ІІІ тарау. 2. Экспериментелдық топтардағы сынақтан өтушілердің эмоционалдық шеңберінің ерекшеліктері
А тобы (бейімделудің жоғары деңгейіндегілер)
«Эмоционалдық комфорт» шкаласы арқылы эмоционалдық шеңберді зерттеу кезінде бұл топтағы сынақтан өтушілердің 58%-ы жоғары және 42%-ы орта эмоционалдық комфорт деңгейлері анықталды. Демек, А тобындағы адамдар сабырлы, байсалды және оптимист. Қорқыныштарды зерттеу кезінде сынақтан өтушілердің 42%-ын туыстар проблемасы толғандырғандығы белгіленді («Мен өмірде балалардың бір нәрсесі ойдағыдай болмай қалды ма деп қорқамын?»). Сынақтан өтушілердің 25%-ы үлгермеушілік қорқынышымен, 17%-ы қоғамдық проблемаларды ойлаумен сипатталады («Мен нәтижесінде ауа-райы өзгере ме деп қорқамын?») Теріс эмоцияларды келтіруіші факторлар зерттеу кезінде қалау мен болмыс арасындағы сәйкес келместік (33%), туысқандардың проблемалары (25%), өткен өмірді ойлау (17%) атап көрсетілген. Сонымен бірге басқа да себептер кездеседі - 17% («Ауа райы бұзылған кезде менің көңіл-күйім де төмендейді»). Сұхбат арқылы зейнеткерлікке шығу процесіне эмоционалдық көзқарасты зерттеу барысында бейімделуі жоғары деңгейдегі егде адамдардың зейнеткерлікке шыққан соң өмір тәрізді де көптеген оң өзгерсітерді көруі анықталған. Олардың ішінде туыстармен жиі араласу, достармен жиі болу, көп оқу, демалу, денсаулықты қадағалу және тағы басқа мүмкіндіктері аталды.
В тобы (бейімделудің орта деңгейіндегілер)
«Эмоционалдық комфорт» шкаласы арқылы эмоционалдық шеңберді зерттеу кезінде сынақтан өтуішілердің 75%-да эмоционалдық комфорттық орта деңгейі анықталған. Сонымен бірге, 10%-да жоғары және 15%-да төменгі деңгейлер кездеседі.
Қорқыныштарды зерттеу кезінде сынақтан өтушілердің 45%-ы туысқандар проблемасы, 17,5%-ы денсаулық проблемасы, 12,5%-ы қоғам проблемалары толғандырғандығы анықталған. Сынақтан өтушілердің 10%-ы артық жүк болу қорқынышы кездеседі. В тобындағы сынақтан өтушілердің 30%-да туыстар проблемасы теріс эмоцияларды, ал 25%-ы өткен өмірдің естеліктері теріс эмоцияларды келтіреді («Мен жалғыз қалғанда көңіл-күйім төмендейді»). В тобындағылар зейнеткерлікке шығуына байланысты әрі оң, әрі теріс эмоцияларды материалдық қиыншылықтардың пайда болу, араласу шеңберінің тарылу және жалғыздық сезімінің пайда болу мүмкіндіктеріне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |