Мазмұны кіріспе дәлелдеу теориясының ұғымы мен мазмұны



бет5/7
Дата05.04.2024
өлшемі53.52 Kb.
#497747
1   2   3   4   5   6   7
Қылмыстық дәлелдеу

2. 2. Дәлелдеме бастаулары

Іс жүзінде орын алған мәліметтерді (тергеу және сот үшін қызығушылық туғызатын мән-жайлар туралы мәліметтер) алу көздерін келесідей түрлерге бөлуге болады: куәнің айғақтары, жәбірленушінің айғақтары, сезіктінің айғақтары, айыпталушының айғақтары, сарапшының қорытындысы, ревизиялар мен құжаттық тексеру актілері, заттай дәлелдемелер, тергеу және сот әркеттерінің хаттамалары және өзге құжаттар. Дәлелдемелердің аталған түрлерінің тізбегі заңмен бекітілген (ҚР ҚІЖК 119-123 б.б.) және толық болып табылады. Өзге, заңмен қарастырылмаған көздерден алынған мәліметтер дәлелдеуші маңызға ие болмайды және оларды пайдалануға жол берілмайді.


Куәнің айғақтары дегеніміз бұл – одан жауап алу барысында жасалған және заңмен қарастырылған тәртіппен хаттамаланған қылмыстық іс үшін маңызға ие болатын мән-жайлар туралы ауызша көрсетулері. Куәнің айғақтары дәлелдемелердің барынша кең таралған түрі болып табылады. Қазақстан Республикасы ҚІЖК 119-бабының 6-бөлімі бойынша куәдан кез келген іске қатысты мән-жайлар туралы, оның ішінде айыпталушының, жәбірленушінің жеке басы туралы, өзінің олармен және басқа куәлармен өзара қатынасы туралы жауап алынуы мүмкін екендігі. Егер ол өзінің хабардарлығының көзін көрсете алмаса, куә хабарлаған мәлімет дәлел бола алмайтындығы көрсетілген. Сондай-ақ аталған бапта бекітілген ереже бойынша куә ретінде жауап алуға жатпайтын адамдардың хабарлауы дәлел болып табылмайтындығы көрсетілген. Қазақстан Республикасының ҚІЖК 82-бабының 2-бөлімінде куә ретінде жауап алуға жатпайтын адамдардың санаты бекітілген: оларға қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешімін шығару кезінде туындаған мәселелерді кеңесу бөлмесінде талқылау барысында өзіне белгілі болған қылмыстық істің мән-жайлары туралы – судья, аралық судьяның немесе төрешінің міндеттерін атқаруға байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – аралық судья немесе төреші; қылмыстық іс бойынша өзінің міндеттерін орындауына байланысты өзіне белгілі болған жағдайлар туралы – сезіктінің, айыпталушының қорғаушысы, сонымен бірдей жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердің өкілі; оған ішкі сырын ашу кезінде белгілі болған мән-жайлар туралы – діни қызметші, өзінің жасының толмауына не психикалық немесе дене кемістіктеріне орай іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс түсінуге және олар туралы жауап беруге қабілетсіз адамдар осындай адамдар қатарына жатқызылады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 7-бөлімі бойынша ешкім де өзіне, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы жауап беруге міндетті емес екендігі бекітілген.
Куәнің айғақтары дегеніміз бұл – одан жауап алу барысында жасалған және заңмен қарастырылған тәртіппен хаттамаланған қылмыстық іс үшін маңызға ие болатын мән-жайлар туралы ауызша көрсетулері болып табылатындығы біз осыған дейін де атап өткенбіз. Куәнің айғақтары барлық қылмыстық істерде дерлік орын алады. Жәбірленушіден жауап алудың нәрсесі мен тәртібі куәдан жауап алудың тәртібі мен нәрсесіне сәйкес келеді. Сонымен бірге ҚІЖК 75-бабына сәйкес жәбірленушінің жауап беруі тек оның міндеті ғана емес сонымен бірге құқығы екендігін де есте ұстаған дұрыс. Бұл жәбірленушіден жауап алудың процесуалдық органның бастамасы бойынша да, сондай-ақ жәбірленішінің өзінің бастамасы бойынша да жауап алынуы мүмкін екендігін білдіреді.
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу нәрсесіне кірістірілетін кез келген мән-жайлар сезіктінің айғақтарының мазмұнын құрауы мүмкін. Өзіне қарсы келтірілген күдікке байланысты түсініктеме мен жауап беру сезіктінің құқығы болып табылады және оның міндетіне кірмейді. Ол жауап беруден бас тартқаны үшін не көрнеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Сезіктіні ұстау барысында онымен берілген және ұстау хаттамасында көрсетілген түсініктемелер айғақ ретінде танылмайды.
Қазақстан Республикасының ҚІЖК 122-бабы бойынша тиісті ережелерге сәйкес жасалған, тексеру, көзін жеткізу, алу, тінту, ұстау, мүлікке тыйым салу, хат-хабарларға тыйым салу, хабарларды ұстап алу, телефонмен және басқа да сөйлесулерді тыңдау және жазып алу, зерттеу үшін үлгілерді алу, мәйітті эксгумация жасау, қылмыс болған жерде тергеу экспериментінде, тергеу әрекетерінің барысында маманг жүргізген заттай айғақтарды зерттеу кезінде анықталған, қылмыстық процесті жүргізуші адам тікелей түсінген мән-жайларды куәландыратын тергеу іс-әрекеттерінің хаттамаларында бар іс жүзіндегі деректер, сондай-ақ сот іс-әрекеттерінің барысы мен олардың нәтижелерін көрсететін сот отырысының хаттамасында бар деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет