2. Дәлелдеу теориясының негізі мен негізлемесі
Кез келген теория «зерттеу объектісінің мәнісін, оның ішкі қажетті байланыстарын, оның қызмет атқаруы мен дамуының заңдылықтарын көрсететін идеалдық үлгілердің [ұғымдардың] жиынтығы» [10, 20]. Берілген танымдық қызметтің объектісі ретінде орын алатын өмірдегі құбылыстардың мәнісі мен мазмұнын ашатын ұғымдардың, түсініктердің, ережелердің жүйесін қалыптастыру теорияның негізін қалау болып табылады. Осындай жүйе еркіндікті көтермейді себебі теорияның құрылымы зерттелетін объектінің құрылымына сәйкес келуі тиіс ал оның тәртіптелуі танушы суъектіге тіптен де байланысты емес.
Теориялық жүйенің құрылысы қалай жүзеге асырылады? Аталған мәселені приципті түрде материалистік диалектика шешіп береді. Кез келген зерттеу объектісінде оның негізгі және анықтаушы болып табылатын жақтары, қатынастары болады. «Бұл тараптар [қатынастар] «негіз» категориясында» көрініс табады, ал барлық қажетті тараптар мен байланыстар негіздің тікелей ықпалымен қалыптасады және сондықтан сол негізден туындайды, «негізді» ұғымында өз көрінісін табады» - деп жазады А.П. Шептулин [10, 42.]. Ендеше, объектінің құрылымына сәйкестікте теорияда негізді – бастаушы, қайнар-көздік ұғымдарды және негізделген – яғни негізге негізделетін және одан туындайтын барлық өзге ұғымдар мен түсініктерді ажырата білу керек.
Туындаушылық, яғни негіздінің негізден алынуы – теориялық жүйені құрастырудың басты шарты болып табылады. Ол диалектиканың тарихи және логикалық әдістерінің көмегімен құрылады. Тарихи тәсіл объектіні оның қозғалысында, оның бастапқы қарапайым нысандарынан күрделі түрлерге айналып дамуының барысында қарастыруды білдіреді. Логикалық қоршаған өмір шындығына ақыл-ойдың сәйкес (идеалдық образдардың) келуін білдіреді. «Өзінің ең кең мағынасында логикалық дегеніміз – бұл ой қозғалысындағы қажеттілік» [11, 147.].
Теоретикалық жүйені жасақтау үшін танымдық қызметтің берілген түрінің объектісін анықтау, объектінің басты қасиетін айқындау қажет болады, яғни теорияның негізгі мәселесін шешу, оның негізін табу және осы негізге сүйене отырып қарапайымнан күрделіге қарай логикалық түрде негіздіні туындату қажет. Нәтижесінде теория немесе белгілі бір тұтастық ретіндегі ұғымдар жүйесі қалыптасады, оның әрбір элементі басқа барлық элементтермен өзара тәуелділікте және өзара байланыста бола отырып өзінің нақты орынына ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |