Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау



бет6/18
Дата09.06.2016
өлшемі5.86 Mb.
#124120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

2.1.2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау



Демография және көші-қон

Алматы халқының саны 1,6 млн. адамнан асатын Қазақстанның ірі қаласы болып табылады, бұл ел халқының 9,4 %-ына жуығын құрайды.

Соңғы 3 жылды қоса алғанда көптеген жылдар бойы барлық негізгі демографиялық көрсеткіштердің оң серпіні байқалады.

Алматы қаласы халқының саны тұрақты түрде өсіп келеді. Соңғы бес жыл ішінде қала халқының саны 18%-ға артқан. Халықтық санының едәуір көбеюіне негізінен үш негізгі фактор ықпалын тигізген: қалаға жаңа аумақтардың қосылуы, халықтың табиғи өсімі және оң көші-қон ағындары.

2014 жылы Алматы қаласына халық саны 92 мың адам шамасында болатын қала маңындағы біраз аудандар қосылған.

Қала халқы табиғи өсімнің оң көрсеткіштерін көрсетіп отыр. Бұл өлім деңгейінің төмендеуінің салдары. Қарастырылып отырған кезеңде өлім коэффициенті 16%-ға төмендеген. Халықтың табиғи өсімінің артуына алматылықтардың өмір сүру ұзақтығының артуы ықпал етті. Соңғы бес жыл ішінде аталған көрсеткіш 4,4%-ға жоғарылап, 74,7 жасқа жетті.


2.1.2.3.1 сурет. Алматының демографиялық пирамидасы

Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті
Алматы қаласы халқының жас құрылымы студенттік жастағы адамдардың үлесі өте жоғары болуымен сипатталады. Бұл экономика құрылымының және қаланың білім беру жүйесінің дамуының салдары болып табылады. Қала халқының жас құрылымы қаланың демографиялық дамуының өнімділігінің жоғары фазасын білдіреді және болашақта Алматы қаласының демографиялық ахуалы қолайлы болатынын білдіреді. Бұл Алматы қаласын 2016-2020 жылдары және одан кейінгі уақытта дамытудың іргелі базасын қалыптастырады.

Қаланың халық санының өсуінің үшінші факторы иммиграциялық өсім болып табылады. Соңғы жылдары ол қаланың бүгінгі өмірі мен болашақ дамуына біршама әсер ететін факторлардың біріне айналған.


2.1.2.3.2 сурет. Алматы қаласының көші-қон сальдосы

Дерек көзі: «Алматы қаласы 2013 жылы» Алматы қаласы Статистика департаментінің жыл сайынғы санақ жинағы, 2014 жыл; «Алматы қаласы 2014 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы халықтың көшіп-қонуы» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ бюллетені, 2015 жыл.


2012-2014 жылдар аралығында оң көші-қон сальдосы 48 мыңға жуық адамды құраған, бұл қала халқының 3%-ын құрайды. Бұл жағдайда осы кезеңдегі жылдық көші-қон сальдосы шамамен 50%-ға артқан және алдағы жылдары ол күрт төмендейді деп болжауға ешбір негіз жоқ. Осы қарқынды көші-қон ағыны қалада белгілі әлеуметтік қысым тудырады, себебі тұрғын үй мен еңбекке орналасуға мұқтаж жандар қаладағы еңбек нарығындағы бәсекелестік пен қылмыстық ахуалды шиеленістіреді.

Бұл жағдайда сырттан көшіп келгендерді ресми есепке алу саны көші-қон қызметтері мәліметтерінен кем дегенде 20 – 25% жоғары болатын барлық көшіп келушілерді қамти алмайды. Алматы қаласының әрі қарай даму барысында қаланың даму кезеңіндегі иммиграцияны ескеріп, аталған жағдайдың артықшылықтарын пайдаланып, зиянды жақтарын қадағалау керек.

Халықтың гендерлік құрылымы ұзақ жылдар бойы тұрақты болып келеді. Әйел адамдар халықтың 54,4%-ын, ер адамдар – 45,6%-ын құрайды.

Дәстүрлі түрде әйелдер денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер (82%), білім беру (73%) және тұру мен тамақтандыру қызметтері (62%) салаларында жұмыс істейтіндердің басым бөлігін құрайды.



2.1.2.3.1 кесте. Алматы қаласы бойынша негізгі демографиялық көрсеткіштер

Көрсеткіштер

2012 жылғы

2013 жылғы

2014 жылғы

Жыл соңындағы халықтың жалпы саны, мың адам

1475,4

1507,5

1642,3*

Халық санының өсу ырғағы, %

1,77

2,17

8,94*

Халық санының табиғи өсімі, мың адам

15,8

16,5

18,9

Туу коэффициенті, 1000 адамға

18,4

18,3

18,3

Жалпы өлім коэффициенті, 1000 адамға

7,6

7,2

6,7

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жыл

72,8

73,7

74,7*

Ерлер

67,9

69,0

70,3*

Әйелдер

76,9

77,7

78,3*

*) 2014 жылы қосылған аумақтарды қоса есептегенде

Дерек көзі: «2014 жылғы алдын ала мәліметтер» санақ жинағы, Алматы қаласы Статистика департаменті, 2015 жыл


2.1.2.3.2 кесте. Көші-қон ағындары


Жыл

дар

Жаңа тұрғылықты жерге қоныс аударғандар саны, мың адам:

Жаңа тұрғылықты жерге көшіп келгендер саны, мың адам:




Көші-қон сальдо

сы

Сыртқы көші-қон

Облыс-

аралық ші- көші-қон

барлығы

Сыртқы көші-қон

Облыс

аралық көші-қон

барлығы

Қала ішінде




2012

2935

21018

23953

2789

31039

33828

17721

10021

2013

2039

18451

20490

1848

34200

36048

16674

15749

2014

2413

19463

21876

1816

42052

43868

23669

21992

Дерек көзі: «Алматы қаласы 2013 жыл» Алматы қаласы Статистика департаментінің жыл сайынғы санақ жинағы, 2014 жыл; «2014 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы Алматы қаласы халқының көшіп-қонуы» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ бюллетені, 2015 жыл

Еңбек нарығы
Жұмыспен қамтылған халық сипаттамалары

Алматы қаласының экономикалық белсенді халқы 809,2 мың адамды құраған. Соңғы 3 жыл ішінде (2012-2014 жылдар) экономикалық белсенді халық саны 4,5% артқан, бұл қала халқы санының артуымен деңгейлес болып отыр (экономикалық белсенділік деңгейі 1% артқан). Жалпы бұл экономикалық белсенді халыққа әлеуметтік жүктеме тұрғысынан ешбір кедергісіз қалыпты өсімді білдіреді.

Экономикалық белсенді қала халқының басым бөлігін жоғары білімі бар қалалықтар құрайды, олар Алматы қаласының еңбек ресурстары құрылымын жалпы республикалық көрсеткіштерден ерекшелейді. Қалада жоғары білімі бар, еңбекке жарамды жастағы адамдардың осындай мөлшерінің болуы оңтайлы дерек болып табылады және адам капиталының даму деңгейін көрсетеді.

Сонымен қатар, оңтайлы фактор орта кәсіби білімі бар тұлғалардың жоғары үлесі мен бастапқы кәсіби білімі бар адамдар үлесінің азаюы болып отыр, бұл да қалада адам капиталы сапасының өсуін білдіреді.

Осының барлығы Алматы қаласының экономикалық белсенді халқының білім беру құрылымындағы өрлей түскен үрдісті көрсетіп отыр.

2014 жылы жұмыспен қамтылған халықты экономикалық қызмет түрлері бойынша жіктеу жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлес салмағы негізгі 4 салаға тиесілі екенін көрсетіп отыр: көтерме және бөлшек сауда (21,9%), білім беру (9,8%), құрылыс (9%), өнеркәсіп (8,8%). Жиынтық түрде осы 4 сала жұмыспен қамтылған халықтың 50% жуығын құрайды. Салалар бойынша мұндай жіктеу 2012-2014 жылдар аралығындағы кезеңге тән болған.



Жұмыссыздықтың сипаттамалары

Зерттеліп отырған үй шаруашылықтары мәліметтері бойынша жұмыссыздар саны 2014 жылы 44,3 мың адамды құраған. Жұмыссыздық деңгейі 5,5% құрайды және соңғы үш жыл ішінде шамамен бір деңгейде тұр.



2.1.2.3.3 сурет. Алматы қаласының жұмыссыздық деңгейін басқа қалалармен салыстыру

Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті, Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі.

Алматы қаласындағы жұмыссыздық елдегі орташа деңгейден және салыстырылып отырған әлемдегі қалалардың кейбіріндегіден жоғары екенін айта кету керек. Көшіп келушілердің бір бөлігі еңбек нарығындағы күшейіп отырған бәсекелестік жағдайында жылдам еңбекке орналаса алмайды және жасырын жұмыссыздар қатарын толықтырады.
2.1.2.3.4 сурет. Алматы қаласындағы және Қазақстандағы жастар арасындағы жұмыссыздық серпіні

Дерек көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті, Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі

Жастар арасындағы (15-28 жас) жұмыссыздық деңгейі 2014 жылы 8,2%-ға дейін аздап төмендеген, дегенмен елдің басқа аймақтарымен салыстырғанда біршама жоғары деңгейде қалып отыр. Бұл еңбек нарығындағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Жастар арасындағы жұмыссыздық жоғары болуының негізгі себептері республиканың басқа аймақтарынан көшіп келушілер ағыны, сонымен қатар, жыл сайын Алматы қаласының еңбекке жарамды халқының қатарын толықтыратын оқу орындары түлектерінің санының көптігі болып табылады. Түлектердің адами капиталды дамытуда маңызы зор және олар тұрақты жаңаруға көмектеседі, сонымен қатар, олардың жұмысқа орналаса алмаған бөлігі қаладағы қылмыстық ахуалды қиындатады. Алдағы жылдары қала жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруы керек.

2014 жылы еңбекке орналасу мәселелері бойынша өтініш жасаған тұлғалар санатындағы жұмысқа орналастырылғандар саны 3 пайызға артқан және 70% шамасындағы деңгейде болған, бұл қаланың жұмыспен қамту органдары жұмысының жоғары белсенділігін білдіреді.

Қалада 4000 адам деңгейінде шетелдік жұмыс күшін тартуға жеңілдік белгіленген. Шетелдік мамандарды тартуға барлығы 3300 рұқсат берілген (96% шамасында) және олардың барлығы дерлік біліктілігі жоғары мамандар болып табылады. Сонымен қатар, жұмыскерлердің жалпы тізімдік құрамындағы шетелдік жұмыс күшінің үлесі 2012 жылғы 3,6%-дан 2014 жылы 5,3% дейін жоғарылаған, бұл қаланы дамытуға шетелдік адам капиталын тарту бойынша жұмыстың белсенділігін арттыру мүмкіндіктерін көрсетіп отыр. Бұл қалада жеткіліксіз дамыған экономика секторларын дамыту үшін маңызды.

2014 жылы экономиканың барлық салаларында 23 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылған, бұл 2013 жылғымен салыстырғанда 2,7% артық және 2012 жылғымен салыстырғанда біршама (26,2%) жоғары. Осындай оң үрдіс қаланың дамуы үшін өте маңызды.



Айтарлықтай оң үрдіс мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекке орналастыру саласында байқалып отыр. 2014 жылы еңбекке жарамды жастағы тіркелген және көмек көрсетуге өтініш жасаған жұмысқа орналастырылған мүгедектер саны 467 адамды құраған, бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 65%, 2012 жылғы көрсеткіштен 52,7% жоғары.
2.1.2.3.3 кесте. Еңбек нарығы жағдайының негізгі көрсеткіштері


Атауы

2012 жылғы

2013 жылғы

2014 жылғы

Экономикалық белсенді халық

774,7

787,5

809,2

Экономикалық белсенділік деңгейі, %

66,0

66,4

67,1

Жұмыспен қамтылған халық, мың адам

731,0

743,1

764,5

Жұмыспен қамтылу деңгейі, %

94,4

94,4

95,5

Жалдамалы жұмыскерлер, мың адам

671,5

683,5

704,3

Жұмыспен қамтылған халық санындағы үлесі, %

91,9

92,0

92,1

Өз бетімен жұмыс жасайтындар, мың адам

59,5

59,6

60,2

Жұмыспен қамтылған халық санындағы үлесі, %

8,1

8,0

7,9

Жұмыссыз халық, мың адам

43,6

44,4

44,8

Жұмыссыздық деңгейі, %

5,6

5,6

5,5

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі

(15-28 жас аралығында), %

5,4

8,5

8,2

Еңбекке орналастыру мәселесі бойынша жүгінгендер ішінде жұмыспен қамтылғандар үлесі, %

66,7

66,8

69,6

Ашылған жұмыс орындары саны

17038

22700

23317

Экономикалық белсенді емес халық, мың адам

399,7

399,2

396,0

Экономикалық белсенді емес деңгейі, %

34,0

33,6

32,9

Жұмыскерлердің тізімдік санының жалпы құрамындағы тартылған шетелдік жұмыскерлердің үлесі, %

3,6

4,1

5,3

Тартылған шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандар үлесі,%

99,3

88,2

96,5

Ұжымдық-келісімдік қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың меншікті үлесі (ірі және орта кәсіпорындар ішінде)

60,5

60,5

60,0

Дерек көзі: «2014 жылғы алдын ала мәліметтер» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2015 жыл. Алматы қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

2.1.2.3.4 кесте. Білім деңгейі бойынша жұмыспен қамтылған халық, мың адам

Атауы

2012 жылғы

2013 жылғы

2014 жылғы

Жұмыспен қамтылған халық

731

743,1

764,5

Жоғары

474,4

479,1

526,8

Аяқталмаған жоғары

36,3

48,7

66,5

Орта кәсіби

183

180

153,4

Бастапқы кәсіби

10,6

6,9

7,5

Орта жалпы

25,3

26,3

10,1

Негізгі жалпы

1,3

1,6

0,1

Бастауыш жалпы

0,1

0,5

-

Дерек көзі: «Алматы қаласы халқының 2009-2013 жылдардағы экономикалық белсенділігі», Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2014 жыл, «Алматы қаласындағы еңбек нарығының негізгі индикаторлары, 2014 жыл» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ бюллетені, 2015 жыл
2.1.2.3.5 кесте. Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылған халық, мың адам


Атауы

2012 жылғы

2013 жылғы

2014 жылғы

Барлығы жұмыспен қамтылған халық

731,0

743,1

764,5

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

3,2

3,5

1,4

Өнеркәсіп

69,6

77,6

66,9

Құрылыс

61,2

66,8

69,1

Көтерме және бөлшек сауда, автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу

133,4

158,1

167,3

Көлік және қоймалау

43,0

41,9

37,0

Ақпарат және байланыс

36,8

31,6

41,0

Тұру және тамақтану қызметтері

13,3

17,9

28,0

Қаржы және сақтандыру қызметі

47,1

43,3

47,0

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

21,1

20,0

10,7

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

61,9

53,5

37,7

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

37,3

33,5

35,8

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру

21,8

27,4

33,9

Білім беру

78,6

77,3

75,6

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

46,3

43,7

48,7

Өнер, ойын-сауық және демалыс

18,6

16,3

25,4

Басқа да қызмет түрлерін ұсыну

27,8

23,4

37,3

Дерек көзі: «2014 жылғы алдын ала мәліметтер» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2015 жыл

2.1.2.3.6 кесте. Халықты еңбекке орналастырудың негізгі көрсеткіштері

Нысаналы индикаторлар/Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Өлшем

бірлігі

2012

жыл

2013

жыл

2014 жыл

Еңбекке орналастыру мәселесі бойынша жүгінген тұлғалар ішіндегі жұмысқа орналастырылғандар үлесі

%

66,7

66,8

69,6

Тартылған шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандар үлесі

%

99,3

88,2

96,5

Жұмыскерлердің жалпы тізімдік құрамындағы тартылған шетелдік жұмыскерлер үлесі

%

3,6

4,1

5,3

Ашылған жұмыс орындары саны

%

17038

22700

23317

Жалпы жұмыспен қамтылған халық ішіндегі өздігінен жұмыс жасайтындар үлесі

%

8,1

8,0

7,9

Өздігінен жұмыс жасайтын халық ішіндегі өнімсіз жұмыспен қамтылған халық үлесі (2013 жылға дейінгі көрсеткіш есептелмеген)

%

-

14,6

15,9

Тіркелген және еңбекке орналасуға көмек көрсетуге жүгінген жұмысқа орналастырылған мүгедектер саны

адам

294

272

467

1000 жұмыскерге шаққандағы еңбек қызметімен байланысты жазатайым жағдайларда зардап шеккендер саны, %

%

18,3

18,6


17,9

Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2015 жыл
Әлеуметтік қорғау
Зейнеткерлік қамсыздандыру және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу оң серпін көрсетіп отыр.

2014 жылы тағайындалған зейнетақының орташа мөлшері 2012 жылғымен салыстырғанда нақты түрде 14% артқан, ал осы кезеңдегі зейнетақының ең аз мөлшері 24%-ға жоғарылаған. Айлық жәрдемақының орташа мөлшері осы кезеңде 37% көтерілген.

2012 - 2014 жылдардағы кезеңде жыл сайын шамамен 10 мың мүгедек орта есеппен сомасы 900 млн. теңге материалдық жәрдемақы алған.

Сондай-ақ табиғи апаттар салдарынан зардап шеккен отбасыларға әлеуметтік көмек қарастырылған.

Кірістері күн көрістің ең аз мөлшерінен халық үлесі 2012-2014 жылдар аралығында аздап ауытқиды және халықтың 0,6% мөлшерінде қалады, бұл жағдайда 2014 жылғы өмір сүру минимумының мөлшері 2013 жылғымен салыстырғанда 10,4% артқан.
Қалада мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған кедергісіз орта құрудың алғашқы қадамдары жасалуда. Қажетті талаптарға сәйкес жүргізу үшін, олар мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау нысандарын төлқұжаттандыруды жүзеге асырып, қаланың барлық аудандарында жұмыс комиссиялары құрылған. 2014 жылы 551 нысанды төлқұжаттандыруды жүзеге асыру жоспарланған. Жыл ішінде 434 нысан төлқұжаттандырылған. Алайда, бұл белсенді түрде жалғасын табуы тиісті алғашқы қадамдар ғана. Төлқұжаттандыру нәтижелері бойынша нысандарды мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жабдықтау жұмыстарын белсенді жүргізетін болады.

2.1.2.3.7 кесте. Зейнеткерлік қамтамасыз ету көрсеткіштері

Көрсеткіш атауы


2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Тағайындалған зейнетақының орташа мөлшері

36196

36458

41188

Өткен жылға %

102,8

96,5

113

МЗТО зейнетақы алушылар – барлығы, мың адам

178,4

187,1

198,7

МЗТО тағайындаған айлық зейнетақының орташа мөлшері (күш құрылымдарын ескергенде), теңге

36196


38976


43679


Зейнетақының минималды мөлшері, теңге

17491

19066

21736

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының негізгі көрсеткіштері










Алушылар саны, мың адам

39,5

38,4

39

Айлық жәрдемақының орташа мөлшері, теңге

15591

17973

21403


Дерек көзі: «2014 жылғы алдын ала мәліметтер» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2015 жыл, ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтері 2015 жыл
2.1.2.3.8 кесте. Халықтың өмір сүру деңгейінің негізгі индикаторлары




2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Нақты ақшалай кіріс индексі, %

111,9

103,7

108,2

Халықтың өмір сүру минимумының орташа айлық мөлшері, теңге

19283

19969

22043

Кірісі өмір сүру минимумынан төмен халық үлесі,%

0,4

0,6

0,6

Атаулы әлеуметтік көмек алатындар ішінде еңбекке қабілеттілердің үлесі, %

43,2

36,6

32,9

Жеке сектор субъектілеріне ұсынылатын атаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар үлесі (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар),%

3,2

3,3

3,5

Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетумен қамтылған тұлғалардың меншікті салмағы (алуға мұқтаж адамдардың жалпы үлесінде) (индикатор 2012 жылдан бастап енгізілген), %

97,2

97

96,1

Дерек көзі: «2014 жылғы алдын ала мәліметтер» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2015 жыл.
Күшті жақтары:

- шағын және орта бизнесті дамыту есебінен еңбекке орналастырудың кең саласы;

- еңбек нарығында қажет ететін мамандықтар бойынша оқыту үшін білім беретін мекемелер мен орталықтар санының жеткілікті болуы.


Әлсіз жақтары:

- республиканың өзге өңірлерінен халықтың көшіп-қонуының артуы;

- көші –қонның өсуіне байланысты жастар жұмыссыздығының жоғары үлесі, сондай-ақ еңбек нарығына алғаш рет келген жас мамандардың жұмысқа қабылдануына байланысты мәселелер.

- орта кәсіптік білім мекемелері түлектері қажеттілігінің жеткіліксіздігі;

- еңбекке жарамды мүгедектерді жұмыс орындарымен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі.
Қауіп -Қатерлер:

- экономиканың дамуына жаһандық дағдарыс жағдайларының теріс ықпалы, ол жұмыссыздықтың тез өсуіне әкелуі мүмкін

2.1.2.4. Мәдениет

Қала республиканың мәдени орталығы болып табылады. Мұнда 200-ден астам демалыс және мәдениет ұйымдары орналасқан, оның ішінде 16 мұражай, 30 кітапхана, 13 театр, 100-ден астам концерттік-ойын-сауық ұйымдары, клубтар мен мәдениет орталықтары, 17 кинотеатр, 8 демалыс паркі, цирк және зообақ бар.

Соңғы 3 жылда ұйымдар саны және оларға келушілер саны орта есеппен көптеген параметрлер бойынша бір деңгейде қалады. Неғұрлым тұрақсыз серпінді театрға келушілер көрсеткіші көрсетіп отыр, бұл театрлардың нақты репертуарларының біршама әсеріне байланысты қалыпты жағдай болып табылады.

2014 жылы тіркелген мәдени-бұқаралық іс-шаралар саны бірнеше есе артты.

Қалада тұрақты түрде тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша, оның ішінде, мәдениет мекемелері тарапынан ескерткіштерді орнату, қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша жұмыс жүргізіледі. Осылайша, 2012 жылы күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілген болатын:


  • «Ықылас атындағы Халықтық музыка аспаптары мұражайы» МКҚК;

  • «С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы» ММ;

  • Қазмемцирк жатақханасы.

2014 жылы 5 тарих және мәдениет ескерткіштеріне ағымдағы жөндеу жүргізілген:

  • Абай (Ибраһим) Құнанбаев ескерткіші;

  • Қазақстан Жазушылар одағының ғимараты;

  • Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ғимараты;

  • «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші

  • Шоқан Уәлиханов ескерткіші

Сонымен қатар, «Даңқ» мемориалдық кешеніне күрделі жөндеу жүргізілген.

Жөндеу жұмыстарын жүргізуден басқа, соңғы 3 жылда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларына сәйкес жаңа ескерткіштер жасалған болатын, орнатылған (2012 жылы – Райымбек батырға, 2013 жылы – халық ақыны Кенен Әзірбаевқа).

Қаланың 16 мұражайы ішінде жекелеген мұражайларда заманауи техникалық жабдықпен экспозициялар бар, мысалы, 2012 жылы Қазақ халық музыка аспаптары мұражайы қайта жаңартылған.

Сонымен қатар, қаланың мұражай кешенінде бірқатар мәселелер бар. Бірқатар мұражайлардың материалдық-техникалық жабдықталуы заманауи талаптарға сәйкес келмейді. Алматыда шетелдің мәдени орталықтарында кеңінен ұсынылған заманауи өнер мұражайы, интерактивті ғылым және техника мұражайы жоқ. Осы жағдайлардың барлығы Алматының алдына қаланың мұражай кешенін дамыту бойынша үлкен міндеттер қояды.


2.1.2.4.1 кесте. Мәдениет ұйымдарының негізгі көрсеткіштері

 

2012

2013

2014

Театрлар саны, бірлік

13

13

13

Көрермендер саны, мың адам

450,8

451,9

462,5

Мұражайлар саны, бірлік

15

15

16

Келушілер саны, мың адам

274,8

314,9

308,3

Кинотеатрлар саны, бірлік

25

26

17

Келушілер саны, мың адам

5441,9

5326,4

4712,9

Кітапханалар саны, бірлік

31

31

30

Кітап қоры, мың бірлік

37245,7

37359,1

37545

Оқырмандар саны, мың адам

335,5

339,2

374,2

Парктер саны

11

6

8

Мәдени-бұқаралық іс-шаралар саны

315

133

452

Келушілер саны, мың адам

4045,1

3676,6

4432,6

Халықтың орташа жылдық саны, адам

1462615

1491469

1574922

Дерек көзі: «2014 жылғы алдын ала мәліметтер» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2015 жыл
2.1.2.4.2 кесте. Мәдени іс-шаралар өткізу және мәдениет ұйымдарына бару бойынша көрсеткіштер




2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Мәдениет саласында өткізілген әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар саны, бірлік

315

133

452

1000 адамға есептегенде мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны










- кітапханалар

608,5

600,1

578,5

- театрлар

21,3

10,5

16,1

- концерттік ұйымдар

211,0

225,0

215,0

- мұражайлар

21,1

25,0

22,8

Мәдениет ұйымдарының қызметтерін өткізу кезінде тапқан қаражаттардың қатынасы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, %

-

0,7

11,2

Дерек көзі: Алматы қаласы Мәдениет басқармасының ведомстволық мәліметтері

Күшті жақтары:
- Алматы қаласы республиканың интеллектуалды, рухани және мәдени орталығы болып табылады.

- барынша дамыған мәдени инфрақұрылым.


Әлсіз жақтары:

- қаланың бірқатар мұражайлары мен кітапханаларын материалдық-техникалық жарақтандырудың жеткіліксіздігі;

- мамандандырылған мәдени қызметкерлер кадрлар ағысының жоғарылығы.


2.1.2.5. Дене шынықтыру және спорт

2014 жылы Алматы қаласының спорттық құрылымдарының желісі 1102 нысанды қамтыған, ол 2012 жылғымен салыстырғанда 4% артық. Қалада 12 стадион, 12 спорт кешені, 26 жүзу бассейні, 5 оқу-жаттығу орталығы, 282 ЖОО және мектептер жанындағы спорт нысандары жұмыс жасайды.

Алматы қаласында дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын тұрғындар санының аздап өсу үрдісі байқалады. Соңғы 3 жыл ішінде аталған көрсеткіш 2012 жылғы 24,2%-дан 2014 жылы 26,3 % қала тұрғындарына дейін артқан.

Халықаралық деңгейдегі ең маңызды және ең ірі спорттық оқиға 2011 жылы Астана және Алматы қалаларында өткен VII Қысқы Азия ойындары болып табылады.

Азиада қарсаңында қолданыстағы спорт нысандары халықаралық стандарттарға сәйкес қайта жаңартылған, сонымен қатар, жаңа спорт нысандары салынған: Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, «Медеу» биік таудағы спорт кешені, «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасы, шаңғы-биатлон стадионы, «Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешені.

2014 жылы қалада 2017 жылғы 28 қысқы Универсиадаға арналған үш нысанның құрылысы басталған: Алатау ауданында 12 мың келушіге арналған мұз айдыны аренасы, Медеу ауданында 3 мың келушіге арналған мұз айдыны аренасы және 5000 орынды жатақханадан, қызмет көрсету нысандары, дүкендер, тамақтану орындарынан құралатын атлетикалық ауыл бар.

Алматы спорттық астана ретінде спорттық аренадағы өз орнын нығайтып келеді, мұнда жыл сайын әртүрлі спорттық шаралар өтіп, халықаралық деңгейдегі спорттық табыстарға қол жеткізіледі. 2014 жылы қалада 14 ірі спорттық шара өткізілген, оның ішінле биатлон, мылтық ату, волейбол, гандбол, жеңіл атлетика, су полосы, дзюдо, трамплиннен секіру, ауыр атлетика, конькимен жүгіру, велоспорт, регби бойынша халықаралық чемпионаттар мен әлем кубоктарының кезеңдері өткізілген.

Қалада топтық спорт түрлерімен шұғылдануға арналған жалпы қолжетімді алаңдардың саны өте аз. Қаладағы қолданыстағы алаңдардың көпшілігі мектептер мен ЖОО иелігінде болады немесе жеке тұрғын үй кешендерінің аумағында орналасады. Нәтижесінде ересектердің оқу орнын аяқтағаннан кейін жалпының қолы жететін алаңдарда футбол және баскетбол секілді топтық спорт түрлерімен шұғылдануға мүмкіндіктері өте аз болады. Топтық спорт түрлерімен айналысуға арналған инфрақұрылымдардың жалпы қолжетімділігін дамыту, сондай-ақ қаланың воркаут-алаңдарының жалпы қолжетімділігі жүйесін дамыту алдағы уақытта спорт инфрақұрылымын дамытудың алғашқы кезектегі міндеттердің бірі болып табылады.

Жоғары жетістіктер спорты спорттық құрылымдардың жетіспеушілігін сезінуде, 21 спорт мектебінің тек 4 өз базалары бар. Халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы бұйымдар мен заманауи құрылғылар да жетіспейді.

Мектепке дейінгі мекемелердің және жалпы орта білім беретін мекемелердің материалдық базасы әрі қарай дамытуды, жаңартуды және оқушылардың дене тәрбиесі бағдарламасын толық көлемде орындау үшін қажетті спорттық құрылғылармен жабдықтауды талап етеді. Негізгі қажеттілік - спорттық құралдармен жабдықтау.

Бүгінгі таңда спорт әртүрлі инновацияларға ұшыраған және спортшылармен жұмыстың ғылыми және инженерлік ізденістерге негізделген жаңашыл әдістемелерін меңгерген мамандарды дайындауға баса назар аударуды талап етеді. Қазіргі кезде осы салада, әсіресе жас мамандар арасында білікті мамандардың жетіспеушілігі байқалып отыр. Спортты, әсіресе, жоғары жетістіктер спортын әрі қарай дамыту үшін жаңа мамандарды дайындауға және осы саладағы мамандардың біліктілігін арттыруға бас назар аудару керек.
2.1.2.5.1 кесте. Алматы қаласында спортты дамыту бойынша негізгі көрсеткіштер




Нысаналы индикаторлар/Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Өлш. бір.


2012


2013


2014

1

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамту

%


24,9

25,9

26,5

2

1000 тұрғынға есептегенде дене шынықтыру және бұқаралық спортпен шұғылдану үшін қолжетімді нысандар саны

бірлік


0,7

0,7

0,7

Дерек көзі: Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ведомстволық мәліметтері
Күшті жақтары:

- дамыған спорт инфрақұрылымының болуы




Әлсіз жақтары:

- қалада дене шынықтыру және спорт мекемелерінің әлсіз материалдық-техникалық базасы, халықтың, сондай-ақ біліктілігі жоғары спортшылардың сұранысын қанағаттандырмайды;

- бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортының әлсіз дамуы;

- спорттың ғылыми және медициналық базасының болмауы, білікті мамандардың тапшылығы.


Түйткілді мәселелер:

- спортпен айналысу үшін жалпыға қолжетімді алаңның жетіспеуі;

- жоғары жетістіктер спортының материалдық-техникалық базасының жетіспеушілігі;

- білім ұйымдарының спорт құралдарымен жеткіліксіз жарақтандырылуы.


2.1.2.6. Туризм

Алматы Қазақстанның туристік индустрия орталығы болып табылады, сонымен қатар бұл жағдайда қаланың аталған секторды әрі қарай дамыту әлеуеті бар. Бұл қаланың географиялық, аумақтық және тарихи орналасуымен байланысты.

Жыл сайын туристер ағынының өсуі байқалуда.

Сонымен қатар сыртқы және ішкі туристердің талданып отырған кезеңдегі арақатынасы көп өзгере қойған жоқ (62%/38 %). Сыртқы туристердің көп бөлігі іскерлік туризм желісі бойынша келеді.


2.1.2.6.1 сурет. Алматы қаласындағы туристер саны

Дерек көзі: «Алматы қаласындағы 2009-2013 жылдардағы туризм» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, «Алматы қаласындағы 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы орналастыру орындарының қызметі туралы» Алматы қаласының Статистика департаменті


Орналастыру орындарының қызметтерінің көлемі (мейрамхана қызметтерін қоспағанда) 2014 жылы біршама артқан.


2.1.2.6.2 сурет. Орындарға орналастыру бойынша көрсетілген қызметтер көлемі


Дерек көзі: «Алматы қаласындағы 2009-2013 жылдардағы туризм» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, «Алматы қаласындағы 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы орналастыру орындарының қызметі туралы» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ бюллетені

Соңғы уақытта орналастыру орындары санының артуы байқалады. 2007-2014 жылдар аралығында Алматы қаласында әртүрлі санаттағы 50 мейманхана салынып, пайдалануға берілген.


2.1.2.6.3 сурет. Алматы қаласындағы орналастыру орындары

Дерек көзі: «Алматы қаласындағы 2009-2013 жылдардағы туризм» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы
Егер бөлмелер қорының құрылымын қарастыратын болсақ, оның біраз бөлігі жоғары сегмент қонақүйлерінде орналасқан. Қаланың қонақүй шаруашылығында санатсыз мейманханалар басым -53,3% және 4* және 3* - 32,3%, ал 5* қонақүйлердің үлесі бар болғаны 6%.
2.1.2.6.1 кесте. Туризмді дамытудың негізгі көрсеткіштері

Атауы

2012 жылғы

2013 жылғы

2014 жылғы

Орналастыру нысандарының саны, бірлік

91

90

122

Орналастыру нысандарының орындаған жұмыстары мен қызметтерінің көлемі, млн. теңге

16 565

14 459

20 597

Орналастыру нысандарында қызмет көрсетілген келушілер саны

551 797

583 456

761 243

оның ішінде:










- ішкі туризм бойынша

361 696

360 446

473 027

- көшпелі туризм бойынша

190 101

223 010

288 216

Дерек көзі: «Алматы қаласындағы 2009-2013 жылдардағы туризм» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, «Алматы қаласындағы 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы орналастыру орындарының қызметі туралы» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ бюллетені, 2015 жыл.
Күшті жақтары:

- қолайлы табиғи-климаттық шеңберде орналасқан республиканың және Орталық Азияның қаржылық, мәдени және білім орталығы;

- Қазақстандағы ірі көлік-логистикалық хаб және «Жібек жолы» қалаларының бірі.
Әлсіз жақтары:

- туристік қызметтердің әлемдік нарығындағы туризм орталығы ретіндегі қаланың салыстырмалы түрдегі жеткіліксіз танымалдығы және кеңдігі және әсерлілігінің жеткіліксіз жарнамалануы;

- қалада тікелей орналасқан туризм үшін қызықты, маңызды және танымал экскурсиялық нысандардың жеткіліксіздігі.
Мүмкіндіктер:

- Еуразиялық континенттің орталығында орналасуы, табиғи-климаттық жағдайы және экономикалық дамуы.


Қауіп -қатерлер:

- туристік нысандарды қалпына келтіруді және құруды қаржыландыру бөлігінде туризмді дамыту мүмкіндігіне әлемдік дағдарыстың ықпалы, жеке инвестицияларды тарту, сыртқы туризмді көбейту.


Түйткілді мәселелер:

- туристік инфрақұрылымның баяу дамуы;

-қызмет көрсететін персоналдың жеткіліксіз кәсіби дайындығы және қызмет көрсетудің барлық кезеңінде тілдерді нашар білуі;

-туристік өнімді басқару және жылжыту бойынша кәсіби құрылымның жоқтығы (DMO-CVB);

- қаланы кенттеу және этникалық бірлікті көрсететін нысандардың жоқтығы.

2.1.2.7. Тілдерді дамыту

Соңғы үш жыл ішінде мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындар үлесі жылына 0,5-1% аздаған қарқынмен біртіндеп артып келеді және 2014 жылы халықтың 63%-ын құрады. Сонымен қатар, қазақ тілінде оқытатын мектептер саны көбейіп келеді – 2012-2014 жылдардағы кезеңде бұл көрсеткіш жалпы мектептер санынан 8 пайызға артты және 68%-ды құрады.

Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесін арттыру жұмыстары бағыты бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Алматы қаласының әкімдігі «Тіл» оқу-әдістемелік орталығын құрған, 10 мультимедиялық кабинет жұмыс жасайды, қалалық әкімдіктің және аудандардың әкімдіктерінің мәжіліс залдары ілеспе аударманы жүзеге асыруға арналған құралдармен жабдықталған, оқыту бағдарламалары әзірленген. Іс жүргізу үлгілерінің жинақтары шығарылған. Басылымдардың электронды нұсқалары бар, олар мемлекеттік тілде іс жүргізуді өз бетімен жүзеге асыру дағдыларын меңгеру үшін қосалқы әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.

Дегенмен көрсеткіштер әлі де төмен және бұл бағытта біршама жұмыс жасау қажет.

«Тілдік саясат саласындағы заңнама нормаларын бұзу саны» негізгі көрсеткіштер тізімі бойынша 2015 жылы талдаулар жүргізілген жоқ.

Алматы қаласын әлемдік қауымдастыққа кіріктірілген заманауи қала ретінде дамытудың маңызды элементі халықтың ағылшын тілін меңгеру дәрежесі болып табылады. Қазіргі кезде аталған көрсеткішке жеткілікті назар аударылмайды және ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындар үлесі тұрақты түрде анықталмайды. Қаланы әрі қарай дамыту барысында аталған салаға баса назар аудару керек.


2.1.2.7.1 кесте. Тілдерді дамыту бойынша негізгі көрсеткіштер




2012

2013

2014

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындар үлесі, %

61.5

62.0

63.0

Алматы қаласының ХАА құжат айналымындағы іс жүргізуді қазақ тілінде жүзеге асыру үлесі, %

77

78

78

Қазақ тілінде оқытатын мектептер саны, бірлік және жалпы мектептер санына қатысты үлесі, %

60 (25,5)

65 (27,3)

68 (25,9)

Дерек көзі: Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және Алматы қаласы Білім басқармасы
Күшті жақтары:

- мемлекеттік тілдің тиімді әлеуметтік-коммуникативтік функцияларымен бірге Алматы қаласындағы төзімді тіл орталығы.


Әлсіз жақтары:

- қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тілді жеткіліксіз пайдалану, мемлекеттік тілді игеруге қызығушылықты арттыру бойынша жұмыс жеткілікті деңгейде жүргізіліп отырған жоқ.


Мүмкіндіктер:

- Алматы халықаралық туризм және бизнес үшін барынша ашық және түсінікті қала болуға ұмтылады. Бұл үшін кемінде 3 тілді білу (қазақ, орыс және ағылшын) мемлекеттік органдардың және қаланың сервис секторы қызметкерлерінің дағдыларын дамытудың және біліктілігін арттырудың маңызды бөлігі болады.


Қауіп-қатерлер:

- халықтың көпшілік бөлігінің мемлекеттік тілге қызығушылығының жеткіліксіздігіне байланысты, оның қажет болмай қалуы да мүмкін.


Түйткілді мәселелер:

- мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылықты арттыру және іс қағаздарын жүргізуді толық мемлекеттік тілге көшіруді аяқтау бойынша жұмыс тиісті деңгейде жүргізіліп отырған жоқ.

- мемлекеттік тілді білетін және оны өз жұмысында қолданатын мамандарды көтермелеу тәжірибесі жоқ;

- ағылшын тілін дамытуға назар жеткіліксіз аударылып отыр, одан әрі осы салаға ерекше көңіл бөлу қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет