Клиент (client) – басқа бірнеше компьютерлерден қызметтер немесе ресурстарды сұрататын желідегі компьютер.
Клиент – сервер (client-server) – есептеу моделі, мұнда кейбір компьютерлер қызметтерді сұратады (клиент), ал кейбірі мұндай сұранымдарға қызметпен жауап береді (сервер).
Коаксиалды кабель (coaxial cable) – ішкі және сыртқы бір-бірінен изоляцияланған құралған кабельдер. Коаксиалды кабель бір немесе бірнеше орталы мыс сымдары болады, ол диэлектрлі изоляциямен қапталған, ол өз кезегінде орталық сымдарды сыртқы электромагниттік әсерлерден қорғау үшін металл торшасымен немесе түтікпен жабылған.
Коммутатор (switch) – деректердің берілуінің мүмкін бағыттарын таңдайтын программа немесе құрылғы.
Көпір (bridge) – бір желінің жұмыс станцияларының басқа сжұмыс станцияларына қатынауға мүмкіндік беретін құрал. Көпірлер желіні кішкене сегменттерге бөлуге қолданылады. OSI моделінің арналық деңгейінде байланысуды жүзеге асырады. Көпір түрлі физикалық және арналық деңгейлерді түрлендіреді. Түйіндердің ұзындығы немесе санын көбейту үшін қолданылады.
Концентратор немесе hub (concentrator or hub) – жұлдыз топологиялы желілерде барлық компьютерлер қосылатын желінің байланыстырушы құрамдасы. Концентратор шырмалған жұпты қолданғанда компьютерлердің бір бірімен байланысын қамтамасыз етеді, сондай-ақ FDDI желілерінде компьютерлерді орталық түйіндерге қосу үшін қолданылады.
Құпия сөз (Пароль) (password) – пайдаланушының немесе бағдарламаның кез келген қорды пайдалануына құқығын растайтын белгі.
Топ (group) – бір атпен және қорларға қатынау құқығымен анықталатын пайдаланушылардың жиынтығы.
Жергілікті желі (Local-Area Network) – жүйелері бір-бірінен жақын арақашықтықта орналасқан желі.
Магистраль (backbone) – трансиверлер кабельдері компьютерлерге, қайталауыштарға және көпірлерге таралатын негізгі кабель.
Маршрутизатор (router) – екі желіні қосатын, кейде әртүрлі деңгейлі МАС (арналық деңгей, ортаға қатынауды бақылау) біріктіретін бағытталған құрылғы – хаттама.
Достарыңызбен бөлісу: |