Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты



бет9/18
Дата09.06.2016
өлшемі5.86 Mb.
#124120
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

2.1.4.2. Құрылыс


2012 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде құрылыс нарығының көлемі ақшаға қатысты бір жылдың ішінде орташа есеппен 5%-ға өсіп, 2014 жылы 268 186 млн. теңгені құрады. Осылайша, құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің орташа индексі 104% құрады.

Құрылыс жұмыстарына 2014 жылғы жағдай бойынша жалпы келесі бағыттар енді: құрылыс ғимараттары - 48%, жол және автомагистраль құрылысы - 16%, метро және теміржолдар құрылысы – 8,5%.



2.1.4.2.1 кесте. Құрылыс жұмыстары нарығының дамуы

Атауы

Өлшем бірлігі

2012

2013

2014

Құрылыс жұмыстарының көлемі

млн. теңге

232 415

219 408

268 186

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің индексі

%

107,3

91,9

111,7

олардың ішінде:













Құрылыс-монтаждау жұмыстары (ҚМЖ)

млн. теңге

192 848

187 685

250 525

Күрделі жөндеу жұмыстары

млн. теңге

22 582

16 835

10 255

Ағымдағы жөндеу жұмыстары

млн. теңге

16 985

14 888

7 406

Дерек көзі: «Алматы қаласы бойынша 2014 жылғы алдын ала деректер» статистикалық жинағы, Алматы қаласы Статистика департементі, 2015 жыл; Алматы қаласы Құрылыс басқармасының деректері

2.1.4.2.2 кесте. Құрылыс жұмыстарының басты категориялары

Құрылыс жұмыстарының аттары

Сомма
(млн. теңге)


% үлеспен

Ғимараттар құрылысы

128 727

48,0

Жол және автомагистральдар құрылысы

42 987

16,0

Метро және теміржолдар құрылысы

22 701

8,5

Электрмонтаждау жұмыстары

18 631

6,9

Су жинау, жылыту және ауаны салқындату қондығыларын орнату

18 134

6,8

Байланыспен және электр энергиясымен қамтамасыз ету

8 021

3,0

Басқалары

28 982

10,8

Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті

Тұрғын үй құрылысы

Тұрғын үй құрылысының сегменті ғимараттар құрылысының барынша ірі құрамдас бөлігі болып табылады.

Қолда бар деректер тұрғын үй қорының 2012 жылдан 2014 жылға дейін 42%-ға дейін өскендігін көрсетеді. Бұл 2012-2013 жылдары тұрғын үй қоры бойынша деректер базасын қалыптастыру үдерісін ішінара автоматтандыру арқылы деректердің өзектендірілуімен түсіндіріледі.
2.1.4.2.3 кесте. Тұрғын үй қорының даму қарқыны

 

Өлшем бірлік

2012

2013

2014

Тұрғын үй қоры

мың. ш. м

28 354

36 907

40 268

олардың ішінде пайдалануға берілгендері

мың. ш. м

786

832

1 330

соның ішінде:













Мемлекеттік кәсіпорындар

мың. ш. м

110

198

224

Мемлекеттік емес кәсіпорындар

мың. ш. м

676

634

1 106

Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті

Қолдануға берілген тұрғын үй көлемі 2014 жылы үлкен өсіммен бір жылда орташа есеппен 19%-ға өсті. Тұрғын үй құрылысының негізгі үлесі мемлекеттік емес кәсіпорындарға тиді. Аталған факт жеке бизнестің тұрғын үй құрылысына деген айтарлықтай қызығушылық танытуын дәлелдейді.

Салушылардың тұрғын үй құрылысына үлкен қызығушылық танытуы осы кезеңде тұрғын үй құнының өсу қарқынын (2%) жалақының орташа жылдық өсу қарқынынан (5%) жоғары болуына байланысты, тұрғын үй сатып алу мүмкіндігінің жоғарылауымен түсіндіріледі.
2.1.4.2.4 кесте. Орташа жалақы және тұрғын үй құны

 

Өлшем бірлік

2012

2013

2014

Тұрғын үй құны

мың. теңге/ш. м

239,1

244,4

256,4

Орташа жалақы

мың. теңге/ай.

134,4

142,3

155,2

Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті

Мемлекеттік құрылыс әлеуметтік баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жергілікті және республикалық бағдарламаларға сәйкес жүргізіледі. Осындай бағдарламалардың нәтижелері бойынша 2014 жылы келесі нысандар қабылданды:



  • «Құрылыс жинақ банкінің жүйесі арқылы барлық санаттағы азаматтарға арналған баспана» - пәтерлердің жалпы ауданы 95,5 мың ш. метр құрайтын 1 512 пәтерге есептелген 22 тұрғын үй;

  • «Кезекте тұрғандарға арналған жалдамалы баспана» - пәтерлердің жалпы ауданы 28,6 мың ш. метр құрайтын 500 пәтерге арналған 12 тұрғын үй;

  • «Облигациялық қарыз қаражаты есебінен баспана алу» - пәтерлердің жалпы ауданы 24,3 мың ш. метр құрайтын 390 пәтерге арналған 14 тұрғын үй;

  • «Жас отбасыларға арналған жалдамалы баспана» - пәтерлердің жалпы ауданы 16,9 мың ш. метр құрайтын 288 пәтерге арналған 6 тұрғын үй;

  • «Метрополитенде жұмыс істейтіндерге арналған баспана» - пәтерлердің жалпы ауданы 2 мың ш. метр құрайтын 40 пәтерге арналған 1 тұрғын үй.

Тұрғын үй қорының өсуі нәтижесінде халықты баспанамен қамтамасыз ету деңгейі ұлғайды. Халықты баспанамен қамтамасыз ету деңгейі 2012 жылдан 2014 жылға дейін бір адамға 19-дан 25 ш. метрге ұлғайып, орташа жылдық өсімнің 6% құрады.

Соған қарамастан, Алматы баспанамен қамтамасыз ету деңгейі бойынша салыстырылып отырған қалалардан артта қалып отыр (бір адамға ш. метрден): Варшава – 30; Будапешт – 41; Берлин – 43.

Баспана қоры құрылысының қарқынды өсуіне қарамастан қалада баспана алу үшін есепте тұрған 27 мың адамды баспанамен қамтамасыз етуге қосымша баспана құрылысының қажеттілігі сақталып тұр.

2.1.4.2.5 кесте. – Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі

 

Өлшем бірлік

2012

2013

2014

Тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі

ш. м/адам

19,2

24,5

25,0

Дерек көзі: жұмыс тобының талдауы.

Күрделі жөндеу жұмысы

2011 жылдан бастап қалада тұрғын үй құрылысының жалпы санының 20% құрайтын көппәтерлі үйлерді жаңғырту бойынша «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасы іске асырылуда. Жаңғырту бойынша аталған жобалар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады.

2013 жылдан бастап пәтер иелері кооперативінің тексерісі бойынша Баспана қорын ұстаудың ережесін қадағалауға байланысты 90-нан астам іс-шара өткізілді. Нәтижесінде кемшіліктерді жою бойынша 48 ескертпе анықталды.

Атқарылған жұмыстың нәтижесінде күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум нысандарының үлесі 2010 жылдан 2012 жылға дейін 7 пайыздық тармаққа төмендеді. Соның нәтижесінде 2013 жылы баспана қоры көлемі бойынша деректердің өзектілігі артты.


2.1.4.2.6 кесте. Қала аумағындағы үйлердің саны




Өлшем бірлік

2012

2013

2014

Барлық үй саны, оның ішінде:

бірлік

82 784

127 185

136 053

Жеке үйлер

бірлік

59 241

101 168

108 742

Көп пәтерлі үйлер

бірлік

23 543

26 017

27 311

Дереккөз: «Алматы қаласы бойынша 2014 жылғы алдын ала деректер» статистикалық жинағы, Алматы қаласы Статистика департементі, 2015 жыл; Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің статистика жөніндегі комитеттінің деректері, 2015 жыл.

2.1.4.2.7 кесте. Күрделі жөндеу жұмысын талап ететін кондоминиум нысандары




Өлшем бірлік

2012

2013

2014

Күрделі жөндеу жұмысын талап ететін кондоминиум нысандары

%

25

61

60

Нормативті пайдаланумен қамтамасыз етілген кондоминиум нысандарының үлесі

%

-

-

45,6

Дереккөз: Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының деректері бойынша

Мамандардың алдын ала шешімі бойынша жер сілікінісіне төтеп беру жағынан кейін тұрғызылған ірі панельді үйлер қанағаттандыралық немесе жақсы жағдайда тұр деп есептеледі.

Алдағы жылдары жағдайы нашар баспаналарды бұзу мен орнына жаңа баспана тұрғызу бойынша бағдарламаны іске асыру қажет. Жалпы ауданы 1,1 млн. ш. метрде 130 мыңнан астам адам тұратын 1400-ден астам тұрғын үйді құрайтын апат жағдайындағы және нашар қалыптағы баспаналар күрделі әлеуметтік мәселе болып табылады. Бұл санаттағы үйлердің қатарына қызмет ету мерзімі нормативі төмен болып келетін тұрғын үйлер жатады (жеке, қаңқа-қамысты, қаңқа-панельді, ағаш).

Студенттік жатақханалар

2014 жылғы жағдай бойынша Алматы аумағында 150-180 мыңға жуық студент білім алған 50-ден астам жоғары оқу орны жұмыс істеді. Студенттердің жартысынан көбі басқа өңірлерден келгендіктен баспанаға мұқтаж келеді.

Сондай-ақ, қалада басқа қалалардан келген студенттердің 35-40% құрайтын 31 мыңға жуық студентті орналастыруға мүмкіндігі бар 92 жатақхана жұмыс істейді. Осылайша, жоғары оқу орындары мен әкімдіктердің алдында баспанаға мұқтаж студенттерді орналастыру мәселесін шешу қажеттігі тұр.

Кедергісіз орта

Аталған бағыт бойынша 2015 жылы кейін мүгедектерге қолжетімді жабдықтармен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік нысандардың төлқұжатын жасауға байланысты белсенді жұмыс жүргізіле басталды. Мүгедектерге қолжетімді болу үшін жасалған әлеуметтік инфрақұрылымдар нысанының үлесі бүгінгі таңда 5,7% құрайды.



Әлсіз жақтары:

- құрылыс астындағы бос алаңдардың жетіспеушілігі;

- күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін баспаналардың жоғары үлесі.

Мүмкіндіктер:

- құрылыс саласындағы жұмысшылардың біліктілігін көтеру, құрылыс өндірісі сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу, құрылыс индустриясы саласындағы отандық тауар өндірушілерді қолдау.


Қауіп-қатерлер:

- сейсмикалық сенімділіктің талап етілетін деңгейінің сақталмауы.


Түйткілді мәселелер:

- баспана қорын күрделі жөндеу міндеттерін шешуге бөлінетін қаражаттардың жеткіліксіздігі;

- баспанамен қамтамасыз ету деңгейінің төмен болуы;

- баспана құрылысына арналған бос жер телімдерінің санын шектеу;

- пәтер иелерінің қаражаттарын пайдалану бойынша Пәтер иеленушілері кооперативтерінің қызметіндегі айқындылықты арттыруды талап ететін заңнамалық нормалардың жоқ болуы;

- студенттік жатақханалар санының жеткіліксіздігі;

- баспана қорының нысандары бойынша техникалық төлқұжаттардың болу деңгейінің төмен болуы;

- мүгедектерге қолжетімді етумен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылымдар нысандары үлесінің төмен болуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет