Мазмұны кіріспе информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер



бет8/37
Дата07.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#500687
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Денгейлік тапсырмалар

күнделікті сабақта, сол сабақ болатын күні істелетін жұмыстарды жоспарлауда ізгілік мәселесін ескеру;

  • апталық, тоқсандық, жылдық істелетін жұмыстарды дайындауда оқушыларды ізгілікке баулитын материалдарды жүйелеу.

  • бірнеше жылғы мектеп бітіру және одан әрі оқуға түсу, жұмысқа орналасу, өз өмірін құру жұмыстарына жүйелеу.

    Осылай жүйелеу арқылы оқушылар мектепте математика және физикадан өтетін жарыстарға , кештерге қатынасуға дайындалады, емтихан тапсыруға, мектеп бітіруге, жұмыс істеуге дайындалып, өз бетінше жұмыс істеп, жеке тұлға болып қалыптасады.
    Білім, білік, таным дағдыларын дамытудың төмендегідей әдістері бар:

    • Информатика сабақтарында оқу материалдарын қабылдай білуге дайындау;

    • оқу материалдары бойынша ойын, қызықты оқиғалар желісін құру;

    • информатика сабағында оқушыларды еліктіре алатын білім мазмұны, сондай-ақ іздене алатындай кезеңдер тұрғызу керек.

    Оқу материалын қабылдай білуге дайындау үшін мұғалімдер алдымен оқушыларға сол материалға дайындық ретінде бірнеше тапсырмалар, жаттығулар, есептер берді. Сол тапсырмаларды сұрай және оларға қорытынды жасай отырып, әрі қарай мұғалім жаңа материалды айтып, түсіндіріп, жалғастырады. Сонда оқушы өздерінің ұмытқандарын естеріне түсіріп білімдерін ары қарай дамытады.
    Информатика сабағын өткенде сол өтетін материалға байланысты қызықты информатикадан қызықты логикалық есептер шығарудың информатика ғылымындағы атақты ғалымдардың жаңалықтарын, қазіргі информатика саласындағы жетістіктер мен жаңалықтар туралы айта отырып, әртүрлі ақпараттық үрдістер мен ақпараттық технологиялар жайлы баяндап, сабақ мазмұнын байыта отырып оқушылардың информатика сабағына деген қызығушылықтарын арттыруға болады. Шығармашылық іздену әдісін пайдалануда жүргізілген эксперимент оқушыларды шығармашылықпен іздену, білуге үйрету білім, білік дағдыларды дамытуға үлкен себебін тигізетінін көрсетті. Бұның өзіндік қиындықтары бар. Мұғалімдер үшін әр оқушының шығармашылықпен ізденуіне жағдай жасау қажет. Олардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, әр түрлі сабақтарға жауап іздеп,еркін ізденуге мүмкіндік туады. Тәжірибелі мұғалімдердің ізденгіштігі арқасында жекеленген мектептерде информатика сабағында ізгілендіруді мақсатты жүйелі пайдалану жақсы нәтиже береді деп ойлаймын.
    Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі педагогика ғылымындағы негізгі мәселелердің бірі. Оқушының өзіне сенімен арттыру, , ынтасын жігерлендіру, шығармашылығын дамыту арқылы оны болашақта алған білімін өмірде еш қиындықсыз пайдалана алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыруға болады. Ол үшін мұғалімнің әрбір сабағы оқушы сезіміне ой салатындай, ынта ықыласына әсер етуі тиіс.Сондықтан сабақ құрылымы әртүрлі әдістермен, жаңа технологиялық құралдармен, программалық жабдықтармен қамтамысыз етілуі керек. Бұл ретте мұғалімнің дайындығы мен шеберлігі, ізденімпаздығы да басты роль атқарады.
    Сабақ беру үрдісінде мынадай факторларға сүйенуге болады:

    • оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;

    • оқушылармен жекелей, пармен, топпен жұмыстар жүргізу;

    • оқушылардың компьютерлік сауаттылығын неғұрлым жетілдіру;

    • оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту.

    Оқушының өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Әр оқушының зеректігіне, ынтасына байланысты өз бетімен жұмыстың тапсырмалары да түрлі деңгейде құрастырылады.
    Сондай-ақ, оқушыларды пармен, топқа бөліп оқыту арқылы нашар оқитын оқушылардың да талпынысын көруге, олардың пәнге деген қызығушылығының артқанын байқауға болады. Бұл әдістің тиімділігі сол, сабақта оқушылар түгел бағаланады.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет