Жауап кілттері
Түсіндірме сөздер
IP адрес – желідегі компьютерді анықтайтын адрес (адрес 32 екеулік разрядтан құралған және ТСР/ІР желінің бойында қайталанбауы тиіс). Әдетте ІР адрес сегіз екеулік разряды бар төрт октетке бөлінеді (бір байт); әрбір октет ондық санға түрленіп, нүктемен бөлінеді, мысалы 102.54.94.97.
НТТР гипермәтінді хаттама – гипермәтіннің блоктарын алмастыру процедурасын сипаттайтын интернет желісінің хаттамасы.
HTML тілі – гипермәтін технологиясын қолданатын құралдық бағдарламалық қамтамасыз ету.
FTP (File Transfer Protocol) - файлдарды беру хаттамасы. Желі бойынша файлдармен алмасуға мүмкіндік береді.
IP (Internet Protocol) – Internet хаттамасы, ТСР/IР стегінің желілік хаттамасы, ол адрестік және бағыттық ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Telnet – қашықтан қатынау. Абонент Internet желісінің кез-келген ЭЕМ-де өз компьютеріндегідей жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
TCP (Transmission Control Protocol) – берілістерді басқару хаттамасы.
URL (Uniform Resource Locator) – ресурстардың әмбебап көрсеткішінің адресі.
Архитектура – желідегі құрамдастардың өзара байланысын, орындайтын қызметтерін, құрылымын, моделін анықтайтын концепция. Архитектура желінің логикалық, физикалық және бағдарламалық құрылымын, қызмет етуін, элементтердің әсерлесуінің сипаты мен топологиясын қамтиды.
Адаптер (adapter) – объектілерді біріктіру мақсатындағы енгізу және шығу параметрлерін келісімдеу программасы немесе құрылғысы.
Адрес (adress) – деректердің шығу немесе бару пунктін кодталған белгісі.
Аналогтық сигнал (analog signal) – уақыт бойынша шамасы өзгеретін сигнал. Аналогтық сигнал деректерді уақыт бойынша үзбей өзгерту арқылы береді.
Аналогтық-дискреттік түрлену (analog-to-digital conversion) – аналогтық сигналдың дискретті сигналға айналу үрдісі.
Архитектура – желідегі құрамдастардың өзара байланысын, орындайтын қызметтерін, құрылымын, моделін анықтайтын концепция. Архитектура желінің логикалық, физикалық және бағдарламалық құрылымын, қызмет етуін, элементтердің әсерлесуінің сипаты мен топологиясын қамтиды.
Арна (link) – деректерді беру ортасы немесе жолы.
Ауқымды есептеуіш жүйе, АЕЖ (Wide Area Network, WAN) – алыстан әсер ету байланысының құралдарын қолданатын компьютерлер желісі.
Достарыңызбен бөлісу: |