Мазмўны Кіріспе html



бет63/65
Дата13.11.2022
өлшемі6.71 Mb.
#464698
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Bilim Boribaev-Web-teh

Маршрутизация (routing) – деректер блогы адресатқа жететін жолды қатынастық желіде анықтау үрдісі.
Желінің маскасы (network mask) – бір ІР–желі/бағыныңқы желіде орналасқан ІР адрестердің диапазонын анықтайтын 32 биттік сан.
Модем (modem) – МОДулятор-ДЕМодулятор ден қысқартылған. Компьютерге деректерді әдеттегі телефондық тізбек бойынша беруге мүмкіндік беретін байланыс құрылғысы. Сандық сигналдарды беріліс кезінде аналогты түрлерге түрлендіреді. Ал қабылдау кезінде аналогты сигналдарды сандық түрлерге түрлендіреді.
Желінің мониторы (network monitor) – желілік трафикті бақылайтын бағдарламалық-аппараттық құрылғы кадрлар деңгейлерін дестелер типтері мен қателер туралы ақпаратты жинайды.
Қайталауыш немесе репитер (repeater) – кабельдің бір кесіндісінен екіншісіне мазмұнын өзгертпей, сигналдарын күшейте өткізетін құрылғы. Қайталауыштар ЛВС ұзындығын көбейтеді.
Құқық, мүмкіндік (tоken) – жүйеге кадрларын беруге рұқсат беретін символ немесе символдар тобы.
Өткізу жолы (bandwidth) – берілген диапазондағы максималды және минималды жиіліктер арасындағы айырмашылық; тасушы жұмыс істеуіне болатын диапазондардың жиілігі.
Пайдаланушы (user) – қандай да бір қорларды немесе мүмкіндіктерді қолданатын заңды немесе жеке тұлға.
Порт (port) – құрылғы немесе бағдарламаға қатынау нүктесі. Логикалық және физикалық порттар белгілі.
Провайдер (provider) – Интернет желісіне қосылуды қамтамасыз ететін (немесе ақылы еңбек негізінде басқа қызметтерді атқаратын) ұйым.
Хаттама – желі бойынша берілуге арналған жіберуші жұмыс станциясынан шығатын басқарылатын ақпарат пен деректері бар дестелерді жинау және алушы жұмыс станциясына жеткенде дестелерді босату тәртібін ұсынатын ережелер жиынтығы.
Таратқыш (hub) – жұлдыз топологиялы кабельдік жүйе немесе ЛВС-тің орталығы. Бұл файл-серверлер немесе концентраторлар болуы мүмкін. Оларды желілік бағдарламалық қамтамасыз ету бар және олар желі ішінде қатынастарды басқарады, сондай-ақ шлюз есебінде басқа компьютерлерде жұмыс істей алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет