3. Қылмыстық іс жүргізушіліктегі таным объектісі
Философияда объект «субъектіге қарсы тұрған және субъектінің практикалық және танымдық қызметі бағытталған нәрсе» ретінде түсіндіріледі [12, 123. Философская энциклопедия: В 5 т. Т. 4 / Гл. ред. Ф.В. Константинов. М., 1967]. Таным объектісі ретінде нақты қоршаған ортаның құбылыстары, нәрселері, үрдістері орын алады олар субъектінің алдында тұрған міндеттерді шешу мақсатында олар туралы білім алу үшін қоршаған ортадан ажыратылып қарастырылады.
Қылмыстық процесуалдық танымның объектісін құрай отырып қылмыстық істерді тергеу барысында сот өндіріс органдарымен өмір тіршілігінің қандай құбылыстары, нәрселері, үрдістері зерттеледі?
Қылмыстық іс бойынша таным объектісінің мазмұны қылмыстық іс жүргізудегі танымдық қызметтің басты ерекшелігімен – оның ретроспективалық сипатымен алдын ала анықталады.Сот өндірісі органдары үшін тергелетін қылмыс - әрқашанда өткен күннің оқиғасы болып табылады. Оны танып-білу «қазіргі және өзге де өткен нәрселер туралы білімнің негізінде өткен нәрселер туралы туынды білім алудың үрдісі болып табылады» [13, 34.]
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің жалпы сипаттамасы
1. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеме түсінігі
Қазақстан Республикасының ҚІЖК 116-бабында дәлелдемелер ұғымына анықтама берілген: Оның негізінде анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамандығын және айыпталушының кәнәлілігін не кінәлі емес екендігін, содай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Заң дәлелдемелермен байланыстыратын фактілер салыстырмалы түріндегі дербестікке ие болатын екі топты құрайды:
өздерінің жиынтығында қылмыстық іс бойынша дәлелдеу нәрсесін құрайтын мән-жайлар;
дәлелдеу нәрсесіне кірістірілмейтін (өтпелі, көмекші, туынды) фактілер.
Қылмыстық сот өндірісіндегі дәлелдеу нәрсесі бұл – қылмыстық іс жүргізу заңында қарастырылған және іс бойынша тұтастай алғанда немесе жекелеген құқықтық мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін дәлелденуге тиісті, заңи тұрғыдан маңызды болып табылатын іс жүзінде орын алған жағдайлар.
Қазақстан Республикасының ҚІЖК 117-бабында қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлардың қатарына төмендегілер жатады:
1) оқиға мен қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының белгілері (қылмыстың жасалу уақыты, болған жері, әдісі және басқа да мән-жайлары);
2) қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті кімнің жасағандығы;
3) адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаудағы кінәлілігі, оның кінәсінің нысаны, жасалған әрекеттің себеп-дәлелдері, заңдық және іс жүзіндегі қателіктер;
4) айыпталушының жауаптылығының дәрежесі мен сипатына әсер ететін мән-жайлар:
5) айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар;
6) жасалған қылмыстың зардаптары;
7) қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері;
8) әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар;
9) қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкеп соқтыратын мән-жайлар, сондай-ақ қылмыс жасауға ықпал етуші мән-жайлар да қылмыстық іс бойынша анықтауға жатады. Ендеше, дәлелдемелер дегеніміз бұл:
а) бұрын орын алған қылмыс оқиғасы туралы мәліметтер ретінде түсіну қажет болатын іс жүзінде орын алған мәліметтер;
б) соның негізінде қоғамға қауіпті іс-әрекеттің орын алғандығы немесе болмағандығы, бұл іс-әрекетті жасаған кінәлі тұлға және істі дұрыс шешу үшін маңызды болып табылатын өзге де мән-жайларды анықтайтын іс жүзіндегі мәліметтер;
в) тек ғана сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің айғақтармен, сарапшының қортындысымен, заттай дәлелдермен, іс жүргізу және сот әрекеттерінің хаттамаларымен және де басқа құжаттармен анықталатын іс жүзіндегі мәліметтер;
г) заңда бекітілген тәртіппен жинақталған іс жүзінде орын алған фактілер. ҚІЖК 125-бабы дәлелдемелерді жинаудың тәртібін бекітеді, сонымен қатар тиісті нормаларда әртүрлі тергеу амалдары өндірісінің тәртібі бекітілген;
д) судьяның, прокурордың, тергеушінің, анықтаушының ішкі нанымы бойынша тексерілген және бағаланған іс жүзіндегі мәліметтер.
Егерде дәлелдеудің заңда бекітілген ережелері сақталған болса кез келген іс жүзінде орын алған мәліметтер (фактілер), ақиқатты анықтауға қызмет ететіннің барлығы да дәлелдемелер болша алады.
Заң дәлелдемелерді іс жүзіндегі деректер ретінде бағалайды, яғни бұл объективті өмір шындығында орын алған нақты оқиғалар туралы мәліметтер ғана қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер бола алады дегенді білдіреді. Нақты іс жүзінде орын алған мәліметтерді келтірмей әлдебір адамның қылмысты жасағандығы туралы тұжырымдар, болжамдар, жалпылама мәлімдеулер дәлелдеме болып табылмайды. Тергеу органдарымен, сотпен оларды қоршаған өмір шындығынан алынып жинақталған іс жүзіндегі мәліметтерді ғана дәлелдемелер ретінде бағалай аламыз. Бұл мәліметтер өзге адамдардың жадында сақталып қалуы немесе заттарда, құжаттарда әлде бір нысандарында іздерін қалдырулары арқылы дәлелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың санасына тәуелсіз түрде орын алады. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу үрдісінің барысында осы мәліметтер тергеушінің, судьяның игілігіне айналады және ақиқатты анықтау мақсатында пайдаға жаратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |