1 міндет: Егде адамдарға түсініктеме беру және оның тарихын анықтау. Яғни біз бұл міндет арқылы егде адамдар деген кімдер, оларға қай жас аралықтар жатады және бүкіл әлемдік атақты зерттеушілер ұсынған тарихын білеміз. Сол әлемдік зерттеушілер егде жастағылардың жас шамасын әр қалай жорамалдайды және олардың әрқайсысына маңызды түсініктеме береді.
2 міндет Егде жастағы адамдарға сыртқы ортаның әсері. Мұнда егде жастағы кісілер бос уақытысында қандай жұмыстар атқарады, қандай мәдени орталықтарға барады және жалпы сыртқы ортадағы болып жатқан барлық құбылыстарды қалай қабылдайтындығын айтуға болады.
3 міндет ҚР-ғы егде жастағы адамдардың жағдайы. Бұл үшінші міндеттің орындалу барысында көптеген егде жастағы адамдарға сұрақ-сауал қою арқылы олардың жеке ойларын білдік және сонымен қатар статистика көрсеткіштерін көре отырып, республикадағы егде адамдардың сандық дәрежесін білдік.
4 міндет: Шетелдегі егде жастағы адамдармен салыстыру. Шетелдерде егде жастағы адамдарға арналған ұйымдар өте көп. Мәселен олар- «Америка зейнеткерлер қоғамы», Ұлыбританиядағы «Зейнеткерлердің ұлттық одағы», Германиядағы –«Аға ұрпақтың федералды конгрессі», Канададағы «Жасы үлкендер қоғамы», Австралиядағы «Егде адамдардың істері бойынша кеңестер», Жапониядағы «Егде адамдар клубынын ұлттық федерациясы» сияқтылар жатады. Бұл ұйымдар арқылы біз шет елдегі егде жастағылардың сандық көрсеткішін, оларға қандай жеңілдіктер берілетінін білдік және де оларға жеке кәсіпкерлікпен айналысуға, жоғарғы оқу орындарында әрбір үшінші университет қарт адамдар үшін арнайы оқу курстары мен бағдарламаларын түзіп, мүмкіндік бергені туралы айтылған.
5 міндет: Методикалық ұсыныс беру.
Біздің ҚР-ғы егде адамдарға шет елдердегі тәжірибелерді, ұсынған жоспарларын пайдалана отырып көмек көрсету.
Зерттеу нысаны – қарт адам тұлғасының ерекшеліктері және олардың әлеуметтік ортасы.
Зерттеу заты – қарт адамдарың әлеуметтенуі мен бос уақытын өткізудегі шетел тәжірибесінде зерттелуі.
Достарыңызбен бөлісу: |