Мазмұны кіріспе информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер


ЭЕМ-дегі жұмыс және ойлау әрекеттері



бет12/37
Дата07.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#500687
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37
Денгейлік тапсырмалар

2.3. ЭЕМ-дегі жұмыс және ойлау әрекеттері
Оқушылардың ойлау процесін, қателіктері мен қиындықтарының мәнін түсіну үшін ЭЕМ-ге байланысты логикалық ақыл-ой әрекеттері қалай жүзеге асырылатынын қарастырайық. Педагог оқушыны түсініп, оларды өзімен салыстыруы тиіс. Егер мұғалім алдын – ала оларды болжап, әрекеттерін ескеріп, үйлесімді жоспарлай білсе, онда оқытуды ұйымдастыру әлде қайда жеңіл болары сөзсіз.
Анализ және синтез. Информатика курсындағы анализ бен синтез әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың айқын көрінетін тұстары: есептің қойылысын талдау (анализ), қолдағы бар программалық немесе синтаксистік құралдар арқылы олардың шешімін синтездеу. Кейде анализдің мақсаты қатенің себебін анықтау болуы мүмкін. Бұдан программаның орындау процесі қадамдарға бөлінеді, ал мәліметтердің өзгеру процесі қадамдардың тізбегін өзгертеді. Егер қатені іздеу программаны тасымалдау (трассировка) жолымен ЭЕМ-дегі диалог түрінде орындалса, онда бұл талдаудың түрі- «өрескел талдау»- жіктеу болады. Егер қате ЭЕМ –де орындалғанға дейін талданса, онда бұл оймен бөліктерге бөлу. Қатені іздеудің мәні алгоритмнің фактіден алшақтаған мезетін іздеу болып табылады.
Күрделі синтезге мысал ретінде оқушылардың компьютерлік ортаның идеялық моделін ойша құруы болып есептеледі. Оған мысал ретінде электрондық кестені (ЭК) алуға болады.
Салыстыру мен топтау. Бір біріне жақын командаларды түсіндіруде салыстырудың үлкен мәні бар: ЭК-де көшіру мен көбейту, МАТ-дегі «үшін» және «әзір» командалары. Бұл ұғымның мағынасын меңгерудің міндетті кезеңі. Мысалы, егер, оқушы «цсб үшін І бастап 1 дейін N» командасынан кейін «цс» сөзінің алдында «І:=I+1» командасын жазатын болса, онда мұғалімге «оқушының бұл командалардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ашу кезеңінен өтпегендігін және талдап түсінбегендігі » туралы ақпарат береді. Тағы бір өрескел қате «цб егер » -салыстыру амалының тармақталумен қайталану командаларын ажыратудан бұрын ормандалмағанын көрсетеді.
Салыстыру өте тиімді дидактикалық тәсіл. Салыстырудың көмегімен жаңа ұғымдарды енгізіп, бекітуге болады. Алдымен, ұқсастығын, одан кейін айырмашылығын көрсету қажет. Мысалы, алдымен әртүрлі құрама командалар туралы әңгіме етпей тұрып, алгоритмнің үш типін салыстыруға болады: сызықтық, тармақталған және қайталанатын алгоритмдер. Сызықтық алгоритм деп әрбір команда тек бір рет орындалатын, қайталанатын алгоритм деп бір команданың бірнеше рет орындалатынын, тармақталған алгоритм деп бернеше командананың тек біреуі ғана орындалатын алгоритмді айтамыз. Бұл жерде алгоритмнің түрлері толық қамтылған. Тек қайталану шартының ұғымы мен таңдау кейінге қалдырылған. Ол бір команда неше рет қайталанады немесе бірнеше команданың қайсысы орындалуы деген сұрақтарға жауап беру барысында түсіндіріледі.
Топтау (классификациясы) ойлау әрекеті ретінде үлкен көлемді материалды оқушының меңгеруі барысында білімді бекітуге байланысты кездеседі. Мысалы, ЭК-нің барлық командаларын алфавиттік ретпен есте сақтау өте қиын, ал оларды ұқсастық және айырмашылық қасиеттеріне қарай топтау түсіндіруді едәуір жеңілдетеді. Дұрыс топтай білу іскерлігі дамыған ойлау әрекетінің белгісі.
Жалпылау, индукция және дедукция. Жалпылаудың айқын мысалы- ұқсас әрекеттердің жеке қайталанулары ұғымынан қайталану командасына көшу бола алады. Жалпы айқынырақ ашылған мысалы дедукция болып табылады. Мұны математикалық индукция деп түсінбеу қажет, ол толық емес индукция. Бұл практикалық информатиканың өн бойына және кездесетін аса маңызды әрекет. Енді мысалмен түсіндірейік.
Инжинер практикке 60 санының бөлінгіштігін табу тапсырылады. Оның ойлау барысы төмендегідей болды: 60 саны 2-ге бөлінеді. 3-ке де бөлінеді. 4-ке, 5-ке және 6-ға да бөлінеді. Бұдан 60 саны барлық сандарға бөлінеді деп қорытынды жасайды. Ал, 60 саны 7-ге бөлінбейді. Бұл компьютердің ақауы дейді. Бұл әдетті толық емес индукция.
Енді компьютерге оралатын болсақ, оқушы алғаш рет компьютерге отырып, тектік редактормен жұмысты бастады. Оқушы оңға бағыттаушы клавишын басты. Курсор оңға бір орын ауыстырады. Ал, енді оқушылардан оңға бағыттаушы клавишын басқанда не болады деп сұрасаңыз, оқушылардың 99%-і ойланбастан бір мәнді жауап береді. «Курсор оңға жылжиды». Оқушы курсордың экранның оң жақ шетінде болған жағдайын ескермей жауап береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет