Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-бап. Анықтау органының бастығы



бет7/42
Дата14.06.2016
өлшемі2.57 Mb.
#135967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42

62-бап. Анықтау органының бастығы

1. Осы Кодекстiң 190, 191-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы iстер бойынша сотқа дейiн тергеу барысында анықтау органы бастығының өкiлеттiгiне өз құзыретiнiң шегiнде Бас басқарманың (Департаменттiң), басқарманың, анықтау органы бөлімінің бастығы және олардың орынбасарлары ие болады.

2. Анықтау органының бастығы қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi мен оны жасаған адамдарды анықтау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және бұлтартпау мақсатында қажеттi жедел iздестiру, қылмыстық iс жүргiзу, оның ішінде жасырын тергеу қимылдарын жүргізуді ұйымдастырады. Жедел-іздестіру іс-шараларының, жасырын тергеу іс-әрекеттерінің нәтижелерін сотқа дейінгі тергеу органына осы Кодексте белгіленген тәртіпте ұсынады.

3. Анықтау органының бастығы алдын ала тергеу органдары тергейтiн қылмыстық құқық бұзушылық туралы iстер бойынша:

1) кезек күттiрмейтiн тергеу іс-әрекеттерiн жүргiзудi қамтамасыз етедi;

2) прокурордың, тергеушiнiң тапсырмаларын, оның iшiнде жекелеген тергеу ісін және өзге де әрекеттер жүргiзу туралы және жәбiрленушiлердi, куәларды, қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы басқа да адамдарды қорғау шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады;

3) соттың тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады.

4. Сотқа дейiнгі тергеуді анықтау органдары жүзеге асыратын қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтау органының бастығы анықтаушылардың iс-әрекеттерiнiң уақтылылығына және заңдылығына бақылау жасайды және:

1) олардың iс жүргiзуiндегi iстердi тексеруге;

2) жекелеген тергеу және өзге де iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзу, күдіктінің әрекеттерін саралау, iстердi (материалдарды) бiр анықтаушыдан екiншiсiне беру туралы нұсқау беруге;

3) анықтауды бiрнеше анықтаушыға тапсыруға;

4) сотқа дейінгі тергеуді бастауға және бұл ретте iстi өзiнiң жүргiзуiне алып не жекелеген iс жүргiзу әрекеттерiн орындай отырып анықтауды жеке-дара жүргiзуге құқылы.

5. Анықтау органының бастығы мүлiкке тыйым салу туралы өтінішті қозғау туралы, халықаралық іздеу жариялау туралы, күзетпен ұсталмайтын күдіктіні, айыпталушыны стационарлық сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн медициналық ұйымға жiберу туралы, күдіктіге, айыпталушыға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын таңдау туралы, күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы; күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын өзгерту немесе оның күшін жою туралы; тінту жүргізу туралы; күдіктіні, айыпталушыны лауазымнан шеттету туралы; күдіктіні, айыпталушыны этаппен жөнелту туралы, күдіктіге, айыпталушыға іздеу жариялау туралы қаулыларды келіседі; айыптау актісін, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы келіседі; қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күмән келтiрiлген адамдарды ұстау туралы хаттамаларды бекітеді; келісілген айыптау актісі және қылмыстық теріс қылық туралы хаттамасы бар қылмыстық істі прокурорға жібереді; қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою жөнiнде шаралар қолдануды қамтамасыз етедi.

Осы Кодексте көзделген жағдайларда іс жүргізу келісімін жасасуға мүмкіндік беретін мән-жайлардың анықталғаны туралы прокурорды хабардар етеді.

6. Анықтау органы бастығының іс бойынша нұсқаулары анықтаушының дербестiгiн, оның осы Кодекстiң 63-бабында белгiленген құқықтарын шектей алмайды. Нұсқау жазбаша нысанда берiледi және орындалуы мiндеттi, бiрақ ол жөнiнде прокурорға шағым жасалуы мүмкiн. Анықтаушының прокурорға анықтау органы бастығының iс-әрекетiне шағымдануы олардың орындалуын тоқтатпайды
63-бап. Анықтаушы

1. Анықтаушы – өз құзыретiнiң шегiнде iс бойынша сотқа дейiн iс жүргiзуді жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды адам.

2. Анықтаушы, анықтау органының бастығы бекіткен қаулысымен істі іс жүргізуге қабылдап және осы Кодексте айқындалған нысандарда сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыруға, заңда оларды анықтау органы бастығының бекiтуi не келісуі, прокурордың, соттың, тергеу судьясының санкциялары немесе соттың шешiмi көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеу мен басқа да iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзу туралы дербес шешiмдер қабылдауға құқылы.

3. Алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес iстер бойынша сотқа дейiн тергеу кезiнде анықтаушы осы Кодекстің 190, 191-баптарында көзделген алынып тасталатындарды қоспағанда, алдын ала тергеу жүргiзу үшiн осы Кодексте көзделген қағидаларды басшылыққа алады.

4. Анықтаушы, алдын ала тергеу жүргiзiлуi мiндеттi iстер бойынша анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша кезек күттірмейтін тергеу іс-әрекеттерiн жүргiзуге уәкілетті, ол туралы жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей, прокурор мен алдын ала тергеу органын хабардар етуге мiндеттi.

5. Анықтаушы соттың, прокурордың, алдын ала тергеу органының және анықтау органының жекелеген тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауға міндетті. Үкімді азаматтық қуыным беру, басқа да мүліктік өндіріп алу немесе мүмкін болатын мүлікті тәркілеу бөлігінде орындауды қамтамасыз ету мақсатында анықтаушы күдіктінің немесе заң бойынша олардың әрекеті үшін материалдық жауаптылықта болатын адамдардың мүлкін анықтауға шара қолдануға міндетті.

6. Анықтау органы бастығының нұсқаулары анықтаушы үшiн мiндеттi. Анықтау органы бастығының қылмыстық iстер жөнiндегi нұсқауына прокурорға шағым жасалуы мүмкiн. Нұсқауларға шағым жасалуы, күдіктінің әрекетін саралау мен күдік көлемi, iстi айыптау актісімен бірге прокурорға жіберу немесе қылмыстық iстi қысқарту туралы нұсқауларды қоспағанда, олардың атқарылуын тоқтатпайды.
9-тарау. Құқықтары мен мүдделерінің немесе өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылар
64-бап. Күдікті

1. Мыналар:

1) оған қатысты күдікті ретінде тану туралы қаулы шығарылған;

2) осы Кодекстің 131-бабы тәртібінде ұсталған;

3) оған қатысты күдіктінің әрекеттерін саралау туралы қаулы шығарылған;

4) қылмыстық теріс қылық жасады деген күдіктің болуына байланысты жауап алынған адам күдікті болып табылады.

2. Қылмыстық қудалау органы ұстау сәтінде, күдіктінің қатысуымен кез келген тергеу іс-әрекеттерін бастамас бұрын дереу күдіктіге осы Кодексте көзделген оның құқықтарын түсіндіруге міндетті, ол туралы ұстау хаттамасында, күдіктіден жауап алу хаттамасында және адамды күдікті деп тану және күдіктінің әрекеттерін саралау туралы қаулыларда белгі жасалады.

3. Күдікті ұсталған жағдайда ұстау туралы хаттама жасалған сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрiлмей, өзi таңдаған немесе тағайындалған қорғаушымен алғашқы жауап алуға дейiн оңаша және құпия жолығу құқығы қамтамасыз етiле отырып, одан жауап алынуға тиiс. Ұсталған күдікті телефон арқылы немесе өзге де тәсiлмен дереу өзiнiң тұрған жерiне немесе жұмыс орнына өзiнiң ұсталғандығы және ұсталып отырған жерi туралы хабарлауға құқылы.

Ұстау туралы хабарлама сотқа дейінгі тергеуге кедергі келтіреді деуге негіздер болған кезде, ұстауды жүзеге асырған қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы ұсталған адамның кәмелетке толған отбасы мүшелеріне, жақын туыстарына хабарлауды дербес жасай алады. Мұндай хабарлама тез арада жасалуға тиіс.

4. Күдікті қылмыстық қудалау органына келуден жалтарған жағдайда әкелінгеннен кейін одан күдіктің мәні бойынша кідіріссіз, ал қалған жағдайларда қорғаушымен оңаша кездесу құқығын сақтай отырып, сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кешіктірілмей жауап алынуға тиіс.

5. Күдіктіден оған қарсы қолда бар күдікке қатысты, сол сияқты іс бойынша маңызы бар оған белгілі өзге де мән-жайлар және дәлелдемелер жөнінде жауап алынуға тиіс.

6. Егер күдікті бірінші жауап алу басталғанға дейін өзінің айғақтар беруден бас тарту құқығын пайдаланбаса, ол оның айғақтары қылмыстық процесте, осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, соның ішінде кейіннен осы айғақтардан бас тартқан кезде де, дәлелдемелер ретінде оған пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы ескертілуге тиіс.

7. Сотқа дейін тергеу органы күдікті негізсіз деп тапса, осы Кодексте белгіленген тәртіпте оған қатысты қолданылған іс жүргізу мәжбүрлеу шаралардың күшін жоюға дереу шаралар қабылдауға міндетті.

8. Күдікті мәртебесін алған немесе оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылған кезден бастап, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың күдікті жағдайында болуы тоқтатылады.

9. Күдікті:

1) ұстауды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға;

2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге;

3) өз бетінше немесе өзінің туысқандары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туысқандары немесе сенім білдірген адамдары шақырмаған жағдайда қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіпте оның қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;

4) азаматтық қуыным ісі бойынша өтініш берілген жағдайда азаматтық жауапкер құқықтарын пайдалануға;

5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесуге;

6) күдікті одан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана түсініктеме мен айғақ беруге;

7) күдікті деп тану туралы, әрекетін саралау туралы қаулылардың көшірмелерін, ұстау хаттамасын, өтініш және таңдау және бұлтартпау шараларының мерзімдерін ұзарту туралы қаулыны қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны алуға;

8) айғақ беруден бас тартуға;

9) дәлелдемелер ұсынуға;

10) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы және қарсылықты мәлімдеуге;

11) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ пен түсініктеме беруге;

12) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;

13) қылмыстық қудалау органының рұқсатымен өзінің өтініші бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу іс-әрекеттеріне қатысуға;

14) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібінде жәбірленушімен татуласуға;

15) жазалау шарасы мен түрі туралы өз ұсыныстарын баяндай отырып, іс жүргізу келісімін жасасу туралы прокурорға өтініш білдіруге не оған келісімін білдіруге;

16) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу іс-әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беруге;

17) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым жасауға;

18) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға;

19) сараптама тағайындаған, жүргізген кезде, сондай-ақ сарапшы тұжырымдамасы оған ұсынылған кезде осы Кодекстің 274, 286-баптарында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға;

20) осы Кодексте белгіленген тәртіпте тергеу аяқталғаннан кейін іс материалдарымен танысуға және одан кез-келген мәліметтерді жазып алуға, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, сондай-ақ техникалық құрадарды пайдалана отырып, одан көшірме түсіруге;

21) қылмыстық қудалауды қысқартуға қарсылық білдіруге;

22) жасырын тергеу іс-әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін органның өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын іс жүргізу шешімдерін қабылдағаны туралы дереу хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алуға;

23) өзіне қарсы куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінуге құқылы.

10. Күдіктiнiң қорғаушысының немесе заңды өкiлiнiң болуы күдiктiнiң қандай да болсын құқығын жою немесе шектеу үшiн негiз бола алмайды
65-бап. Айыпталушы

1. Өзiне қатысты:

1) прокурор айыптау актісін бекіткен;

2) прокурор қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекіткен және қылмыстық істі қылмыстық заңның тиісті бабы (баптары) бойынша сотқа жіберу туралы шешім қабылдаған;

3) сотқа дейінгі тергеу осы Кодекстің 619-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіпте іс жүргізу келісімін жасаумен аяқтаған адам айыпталушы болып танылады.

2. Өзіне қатысты сот талқылауы тағайындалған, ал жеке айыптау істері бойынша оған қатысты шағымды сот өзінің іс жүргізуіне қабылдаған айыпталушы – сотталушы деп аталады.

3. Өзіне қатысты айыптау үкiмi шығарылған айыпталушы – сотталушы деп аталады.

4. Өзіне қатысты ақтау үкiмi шығарылған айыпталушы – ақталушы деп аталады.

5. Айыпталушы осы Кодекстің 64-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген құқықтарды пайдалануға, сондай-ақ:

1) өзінің не үшін айыпталғандығын білуге;

2) прокурор бекіткен айыптау актісінің көшірмесін, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы алуға;

3) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыт пен мүмкіндікке ие болуға;

4) іс бойынша азаматтық қуыным берілген жағдайда азаматтық жауапкер құқықтарын пайдалануға;

5) іс жүргізетін келісімін жасасу туралы өтініш жасауға немесе келісім білдіруге және іс жүргізетін келісімін жасасуға, іс жүргізетін келісімінің көшірмесін алуға;

6) осы Кодексте көзделген жағдайларда, қылмыстық істі алқа билердің қатысуымен соттың қарауы туралы өтініш жасауға құқылы.

6. Сотталушының:

1) осы Кодексте көзделген жағдайларда, қылмыстық істі алқа билердің қатысуымен соттың қарауы туралы өтініш жасауға;

2) бірінші және апелляциялық сатыдағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға;

3) қорғау тарапының барлық құқықтарын, сондай-ақ соңғы сөз құқығын пайдалануға;

4) сот талқылауының кез келген сатысында ынтымақтастық туралы іс жүргізетін келісімін жасасу туралы өтініш жасауға және келісімін білдіруге және іс жүргізу келісімін жасасуға;

5) сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кеткен кезге дейін жасалған іс жүргізу келісімінен бас тартуға;

6) жария сот талқылауын талап етуге;

7) істі ақталмайтын негіздер бойынша қысқартуға қарсылық білдіруге құқығы бар.

7. Сотталған немесе ақталған адамның:

1) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертулер беруге;

2) соттың үкіміне, қаулысына, судьяның қаулысына шағым жасауға және шағым жасалған шешімдердің көшірмелерін алуға;

3) іс бойынша келтірілген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылықтар беруге;

4) келтірілген шағымдар мен наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға;

5) сотталған жағдайда ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімін жасасу туралы өтініш жасауға және келісімін білдіруге және іс жүргізетін келісімін жасасуға құқығы бар.
66-бап. Қорғаушы

1. Қорғаушы – заңда белгiленген тәртiпте күдіктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталған адамның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын және оларға қылмыстық іс жүргізу бойынша заң көмегiн көрсететiн адам.

2. Қорғаушы ретiнде адвокат қатысады. Қорғаушы ретінде қылмыстық процеске адвокаттың қатысуы кезінде күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған, ақталған адамды қорғауды сонымен қатар басқа оның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы не қамқоршысы, қорғаншысы не күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғаншылыққа немесе асырауына алған ұйымның өкілі жүзеге асыра алады. Шетелдiк адвокаттардың iске қорғаушылар ретiнде қатысуына, егер бұл Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен жасасқан халықаралық шартында өзара түсіністік негiзде көзделсе, заңнамада белгiленген тәртiпте жол берiледi.

3. Қорғаушы адам күдіктi, айыпталушы мәртебесін алған сәттен бастап, сондай-ақ қылмыстық процестің кез келген келесі сәтінде қылмыстық процеске қатысуға құқылы.

4. Бiр адам, егер күдіктiнiң, айыпталушының бiреуiнiң мүддесi екiншiсiнiң мүддесiне қайшы келетiн болса, олардың екеуiне бiрдей қорғаушы бола алмайды.

5. Адвокаттың осы Кодексте тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, өзiне қорғауға алған күдіктi немесе айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталған адамды қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ.


67-бап. Қорғаушының мiндеттi қатысуы

1. Қорғаушының қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуы, егер:

1) ол туралы күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталған адам өтiнiш жасаса;

2) күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталған адам кәмелет жасқа толмаса;

3) күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталған адам дене немесе психикалық кемiстiгiнен өзiнiң қорғану құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса;

4) күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталған адам сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе;

5) адамға жазалау шарасы ретiнде он жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру, өмiр бойы бас бостандығынан айыру не өлiм жазасын тағайындауы мүмкiн болатын қылмысты жасағаны үшiн күдік келтірілсе;

6) күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған, ақталған адамға бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданса немесе оны мәжбүрлеп стационарлық сот-психиатриялық сараптамасына жiберiлсе;

7) күдіктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталған адамдардың мүдделерi арасында қайшылық болып, олардың бiреуiнiң қорғаушысы болса;

8) қылмыстық процеске жәбiрленушiнiң (жеке айыпталушының) немесе азаматтық қуынушының өкiлi қатысса;

9) iс сотта қаралған кезде прокурор (мемлекеттік айыптаушы) қатысса;

10) күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталған адам Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болса және қылмыстық қудалау органдарына немесе сотқа келуден жалтарса;

11) іс жүргізу келісімі туралы өтініш мәлімделген және ол жасалған кезде міндетті.

2. Қорғаушының қатысуы осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) – 6), 10) тармақтарында көзделген жағдайларда адам күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталған адам болып танылған кезден бастап, 7) тармағында көзделген жағдайларда күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталған адамдардың мүдделерiнiң арасындағы қайшылық анықталған кезден бастап, 8), 9) тармақтарда көзделген жағдайларда – іске жәбірленушінің өкілі, прокурор қатысқан сәттен бастап, 11) тармақта көзделген жағдайларда – күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталған адам іс жүргізу келісімін жасасу туралы өтінішін мәлімдеген сәттен бастап қамтамасыз етiледi.

3. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар болған кезде қорғаушыны күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталған адамның өзi, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ олардың тапсыруы бойынша басқа да адамдар шақырмаса, қылмыстық процестi жүргiзушi орган процестiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, бұл туралы олар адвокаттардың кәсiптiк ұйымы үшiн мiндеттi қаулы шығарады.
68-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегiне ақы төлеу

1. Қорғаушыны күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталған адам олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталған адамның тапсырмасы бойынша немесе келiсiмiмен басқа да адамдар шақырады. Күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталған адам қорғану үшiн бiрнеше қорғаушыларды шақыруға құқылы.

2. Күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталған адамның сұрауы бойынша қорғаушының қатысуын қылмыстық процестi жүргiзушi орган қамтамасыз етедi.

3. Таңдалып алынған немесе тағайындалған қорғаушының ұзақ мерзiм (кемiнде бес тәулiк) iшiнде қатысуы мүмкiн болмайтын жағдайларда қылмыстық процестi жүргiзушi орган күдiктi, айыпталушы немесе сотталушы, сотталған, ақталған адамға басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе адвокаттардың кәсiптiк ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолдануға құқылы. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның қорғаушы ретiнде белгiлi бiр адамды шақыруға ұсыныс жасауға құқығы жоқ.

4. Ұстау немесе күзетпен ұстау жағдайында, егер күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталған адам таңдаған қорғаушының келуi жиырма төрт сағаттың iшiнде мүмкiн болмаса, қылмыстық процесті жүргізетін орган күдiктi, айыпталушы немесе сотталушы, сотталған, ақталған адамға басқа қорғаушы шақыруды ұсынады, ал одан бас тартылған жағдайда адвокаттардың кәсiптiк ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушыны тағайындауға шаралар қолданады.

5. Адвокатқа еңбекақы төлеу қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жүргiзiледi. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган оған негiздер болған кезде күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталған адамды заң көмегіне ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға міндетті. Бұл жағдайда еңбекке ақы төлеу мемлекеттiң есебiнен жүргiзiледi.

6. Адвокат сотқа дейінгі тергеу жүргiзуге немесе сотқа осы Кодекстiң 67-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген, клиентпен келiсiм жасаспастан тағайындау бойынша қатысқан жағдайда да адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстар мемлекеттiң есебiне жатқызылуы мүмкiн.

7. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге бiрнеше қорғаушы қатысқан жағдайда қорғаушының қатысуы қажеттi iс жүргiзу әрекетi тиiстi күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған, ақталған адамның қорғаушыларының түгел қатыспауынан заңсыз болып таныла алмайды.

8. Адвокат қорғаушы ретінде адвокат куәлігін және нақты істі жүргізуге оның өкілеттігін куәландыратын ордерді көрсетуі бойынша қылмыстық іске қатысуға жіберіледі. Осы Кодекстің 66-бабының екінші бөлігінде аталған басқа адамдар қорғаушы ретінде қылмыстық іске қатысуға олардың құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлігін, күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен, сотталған, ақталған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдерін) тапсырады
69-бап. Қорғаушыдан бас тарту

1. Күдіктi, айыпталушы, сотталушы адам іс бойынша іс жүргізудің кез келген сәтінде қорғаушыдан бас тартуға құқылы. Осындай бас тартуға қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысушы қорғаушының не осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіпте тағайындалған қорғаушының қатысуымен күдікті, айыпталушы, сотталушы адамның бастамасы бойынша ғана жол беріледі. Заң көмегіне ақы төлеу үшiн қаражаттың жоқтығы себептерінен қорғаушыдан бас тарту қабылданбайды. Бас тарту жазбаша нысанда ресiмделедi немесе тиiстi тергеу немесе сот іс-әрекетiнiң хаттамасында көрсетiледi.

2. Осы Кодекстiң 67-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2) – 4), 5) (жазалау шарасы ретiнде өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкiн қылмыстарды жасаған адамға күдік келтірілген кезде), 6) тармақтарында (күдіктіні стационарлық сот-психиатриялық сараптамасына мәжбүрлеп жiберу кезiнде) көзделген жағдайларда күдіктінің, айыпталушының қорғаушыдан бас тартуын қылмыстық процестi жүргiзушi органның қабылдауына болмайды.

3. Қорғаушыдан бас тарту адамды қорғаушының процеске қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуына рұқсат ету туралы бұдан әрі өтiнiш жасау құқығынан айырмайды. Қорғаушының процеске қатысуы осы уақытқа дейiн тергеу немесе сот талқылауының барысында жасалған іс-әрекеттердi қайталауға әкеп соқтырмайды.


70-бап. Қорғаушының өкiлеттiгi

1. Қорғаушы күдіктi, айыпталушы айыптауды жоққа шығаратын немесе жауаптылығын жеңiлдететiн мән-жайларды анықтау мақсатында қорғаудың барлық заңды құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға және оларға қажетті білікті заң көмегін көрсетуге мiндеттi.

2. Қорғаушы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуға рұқсат етілген сәттен бастап:

1) күдіктімен, айыпталушымен олардың саны мен ұзақтығын шектеместен оңаша және құпия жолығуға;

2) заң көмегін көрсету үшін қажетті заттарды, құжаттарды және мәліметтерді жинауға және ұсынуға;

3) күдіктіден, айыпталушыдан жауап алу кезінде, сондай-ақ олардың қатысуымен немесе олардың өтініші не қорғаушының өзінің өтініші бойынша жүргізілетін өзге де тергеу және іс жүргізу әрекеттеріне қатысуға;

4) қарсылықтар білдіруге;

5) мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерден және айыптау куәларының тізімін қоспағанда, ұстау хаттамасы мен бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулымен күдіктінің, айыпталушының немесе қорғаушының өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу іс-әрекеттерінің хаттамаларымен, күдіктіге, айыпталушыға ұсынылған не ұсынылуға тиіс болатын құжаттармен, ал сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін – істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға, күдіктіге күдікті деп тану туралы, күдіктінің әрекеттерін саралау туралы қаулы жария етілген кезде қатысуға;

6) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге;

7) кез келген сатыдағы сотта істі алдын ала тыңдауға, соттың талқылауына қатысуға, сот жарыс сөздерінде сөйлеуге, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі жаңарту кезінде соттың отырысына қатысуға;

8) әрбір беттегі мәтіннің соңғы жолының астына және хаттаманың соңына өз қолын қоя отырып, ал сот отырысы хаттамасының бөлігімен танысқан кезде әрбір беттің соңына және осы бөліктің соңына қол қоя отырып, сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескерту енгізуге;

9) оған және оның қорғауындағы адамға табыс етілуге тиіс іс жүргізу құжаттардың көшірмелерін алуға;

10) қылмыстық процесті жүргізетін адамның және қылмыстық процеске қатысушы өзге адамдардың заңсыз әрекеттеріне қарсылық білдіруге, бұл қарсылықтарды іс жүргізу құжаттарына енгізуді талап етуге;

11) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағым енгізуге және оларды қарауға қатысуға;

12) заңға қайшы келмейтін кез келген басқа да қорғау құралдары мен тәсілдерін пайдалануға;

13) қылмыстық процесті жүргізетін органның қорғауындағы адамның қатысуымен іс жүргізу әрекеті өткізілетін уақыт пен орын туралы күні бұрын хабардар етілуге құқылы.

3. Іске қорғаушы ретінде қатысушы адвокат осы баптың екінші бөлігінде көзделген құқықтармен қатар:

1) куәгер мен жәбірленушінің айғақтарын сақтауға беру туралы тергеу судьясының алдында өтініш білдіруге;

2) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, сұрау салуды орындаудан бас тартылған не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаған жағдайда күдіктіге, айыпталушыға, куәгерге тиісінше заң көмегін көрсету және мүдделерін қорғау үшін қажет кез келген мәліметтерді, құжаттарды, заттарды талап ету туралы тергеу судьясының алдында өтініш білдіруге;

3) егер қылмыстық қудалау органы осындай өтінішті қанағаттандырудан негізсіз бас тартса не ол бойынша шешім үш тәулік ішінде қабылданбаса, сараптама тағайындау және жүргізу туралы тергеу судьясының алдында өтініш білдіруге;

4) айғақ беру үшін сотқа келуі қиын, бұрын өзі жауап алған куәгерді қылмыстық процесті жүргізетін органға мәжбүрлеп әкелуді қамтамасыз ету туралы тергеу судьясының алдында өтініш білдіруге құқылы;

4. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам жауап алуды аяқтағаннан кейін тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге қатысушы қорғаушы жауап алынатын адамдарға сұрақтар қоюға құқылы. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам қорғаушының сұрақтарын қабылдамауына болады, бiрақ берiлген сұрақтардың бәрiн хаттамаға енгiзуге мiндеттi. Қорғаушы тергеу іс-әрекетiнiң хаттамасына оның жазбаларының дұрыстығы мен толықтығына орай жазбаша ескерту жасауға құқылы.

5. Қорғаушының: өзiнiң қорғауындағы адамның мүдделерiне қарсы қандай да болмасын іс-әрекет жасауға және оған тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруына кедергi жасауға; қорғауындағы адамның айқындамасына қарамастан, оның қылмысқа қатысын және оны жасағанына кiнәлiлiгiн мойындауға, қорғауындағы адамның жәбiрленушiмен татуласқандығы туралы мәлiмдеуге; азаматтық қуынымды мойындауға; қорғауындағы адам берген шағымдар мен өтiнiштердi керi қайтарып алуға; заң көмегін көрсетуге өтiнiш бiлдiруге және оны жүзеге асыруына байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi жариялауға құқығы жоқ.

6. Қорғаушының осы Кодексте көзделген басқа да құқықтары бар және ол басқа да мiндеттердi көтереді.

11) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағым енгізуге және оларды қарауға қатысуға;

12) заңға қайшы келмейтін кез келген басқа да қорғау құралдары мен тәсілдерін пайдалануға;

13) қылмыстық процесті жүргізетін органның қорғауындағы адамның қатысуымен іс жүргізу әрекетінің уақыты мен орны туралы алдын ала хабардар етілуге құқылы.

3. Іске қорғаушы ретінде қатысушы адвокат осы баптың екінші бөлігінде көзделген құқықтармен қатар:

1) куәгер мен жәбірленушінің айғақтарын сақтауға беру туралы тергеу судьясының алдында өтінішхат беруге;

2) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, сұрау салуды орындаудан бас тартқан не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаған жағдайда күдіктіге, айыпталушыға, куәгерге тиісінше заң көмегін көрсету және мүдделерін қорғау үшін қажетті кез келген мәліметтерді, құжаттарды, заттарды талап ету туралы тергеу судьясының алдында өтінішхат беруге;

3) егер қылмыстық қудалау органы осындай өтінішті қанағаттандырудан негізсіз бас тартса не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаса, сараптама тағайындау және жүргізу туралы тергеу судьясының алдында өтінішхат беруге;

4) айғақ беру үшін келуі қиын, бұрын өзі жауап алған куәгерді қылмыстық процесті жүргізетін органға мәжбүрлеп әкелуді қамтамасыз ету туралы тергеу судьясының алдында өтінішхат беруге құқылы;

4. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам жауап алуды аяқтағаннан кейін тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге қатысатын қорғаушы жауап алынатын адамдарға сұрақтар қоюға құқылы. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам қорғаушының сұрақтарын қабылдамауына болады, бiрақ берiлген сұрақтардың бәрiн хаттамаға енгiзуге мiндеттi. Қорғаушы тергеу іс-әрекетiнiң хаттамасына оның жазбаларының дұрыстығы мен толықтығына орай жазбаша ескерту жасауға құқылы.

5. Қорғаушының: өзiнiң қорғауындағы адамның мүдделерiне қарсы қандай да болмасын әрекет жасауға және оған тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруына кедергi жасауға; қорғауындағы адамның ұстанымына қарамастан, оның қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысын және оны жасағанына кiнәлiлiгiн мойындауға, қорғауындағы адамның жәбiрленушiмен татуласқандығы туралы мәлiмдеуге; азаматтық қуынымды мойындауға; қорғауындағы адам берген шағымдар мен өтiнiштердi керi қайтарып алуға; заң көмегін көрсетуге өтiнiш бiлдiруге және оны жүзеге асыруына байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi жариялауға құқығы жоқ.

6. Қорғаушының осы Кодексте көзделген сияқты басқа да құқықтары бар және ол басқа да мiндеттердi көтереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет