Мазмұны кіріспе дәлелдеу теориясының ұғымы мен мазмұны


Дәлелдемелердің өзіндік ерекшеліктері



бет6/7
Дата05.04.2024
өлшемі53.52 Kb.
#497747
1   2   3   4   5   6   7
Қылмыстық дәлелдеу

2. 3. Дәлелдемелердің өзіндік ерекшеліктері

Қылмыстық іс бойынша әрбір дәлелдеме қатыстылығы, жол берілушілігі, дұрыстығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығында қылмыстық істі шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан бағалануы тиіс.


Дәлелдеу ережелерінде дәлелдемелерге жол берілушілігі ережесі ерекше орын алады. Аталған ережелер дәлелдеу құралдарының шындыққа сай келетіндігін қамтамасыз етуі керек және де сол себепті белгілі бір мән-жайлардың дәлелденгендігін немесе дәлелденбегендігін тану үшін сенімді іргетас болуы тиіс.
Дәлелдемелердің жол берушілігін дәлелдемелердің көздерінің, алу тәсілдерінің және іс жүзіндегі фактілердің бекітілуінің заңдылығының анықталуы ретінде түсіну керек. Бұл оның іс үшін маңызды болып табылатын мән-жайларды анықтау барысында оның алынуының көздеріне, анықталуының тәртібіне және дәлелдемелерді зерттеуге қатысты олардың пайдалануға жарамдылығы болып табылады.
Дәлелдемелерді жинау азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына айтарлықтай қатысты болуы мүмкін. Сондықтан да бір қарағанда арнайы мәселе болып табылатын дәлелдемелердің жол берілушілігінің мәселелері конституциялық нормаға айналған мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 9-бөлігінде «заңсыз тәсілдермен алынған дәлелдемелердің заңды күші болмайды» - деп бекітілгендігін айта кетсек те жеткілікті.
Қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызға ие болатын мән-жайларды анықтауға қабілеттілікке ие болатын іс жүзіндегі мәліметтердің өзіне тиісті ішкі қасиеттерін дәлелдемелердің қатыстылығы деп санауға болады. Бұл дәлелдемелердің мазмұнының іс бойынша дәлелдеуге жатқызылатын мән-жайлармен байланысы және де ол осының негізінде аталған мән-жайларды анықтау үшін пайдаланыла алады. Басқаша айтар болсақ қатыстылық дәлелдемелердің мазмұнын айқындайды.
Берілген қылмыстық іс бойынша дәлелдеу нәрсесіне кірістірілетін әлдебір мән-жайдың болғандығын немесе болмағандығын анықтау үшін пайдаланылғанда ғана дәлелдеменің іске қатыстылығы туралы сөз қылуға болады.
Дәлелдеменің қатыстылығын анықтау іс бойынша дәлелдеу үрдісінің барысында орын алады, ол істің мән-жайларын анықтау тұрғысынан алғанда қандай тергеу әрекеттерін жүргізу қажет және олардан қандай нәтиже күтуге болады деген мәселені шешуге бағытталған дәлелдемелерді жинауды бастаған кезден-ақ туындайды. Тергеуді жоспарлау, тергеу болжамдарын тексеру, процеске қатысушылардың дәлелдемелерді жинау немесе оларды іске тіркеу туралы ұсыныстарын шешу дәлелдемелердің қатыстылығын бағалаумен байланысты болады.
Нақты қылмыстық іс бойынша дәлелдеу нәрсесіне кірістірілетін мән-жайларды анықтау үшін маңызға ие болатын мән-жайлардың шеңберін күні бұрын анықтау мүмкін болмайды. Аталған мән-жайлардың шеңберін орын алған оқиғаның болжамдарын жасақтай және тексере отырып, ең алдымен тергеуші айқындайды және анықтайды. Сонымен бірге ҚР ҚІЖК 125-бабында сезікті, айыпталушы, қорғаушы, жеке айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық атлапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сондай-ақ кез келген азаматтар мен ұйымдар дәлел бола алатын ауызша да, жазбаша да нысандағы мәліметтерді, сондай-ақ заттар мен құжаттарды ұсынуға құқылы – деп бекітілгендігін еске сала кетсек артық болмас.
Дәлелдеменің қатыстылығы, ең алдымен, бұл дәлелдемелердің көмегімен анықталатын мән-жайлардың іс бойынша дәлелдеу нәрсесіне кірістірілетіндігімен, сондай-ақ дәлелдеме өзінің мазмұны бойынша осы мән-жайлардың анықталуына қызмет атқаруға қабілеттілілігіне байланысты анықталады.
Мазмұны мен нысанының бірлігі де дәлелдеменің өзіне тән қасиеті болып табылады. Дәлелдеу нәрсесіне кірістірілетін мән-жайлар туралы мәліметтер дәлелдемелердің мазмұныны құрайды. Осының барысында солардың негізінде түпкілікті қорытындалар жасалатын істің мән-жайлары туралы ақиқат, расталған ақпараттар ғана дәлелдеме маңызына ие болып қоймай, сонымен бірге іс бойынша өндіріс үрдісінде заңды жолмен алынған іс үшін маңызды фактілер туралы кез келген мәліметтер де дәлелдеме маңызына ие болады. Мысалы, өзінің кінәсін мойындамайтын айпталушының оның қылмысқа қатыстылығын әшкерелейтін дәлелдемелер жиынтығымен теріске шығарылған көрсетулері олар сот үкімінде шындыққа жанаспайтын деп танылып теріске шығарылғанымен іс бойынша дәлелдеме болып табылады. Ақиқатты анықтау барысында шындықтың әртүрлі деңгейіндегі нақты ақпараттармен жұмыс жасауға тура келеді. Барлық дәлелдемелерді аса мұқият зерттеудің барысында ғана қате, жалған мәліметтерді анықтау мүмкін болады.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК 127-бабының талаптарына сай іс бойынша жиналған дәлелдемелер жан-жақты және объективті зерттеуге жатады. Зерттеу алынған дәлелдемелерді талдауды, оны басқа да дәлелдемелермен салыстыруды, қосымша дәлелдемелерді жинауды, дәлелдемелерді алу көздерін тексеруді қамтиды. Сонымен бірге ҚІЖК 126-бабы барлық алынған дәлелдемелерді бағалауды міндеттейді.
ҚІЖК 379-бабына сәйкес айыптау үкімінде сот дәлелденген деп таныған қылмыстық әрекеттің сипаттамасын қамтуы тиіс. Үкімде соттың сотталушыға қатысты шешімі негізделген дәлелдер және сот басқа дәлелдерді жоққа шығарған себептері келтірілуі керек, ал ақтау үкімінде сотталушының қылмыс жасаудағы кінәлілігі туралы пайымдау негізделген дәлелдерді сот дұрыс емес немесе жеткіліксіз деп таныған себептер, сотталушыны ақтау үшін негіз болатын дәлелдер үкімнің сипаттамалы-дәлелді бөлімінде міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Әрбір дәлелдеме, өзінің мәнісі бойынша бегілі бір мән-жайлардың көрінісі бола отырып жалпы алғандағы кез келген ақпарат секілді өзінің мазмұны мен нысанына ие болады [19, 71.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет