1-жаттығу. 2-тапсырма. Сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратып,қосымшалардың қандай мағына білдіріп тұрғанын табу. (4мин.) Менің сағатым үйде қалды. Сенің мысығың терезенің алдында отыр. Жақсылықтың қаламы партаның үстінде жатыр.
Өз беттерімен ереже құрып, оны есте сақтау: оқу, талдау, түсіндіру, есте сақтау.
3-тапсырма. (8 мин.) Топтық жұмыс. Сөздерге тиісті қосымшаларды қойып жаз.
(ана, қол, қозы, етік) Менің анам, ... Біздің анамыз, ... Сенің анаң, ... Сендердің аналарың, ... Сіздің анаңыз, ... Сіздердің аналарыңыз, ... Оның анасы, ... Олардың аналары, ...
4-тапсырма. Өлеңді оқып, жатқа жаз. Тәуелденген сөздерді тауып, түбір мен қосымшаларын ажырат. (5 мин.)
Түйем шықты өріске, Боталары маймаңдап. Қойым өрді қапталдап, Қозыларым салды ойнақ.
5-тапсырма. Шығармашылық тапсырма. Берілген сөздерді тәуелдену ерекшелігіне қарай топтап жаз.(8 мин.)
Добым, дәптерім, оқушыларым
добыңыз
Ұсынылған әдебиеттер
1. Ысқақ.Б Қазақ тілі:Оқу құралы. Шымкент:R-DIAR 2014-156б 20экз
2. Шалқарова Г. Салыстырмалы грамматика.Оқу құралы.Аст,2012-220б 5экз
3. Жапбаров А. Қазақ тілін оқытудың тәжірибелік әдіс-тәсілдері. Жаттығу әдісі. 12-кітап. Оқулық. Шымкент. 2012-250б 1экз
4. Бейсембайқызы З. Морфология пәнін модуль бойынша оқыту. А., Рауан, 2009.
5. Қазіргі қазақ тілінің Морфология жүйесі. А: Ғылым, 2009.
6. Қалиев Ғ. Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру. А., Ғылым, 2005.
7. Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер. Уәждеме және аталым. А., Ғылым, 2001.
8. Ибатов Ә. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі А., Ғылым, 2008.
9. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты.А., “Рауан”, 2008.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 4
Тақырып: Туған жерге саяхат
1. Туған жері туралы айту, белгілі бір орын туралы хабарлау.
2. Жалпы және жалқы есімдер. Зат есімнің көптелуі.
3. Қосымшалардың жалғану реті (түбір сөз+жұрнақ+көптік жалғау + тәуелдік жалғау + септік жалғау+жіктік жалғау)
Сабақты жүргізу тәртібі: Семинар-практикум
Аудиториялық жұмыс:
Достарыңызбен бөлісу: |