Аттардың домендік жүйесі (DNS – Domain Name System) – пайдаланушыға түсінікті, ІР адрестері мен аттарын салыстыруға қажетті белгілердің жүйесі, Internet желісінде қолданылады. DNS жүйесі кейде DNS қызметі деп те аталады.
Ақпараттық желі (information network) – деректерді өңдеу, сақтау және беруге арналған желі.
Әкімшілік жүйе (manegment system) – желіні немесе оның бөлімін басқаруды қамтамасыз ететін жүйе.
Бөлінген сервер (dedicated server) – тек сервер түрінде қызмет көрсететін желілік сервер.
Біррангілі архитектура (peer-to-peer architecture) –қорларды ұсынатын және қолдана алатын әрбір абоненттік жүйесі бар ақпараттық желінің концепциясы.
Виртуалды желі – сипаттамалары негізінен оның бағдарламалық қамтамасыз етілуімен анықталатын желі.
Құпия түрде қосылу – аты мен құпия сөзді көрсетпей, компьютердің есептік жазбалары бойынша компьютердің қорына қашықтан қатынауға рұқсат беретін функция.
Гиперорта – қабылдаушы жақтан қабылдауды растауды қажет етпейтін, бір-бірімен ассоциацивті байланысқан, блоктар түріндегі ақпарат түрлерін ұсыну технологиясы.
Гипермәтін – блоктардың бір-бірімен ассоциацивті түрде байланысқан мәтіні.
Доменнің бас бақылаушысы (Primary Domain Controller, PDC) – есептік жазбалардың деректер базасының негізгі көшірмелерін сақтау үшін PDC режіміндегі Windows NT Server орнатылған компьютер.
Дискретті сигнал (discrete signal) – соңғы, әдетте көп емес мәндердің саны бар сигнал. әдетте барлық жағдайларда дискретті сигналдың екі немесе үш мәндері бар. Кейде оны сандық сигнал деп атайды.
Интернет – ауқымды желіге біріктірілген компьютер жиынтығы.
Кабель (cable) – геметивті қапшыққа біріктірілген изоляцияланған жүргізушілердің бірі немесе тобы.
Кадрлардың коммутаторы – ортаның жылдамдығымен бірге жұмыс істейтін ортаға қатынау деңгейінің көппорттық көпірлері, ол клиенттік және серверлік жүйелерді байланыстыруда бөлінетін қатынауы бар орта үшін концентраторлармен салыстырғанда жоғары өтімділікке кепілдік береді. ЛВС-ті сегментациялағанда кадрлардың коммутаторлары баға/өнімділіктің ең дұрыс шамаларын қамтамасыз етеді және дәстүрлі көпірлер мен маршрутизаторларға қарағанда көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |