Мазмұны Кіріспе І тарау. Геронтология ғылымы туралы түсінік. Қартаң адамдардың проблемалары. Қартаң адамдардың өмір санасы әлеуметтік проблема ретінде. ІІ тарау. Қарт адамдардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы


С тобы бейімделуі төмен деңгейлер



бет12/22
Дата06.03.2024
өлшемі451.5 Kb.
#494571
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Дип Геронтология ғылымы туралы түсінік

С тобы бейімделуі төмен деңгейлер
1. Болашақ туралы айтылған жауаптарда өзгерулерді күтпеу - 30% («Болашақта менің өмірім өзгермейді») қиыншылықтарды күту 22,5% («Болашақта менің өмірім қиындай түседі»), тұрмыстық проблемалар – 17,5% жиі кездеседі. Денсаулық туралы ойлар 15% сынақтан өтушілердің жауаптарында орын алған. «Жетістіктерді күту» категориясы бейімделуі төмен деңгейдегі сынақтан өтушілердің жауаптарында кездеспейді.
2. Өткен өмірлерін бағалай отырып С тобындағылардың 40%-ы қолдана келген жұмыстарын істемегендігі туралы айтады. («Өз өміріме қарай отырып, мен оны жақсырақ және көңілдірек өткізуіме боларын ойлаймын»). Олардың 30%-ы жетістіктерге қарағанда сәтсіздіктердің көп болғанын («Өткен өмірге қарай олтырып, көп сәтсіздіктердің болғанын ойлаймын»), 15%-ы өздерінің өткен уақыттағы мақсаттары мен ұмтылыстарының қате болғандығын, 10% ойларын жартылай іске асырғандығын атап көрсетеді. Тек 5% ғана өздерінің мақсаттарына жеткендіктері туралы жазады.
3. Зейнеткерлікке шығуға қатысты пікірлерді талдау кезінде егде адамдардың 60%-ы бұл жағдайды ауыр өткізгендігін 30%-ы жайбырақат өткізгендігін және 10%-ы қуанғандығын көрсетеді. Сұхбат кезінде С тобындағы сынақтан өтушілер үшін пассивтік қызығушылықтар (теледидер көру, тоқу, оқу )сипатты екендігі анықталады, ал көбісі өздерінің сүйікті жұмысы жоқ екендігін атаған. Демек, қызығушылықтың болмауы зейнеткерлікке шығу процессін қиындатады, өйткені еңбектің орны компенсацияланбайды.
4. Туыстар мен қатынасқа байланысты пікірлерінде сынақтан өтушілердің 50%-ы жақындарынан қолдау күтеді, ал 30%-ы жалғыз қалудан қорқады. Жауаптарың 20%-ы туысқандарға қамқорлық көрсете біледі.
5. «Басқаларды қабылдау» шкаласы арқылы алынған нәтижелерді талдау кезінде С тобындағылардың 60%-ы басқаларды қабылдаудың төмен деңгейіне ал 40%-ы орта деңгейіне ие екендігі анықталды, яғни бұл топтағы адамдар басқалармен қызу қатынас жасамайды және өздерін қоршаған адамдарға достық сезімдері бола бермейді. Сұхбат нәтижелерін талдау бейімделуі төмен деңгейлердегі адамдардың 70%-ы қоршаған адамдармен қатынастарына көңілдері толмағандығын көрсетеді, немесе 30%-ы қанағаттанғандығын, бірақ қатынас шеңберінің таралғандығын белгілейді. Кәрілікке өздерінің анықтамаларын бере отырып, С тобының адамдарының 40%-ы кәрілікті ауыр жүк, 20%-ы өлімнен қорқыныш, 30%-ы сырқаттар деп есептейді. Бейімделуі төмен деңгейлердегі егде адамдар өмірінің жақсы кезеңі ретінде балалық шақты (40%), жастық шақты (40%) және тек 10% ғана қазіргі уақытты есептейді.
Себептік-қажеттілік шеңберіндегі ерекшеліктерін салыстырмалы талдау елеулі өзгешеліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

  1. А тобындағылардың болашақ туралы пікірлерінде жетістіктерді күту жиі кездеседі (29%), В тобындағыларда ол көрсеткіш (9%), ал С тобындағыларда 0%. В тобында жауаптардың 20%-ы тұрмыстық проблемаларға байланысты, ал А тобында 4% болады.

  2. Өткен өмір туралы пікірлерде А тобындағылардың 54%-ы өз ойларын іске асырғандығын көрсетеді. В тобында бұл көрсеткіш 15%. Ал С тобында 5%. С тобындағылар А тобы (0%) және В тобындағылармен (6%) салыстырғанда сәтсіздіктердің жетістіктерден басым болғандығын атап көрсетеді. Сонымен бірге олар (46%) В тобындағыларға қарағанда (1%) қолынан келген жұмыстарды жасай алмағандықтары туралы жиі жазады. В тобындағылардың 38%-ы өз ойларын жартылай іске асырғандықтарын атап көрсетеді, ал С тобындағылардың сол көрсеткіші (10%).

  3. Зейнеткерлікке шығуға байланысты пікірлерде С тобындағылардың 60%, А тобындағылардың 25%, В тобындағылардың 25% қобалжығандарын атайды.

  4. Туыстарға қатынасты баяндалған А тобының 75%, С тобының 20% жақындарына қамқорлық жасауды ойлаған.

С тобындағы егде адамдар (30%) А тобындағыларға (0%) қарағанда жалғыз қалудан жиі қорқады.

  1. Кәрілікті тұжырым жасау ретінде А тобының 17%, В тобының 2,5% қабылдаған. С тобындағылрадың бұл көрсеткіші 0%. А тобының 25% кәрілікті өмірдің бір кезеңі, ал 17% еңбектен демалу деп есептейді. С тобындағылардың бұл көрсеткіштері 0%-ға тең.

  2. С тобының 40%-ы кәрілікті ауыр жүк деп біледі, ал А тобында бұл көрсеткіш 0%, В тобында 10% болады.

Жақындарға қамқорлық ретінде кәрілікті анықтау С тобында сирек (10%) болады, ал А тобында және В тобында орта болады.

  1. «Басқаларды қабылдау» шкаласы бойынша елеулі айырмашылықтар анықталады. А тобындағылар жиірік (58%) басқаларда қабылдаудың жоғары деңгейіне ие, ал С тобында (0%) және В тобында (10%). А тобындағы көрсеткіш ????15бет

Басқаларды қабылдаудың төмен деңгейі С тобындағылардың 60%-на тән. В тобында 12,5%, А тобында 0%.
Сонымен, бейімделуі жоғары деңгейдегі егде адамдар еңбектен кейінгі кезеңде болашаққа сенімділеу қарайды, өткенді оң бағалайды және басқаларды қабылдаудың жоғары деңгейіне ие.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет