3.1 Өртке қарсы шараларымен танысу
Өрт қауіпсіздік талаптары
1. Өрт туралы бірден телефон 101 арқылы өртке қарсы қызметке хабарлауға (объектінің мекен жайын, өрт болған орынды, сондай-ақ өзінің аты-жөнін хабарлауы қажет);
2. Студенттерге өртке қарсы үгіт-насихат, өрт қауіпсіздігі шараларын оқып-үйрету керек;
3. Өрт сөндіру жүйелері мен құралдарын жарамды күйде ұстауы, оларды мақсатсыз пайдалануға жол бермеуі
4. Өрт қауіпсіздігі шаралары - өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау жөніндегі іс-әрекет;
5. Өрт сөндіру кезінде көмек көрсету және әрбір студент өрт сөндіргіш ОУ-5, ОП-10(огнетушитель) қалай қолдануды білу керек;
6. Темекі шегуге арналған орындар анықталады және жабдықталады.
Өрт шыққанын білгенде…
1. Өрттің ауқымы кішкентай болса, крандағы сумен, болмаса қалың дымқыл матамен өшіруге тырысыңыз;
2. Өрт ауқымды болса, 101 нөміріне хабарласып, өрт шыққан мекен-жайды, ненің қалай жанып жатқанын айтыңыз. Өзіңіздің атыңыз бен нөміріңізді де беріңіз. Ол өрт сөндірушілерді күтіп алып, өрт ошағына жедел апаруға керек. «Менен де басқалар хабарласқан шығар» деп отыруға болмайды;
3. Ғимараттағы барлық тоқ көздерін ажыратып, газ құбырларын жабыңыз;
4. Егер өрт көп қаббатты ғимараттың төменгі қабатында шықса, ғимараттың жоғарғы қабатына немесе төбесіне шығып, көмек күту керек;
5. Далаға шығу жолдарында от болмаса, тез арада ғимаратты тастап шығыңыз;
6. Өрт шыққан аумақтан өту үшін синтетикалық киімдерді шешіп, орнына жүн немесе мақтадан тігілген киім кию керек. Киімдерді сулап, басыңызға ішік, жейде, орамал сынды қалың дымқыл жамылғы жабыңыз. Дәл осылай мұрныңыз бен ауызыңызды да жабу керек. Ол түтіннен уланып қалудың алдын алады;
7. Есіктерді қатты жабыңыз. Себебі от оттегі келіп, жел соққан сайын өрши түседі;
8. Түтіннің арасынан еңкейіп, тізерлеп немесе бүк түсіп өту керек;
9. Киіміңізге от тигенде жүгірмеңіз. Ол оттың одан сайын өршуіне әкеледі. Одан да киімді шешуге тырысу керек, болмаса еденге жатып аунау керек. Егер жаныңыздағы адамның киімі жанып жатса, оны өшіру үшін үстіне дымқыл мата жабыңыз;
10. Қорқынышқа бой алдырып, жоғарғы қабаттан секіруге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |