Жапонияның салық жүйесі
Жапонияның салық жүйесінің негізін 25мемлекеттік салықтар мен 30 жергілікті салықтар құрайды, сондай-ақ осы жүйе 3045қалалар мен аудандарды және поселкелерді біріктіретін 47 префектура аумағын қамтиды.
Жоғарғы кіріс көздері-заңды және жеке тұлғалардан тікелей алынатын мемелекеттік табыс салығы (барлық салықтық түсімдердің көлемін 50%-ке жоғарлататын салық деуге болады), мүлікке салынатын тікелей салықтар (олардың тобына елтаңбалық алымды, мұраға салынатын салықты, лицензияны тіркеуге салынатын салықты, жерлерді өңдеуге және жақсартуға салынатын салықты жатқызуға болады), сондай-ақ тұтынуға салынатын тікелей және жанама салықтар болып табылады.
Жеке тұлғалар төлейтін мемлекеттік табыс салығының ставкалары 10,20,30,40,және 50% мөлшерінде белгіленген. Префектуралық табыс салығы 5,10 және 15% ставкалар көлемінде алынады. Тағы бір айта кететін жәйт, Жапонияның әрбір тұрғыны әр жыл сайын өздері тапқан табыс көлеміне қарамастан мемлекет қазынасына 3200иен сомасы мөлшерінде салық төлеп отырады. Автомобиль иелеріне салынатын салық, бензинге салынатын акциздер, кедендік баждар, мейманханада тұрғаны үшін, ресторанда тамақтанғаны үшін, ыстық су көздеріне түскені үшін алынатын акциздер тиісті бюджеттерді айтарлықтай көлемдегі қаражаттармен толықтыруға септігін тигізеді.
Ресей Федерациясының салық жүйесі
Ресей Федерациясының салық жүйесінің құрамы және оның құрылымын құрайтын салықтар мен басқа да салықтық нысандағы төлемдердің түрлері тікелей және жанама салықтар, сондай-ақ заңды тұлғалардан, жеке тұлғалардан, заңды және жеке тұлғалардан алынатын салықтар болып бөлінеді. Жанама салықтарға мұнай, газ, көмір, бензин және т.б. өңдеу және кен байыту өнімдері түріндегі өндірістік тауарлар мен спирт, арақ және басқа алкоголь өнімдері, темекі өнімдері, сыра сияқты кең сұранысқа ие тауарлардан қосылған құнға салынатын салық, саудаға салынатын салық, акциздер, кедендік төлемдер-кедендік тарифтер жатады.
Банктердің, сақтандыру ұйымдарының, басқа да шаруашылық субъектілерінің пайдаларына салынатын салық, дивидендтік сомалардан, яғни капиталдан алынатын салық, мүлікке салынатын салық, ресурстық және экологиялық салықтар, жануарлар әлемінің объектілерін пайдаланушыларға салынатын салық, заңды тұлғалардан алынатын тікелей салықтар болып табылады.
Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы , жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, мұралардан және сыйға тартудан алынатын салық, лицензиялық және тіркеу үшін алымдар жеке тұлғалар төлейтін тікелей салықтар болып саналады. Ал заңды және жеке тұлғалардан алынатын салықтар ретінде курорттық салықты, жарнамаға салынатын салықты, аумақтарды дамытуға салынатын салықты, жер, су, экологиялық және орман салықтарын, шетел валютасын, бағалы қағаздарды, алтын кұймаларын сатып алуға салынатын салықты атап өтуге болады.
Енді, осы Ресейдің салық жүйесіне берген қысқаша сипаттаманы нақтыландыру мақсатында, оның негізін құрайтын элементті салықтар жүйесін қарастырып өтеміз.
Ресей салықтары жүйесі федералдық салықтар мен алымдар, регионалдық (аймақтық) салықтар мен алымдар және жергілікті салықтар мен алымдар сияқты үш деңгейден тұрады.
Федералдық салықтар мен алымдарға: қосылған құнға салынатын салық; акциздер; ұйымдардың пайдасына (табыстарына) салынатын салық; капиталдан түсетін табыстарға салынатын салық; жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы; мемлекеттік баж; кедендік баждар мен кедендік алымдар; жер қойнауын пайдаланғаны үшін алынатын салық; мемлекеттік әлеуметтік бюджеттен тыс қорларға алынатын жарнамалар; минералдық-шикізат базасын қалпына келтіру үшін алынатын салық; көмірсутектерді өндіруден түскен қосымша табысқа салынатын салық; жануарлар әлемінің объектілерін және су биологиялық ресурстарын пайдалану құқығы үшін алынатын алым; орман салығы; экологиялық салық; федералдық лицензиялық алымдар жатады.
Регионалдық салықтар мен алымдар ретінде ұйымдардың мүлкіне салынатын салық; жылжымайтын мүлікке салынатын салық; жол салығы; көлік салығы; саудадан алынатын салық; ойын бизнесіне салынатын салық; регионалдық лицензиялық алымдар белгіленген. Жер салығы, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, жарнамаға салынатын салық, мұраға немесе сыйға салынатын салық, жергілікті лицензиялық алымдар жергілікті салықтар мен алымдарға жатқызылған.
Ресей Федерациясының Конституциясы, Ресей Федерациясының Салық кодексі, «Ресей Федерациясының салық органдары туралы» РФ Заңы, «Ресей Федерациясының мемлекеттік салық қызметі туралы» РФ Президентінің Жарлығы, РФ салықтар мен алымдар жөніндегі Министірлігінің бұйрықтары мен хаттары Ресей Федерациясы аумағындағы салық органдары жүзеге асыратын салықтық қызметтердің нормативтік құқықтық базасы болып табылады. Осыған орай, Ресей Федерациясының салық органдарының құрылымы мынадай құрамда көрініс тапқан: РФ Салықтар мен алымдар жөніндегі министірлігі; Салықтар мен алымдар жөніндегі министірліктің Федерация субъектілері бойынша басқармалары; Салықтар мен алымдар жөніндегі министірліктің регионалдық инспекциялары; Салықтар мен алымдар жөніндегі министірліктің аудандар бойынша, қалалардағы аудандар бойынша және аудандарға бөлінбейтін қалалар бойынша инспекциялары; Салықтар мен алымдар жөніндегі министірліктің ауданаралық инспекциялары.
ІІ ТАРАУ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ (Қ.Р., КӨКСУ АУДАНЫ БОЙЫНША САЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ МЫСАЛЫНДА)
-
Қазақстан Республикасы бойынша бюджетке түсетін салық түсімдерінің көрсеткіштік жағдайына экономикалық талдау
Республикамызда соңғы жылдары аймақтың экономикаға, аймақтарды дамытуға, дәлірек айтсақ, республикадағы әрбір аймақтың экономикалық өсуіне, әлеуметтік жағдайына, қаржы жағдайын тұрақтандыруға, халықтың әл-ауқатын көтеруге, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және оны тиімді пайдалануға, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту сияқты мәселелерді шешуге айтарлықтай көңіл бөлініп, нақты іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Бұл жерде салық жүйесінің алатын орны зор.
Қазақстан Республикасы салық жүйесін басқару Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша Президентке, Парламентке, Үкіметке,Қаржы Министрлігіне жүктеледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен сәйкес құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды.
Бюджеттің әр түрлі деңгейлері жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық және жергілікті бюджеттің болуын көздейді.
Жергілікті бюджеттердің құрылуының қазіргі механизмі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, арнайы бюджеттік және салықтық заңнамалардың нормативтік актілермен, бюджет аясындағы мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару арасындағы өкілеттіліктер мен жауапкершіліктерді бөлуді анықтайтын басқа да заңдармен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының аймақтық бірегей бюджеті жергілікті бюджет бола отырып, елдің бюджет жүйесінің дербес буыны болып табылады. Бюджеттік қаржылардың орталақтандырылу деңгейін сипаттайтын әр түрлі деңгейлер бойынша бюджеттің табыс бөлігінің бөліну құрылымын айқындайтын 1-кесте деректеріне назар аударайық.
Кесте-4 Қазақстан Республикасындағы бюджеттердің әр түрлі деңгейлері бойынша табыстардың бөліну құрылымы.
Бюджет түрлері
|
2001ж
|
2002ж
|
2003ж
|
2004ж
|
2005ж
|
Млн.тг
|
%
|
Млн.тг
|
%
|
Млн.тг
|
%
|
Млн.тг
|
%
|
Млн.тг
|
%
|
Республикалық
|
250352
|
53,5
|
317748
|
54,1
|
393584
|
53,6
|
505709
|
62,6
|
722000
|
59,7
|
Жергілікті
|
217575
|
46,5
|
269290
|
45,9
|
340352
|
46,4
|
302331
|
37,4
|
486376
|
40,3
|
мемлекеттік
|
467927
|
100
|
587039
|
100
|
733660
|
100
|
807852
|
100
|
1208376
|
100
|
Диаграмма №1
4-ші кестені талдау нәтижесінде республикалық бюджетте қаражаттардың орталықтану деңгейі 2001 жылғы 53,5 пайыздан 2005 жылы 59,7 пайызға дейін жоғарылағанын байқап отырмыз.
Кестеде келтірілген деректерді «жағымсыз»құбылыс ретінде сипаттап, оны орталықтану тенденциясының көрінуі деп бағалауға болады. Бұл табыстарды орталықтандыру саясатының жүргізіліп отырғандығын дәлел болса керек. Жалпы алғанда республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы табыстардың бөлінуі 2001жылы орташа есеппен алғанда 56,7/43,3 шамасында болып келеді.
Кесте-5 Алматы облысы бойынша 2003, 2004, 2005ж. аралығында түскен салықтық түсімдер динамикасы.
Көрсеткіштер атауы
|
2003ж
|
2004ж
|
2004ж
2003ж
қарағанда
ғы өсім темпі
|
Ауытқуы
(+/-)
|
2005ж
|
2005ж
2004ж
қарағандағы
өсім
темпі
|
Ауытқуы
(+/-)
|
болжам
|
Нақты түсім
|
%
|
болжам
|
Нақты түсім
|
%
|
болжам
|
Нақты түсім
|
%
|
Барлық салық
Оның ішінде
|
11388167
|
11357888
|
99,7
|
18566846
|
19791078
|
106,6
|
174,2
|
1224232
|
25061573
|
26321211
|
105,0
|
133,0
|
1259638
|
Республикалық бюджет
|
5083404
|
5060004
|
99,5
|
11348280
|
11869110
|
104,6
|
234,6
|
520830
|
15157872
|
15262197
|
100,7
|
128,6
|
104325
|
Жергілікті бюджет
|
6304763
|
6297884
|
99,9
|
7218566
|
7921968
|
109,7
|
125,8
|
703402
|
9903701
|
11059014
|
111,7
|
139,6
|
1155313
|
Орта айлық түсім
|
949014
|
946491
|
99,7
|
1547237
|
1649257
|
106,6
|
174,2
|
102019
|
2088464
|
2193434
|
105,0
|
133,0
|
104970
|
Орта күндік түсім
|
43137
|
43022
|
100
|
70329
|
74966
|
106,6
|
174,2
|
4637
|
94930
|
99702
|
105,0
|
133,0
|
4771
|
Диаграмма №2
5-кестеде жалпы Алматы облысы бойынша 2003-2005 жылдар аралығындағы республикалық бюджетке және жергілікті бюджетке түскен салықтық түсімдер көрсетілген.
2003 жылы болжанған-11388167мың теңге, нақты түсім 11357888мың теңге болды. Ол-99,7%-ды құруда. 1999 жылға қарағанда өсім темпі 150,5% болды, жалпы ауытқуы +3813340 мың теңгені құрады.
Оның ішінде, республикалық бюджеттің нақты түсімі-5060004мың теңге болды, өткен жылмен салыстырғанда түсім темпі анағұрлым өскендігін байқаймыз, бірақ болжам-99,5% орындалып отыр.
2004 жылы болжанған-18566846 мың теңге, нақты түскен түсім 19791078мың теңге. Ол-106,6% құруда. Жоспар толығымен орындалды. Соның ішінде республикалық бюджетке 11869110мың теңге түссе, жергілікті бюджетке 7921968 мың теңге түскен.
2003жылмен салыстырғанда өсім темпі 174,2% болды, жалпы ауытқу + 1224232мың теңгені құрады.
2005 жылы жалпы болжам 25061573мың теңге, нақты түскен түсім 26321211 мың теңге.
Ол-105,0% құруда. Бұл жылы жоспар толығымен орындалды. Соның ішінде республикалық бюджетке 15262197мың теңге түссе, жергілікті бюджетке 11059014 мың теңге түскен. Ол 2004жылға қарағанда өсім темпі 133,0% болды, жалпы айытқу + 1259638 мың теңге.
Кесте-6 Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы
|
Республикалық бюджет
|
Жергілікті бюджет
|
2005 жылғы
1 қаңтарға
қассалық
атқарылуы млн. тенге
|
Қорытыңдысына %-бен
|
Бір жылға бекітілген бюджетке кассалық атқарылуының % -ы
|
2005 жылғы
1 қаңтарға
қассалық
атқарылуы млн. тенге
|
Қорытыңдысына %-бен
|
Бір жылға бекітілген бюджетке кассалық атқарылуының % -ы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Түсімдер
|
722034
|
100,0
|
101,7
|
486289
|
100,0
|
104,4
|
Табыстар оның ішінде
|
649000
|
89,9
|
101,7
|
355676
|
73,1
|
104,2
|
Салық түсімдері
|
603396
|
93,0
|
104,0
|
343855
|
96,7
|
104,4
|
Салықтық емес түсімдер
|
39348
|
6,1
|
76,4
|
5575
|
1,6
|
86,8
|
Капиталмен жасалатын операциялардан түскен табыстар
|
6256
|
1,0
|
94,6
|
6246
|
1,8
|
111,5
|
Алынған ресми трансферттер
|
57630
|
8,0
|
100,0
|
122926
|
25,3
|
107,2
|
Кредитті қайтару
|
15404
|
2,1
|
106,7
|
7696
|
1,6
|
76,5
|
Шығыстар
|
768935
|
100,0
|
97,0
|
479119
|
100,0
|
99,5
|
Шығындар оның ішінде:
|
730459
|
95,0
|
97,1
|
471955
|
98,5
|
99,8
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсету
|
42738
|
5,9
|
96,0
|
21220
|
4,5
|
146,1
|
Қорғаныс
|
40415
|
5,5
|
91,3
|
7153
|
1,5
|
100,3
|
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік
|
73779
|
10,1
|
99,9
|
17771
|
3,8
|
99,6
|
Білім беру
|
23203
|
3,2
|
98,9
|
130966
|
27,7
|
99,2
|
Денсаулық сақтау
|
19104
|
2,6
|
100,5
|
74087
|
15,7
|
98,9
|
Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек беру
|
202043
|
27,7
|
97,9
|
40145
|
8,5
|
97,3
|
Тұрғын үй-коммуналдық шарушылық
Мәдениет, спорт,
Туризм және ақпараттық кеңістік
|
10321
12879
|
1,4
1,8
|
99,5
99,5
|
33986
20910
|
1,2
4,4
|
94,7
96,8
|
Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану
|
8486
|
1,2
|
99,2
|
783
|
0,2
|
100,0
|
Ауыз су, орман,балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау
|
41337
|
5,7
|
93,0
|
7022
|
1,5
|
98,5
|
Өнеркәсіптік және құрылыс
|
1364
|
0,2
|
92,0
|
2501
|
0,5
|
95,5
|
Көлік және байланыс
|
58812
|
8,1
|
96,5
|
25620
|
5,4
|
96,1
|
өзгелер
|
68010
|
9,3
|
97,1
|
30973
|
6,6
|
98,1
|
Борыш қызметі
|
34338
|
4,7
|
90,8
|
1170
|
0,2
|
91,4
|
Ресми трансферттер
|
93630
|
12,8
|
99,8
|
57650
|
12,2
|
100,0
|
несиелер
|
38476
|
5,0
|
93,8
|
7162
|
1,5
|
82,9
|
Бюджет тапшылығы
|
-46901
|
|
|
7179
|
|
|
2004 жылғы Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын сипаттайтын 6-кесте деректеріне назар аударайық.
2005жылдың 1 қантарына Республикалық бюджетке түскен түсімдер көлемі 772млрд.теңгені құрады, бұл 2004 жылдың тиісті кезеңінің (565,3 млрд.теңге)деңгейінен 27,7% артық. 2004 жылдың тиісті кезеңімен (541,6 млрд теңге) салыстырғанда несиелерді есепке алғандағы шығыстар 42%-ға өсті және 2005 жылдың 1 қантарына 768,9млрд.теңгені құрады. Бюджеттің тапшылығы 46,9млрд.теңге деңгейінде анықталып отыр.
Есепті кезеңде республикалық бюджеттің 89,9%-ын табыстар, соның ішінде салықтар - 93%-ын құрады. Түсімдер көлеміндегі ресми трасферттер үлесі-8%.
Шығындардың негізгі бөлімі-35,2% әлеуметтік саламен жалпы мемлекеттік қызметтер-21,5% үлесінде.
2004 жылғы тиісі кезеңмен салыстырғанда бұл шығындар тиісінше 27,4% және 25,5% артты, өндірістік салаға шығындар 54,8%-ға өсті. Осы кезең ішінде жергілікті бюджетке түскен түсімдер 486,3 млрд.теңгені, несиені есепке алғандағы шығыстар 479,1млрд теңгені құрады, бұл 2004 жылдың осы кезеңіне қарағанда тиісінше -26% және 21,4% артық (түскені-386лрд.теңге, несиені есепке алғандағы шығыстар 394,5 млрд.теңге). Бюджет тапшылығы 7,2 млрд.теңге деңгейінде анықталды.
2005 жылдың 1 қантарына жергілікті бюджетке түскен түсімдердің құрылымындағы табыстар-73,1%.(соның ішінде 96,7%- салық түсімдері).
Жергілікті бюджет шығындарының елеулі бөлігі әлеуметтік салаға (51,9%) жұмсалған, оның ішінде: білім беруге-27,7%, әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік көмекке-8,5%, денсаулық сақтауға-15,7%
2004 жылғы тиісті кезеңнің деректерімен салыстырғанда жергілікті бюджеттің шығындары тұтастай алғанда-22,4%, олардан өндірістік салаға-51,1%, борышты өтеуге-29,5%, әлеуметтік салаға-24,1-ға өсті.
Достарыңызбен бөлісу: |