С тобы (бейімделудің төменгі деңгейіндегілер)
«Эмоционалдық комфорт» шкаласы бойынша нәтижелерді талдау сынақтан өтушілердің 70%-да осы шкала бойынша төмен көрсеткіштерге ие екендігі белгіленді. Сынақтан өтушілердің 30%-ның эмоционалық комфорт деңгейі орта болып шықты. Бұл нәтижелер сынақтан өтушілердің қобалжып жүргендерін және қоршаған ортаға немқұрайлы қарайтынын көрсетеді. Қорқыныштарды зерттеу кезінде бұл топтағы егде адамдардың артықша жүк болудан (30%), жалғыз қалудан (30%) және денсаулық проблемаларынан (20%) қорқатындығы анықталған. С тобындағылардың 30%-да өткенді еске алу, 20% қалаумен болмыстың сәйкес келмеуі, 20%-да туысқандардың проблемалары, 20%-да сырқаттар теріс эмоцияларды келтіреді. С тобының егде адамдары негізінен зейнеткерлікке шығу нәтижесінде теріс эмоцияларға тап болады. Бұл эмоциялар жалғыздық сезіміне, қоғамға қажетсіздік сезіміне және отбасындағы абыройдың төмендеуіне байланысты. Топтар бойынша эмоционалдық шеңбер көрсеткіштерін салыстырмалы талдау елеулі айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік берді.
А тобындағылардың 58%-на эмоционалдық комфорттың жоғары деңгейі тән, ал С тобындағы көрсеткіш 0% және В тобындағы көрсеткіш 10%. Эмоциоландық комфорттың төмен деңгейі. С тобындағылардың 70%-ы кездеседі. Ол көрсеткіш В тобында 15%, ал А тобында 0%.
А тобында бір нәрсені істеп үлгермеу қорқынышы жиі кездеседі (25%), В тобында 7,5%. А тобындағылардың 42%-ы жақын адамдар туралы ойлау С тобына қарағанда (10%) жиі кездеседі.
Артықша жүк болу қорқынышы С тобындағылардың 30%-да кездеседі. В тобында бұл көрсеткіш, 10%, ал А тобының 17% және В тобында 12,5%, бұл проблемалар қызықтырады. Туыстар үшін қайғыру В тобының 45%-да кездеседі, ал С тобындағы бұл көрсеткіш 10%.
Теріс эмоциялар жалғыздық сезімі арқылы болған кезде С тобының 10%-ын қамтиды, ал А тобында 0%. Қалаумен болмыстың сәйкес келмеуіне байланысты теріс эмоциялар В тобындағылардың 12,5%-ы, ал С тобындағылардың 33%-ы кездеседі. Сонымен, бейімделуі жоғары деңгейдегі егде адамдарға эмоционалдық комфорттың жоғары деңгейі тән, ал бейімделуі төмен деңгейдегі зейнеткерлерде ол салыстырмалы түрде төмен.
Достарыңызбен бөлісу: |