Тұжырымдар
Сонымен, біздің зерттеулер нәтижелері бойынша келесі тұжырымдарды жасау мүмкін:
І. Егде адамдар еңбектен кейінгі кезеңде бейімделудің әртүрлі дәрежесімен сипатталады. Тұлғалық ерекшеліктер (өзіндік сана-сезім ерекшеліктері, себептік-қажеттік және эмоционалдық шеңберлер ерекшеліктері) бейімделу процессінің нәтижелегінің факторы ретінде шығады.
ІІ. Бейімделуі жоғары деңгейі адамдар еңбектен кейінгі кезеңде өзіндік бағалаудың тиімді деңгейіне (орта және қалаулық сипаттамаларын жоғары бағалайды). Олар өздерінің өмірі үшін өздерін жауапты санауға бейім.
Бейімделуі төмен деңгейдегі егде адамдар еңбектен кейінгі кезеңде өзіндік бағалаудың төмен және орта деңгейлерімен сипатталады, көбінесе олар өздеріне көңілі толмайды. Бұл адамдарда бақылаудың экстериалдық локусы басым болады.
ІІІ. Бейімделуі жоғары деңгейдегі егде адамдар еңбектен кейінгі кезеңде өткен уақытта жетістікке жеткендерін бағалай алады. Олардың қызығушылықтары әртүрлі болады. Олар басқаларды қаыблдауын жоғары деңгейіне ие және өздерінің ара қатынастарына қанағаттанады.
Бейімделуі төмен деңгейдегі зейнеткерлер еңбектен кейінгі кезеңде болашақтың проблемалар мен қиыншылықтарды күтеді немесе еш нәрсені күтпейді. Олар өткенді бағалай отырып қолдан келгенді жасай алмағандығын атап көрсетеді. Бұл топ үшін пассивтік мүдделер немесе сүйікті жұмыстың болмауы тән. Олар туыстарымен қатынас жасаған кезде оларды қолдау күтеді және жалғыздықтан қорқады. Олардың қатынас жасауға көңілдері толмайды.
ІҮ. Бейімділуі жоғары деңгейдегі егде адамдар эмоционалдық комфорттың жоғары деңгейіне ие, яғни олар байсалды, сабырлы және оптимист. Оларды туыстардың және қоғамның проблемалары толғандырады. Бұл топтағы зейнеткерлердің негізгі қорқынышы өз жоспарларын іске асыра алмауда немесе үлгермеуде жатыр.
Зейнеткерлікке шығу процесіне деген эмоционалдық көзқарас оларда байсалды болады, себебі олар зейнеткерлікке шыққан соң өмірдегі көптеген оң өзгерістерді көре алады. Бейімделуі төмен деңгейдегі зейнеткерлер еңбектен кейінгі кезеңде эмоционалдық комфорттың төмен деңгейінде қалып қояды, яғни олар үрейленеді, қобалжиды немесе қоршаған ортаға немқұрайлы сезімде болады. Олар бәрінен де артықша жүк болудан, жалғыздықтан және денсаулық проблемаларынан сескенеді.
Ү. Зейнеткерлікке шығу алдындағы және зейнеткерлік жастағы егде адамдарды психологиялық қолдаушы арнайы ұйым қажет, сонымен бірге бейімделу кезінде қиыншылықтарға тап болған зейнеткерлерге психологиялық жәрдем көрсету керек. Психологтың жұмысы бейімделу факторы болған тұлғалық ерекшеліктеріне сүйенуі мүмкін.
Адам өмірінің еңбектен кейінгі кезеңдегі бейімділіксіз профилактика жасау бойынша жұмыстар.
Зерттеу нәтижелері бейімделуі төмен деңгейдегі егде адамдардың тобымен психологиялық жұмыс жүргізу қажеттілігін көрсетті. Жұмыс бейімсіздік профилактика жасауға бағытталуы керек. Зейнеткерлікке шыққан соң егде адамдарда жаңа құндылықтарды, рольдерді, дағыдыларды игеру қажеттілігі пайда болады. Өмір тәрізді өзгерген және қызметтің еңбектік формасы тоқталған кезде олар қоршаған ортамен байланыстарын, жарамдылықтарын және өмірге деген қызығушылықтарын мүмкіндік барынша ұзақ қолдап отыруы қажет.
Профилактикалық жұмыс екі кезеңде ұйымдастырылуы мүмкін:
І. Зейнеткерлікке шығуға дайындық.
ІІ. Еңбектен кейінгі кезеңде егде адамдармен жұмыс істеу. Әрбір кезеңде өзінің мақсаттары мен оларды іске асыру тәсілдері болады.
І кезең
Дайындық кезеңі зейнеткерлікке шығудан алдын басталады.
Мақсат. Егде адамдардың зейнеткерлікке шығу үшін оларды залалсыз және физикалық-психологиялық денсаулығын сақтаған хәлда сол кезеңге өтуі мынада жатыр: адам бастапқы кезде өмір тәрізі мен статусының өзгеру процесін ойдан өткізеді, яғни ол шынайы сол уақытқа дейін стресстік жағдайлар мен бейімделуге дайын тұруы қажет, соған үлгеруі керек.
Әлеуметтік-психологиялық жұмыстың негізгі формалары:
Әлеуметтік-психологиялық ағартушылық:
Жұмыстың бұл формасы арнайы әдебиеттер бойынша жалпы оқытуды ойластырады. Бұл әдебиеттерде егде жастың ерекшеліктері туралы, негізгі қиыншылықтар туралы ақпарат беріледі, себебі зейнеткерлікке шыққан адам осы проблемаларға тап болуы мүмкін.
Бұл форма барынша ыңғайлы, бірақ жеке жандасудың мүмкіндігі болмаған соң оның тиімділігі төмендейді.
Кеңес беру.
Зейнеткерлікке шығуға дайындаудың әртүрлі мәселелері бойынша жекелей кеңес берулерді ұйымдастыру қажет. Бұл әдістің негізгі жетістігі болып жекелей жандасу мен материалды берудің ауызша формасы болып табылады.
Кеңес беру процесінде егде адамдарды зейнеткерліктегі өмір тәрізімен таныстыруға мүмкіндік пайда болады, сонымен бірге ол зейнектерлікке бейімдеу процесін қиындататын әртүрлі әлеуметтік-психологиялық проблемаларды шешуге жәрдем береді.
Топтық жұмыс.
Арнайы жасалған ережелер бойынша дайындық топтарын құру керек. Топтарды жасақтау мен іріктеу зейнеткерлікке шығуға теріс көзқарастағы егде адамдардың есебінен өткізілуі мүмкін.
Дайындық топтарын комплектация жасау принциптері:
Өндірістік, яғни фирмалар мен мекемелерде зейнеткерлікке шығуға дайындыққа жүргізу. Бұл принцип ұйымды іс-шарамен қамтамасыз етеді және топ мүшелерінің бір-бірімен танысуына байланысты алғашқы кезеңді жеңілдетеді. Бірақ, бұл принциптің де әлсіз жақтары бар, өйткені егде адамдарға қатынас шеңберін кеңейтуге және жаңа әлеуметтік байланыстарды орнатуға мүмкіндік беріледі.
Территориалдық принцип (тұрғылықты жерді есепке алған жағдайда).
Бұл принциптің үстемдігі оның жақын арада тұратын адамдарға үздіксіз байланыста болуына мүмкіндік жаратады.
Дайындық топтарын жасақтау аталған принциптердің кез келгені бойынша жүргізілуі мүмкін.
Топтардың ерекшеліктеріне қарай жұмыс бағдарламаларының мазмұны әртүрлі болуы мүмкін. Бұларға коммуникативтік тренинг, өзіне сенімділік беру, креативтік және сенотивтік тренингтері жатады.
Жұмысытң бұл формасы болашақ зейнеткерлердің ұжымға интеграциялауына жағдай жасайды, ал ол бейімделу процесіне оң ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |