Мазмұны Кіріспе І – Тарау; Әдебиеттерге шолу



бет13/28
Дата05.04.2024
өлшемі5.67 Mb.
#497773
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Дип.-Денелердің-беріктілігін-зерттеу

2.2.-кесте

Жұтушы энергиясы, Дж/кг

Алюминий

Мыс

Темір

Никель

Латунь

Металдардың деформация барысында

4,6·103



2,1·103



5,0·103



3,3·103



2,1·103



Пластикалық деформация қайтымсыз атомдардың ығысуымен және кристалдың бір бөлігінің екінші бөлігінен ығысуымен байланысты болғандықтан, кристалда энергияның жинақталған шамасы кристалдағы қалдық кернеудің энергиясын береді, бұл энергия кристалл торының серпімді бұзылған бөлігінде пайда болады. Суық деформацияланған кристалда ішкі энергияның өсуі кристалдың термодинамикалық күйінің кристалды күйдірген кездегі термодинамикалық күйіне қарағанда кристалды тұрақсыздыққа алып келеді. Бұл жағдай кристалды тепе-теңдік тұрақты күйге алып келетін процестердің пайда болып және оның дамуына алып келеді. Ондай процестерді демалдыру және рекристаллизация деп атайды. Кристалды демалдыру кезінде бұзылған торлардағы атомдарда ішкі энергия таралып, бұл атомдар өзінің бастапқы орнына оралады. Бұл процесс жүргенде кристалл құрылымында көрінетіндей өзгерістер болмайды және пластикалық деформацияның арқасында алынған беріктеліну жартылай немесе толық алынады. Демалу диффузионды процеспен өтеді, демалу кезіндегі процесс жылдамдығы температураға және деформация энергиясына тәуелді. Балқу температурасы төмен металдарда (қалайы, қорғасын, кадмий, мырыш, т.б.) бөлме температурасының өзінде демалу елеулі жылдамдықпен өтеді.


Абсолют температура шкаласы бойынша балқу температурасының жобамен төрттен бір бөлігіне тең температурада деформация арқылы беріктелінген кристалдың беріктілігін төмендететін басқа да процесс интенсивті жүре бастайды, бұл процесті рекристаллизация деп атайды. Бұл процестің кристалл құрылымында елеулі өзгеріс бермейтін демалу процесінен ерекшелігі, рекристаллизация процесі барысында ішкі кернеуден тәуелсіз үлгіде жаңа кристалл өседі. Бұл кристалдың өсу орталығы бірінші ретте артық еркін энергияға бай, торы ең жоғары бұзылған нүктеде пайда бола бастайды. Сонымен үлгінің микроқұрылымы толығымен өзгереді. Жалпы жағдайда, монокристалды күйден поликристалды күйге өтуі мүмкін. Дефформация кезінде жинақталған энергия рекристаллизация процесі кезінде жылу энергия түрінде кристалдан шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет