарын тәжірибе дәлелдерімен баяндап берді. Кафедра профессоры Т. Жайсаңбаев қазіргі қуаттың жаңа балама түрлеріне, әлемді таза да, залалсыз энергия көздеріне бет бұрғызатын ғалымдар жаңалықтарына тоқталды. Арнай жасалған «Ньютон және физика заңдары» атты кітап көрмесі табиғи қуат көздері – жел мен күн энергиясын пайдалану арқылы жасалған жаңа модельдері, алғашқы күн электр стансасы туралы мәліметтерді оқырман қауымының назарына ұсынды.


**************
Университет принял активное участие

в международной онлайн-конференции
В Евразийском национальном университете им.Л.Гумилева прошла международная онлайн-конференция «Модернизация национальной экономики в условиях интеграции». В ее работе приняли участие преподаватели высших учебных заведений Казахстана, России (Уральский государственный экономический университет, г.Екатеринбург, Одинцовский гуманитарный институт г. Одинцово), Московское представительсво Центра международных программ «Болашак» (г.Москва), Латвии (Балтийская Международная Академия, г. Рига), Белоруссии (Институт бизнеса и менеджмента технологий Белорусского государственного университета, г. Минск).

Модератором конференции выступила д.э.н., профессор ЕНУ им.Л.Гумилева Нуриля Кучукова, которая представила докладчиков.

На конференции с докладом выступила проректор по научной работе и международным связям Кызылординского государственного университета им.Коркыт Ата, д.э.н., профессор Урпаш Шалболова. Она рассказала об экономическом состоянии региона, его перспективах.

После выступления докладчиков состоялся обмен мнениями, в котором активное участие приняли присутствующие на конференции студенты университета. Отметим, что международная онлайн-конференция проведена в КГУ им.Коркыт Ата по инициативе Центра развития регионального предпринимательства университета.


63

«Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты флешмоб


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті тарих, құқық және экономика институтының ұйымдастыруымен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты флешмоб өтті.

Шараға институт оқытушылары мен студент жастар қатысты. Флешмоб барысында тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Меруерт Аңсатова «Мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында Қазақстан әлемдегі төртінші ракета-ядролық әлеуеттен ерікті түрде бас тартты. Ядролық қарусыз әлем - бұл ядролық қуатты әскери мақсатта пайдалануға толық тыйым салу. Ядролық қаруы бар елдер Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан үлгі алуы және әлемді ядролық қарусыздандыруға атсалысуы тиіс», - деп атап өтті.

Одан әрі студент жастар «Атом» бомбасы жайлы пікірлерін ортаға салып, патриоттық әндер орындады. Жастар флешмобты «Ядролық қарусыз әлем – адамзат ұмтылуға тиіс ортақ мақсат» атты ұранмен қорытындылады.
**********
Библиотерапиялық сауалнама
Ғылыми-техникалық кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің ғылыми-педагогикалық кітапханасының 2012 жылдың 19 қарашасындағы №119 (1-15) хатына сәйкес университет профессор-оқытушылары және студенттері арасында 2013 жылдың қаңтар-наурыз айларында «Оқулықтар мен ғылыми әдебиеттердің библиотерапиялық ролі» тақырыбында сауалнама жүргізген болатын.

30 сұрақтан тұратын екі тілдегі сауалнамаға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушы-ғалымдары, қызметкерлері және жоғары курс студенттері, сондай-ақ аймақтық жоғары және кәсіптік оқу орындарының («Болашақ»,«Ақмешіт»,И.Әбдікәрімов атындағы агротехникалық, М.Маметова атындағы гуманитарлық және медициналық колледждерінің) оқытушылары да қатысты. Сауалнама мақсаты - оқумен емдеудің әлеуметтік мәдени және білім беру құбылысы ретіндегі мүмкіндіктерін зерделеу және оның жетістіктерін білім беру жүйесі кітапханаларының қызметінде қолдану.

Сауалнама университеттің ақпараттық сараптама орталығында өңделіп нәтижесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің ғылыми-педагогикалық кітапханасына жіберілді. Сараптама бойынша респонденттердің 26-30 жас аралығындағыларының 62 пайызы кітап оқуды қоршаған ортамен үндестіріп библиотерапиялық әсері мол деп жауап берсе, қандай дереккөздерге жиі сүйенесіз деген сұраққа 36 пайызы –мерзімді басылымдарды, 37 пайызы ғаламторды пайдаланатындарын көрсеткен. Ал сүйікті әдебиеттер жинағына көпшілігі Абайдың «Қара сөздері», Б. Момышұлының «Ақиқат пен Аңыз» кітабын және А.Чеховтың шығармаларын атаған. Кітапханада библиотерапиялық аймақ болу керек пе деген сауалға жалпы оқырман респонденттердің 45 пайызы психологиялық емдеу-кітаптары бар, тәжірибелі, адам жанын ұғатын кітапханашы-кеңесшілерден құралған психологиялық кабинет болу керек деп жауап берген.

Күнделікті өмірдегі библиотерапияның рөлін зерттеу арқылы адамдардың өмірге құштарлығын арттырып, бос уақытты тиімді пайдалануға бағытталған зерттеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады



64

Говорят участники XX сессии Ассамблеи народа Казахстана:

Мир и покой в НАШЕМ ОБЩЕМ ДОМЕ - НЕТ НИЧЕГО ДОРОЖЕ
Кылышбай БИСЕНОВ, ректор КГУ имени Коркыта-ата: – Мы стали участниками поистине важного события – юбилейной XX сессии Ассамблеи народа Казахстана, которая состоялась под председательством Главы государства Нурсултана Назарбаева. Многолетняя история АНК подтвердила историческую необходимость и на деле доказала ее жизнеспособность. Ассамблея – это результат уникального политического новаторства государства, опыт ее работы становится привлекательным и полезным для многих зарубежных стран. Определяющим моментом в достижении успеха молодой независимой страны явилась уникальная историческая роль Казахстана, его особой миссии как посредника между Востоком и Западом. Важнейшая заслуга в этом Нурсултана Абишевича, которая заключается в его глубоком осмыслении роли каждого этноса, каждой культуры, составляющих народ Казахстана. Эта президентская формула положена в основу принципа работы Ассамблеи. Юбилейная сессия Ассамблеи проходила по особому тепло и празднично. Мир и покой в стране – самая главная задача, успех развития Казахстана за годы независимости, отметил Глава государства в своем выступлении. И их нужно сохранить. В этом деле, как подчеркнул Президент, без активного участия самих казахов никакое долгосрочное общественное согласие в стране невозможно. Новшеством этой сессии стало поручение Главы государства о создании при Ассамблее народа Казахстана республиканского методического совета директоров Домов дружбы. Галина ЩЕРБАКОВА, председатель этнокультурного центра «Славяне»: – Каждый год, когда приезжаем на сессию Ассамблеи народа Казахстана, мы общаемся с представителями этнокультурных центров республики, обмениваемся опытом. Но, конечно же, очень важна для нас встреча с Главой государства Нурсултаном Абишевичем Назарбаевым. Мы всегда помним его добрые напутствия, это нас вдохновляет на реализацию ключевых задач АНК – укрепление толерантности, межнационального и межконфессионального согласия. Если говорить о нынешней сессии, то в ней особый акцент был сделан на расширении Ассамблеи в XXI веке. Президент РК отметил, что общественное согласие будет основано на эффективной экономике современного типа. Средний класс станет преобладающей долей в обществе Казахстана и оплотом общественного согласия. Каждый гражданин Казахстана будет иметь ясные перспективы, уверенность в будущем, все возможности для развития личного и профессионального роста. Гульчин Гейдарова, председатель турецкого этнокультурного центра: – Я очень горда тем, что являюсь членом АНК. Мы, граждане Казахстана, открыты и внимательны друг к другу. Главное для нас – жить в мире и дружбе, всегда находить компромисс в решении самых острых проблем, которые могут возникнуть. Главная задача АНК – это регулирование межнациональных отношений в Казахстане, и отрадно, что Ассамблея распространяет свой опыт по всему миру, его изучают международные институты. Известно, что в Ассамблее народа Казахстана работают зарубежные аналитики, изучающие опыт межнационального и межконфессионального согласия наших народов. Являясь гражданским институтом, Ассамблея стала организацией, которая определяет лицо нашей страны. Вот и на этот раз, слушая Нурсултана Абишевича, я была преисполнена чувством гордости. Перед народом Казахстана поставлены большие задачи, главная из которых сохранить и укрепить мир и согласие в стране. Мощным толчком к развитию АНК должна стать подготовка к EXPO-2017. Роль казахского народа в процессе национального единства выходит на первый план. Кроме того, Глава государства подчеркнул, что АНК поддержит инициативу исполнительного секретариата Совещания по взаимодействию мерам доверия в Азии подписать протокол о сотрудничестве. Не осталась без внимания и молодежь. Как отметил Президент, молодежь необходимо оградить от радикальных религиозных течений, чуждых нашему обществу.
//Кызылординские Вести.-2013.-25 апреля.-С.2
65
«ЖАС ҒАЛЫМ - 2013»

ғылыми жобалар байқауы!

2013 жылдың сәуір айының 26-сы күні Қызылорда облысынын жастар саясаты мәселелері баскармасы, «Жас ғалымдар альянсы» коғамдык бірлестігі, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Жас ғалымдар Кенесімен бірлесе ртырьш, «Жастар ұшін ғылыми орталық қызметін ұйымдастыру» әлеуметгік маңызы бар жобасы аясында Қызылорда облыстық 10-11 сыныптар арасында «ЖАС ҒАЛЫМ — 2013» ғылымн жобалар байқауы өткізіледі.

Байқаудың негізгі мақсаты:


  1. оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;

  2. ой еңбегінің беделін арттыру;

  • Ғылыми байқауға оқушылардың ғылыми жетекшілерінің ұсынуымен 10-11 сынып оқушылары қатыса алады. Зерттеу жұмысын екі окушыдан артық орындауға болмайды.

  • Байқауға катысу үшін оқушылар төмендегі бағыттар бойынша ғылыми жұмыстарын (жобаларын) ұсына алады: 1. Физика. 2. Математика. З. Химия, 4. Биология:

  • Қатысу, өтініштері ғылыми жұмыстар (жобалар) байқауының ұйымдастыру комитетіне электронды түрде -2013 жылдың -25 сәуіріне дейін мына zhas galym@mail.ru электрондык поштаға жолдануы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін берілген өтініштер қаралмайды.

Өткізілетін орны: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ. №6 оқу ғимараты

Уақыты: 26 сәуір 2013 жыл. сағат 9.00-де ' Анықтаманы төмендегі телефондардан алуға болады:8777 283 89 38; 8701 967 0332. Е-mail: zhas galym@mail.ru

//Халық.-2013.-25 сәуір.-10 б.

66

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қызметкерлері баспасөз беттерінде












Айгүл Кемелбаева, жазушы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

Тілдік символдар – білгенге жыр
Жуырда редакциямызға Шанжархан Бекмағамбетовтың тіл табиғаты, философиясы, жалпы, тілдің пайда болуы туралы жазылған «Тілдік таным негіздері және тілдік символдар» атты ғылыми еңбегі туралы жазылған жазушы Айгүл Кемелбаеваның хаты түсті. Кейде лайықты еңбектің өзі тасада қалып қоятынын ескерсек, автор айтқандай, бұл кітапты тіл ғылымы назардан тыс қалдырмағаны дұрыс-ақ деген оймен оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік. Және авторға жедел телефон шалып: «Осы кітапты қолыңызға алуыңызға не себеп болды?» – деп сұрау салғанымызда: «Бұл кітаптың авторы туралы жазушы Қуаныш Жиенбайдан естідім. Астана атаулыдан жырақта кейде тіл ғылымының үлкен мамандары мекендейді. Оларды танымал ғалымдар әсте білмеуі де, білуі де мүмкін. Бірақ білсе, білім қуатына таң-қалары анық. Іштей мойындаса да, ескермей, елемей, өз бойларынан асырмай, бір шетте, қорғансыз, қамсыз деп тануы ғажап емес. Олар дүрмекке қосылмайды, бірақ салмақты іс тындырады. Оларды шын бағалайтын, әділ сөз айтатын есті жұрт табылса, бағы жанғаны», – деді.

– Шанжархан Бекмағамбетов. «Тілдік таным негіздері және тілдік символдар» атты тіл пайда болуы туралы ғылыми кітап бәйге атындай аз таралыммен шыққан.

Адамның тіліне аспандағы бұлт үйіріледі дегенді нақты танып айтқан қазақ айтқыш­тығын әулиелікке айналдырып жіберген. Сондықтан жылқының қу басына қарап тіршілігінде қандай болғанын дәл танитын атбегі Толыбай сыншы тәрізді ата сөзіміз бағымыз екенін білсек, түбі қор болмаймыз.

Тілде бар нәрселер ғана әлемнің сипаты. Бұл кітаптың құндылығы – тіл генетикасы мен философиясын айқын айтуында. Тілді бұрыннан әбден қалыптасқан қағидаға салып, тек құрылымдық негізде қарастырмауында жатыр. Бүргені тағалайтын солақай шебер тұспалындай автордан үнемі зергерлікті талап ететін тіл білімі туралы бұл кітапқа, ұлық сөздің түп-тұқиянына шынымды айтсам, жазушылық ниетпен құлшына кірістім. Жазушыға тілді терең білуден артық не керек?

Қызылордалық лингвист, филология ғ. к., ақын Шанжархан Бекмағамбетов «Аузы құлып қазына сандықты тілмен ашқан» берекелі ғалым болып көрінді. «Менде бір биік мұрат бар», «Құс жолын кезген кезбе – мен», «Көкірегімде сом алтынның буы бар» деп ол өзі тегін жырламайды. «Берген Ие Жасағанға» құлшылығы текке кетпей, бұл кісінің де жарқ етіп шығар уағы туса керек.

Дулат Бабатайұлы (1802-1871), отаршылық теңсіздікке ерен наразы жырау:

Мекен ғып құздың қиясын,

Бұлтқа салған ұясын.

Айнадай көрген аймағын,

Түйінін шешкен айланың.

Жерге қонбай ұша алмас,

Көк еркесі қыран да.

Тілдің ұлы қасиетін ұғу үшін осы өлең аллегория, ассоциация. Дулат жыраудың теңеуінде жер мен көктің біртұтас бірлігі, тартылыс күші, жаратылыстың тазалығы, көшпелі әлемнің тұнық тектілігі туралы терең айтылған. Адам жаны ылғи құдайды аңсайтыны соның анық нышаны. Ш.Бекмағамбетов мұны «Тәңірімен байланыс немесе «Жеті қат КӨК» тарауында терең қамтиды.

Сөзді құдірет тұтып, мәдени асыл мұраларын эпикалық жанрда қалдырған да­лалықтардан бөлек, тілді анық білу ақсүйектік белгі екені ағылшын әдебиеті классигі, тегі ирландтық Бернард Шоу «Пигмалион» атты таңғажайып драмасында дәріптеген. Ирландықтардың көркем жады қазақ жырауларын күдіксіз еске салады.

67

«Сол алғашқы тілдік символдар тілдің бүкіл болашағымен, тағдырымен бірге жасайды. Тілдік символдар ешқашан өзгермейді. Тілдің тұрақтылық заңы да осы символдар тұрақтылығына негізделген. Символ дегеніміз – тілдің атомдары мен молекулалары ғана емес, одан да әрідегі ең бастау элементтері, тілдің негізі, гені, яки, қаны. Қан құрамын анықтау арқылы тілдегі әрбір сөздің шығу тегін – генеологиясын айқындауға болады. Егер қан құрамындағы түйіршіктер өзгерер болса, онда өмірге қауіп төнер еді» («Тілдік таным негіздері және тілдік символдар», 196-бет). Дүние жаратылыс – тілсіз тұл.



Автордың негізгі идеясы – тілдік құбылыс генетикалық тіл құбылысы деп тану. Тілдің әлеуметтік құбылыс екенін әуелгіде академик Құдайберген Жұбанов айт­қанын ғалым бір мақаласында баса көрсетеді. Бұл кітапты тіл ғылымынан хабары аз жанға бірден қабылдай қою әсте оңай емес. Тіл генетикасы өзге түгіл, әдебиетшілердің тісі бата бермейтін күрделі сала. Сондықтан бұрыннан аян нәр­селердің мәнін ашуға, көкірек көз, санамызды жаңғыртуға таптырмайтын іргелі еңбек болуымен баурайды. Ғалым сөз пайда болуының негізгі принциптерін әрі тіл философиясын терең зерттеуді басты мақсат тұтқан.

«Академик Құдайберген Жұбановтың: «Я не сомневаюсь, что в недалеком будущем будет установлена генеология основных аффиксов и служебных слов и будут найдены слова к которым восходят те или служебные элементы...» – деген пікірін дыбыстаным мәселесіне де қатысты деп түсінуге болады.

Қазіргі тіл білімі ғана емес, тарихи грамматикаларда әліге дейін тіл дыбысы дегенді тек дараланған тіл дыбыстары ретінде ғана танып, түсініп келеміз. Ежелгі тіл дыбыстарының дауысты // дауыссыз сыңарлардың табиғи тұтастығынан тұратын мағыналы тілдік бірлік болғандығын ескерместен, қазірде бұларды дауысты және дауыссыз сыңарларға ажырата қарап, солардың әрқайсысынан өз алдына алуан түрлі «мағыналар» іздеумен айналысамыз. Яғни бүтін денені екі бөліп тастап, солардың әрқайсысынан жан іздегенге ұқсаймыз.

Әліге дейін дыбыстық еліктеу теориясының шырмауынан шыға алмаумен келеміз. Егер тіл еліктеуден пайда болған болса, онда ол саналы әрекет жемісі болмас еді. Әуелі еліктеуден тіл пайда болып, сонан соң оған мағына енген деген баланың алдауындай ертегіге сенетін халден арыла алмай келе жатқанымыз шынында да бекер емес. Сондықтан да тіл дыбыстарының табиғатын тануда академик Қ.Жұбановтың жоғарыда ұстанған бағытын онан әрі жалғастырар еңбектер аса қажет. Ғалымның артында қалған мол мұрасын игеру бағытында оның тіл ды­быстарының жаратылыс табиғаты туралы аталмыш пікірлері аса маңызды қағидалар ретінде қарастырылуы қажет деп білеміз», – деп Ш.Бекмағамбетов «Қ.Жұбанов және тілдің кейбір мәселелері» атты мақаласында жазады.

Автор академик Қ. Жұбановтың тіл атаулының негізі бір деген тіл теориясын жақтап, структуралық тіл білімінен ары өтіп, тұңғиығынан тартады. Мұны тіл философиясына ену деп ұғу дұрыс.

Негізгі концепциясы: «Өйткені, дүние туралы ұғымдардың бәрі де ЫМ тілі дәуірін­де-ақ пайда болып, ишарат амалдары арқылы білдіріліп келген. ЫМ тілі дәуірі – адамзат дүниетанымының берік негізі қаланған дәуір. Ал ең алғашқы тіл дыбысы («у» дыбыс-сөзі) осы дайын «байлықты» өз бойына дара сіңіруші болды. Өз бойына ЫМ тілі дәуірінің барша ұғым-түсініктерін сыйғызған осы «у» дыбыс-сөзі кейіннен пайда болған тілдік-дыбыстық символдардың бәріне негіз болды» (195-бет). «Сол алғашқы тілдік символдар тілдің бүкіл болашағымен, тағдырымен бірге жасайды. Тілдік символдар ешқашан өзгермейді. Тілдің тұрақтылық заңы да осы символдар тұрақтылығына негізделген». Адамзат өркениетінде символизмнің ролі ерекше зор. Оның түп анасы – ымдау. Қазақ «Ымды түсінбеген, дымды түсінбейді» деп бекер айтпапты. Яғни сәулесіз, санасыз деген сөз. Нағашы атам Оразхан біреуге кейісе үнемі «Сәуле жоқ, сәулесіз, түйтік жоқ» дейтіні ойыма оралды.

Ым тілі қимылдарының генеологиялық негізін автор мақұлық атаулыда тек адам баласына тән: бас изеу немесе шайқау, көз қысу, бет құбылту, қас, қабақ қағу, өңін суыту, жылыту, қол бұлғау, т.б. қылықтар деп таниды. Автор ым тілін қол тілі, қол қимылы, ербеңдету арқылы берілетін тіл деп қабылдайды. Кеңістікті адам бет-пі­шінді құбылтумен бейнелей алмасы анық.

Бұл үнсіз ишара, дене қимылы арқылы ниетін білдіру әрі сонысымен екінші адамға ықпал жасау. Жануарларға тұспалдау, астарлау тән емес. Бұл құдай дарытқан биік сананың әсерінен адамзат ұдайы жетіліп, эволюция арқылы кемелдікке тырысып келгенін айғақтайды. Сол арқылы қазақ ғалымы ежелгі адамдарды «жабайы» деп танитын ғылыми концепцияны терістейді. Адамзат ұрпағы туабітті жазылатын саналы жаратылыс иесі болғанын таниды.

Ал бұл дарвиндік «арғы бабаң – маймыл», адам тектес сүт қоректі маймылды еңбек процесі адам қылып шығарды деген құдайсыздықты жоққа шығарумен тең. Ғылым – діннен шыққан. Дарвинизмнің қарғыс атқан адастыру идеясы талай бүлін­шілікті, кесапатты тудырды.

Автор тарихқа дейінгі архетиптер дәуірін адамзат тілдерінің бастауы деп қарастырады. Бұл қандай алып уақыт кезеңін алып жатқанын ешкім білмейді. Ол тілдің морфологиялық қабаттары негізінен, дыбыстық тілге қатысты екенін жазады. Ежелгі сөздердің түпкі мағыналары адамзаттың жадынан бірте-бірте өшіп, оған кейін басқаша интерпретация жасалынуы бек мүмкіндігін мифтік аңыздар растайтынын тіл ғылымы айтады.

Ежелгі адамзат жоғары мен төменді айқын ажырата алған. Автордың жазуынша, әуелгі «Һу» дыбысы (автор мұны ҺУ дыбыс-сөзі / архетипі/ деп атар еді) осы жоғары, құдайлық әлемнің несібесі екенін даралайды. Өйткені, «...адамзат ақыл-ойы биікке қарап өскен ғой» (139-бет). «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен...» (Абай). «Тілдің құдіреттілігі сонда – ол үшін көзге көрінбейтін атом да, бүкіл ғаламдық кеңістік те бір ғана «Һу» дыбыс сөзінің» аясына сыйып кетеді (141-бет). Демек, исламдағы «Алла-тағала он сегіз мың ғаламды бір тарының қауызына сыйдырады» деген ұғымның күмәнсіздігі шығады. «ТӘҢІРІ ИЕ-нің өзімен де тілдескен қасиетті тіліміз» (6-бет).

Әуелі жаратылыс-болмыстың тылсым тілі адамзаттың құдайлық санасын оятты.

Эзотерикалық ілімдер: алхимия, мифология, мистика, діни наным, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, рәсімдер, символдық философия, пантеизм, магиялық құпия формулалардың тұңғиық сырын ашатын Мэнли П. Холл тәрізді энциклопедиялық білімі зор эрудит зерттеушілердің ірі еңбектерінде бұл деректер анық айтылған. Құс тілі, шөп тілі, су тілі, тас тілі бар, тұтасымен табиғат философиясы. Барлық ежелгі халықтар өсімдіктер, ағаштар, гүлдер, жемістерді Құдайдың жасампаз күшінің символдары деп танығанын Мэнли П. Холл жазады.

Үндінің өшпес халық кітабы «Панчатантра», ол «Кәлилә мен Димнә» деген атаумен белгілі, сонда аң мен құс өзара сөйлеседі. Оның мәні – даналық өсиеттерін таңдаулыларға уағыздау. Сүлеймен патша аң мен құс тілін біліпті.

Парсы суфий ақыны Фариуддин Аттар «Құстар мәжілісі» сияқты дастанында мұны жырлады. Парсы тілі биік поэзия тілі саналған бағзы заманда қияннан жол ашып, түркі тілінің құдіретін танытқан өзбектің кемеңгер ақыны Әлішер Науаи мұны назира дәстүрінде жалғады. Адам тіл арқылы дүниені таңбалап, тануға тырысса да, тіл құрал өзінің тарихи тегін, түп негізін тани алмай отыр.

Ғалым ежелгі адамдар мынау жарық дүниені БҮТІН және БӨЛШЕКТЕР ретінде, ал дүние сипатына тән болмай қоймайтын өзгеріс атаулыны ҚОЗҒАЛЫС түрінде түсінген деп қадап айтады. Қозғалыс – бүтіннің бөлшектерге немесе бөлшектердің бүтінге айналу процесі екені аян. Мұны Шәкерім: «Жаралыс басы – қозғалыс» деп жырлайды.

Көктен түскен киелі кітап Інжіл, христиандық ілімнің Иоанн жазған төртінші нұсқасы: «В начале было Слово, и Слово было у Бога, и Слово было Бог» делінеді. Қазақы мақаммен, Абайдың «Өлең – сөздің патшасы», ал жарық дүние – күллі ғаламның Патшасы бір Жаратушының сөз сарайы. Сонда өлең дүниенің жаралысы болған екен-ау! «Поэзия – құдайлардың тілі» дейтін антикалық ақындар табиғат құбылыстарына табынған, пұтқа табынуға дейінгі дін ашпаған көне заманда айтқаны рас. Бұл фәни тым көркем жаратылғандығы да өлеңдей құдіреттен, Жаратушының мінсіз, пәк, шынайы мадаққа лайық өз сұлулығынан шығып тұр.

Дүниедей дөңгеленген «О» әрпіне ғалымның қаламының ұшынан шыққан ода (148-бет) аллашылдықтан туған. Автор тіл пайда болуы негізінде адамның суреткерлік биік санасы, бейне, ой, сурет, түрді тануы тұр дейді. «Тіл дегеніміз – жалаң дыбыстық еліктеу емес, дүниені саналы түрде дыбыстық бейнелеу». Тіл түбірін тану – телегей-теңіз білім қорын ақтарумен тең. Шанжархан Бекмағамбетов қазақ тіліндегі барлық сөздің семантикалық негізі ең ежелгі «Һу» дыбыс-сөзінде тұрғанын үнемі айғақтайды. Ол мұнан кейінгі тараған тілдік-дыбыстық бірліктерді негізгі түбір етістіктер деп атайды. Сөз атаулының құрылымдық негіз элементтерін айқындайды, ол: «Һу» және жеті түрлі негізгі түбір етістіктер болып шықты. Кемпірқосақ бояуындай. Жеті түрлі нотадан музыка түрленеді. Күллі әлем саз­дары осы жетіліктен түзіліп барып, тарайды.

Емшектегі нәресте атаулы әлі тілі шықпай, жөргегінде жатып уілдейді екен. Мұның сыры енді мәлім болды! Әлде, тек қазақ баласы уілдей ме? Мынау интерпретация ше: жүгірген аң да көкке қарап, қырда шоқиып ұлитын қасқыр. Ал түркі қазақ тотемі – көкбөрі. Уіл мен ұлу – «Һу» дыбыстық тіл ретінде бір екенін ұқпау үшін көп ми керегі жоқ. Автор «Һу» – дербес тіл, тіліміздің алтын өзегі деп отыр. Мәлімет күшті болса, туған әдебиет бұлағы суалмасы анық. Тілі өлмеген халық, өзі жасай бермек. Бұл – аксиома.

Ғалым айтуынша, осы архетип құрамынан тарайтын «һ» дыбысы – өте ежелгі дыбыс. Ол «Жоғарғы әлем» ұғымымен байланысты болып шықты: Һауа-ана, һауа-ата, һүр (хор, үр) қызы, т.б. Бұл дыбыстан кейінірек барлық дауысты дыбыстар және Қ-негізді дыбыстар тарағаны да еңбекте жүйелі түрде айтылады. Көне кельттер мен түркілерде, әсіресе, оның қарашаңырақ иесі қазақтарда осынау «һ» дыбысы бекзат қалпында сақталған. Және осы халықтардың эпостық, поэтикалық мұрасы аса бай, әрі көркем. «Үлкен Эдда», «Нибелунгтар туралы жыр», қазақтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» тәрізді көне мұрасынан әрі бастау алатын құдіретті эпостық жырлары, мысалы, «Ер Төстік», бұл ертегі әуелде жыр болған деген нұсқа бар.

Ал сөз мағынасын ұғу – Абайша «құлақ»: «Көңілсіз құлақ ойға олақ».

Тілдің тууына ойлау әсер етсе, оның маңызы суретті көріп қана қоюдан ым (қол) тілінен де артық, нұрлы болып шықты. Яғни ойдың заттануы – тіл. Бұған ғалымның мына пікірі куә: «Ойлау – жоғары әлеммен – Тәңірімен байланыс жасау. Өйткені, Тәңірі бүкіл ғаламға ие, бәрін жасаған, қозғалысқа – тіршілікке келтірген. Сондықтан да Тәңірімен байланыс – жалпы ғаламның, ондағы барша зат атаулының өмір сүру формасы. Ал Тәңірімен жасалатын осы байланыс қалай жүзеге аспақ?» (142-бет). Бұл байланыс адамның өзі, миы, «ес» ұғымы арқылы жасалатынын және оның «Һу» (игрек) түзуінің – осінің бойымен өтетіні деректі талданған. Оның ғылыми қиыншылығы өз алдына. Автор тілдік символдардың сызбасын салады. Автор түсінігіндегі Тәңірі ұғымы таза діншілдік сипаттағы емес, жалпы адамзатқа ортақ «Жаратушы» түсінігі тұрғысынан түсініледі. Тіл философиясы өзегін тануға талпыныс құптарлық.

Автордың пікірінше, түпкі нәтежеге жетіп, тілдің негізгі элементтері табылғанда ғана – сөз пайда болуының, дамуының құпия кілті ашылады. Сонымен қатар, ең ежелгі тілдік негіздер тілден еш уақытта жойылып кетпейді. Ғалым мұны «Тілдік негіздер жойылар болса, тіл де жоқ болар еді» деп нықтап айтуы заңды (29-бет). Сөз – адамзаттың ең асыл қазынасы.

Адамның таным мүшелерінен теңдесі жоқ маңыздысы – көз. «Егер зат (құбылыс) болмаса, оның санадағы сәулесі, яки, бейне де жоқ. Яки, ұғым – дүниетанымның санадағы бейне-суреті. Демек, ең ежелгі адамдар жаратылыс-болмысты тіл арқылы емес, көз арқылы таныған» (Ш.Б. 40-бет).

Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,

Алған сайын дүниеге тоя ма екен?

Абай хакім «Ескендір» атты поэмасында Аристотель ғұламаның аузына осы сөзді салады.

Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,

Өлсе тояр, көзге құм құйылғанда.

Қазақ философиясында адамның өзі тойса да, көзі тоймайды. Тірісінде тоймайтын көз өлсе топыраққа тояды деген ұғым, нәпсіні жеңудің, көкірек көзі ашылудың маңызы осыдан шығады. Сонымен қатар, дана қазақ «Көз – нұрдың ұясы, көңіл – сырдың ұясы» деп айтқан. «Адамның көзі – айна, ол өзді ( ойды, көңілді, барлық ішкі бейнені) көрсетіп тұрады. Көздің «сәуле» ұғымымен де байланысы бар. Ежелгі тілде бір заттың бірнеше атауы болуы – табиғи құбылыс» (176-бет).

«Тілімізде соқыр болу ұғымы «көз ағу» ұғымымен бірдей. Бұл да көздің су затымен байланысын аңғартса керек» (191-бет). «Ағу, ағып кету сөзі де жоқ болу ұғымын білдіреді» (184-бет).

Символдық мағыналар құдіретін халық «сөз сиқыры» деп бекер атамаған. Дүние жаратылысы құпиясына ғалым сөздердің құпиясы арқылы енуге тырысады.

Шанжархан Бекмағамбетов сөз генеалогиясын көне түркі, Күлтегін жазуы, Махмұт Қашқари сөздігі арқылы түсіндіреді. Тіл тарихын анықтау – әр түрлі дәуірдегі тілдік деректерді салыстырмалы тарихи талдауға негізделеді. Мұны тіл білімінің ірі ғалымдары айтқан. Ал тіл генетикасына тереңдеп бару мұнан да күрделі мәселе екені белгілі.

Тілде табу сөздер мен эвфимизмдер пайда болу себебі, сөз магиясына, тәңірлік негізге байланысты. «Киелі деп есептелетін жан-жануарлардың да өз аттары дәл аталмайды. Сондықтан да аққуды «ақтоқты», қасқырды «итқұс» деп атаған. Кейбір тайпаларда өле-өлгенше адамның шын атын атамай құпия ұстау, оны басқа лақап атпен атау дәстүрі болған», (177-бет). Қазақтың ежелгі санасы неткен керім! Ақан сері сүйген Ақтоқты сұлу – «Қырық қоңырқаз ішінде аққуы», халықтық поэтикалық ұғымдағы асылы. Ал есімді құпия ұстаудың артықшылығы мен нанымын, әдет-ғұрыптар шығу тегін ағылшын этнограф-ғалымы, дінтанушы Джеймс Джордж Фрэзер зерттеп жазған.

Автор тіл мен дін байланысының ең көне тегін айтуы заңды. Діни ұғымдағы сөздер ең ежелгі һәм константа екен.

Шанжархан Бекмағамбетовтың тілдік символдар табиғаты туралы тереңнен тартып, инемен құдық қазғандай саралап жазған кітабын тіл ғылымы назардан тыс қалдырмауы керек. Ана тілдің құнын біліп, сүйіп, көз қарашығындай сақтап, адамзаттық қалып, құдайшыл санамызды сілкінте алуға лайық кітап. Менікі нағыз тіл маманы тұңғиықтан тартқан талдауы емес, жазушы танымын дамытатын зердесі. Тэрра инкогнита. Ол бұл кітапты шын бағалауға тарлық етері айқын.

Жаһандану – нағыз мәдениет жұтаңдануы һәм рухани құндылықтар қор болып, ролі кемуі. Ежелгі аңызда Вавилон мұнарасы адамзат астамшылығы, күпір пиғылынан салынып, сол кесірден құдайдың жазасы жетіп, тілдік негізді шайқап жіберген дейді. Аңыз түбі – шын. Тәңірлік асыл жаратылысымызды жоғалтпау үшін тілді, оның раушан тазалығын қорғау керек.
//Қазақ әдебиеті.-2013.-19 сәуір.-1,6б.

71



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет