Мазмұны Кіріспе І – Тарау; Әдебиеттерге шолу


Кристалдардың пластиктивті ағуының негізгі заңдылықтары



бет11/28
Дата05.04.2024
өлшемі5.67 Mb.
#497773
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Дип.-Денелердің-беріктілігін-зерттеу

Кристалдардың пластиктивті ағуының негізгі заңдылықтары
Пластиктивтілік кристалдарды созып және қысып сынағанда сырттан әсер ететін кернеу ағу шегінен жоғары болғанда қалдық деформация пайда болады. Бірақ қалдық деформацияның пайда болуына созу және қысу себепті емес. Кристалды созу дәрежесі өскен сайын күш бағытына перпендикуляр бағыттағы атомдар жазықтығының ара қашықтығы өседі, белгілі дәрежеге жеткенде атомдардың өзара тарту күші сыртқы күшті теңестіре алмай, сонымен кристалл қирайды. Ал кристалды қысқан кезде атом жазықтары бір-біріне жақындай түседі, бұл процесс атомдар арасында тебу күшін тудырады. Тебу күштің шамасы сыртқы күшке теңескенге дейін өседі. Бұл жағдайда идеал серпімді деформация өтеді және тор бөлшектерінің қайтымсыз ығысуына алып келмейді, яғни пластикалық деформацияға алып келмейді. Пластикалық деформация тек кристалды ажырататын (скалывающих) кернеудің әсерінен ғана пайда болады. Бұл кернеудің әсерінен атомдар арасындағы байланыс бұзылмай кристалдың бір бөлігі екінші бөлігінен бір атом арақашықтығына ығысады. Мұндай ығысуды сырғанау деп атайды (2.2.-сурет).

2.2.-сурет
Бұл ығысу кристал денелердің пластикалық ағу процесінің негізін құрайды. Кристалға жүктелген жүк (Ғ) аса үлкен болмаған кезде кристал серпімді деформацияланады (2.2. б-сурет) және жанама кернеу  салыстырмалы ығысу деформациясына  пропорционал (Гук заңы):
(2.2)
мұндағы G – ығысу модулі. Ығысу кернеуі () серпімді шегінен жоғары болмау керек. Сыртқы әсер етуші күш денеден алынғанда атомдар бастапқы орнына қайтып келеді. Сыртқы әсер ететін күш серпімді шегінен үлкен болған кезде кристалдың белгілі бір жазықтығында (S) кристалдың бір бөлігі екінші бөлігінен бір немесе бірнеше атом аралығына ығысады. Бұл жазықтықты сырғанау жазықтығы деп атайды. (2.2. в-сурет)
Сыртқы күш денеден алынса, тордың серпімді кернеуі жоғалады, бірақ кристалдың бір бөлігі екінші бөлігінен ығысқан күйінше қалады. (2.2. г-сурет)
Осындай көптеген жазықтардағы қайтымсыз ығысулардан кристалдағы жалпы қалдық деформация тұрады.
Кристалдың пластикалық деформация қасиетін, бірінші кристалл құрылымы элементтері арасындағы байланыс күш характері анықтайды, екіншіден әр түрлі өңдеулер анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет