І тарау. 1.Геронтология ғылымы туралы түсінік.
Бүкіл әлемде қарт азаматтардың саны айрықша өсуде, ал қарттық және қартаю мәселесі өзекті мәселе болып отыр.Адамның қартаюының өзіне назар аудартуының жоғарылауына қарамастан көптеген сұрақтар осы уақытқа дейін өңделмеген.Қазіргі уақытқа дейін қартаю ұғымының дәл анықтамасы жоқ. Homosapins деген адам түрінің латынша атауына саналы деген сөзден басқа қартаюшы не, қарттық адамның мінездік белгісі деген сөздерді де білдіреді.
Қартаю кезеңі «кеш естиярлық», «қарттық жас» деген анықтамалар кездеседі. «Демографиялық-энциклопедиялық» сөздікте 1985 ж. мынадай анықтамалар келтіріледі.
Қартаю бұл - адамзат тарихының әртүрлі тарихи-эволюциялық кезеңдерімен және әртүрлі экологиялық манипулияциялық әлеуметтік алмасушы биопсихологиялық және әлеуметтік ұғым.
Қазіргі кезде жоғары дамыған елдерде адамдардың қартаю кезеңі созылып, өмірлері ұзарып, ол отыз жылдай уақытты алатын болды. Алайда, педагогика, психология ғылымында бұл кезең адам өмірінің 311 бөлімінің алғашқы кезеңіне қарағанда аз зерттелген. Сонда да соңғы 20 жылдықта психологтар қарт адамдардың мінезінің психологиялық болмысы туралы маңызды материалдар жасады.
С.И.Ожегованың сөздігінде «егде» - «қартая бастаған», «қарттық» - «организм әлсізденетін, кемелдеген кезеңнен кейінгі өмір» және «қарт» - «қартаюға жеткен». Мұндай анықтамалар мынадай ойға әкеледі, біздің елімізде анық бейнеленген, біз адам қартайғанда қандай болатынын және қарт кісілердің тобына 60-та 75-ке дейінгі жасты жатқызады. Бұл топқа кіретін адамдар үшін белсенділік деңгейі айтарлықтай жоғары сақталған, ал олар үшін әлеуметтік-психологиялық бейімделуі және осы арқылы психологиялық, педагогикалық өзін жақсы сезінетінін бұзу маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Жалпы алғанда қартая бастағанда ренолитруктивтегі деструктивтік процесстерін меңгеруге байланысты динамикалық өмір сүруді түсінеді, ал қартаю – осы өзгерулердің жетістігі. Бұл өзгерулер биологиялық деңгейде мына жағдайда өтеді организм өзгере бастағанда, өлім жақындағанда; социологиялық деңгейде – адам зейнетақыға шығып статус өзгергенде; психологиялық деңгейде – адам болып жатқан өзгерістерді байқап және оған үйрене бастайды.
Қарттық нормасының физиологиясы мен медицинадағы ортақ мағынасы адамның организмнің, оның мүшелері мен функцияларының бірдейлік қоршаған орта шартында оптимальды өмір қызметін қамтамасыз етуші. Организмнің структуралық және функционалдық нормасы – оның жалпы денсаулықты қамтамасыз ететін тұрақты-резистенттілігі, жұмысқа қабілеттілігі, адаптацияға қабілеттілгі және ұзақ өмір сүруді белсенді сақтауы.
Қарттық жас – қартаю процесі ашық көрінетін, онтогенездің аяқталу кезеңі.
Қазіргі кезде қартаюдың әртүрлі анықтамалары бар. Ғалымдардың кейбіреулері қартаюды клеткалық заттың физико-химиялық стурктура өзгерісі есебінен реактивті клеткалдардың біртіндеп өзгеруі деп қарайды. Басқалардың ойынша, қартаю ішкі және сыртқы ортадан қорғанудың, мінез-құлықтың, физиологияның, биологияның төмендеуі. Сондай-ақ, қартаюды өмір сүруімен және қорғанудың төмендеуіне әкелетін мінез-құлықпен организмнің есейгендегі өзгеруі.
Осы кезге дейін қартаюдың себептері мен қарттық эволюцияның бірінші элементтері қандай деген сұраққа жауап жоқ.
Қартаюдың себебіне ең көп ескі анық ғылыми түсініктеме, ол Аристотельдің еңбегінде жазылған Аристотельдің ойынша қартаю индивидуальды өмірдің басында әртүрлілік иесіне берілетін, «туылғаннан бастап берілген жылудың» біртіндеп азаюымен түсіндіріледі. Сондай-ақ, Аристотель адам өмірін кезеңдерге бөлуге тырысып, сол арқылы биожас есебінің негізін салды. Бірінші бөлім – жастық, екінші бөлім – кемелдену, үшінші – қартаю.
Қартаю мәселесі ерте заманда адам өмірінде маңызды орынға ие болды. Қартаюдың алғашқы анықтамалары мен оның себептері антикалық дәуірге жатады. Ұлы көне грек дәрігері Гиппократ (б.д.д.Ү-ІҮғ.ғ) қарттықты – табиғи жылудың азаюы және ағзаның кебуінің нәтижесі деп санаған.
Сол кезеңде өмір сүрген философ Платон, қаратаюға әсіресе орта жастағы өмір сүру салты әсер етеді деп көрсеткен.
Қартаю өз даму жылдарында мына сала мамандары бойынша: дәрігерлерден және физиологтардан, философтардан және биологтардан, психологтардан, социологтардан, тарихшылар және құқықтанушылардан өзіне жаңа білімдер жинады.
Қартаю мәселелері туралы Цицирон, Аристотель, Роджерс, Бэкон, Ж.А.Кондорсе өз еңбектерінде жазған. Мәңгілік жастық, ұзақ жасау және мәңгі жасау туралы мифтер мен аңыздар адамзат дамуының барлық кезеңінде пайда болып қолдау тауып отырды.
Адам қартаюының нормалы процесін оның негізгі көрінулері мен факторларын, мінез-құлыққа әсер етуін, үлгілері мен қарттық өзгерістерінің күшейе түскендігін зерттейтін ғылым – геронтологияның басын әдетте ағылышын философы Бэкон есімімен байланыстырады. Бэкон қартаю процесін жүйелі зерттей отырып, қартаюдың себептерін ашуға мүмкіндік береді және ол қартаю процесіне жағымсыз әдеттер әсер етеді, - деп санаған.
Ресейде қартаюдың белсенді ұзартуына байланысты алғашқы еңбектер ХҮІІІ ғасырда пайда болған. Мәселен, орыс дәрігеріИ.Фишердің «Қартаю, оның деңгейлерімен аурулары туралы» атты кітабын айтуға болады.
Ғылыми геронтологияның негізін салушы И.И.Мечников болып табылады. Геронтологияның, қазіргі ұғымы ХХ ғасырдың ортасында қалыптасты. Геронтологияның тапсырмаларының бірі – орта әсеріне, өмір салтына, еңбегіне, әлеуметтік қатынастарына және өзара қарым-қатынасына байланысты қартаюдың ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.
Қазіргі кезде геронтологияны қарт адамдар ауруын зерттейтін медицина облысы, әлеуметтік геронтология, яғни оның өмір салтымен, ұзақтығын зерттейтін геронтология бөлімі бөліп қарайды.
Жас ерекшелік психологиясы мәселесі бойынша әдебиеттерге талдау қартаю ұғымының анықтамасы «мәңгі мәселе» қатарына қосты. Қазір қартаюды қалай түсіну, оның алғашқы белгілері қандай, қартаю жасы дегеніміз не? Және оның шекаралары қандай? деген сұрақтарға пікір-таластар жүргізілуде. Анықтамаға қиындық тудыратын қартаю – ұзақ, жастық процесс және оның орта жас пен аралығында шекара болмайды. Жалпы алғанда қартаю – жеке процесс, кей адамдарда ол ерте басталады, ал кейбіреулерінде кеш басталады.
Қоғамның әртүрлі тарихи кезеңдерінде және әртүрлі мәдениеттерінде қартаю мынадай жолмен анықталады: Пифагор – 60 жас, Қытай ғалымдары – 70 жас, ХХ ғасырдағы ағылшын физиологтары – 50 жастан жоғары, неміс физиологі М.Рубнер – 50 жас қарттық, 70 жасты қадірлі қарттық деп санаған.
Ю.Б.Гварнавский бүкіл қарттық кезеңді жеке топтарға бөлуді ұсынады: егде жас – 50-65; қарттық жас - 65-тен жоғары.
Ғылымда жас ерекшелік кезеңнің келесідей сызбасы қабылданған:
егде жас еркектер үшін 60-74 әйелдер үшін 55-74 жас.
қарттық кезең, әйелдер мен еркектер үшін 75-90 жас.
ұзақ жасаушылар әйелдер мен еркектер үшін 90- жас және одан әрі жоғары жас.
Сондай-ақ, зейнеткерлік жасты мемлекет жасайды. Зейнеткерлік жасты анықтауда хронологиялық жас кезеңі, яғни өмір сүрген жылдардың санын есепке алмайды, бірақ жұмыс атқарған жылардарына қарай анықтайды.
Функциялық жас кезең – жас ерекшелік динамикасының физиологиялық функциясында көрініс береді, генетикалық компонентінен, өмір салтымен жүре пайда болған ауруларымен, стресстік жағдайларымен, физикалық-психикалық және интеллектуальды белсенділікпен анықталады.
Психологиялық кезең – көрсеткіштер тобы. Психиканың жас ерекшелік өлшемдерімен сипатталады.
Биологиялық кезең – жастық структура және ағза функциясының деңгейлерінің көрсеткіші.
Осы кезге дейін қартаюдың себептері мен қарттық инвоинернің бірінші элементтері қандай деген сұраққа жауап жоқ.
Қартаюдың себебіне ең көп ескі және оның ғылыми түсініктеме, ол Аристотельдің «De juventute te senectute» еңбегінде жазылған. Арситотельдің ойынша, қартаю индивидуальды өмірдің басында әртүрлілік иесіне берілетін, «туылғаннан бастап берілетін жылудың» біртіндеп азаюымен түсіндірілді. Сондай-ақ, Аристотель адам өмірін кезеңдерге бөлуге тырысады, сол арқылы биожас есебінің негізін салды. Біріші бөлім – juventus (жастық), virilitas (кемелдену), senium (қартаю), Гиппократтың «De diaeta» шығармасында «табиғи ыстықтықты» жоғалту туралы ой бар.
Гиппократ пен Аристотельдің ойлары қартаю кезіндегі жылдың бөлімді жас кездегі жылу бөлінуге қарағанда баяу өтеді дегенге негізделген.
Гален одан ары барады. Оның ойынша қартаю тәннің ылғалдығын азайтуын табатын «табиғи ыстықтан» анықталады. Гален қарт адамдары қалпының көлемі азаяды, нәтижелерінде өмірді ұстап тұратын негізгі жылу кетеді. Бұл ой ХҮІІІ ғасырға дейін үстемділік құрды. Дірігер А де Лауренсон қартаю шырын мен «табиғи ыстықтың» үздіксіз 4 соғысты көрсетеді деп жазды. «Майшам майды қалай керек етсе тән де ылғалды солай керек етеді. Ылғалдық тән тамақтанғанда ғана қалпына келеді, бірақ бұл қалпына келу әрқашан толық болмайды,біздің тәніміздің органикалық заттары тамақпен сұйық болады. Организм құрғақ және салқын болады және соңында өмір өшеді. ХҮІІІ ғасырда «табиғи ыстық» деген ескі термин «өмірлік күш (энергиямен)»» алмастырылды. Ағылшын дәрігері Э.Дарвин атақты биологтың ағасы «өмірлік түршігудің жүдеуіне әкелетін витамитикалық болжам жасады», бұл жерде қартаю клеткалардың ауыстырылмайтындай болуын құрауы ретінде растайды. Орта ғасырларда өмірді жеті кезеңге бөлген.
ХХ ғасырда «өмірлік күш» спецификалық жоғалту теориясы қалды. Одан кейін бір болжам екіншісімен алмасып отырды. Қартаюдың себептері былайша қарастырылды. Ситоплазмадағы алмасушы процестердің баяу төмендеуі (Рубнер), қандай да бір өмірлік ферментті таусылды. (ОТТО НОЧИЛИ) белгілі бір химиялық заттарды жоғалту (леп), организмнің интокациясы организмнің және потологиялық фагосцитоез (Мечников), организмнің химиялық құрамының сұйықтығының өзгеруі (Каррель), Регенероцияға қабілеттінің әлсіреуі (Минот, РобертРессле) және тағы басқа.
Қартаюдың себебін анықтауға қанша ұмтылғанына қарамастан, оны күнге дейін ұзақ жасау проблемасын шешетін түзу теориялық жоқ. Келесі бөлімдерде қартаюдың себебінің қазіргі заманға ұсыныстары сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |