Мазмұны кіріспе информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер


Информатика және оның ұйымдастырылуы бойынша жүргізілетін факультативтік курстар



бет11/37
Дата07.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#500687
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Денгейлік тапсырмалар

2.2. Информатика және оның ұйымдастырылуы бойынша жүргізілетін факультативтік курстар
Мектепте компьютерлердің пайда болуы оқушылардың сабақтан тыс жұмыс істеуіне көп мүмкіндіктер берді. Информатикадан жүргізілетін қосымша сабақтар оқушылардың жеке қабілетін дамытуға мүмкіндіктер береді. Ол өзінің алдында мынадай міндеттер қояды: а) информатиканы және оның қолдануларын тереңдетіп оқытуға деген қызығушылығын туғызып, дамыту; б) ғылыми зерттеу сипатындағы дағдыны қалыптастыру; в) информатика мен ЭЕМ-ны қолдану саласында мектеп оқушыларының еңбекке, мамандық алуға дайындығын қамтамасыз ету; г) оқушылардың бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру.
Мектеп оқушыларымен информатика пәні бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар кейбір жағдайларда дәстүрлі үйірме, факультативтік курстар, экскурсия, олимпиядалар түрінде болуы мүмкін. Сонымен қатар, мұндай жұмыстардың өзіне тән ерекше түрлері де болады. оларға компьютерлік клубтар, жас программалаушылардың сырттай оқитын және күндізгі мектептері мектептен тыс (ақылы курстар) жұмыстармен ұштасатын арнаулы дайындық түрлерін де жатқызуға болады. Математика мен физиканы тереңдетіп оқытатын сыныптар мен мектептер, мектеп аралық оқу - өндірістік комбинаттарында дайындалатын мамандықтар да жатады.
Информатика курсы бойынша жүргізілетін үйірме жұмыстары
Информатикадан ұйымдастырылатын үйірме - мектеп оқушыларымен жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың ең көп таралған түрлерінің бірі. Есептегіш техника кабинетінің бар болуы – үйірме жұмысын ұйымдастырудың алғы шарты, өйткені үйірме жұмысын ұйымдастыру үшін ЭЕМ –ның болуы қажет.
Информатикадан жүргізілетін үйірмені мектепдерде, оқушылар сарайында, оқу- өндірістік комбинаттарындағы мектеп аралық есептегіш техника кабинеттерінде, жоғарғы оқу орындарының кафедраларында ұйымдастыруға болады. Үйірмені компьютермен жұмыс істейтіндей қызықты ойын сипатында беруге болады.
Сондықтан информатикадан жүргізілетін үйірме жұмыстары оқушыларды, оның ішінде орта және төменгі сынып оқушыларын өте қызықтырады. Бірақ үйірме жұмыстарын балалардың компьютерлік ойындарға деген қызығушылығы негізінде ұйымдастырмау керектігін есте ұстаған дұрыс. Орта мектепте информатиканы оқытудың жалпы жүйесіне сай үйірме жұмыстарының программаларын дайындау, мектеп оқушыларының дайындық деңгейіне қарай оқу тапсырмаларының жиынтығын, сонымен бірге осы сабақтардың тиімді программалық қамтамасыз етілуін дайындау – маңызды әдіснамалық міндет болып табылады.
Мектептің оқу жоспарына «Информатика және есептегіш техника негіздерінің» жаңа пән болып енуіне байланысты информатиканың факультативтік сабақтарын өткізу әдісі мен мазмұнын жасау үлкен маңызды мәселе болған. Алғашқы кездері ЭЕМ-ң құрылымымен, алгоритмдеу және программалау негіздерімен таныстыратын факультативтік курстардың программалары құрылады.
Қазіргі уақыт талбына сай, мектептердің есептегіш техника кабинеттерінің негізінде пәнаралық факультативтік курстардың жасалып, іске асырылуы, информатика, автоматика, электроника саласында балалардың «техникалық шығармашылығын» дамытады деген үлкен мәнге ие болып отыр.
Факуьтативтік сабақтың мақсаты:

  • Информатика саласы немесе ЭЕМ-ны пайдаланатын басқа пәндер бойынша алынған теориялық білім, іскерлік пен дағдыларды тереңдетіп кеңейту;

  • Оқытудың кәсіптік бағдарын күшейтетін практикалық дайындықты қамтуы тиіс.

Факультативтік сабаққа:

  • ЭЕТ-ны кеңінен қолданатын, барлық уақыттың 75%-ін компьютермен практикалық жұмыс істеуге бөлуді қарастыру;

  • Барынша өзбетінше, оқушының танымдық іс-әрекетін өзінің басқаруы және оқушы санының аз болуы тән.

Жалпы білім беретін орта мектепте информатикадан мемлекеттік білім беру стандартының жасалып, оқу процесіне енгізілуі факультативтік курстардың дамуына елеулі үлесін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет