Мазмұны кіріспе информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер


Информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер



бет3/37
Дата07.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#500687
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Денгейлік тапсырмалар

1.2.Информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер
Информатика пәнінің орта мектепке енгізілгеніне үшінші онжылдыққа аяқ басып барады. Осы уақыт аралығында курсты оқытудың әртүрлі бағыттары пайда болды.Орта мектептегі басқа пәндермен салыстырғанда информатика әлдеқайда жас ғылым.Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуына қарай, курстың мазмұныны да өзгеріп отырғаны белгілі. Курс мазмұнының өзгеруі мен программалық және техникалық құралдардың әртүрлігі, сондай-ақ, информати канны оқыту әдістемесінің жеткіліксіздігі курстың мазмұны мен оқыту әдісі, оқыту құралдарын таңдауда информатика пәнінің мұғалімдеріне айтарлықтай қиындық туғызуда.Мұндай аса күрделі мәселені шешуді дидактиканың жалпы принциптерінен іздеген жөн. Дидактиканың жалпы принциптері информатика курсын оқытуда нақтылана түседі [1,5].
Ғылымилық принципі – бұл принцип білім беру мазмұнынан оқушының танымдық мүмкіндіктеріне бейімделген сәйкес ғылым саласының жаңа жетістіктері орын алуын талап етеді. Аталған мәселе тұтасымен алғанда жеңілдей түседі, өйткені информатика курсында «жоғарғы», «төменгі» деп бөлінетін нақты бөліну жоқ, пәнішілік байланыс өте жоғары. Олай дейтініміз – информатика ғылымындағы көптеген түсініктер мектептегі пәннен өзінің ұқсастығын тауып жатады. Курста қарастырылатын «ақпарат» , «алгоритм» және «атқарушы» ұғымдарының іргелі ұғым екені белгілі. Алғашқы екі ұғымның мағынасының айқын екені түсінікті, ал атқарушы ұғымы көп мағыналы, ол информатика курсында бірнеше қызметтер атқарады:

  1. алгоритмді атқару процесіне көрнекілік беретін дидактикалық құрал (тасбақа, робот және т.б. атқарушылар);

  2. бұл көптеген мәселелерді бірыңғай бағытта сипаттауға мүмкіндік беретін ұғым: тасбақа – графикалық атқарушы, редактор – текстік атқарушы, операциялық жүйе – файлдар атқарушысы, принтер – тексті қағазға шығаратын атқарушы және т.б.

  3. кез келген атқарушыдағы компьютерлік модель құрылымы компьютерлік білімділікті қалыптастыру мақсатын ашады.

Сондай-ақ, кез келген атқарушыдағы компьютерлік модельді обьектілі бағдарланған программалау терминдеріндегі модуль немесе обьект ретінде түсінуге болады.
Оқытудың ғылымилық принципі оқытудың жаңа әдістеріне сүйенеді. Ол информатикаға қатысты модельдеу, алдымен, кең мағынада оқушының зерттеу іс-әрекетін қамтитынын көрсетеді.
Бірізділік және қайталау. Бірізділікті тура мағынасында алып қарайтын болсақ, оқу материалы логикалық тізбектелген күйінде немесе логикалық тұйықталмаған тармақ түрінде берілген, ал қайталау тек берілген материалды бекіту үшін деп түсіну мүмкін. Бірақ, бұл түсінік информатика курсында аса күшті пәнішілік байланыстың әсерінен басқаша сипат алады.мысалы, қайталану командасы бір орында ғана қарастырылмайды, оның мағынасы мен қабылдау күрделілігі мәліметтердің типіне тәуелді.
Бұл тұжырымды, яғни бірізділік принципін қайталану түрінде жүзеге асыруды А.П.Ершов ұсынған болатын. Ол ұғымның жаңа тұжырымдарда, контекстерде кеңейтіліп, қайталана беретінін көрсетеді.
Мысалы, А.Г.Куширенко бастаған топтың оқулығында алғашында көмекші алгоритмдер Роботқа арналған алгоритмдердің жазылуын қысқарту үшін пайдаланылса, кейіннен Сызушыға арналған алгоритмдерде аргументке ие болып, толығымен сандық есептерге айналады. Бұл оқулықтың баяндалуында бірізділік қайталау айқын көрініп, осыдан пәнішілік байланыс ашыла түседі.
Іс - әрекетті меңгерудің ұғынықтылығы. Дәстүрлі оқыту әдісінде ұғынықтылық оқушылардың өз іс-әрекетіндегі білім мазмұны мен құралдарын толық түсінуі болып табылады, сондай-ақ, бұл қағида барлық пән үшін орындалады деп есептелінеді. Бірақ, компьютер бұл ұғынықтылықты оқыту мақсаттарымен шектеуге мәжбүр етеді. Мұндай жағдайларда оқушыда бірін-бірі толықтырып отыратын әртүрлі көзқарастар қалыптасуы және олар жинақтала келе сол ұғым жөніндегі жалпы сипаттаманы беруі тиіс. Ең бастысы оқушыда жан-жақты терең білім қалыптасуы қажет. Мұндай жағдайда мұғалімнің білім деңгейі мен материалды жинақтап, іріктей білуі шешуші роль атқарады.
Мазмұнының тиімділігі. Тиімділік принцип оқыту деңгейлерін бөлу мен компьютердегі жұмыс мөлшерін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Қарапайым дайын программалық құралдармен жұмыс компьютерді пайдаланудың ең төменгі деңгейі болып табылады. Барлық оқушылар үшін бұл деңгей компьютерді тиімді пайдаланудың белгісі іспетті. Мысвлы, аса маңызды да, күрделі тақырып – алгоритмдердің күрделілігі. Бұл тақырыпты оқушылардың мынадай есептен бастағаны дұрыс: есептің көлемінің уақытқа тәуелоділігін практикалық зерттеу.сондай-ақ, тиімділік ақпаратның графикалық түрде берілуімен де жүзеге асады.
Іс - әрекеттегі мазмұнның көрнекілігі. Көрнекілікті информатиканы оқытудың ажырамайтын бөлігі деп те айтуға болады. Ол информатика курсының мазмұнындағы ақпарат ұғымының әртүрлі сипатта берілуімен түсіндіріледі: бір ақпаратның өзін графикалық бейнелер жиынтығы түрінде беруге болады. Мысалы, блок-схеманы алатын болсақ, шағын алгоритмнің құрылымы мен атқарылу процесін өте көрнекі сипаттауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, программалау тілдерін сипаттаудағы көрнекі диаграммалар да көрнекілік болып табылады. Е – практикум жүйесіндегі алгоритмнің кесте түріндегі атқарылуы да көрнекілікке жатады. Алгоритм тексінің құрылымдық сипатта жазылуының өзі – көрнекілік. Қозғалмалы бейнелер мен түстің, дыбыстың қосылуы дв көрнекілікті кеңейтеді. Мысалы, Бейсик тіліндегі қарапайым ВЕЕР командасы өте сирек қолданылады. Ал, аталған команданың көмегімен программадағы кездескен қатені, программаның бақылау нүктесінен өтуін және т.с.с. көрсетуге болады. Сонымен қатар, редактормен жұмыс кезіндегі компьютердегі оқушының іс-әрекетін мұғалімнің демонстрациялауы да көрнекілік болып табылады.
Белсенділік және өз бетінділік принципі. Оқушының белсенділігі оның іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Басқа пәндерді оқыту барысында педагог оқушылармен тікелей байланыста жұмыс істейді, олардың реакциясын көріп, өзі басқарады. Ал информатика курсында оқушының жұмысы мұғаліммен жекпе-жек болуы мүмкін. Сөйтіп, информатика сабағында оқушының белсенділігі тек мақсат қана емес, табысты оқытудың қажетті шарты болып табылады. Е.И.Машбиц, «білімнің оқушыға бере салатын зат емес, оның жеке тұлғалық қасиетіндегі өзгерісі екенін» өте орынды атап көрсетті. Ол белгілі бір мақсатты көздейтін, белсенділіктің нәтижесінде жүретін процесс. Бұл, әсіресе, жүйелі де, жан-жақты бвйланыспен білім беретін информатика пәніне тән. Белсенділіктің байқалу тәсілдері әртүрлі, мысалы, өзінің іс-әрекетіндегі жүретін рефлекция арқылы өзіндік бақылау, өздерінің алгоритм құруы және дайын алгоритмді түрлендіру. Белсенділіктің оқуға деген қызығушылықтан шығатыны түсінікті, бірақ оқыту барысында бақыланатын нәтиженің қандай болатынын мұғалімнің нвқты тұжырымдамауы қажет, дәлірек айтсақ, нені «тапсыруы» қажет. Оқытудың басында бір компьютерге екі оқушыдан «отырғызу» жұмыс белсенділігін арттырады, өйткені сенімсіздік азайып, диалог пайда болып, өзара оқыту жүреді.
Оқушының өзбетінділігі де информатиканы табысты оқытудың мақсаты және қажетті шарты болып табылады. Ол белсенділіктен кейін жүреді: оқушы проблемалық типтегі лекцияны белсенді түрде тыңдауы мүмкін, бірақ ол өзбетінділікке жатпайды. өзбетінділіктің мүмкін болатын даму кезеңдері төмендегідей: мұғалімнің оқушының іс-әрекетін толық басқаруынан белгілі бір мөлшерде компьютердің көмегімен танымдық іс-әрекетті өзіндік басқаруға көшуі болып табылады. Шығармашылық іс-әрекетке көшу барысында өзбетінділік толық жүзеге асырылады. Оқушылардың көмек сұрауы - белсенділіктің белгісі, бірақ ол өзбетінділікке жатпайды.
Өзбетінділік оқушыны өнімді (продуктиаті) оқуға, қиын жағдайлардан өзі жол таба білу іскерлігін қалыптастыруға әкеледі ( әдебиеттерді пайдалану, компьютерлік құралдардың көмегімен іздеу, оқу және т.б.). Жоғары деңгейдегі өз бетінділіктің белгісі – оқушының өзі есеп құруы мен компьютердегі ізденушілік іс-әрекеті болып табылады.
Өз бетінділік оқытудың мақсаты ретінде ЭЕМ – ны қолдана отырып, программистен тәуелсіз оқушыны болашақ кәсіптік іс - әрекетке дайындауды көздейді.
Білімнің беріктілігі мен жүйелілігі. Білімнің беріктілігі пәнаралық және пәнішілік байланыстарды құру мен ізденіске негізделген білімнің жүйелілігімен тығыз байланысты. Көптеген заңдылықтардың жиынтығына байланысты ұғым әлсіз байланысқан ұғыммен салыстырғанда адамның есінде ұзақ сақталады. Мысалы, математика немесе зоология үшін оқылатын курстың құрылымы тармақты түрде бірін – бірі толықтырып, ұғымдардың салаларымен өзара кеңейтіліп отыруы тиіс. Мұнда қолданбалы, әрі көп салалы есептер маңызды роль атқарады. Информатиканың мазмұнын әрі ғылым, әрі оқу пәні ретінде бір ғана тармақ ретінде қарастыру қиын. Оны «ақпарат», «алгоритм», «ЭЕМ» және т.б. тәрізді ұғымдармен дамып, таралатын ірі сала ретінде қарастыруға болады.
Оқытуды дербестендіру мен ұжымдандыру. Оқытуды дербестендіру мен ұжымдандыру, әсіресе, информатика сабағында бірін – бірі толықтырып отырады. Орнықты коллективті жұмысты ұйымдастырғаннан кейін ғана өте мықты және әлсіз оқушылармен жұмыс істейтін уақытты табуға болады. Осы тұрғыдан алғанда компьютер дидактикалық екі жақты құрал болып табылады.
Дайын оқыту программаларын көбейте отырып, бірыңғайлы, фронтальды топтық іс-әрекетті ұйымдастыруға қамтамасыз етуге болады, бірақ оқушылардың программамен жұмыс істеу тәсілі - әр оқушының дербес қарқынымен, қиындықты жеңу жолымен ерекшеленеді. Оқушылардың дербестік қасиеттерінің пайда болуын «Автор – ЭЕМ – Атқарушы», «Супер ЭЕМ» тәрізді рольмен атқарылатын ойындар қамтамасыз етеді. Бір компьютерге екіден отырып жұмыс істеген оқушыларда «орындаушы», «нұсқаушы» тәрізді орнықты қатынас қалыптасады. Сондықтан оқушылардың орны мен ролін ауыстырып отырған дұрыс.
Оқу іс-әрекетінің тиімділігі. Оқу іс-әрекетінің тиімділігі ең үлкен пайдалы әсер коэффицентін (ПӘК) қамтамасыз ететіні оқушы мен педагогтың жұмсайтын күшін үйлесімді етуді қамтиды. Мұндағы ПӘК дегеніміз – бірлескен іс-әрекет нәтижесінде алынған білімнің жұмсалған күшке қатынасы. Мысалы, блок – схемалар тек шағын есептерге ғана әрі ыңғайлы, әрі көрнекі, ал күрделі алгоритмдерді бейнелеуде ол информатиканы сызуға айналдырып жіберуі мүмкін. Паскаль мен МАТ - алгоритмдеу мен программалауды жүйелі оқытуға тиімді. Ал, 357 / 165 тәрізді өрнекті есептеуге онша қолайлы емес. Мұндай өрнекті есептеуге қарапайым калькулятор немесе Бейсиктың диалогты режимі ыңғайлы.
Машиналық уақытты үнемдеуде компьютермен жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін оқушылардың командаларды оқып, алдын – ала дайындығы қамтамасыз етілуі тиіс. Сондай-ақ, программадағы ана тіліндегі түсінікті хабарламалар (контекстік көмек) өте тиімді. «Корвет» тәрізді дербес ЭЕМ – да Бейсик тілінде редакциялаудың өте тиімсіз екенін практика көрсетті.
Тиімділік оқыту мақсаттарына бағынуы тиіс.
Теория мен практиканың байланысы. Білімді алудан оны қолдануға дейінгі жолды қысқарту жағынан информатика пәні тіпті еңбек пәнінен де озып кетеді.
Ешқандай қаржы шығармай – ақ, оқушының мұғалімге, класқа немесе мектепке қажетті мәселелерді шешуге мүмкіндігі бар. Мысалы, оқушының мұғалімге қажетті дидактикалық материал дайындау, кітапханаға, оқу үлгеріміне, мектептің жабдықталуына қатысты мәліметтер қорын құрып, толтыруына болады. Мұнда теориядан практикаға дейінгі жол өте қысқа болуы мүмкін.
Мұның екінші жағы бар, ол – информатиканың өзін оқудағы теория мен практиканың байланысы. Мұнда теория мен практиканың ғылыми категориялары мен «оқушы» және «мұғалімнің» іс әрекетінің түрлерінде таңқаларлық ұқсастық байқалады. Шын мәнінде, теория тәжірибенің нәтижесін болжайды немесе түсіндіреді (компьютердегі алгоритмнің орындалуы), ал практика ( компьютердегі жұмыс) теорияны және гипотезаны тексеру құралы қызметін атқарады, мысалы, программаның немесе компьютерлік ортаның қызметі жайлы. Іс - әрекеттің бұл екі түрі оқушының ойлау деңгейінде тығыз байланыста болады.
Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында былай делінген: «Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың нақты жолына түсуі, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген бірыңғай ақпараттық – білім беру кеңістігін жасау қажет. Бұл орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың басты мақсаты болып табылады».
Қазақстан Республикасындағы білім ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған программалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың ақпараттық қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары электрондық оқулықтар және мультимедиалық программалар.
Білім жүйесі ел өміріндегі стратегиялық маңызды сала болып табылатындығы белгілі. Ал, оқу процесіндегі ескі әдістердің озық заман талабына жауап бере алмайтындығы өз - өзінен түсінікті. Бүгінгі уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық тәжірибені, ғылыми жетістіктерді енгізуді талап етеді. Белгілі педагог Ш.А.Амонашвили: «Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуда, жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң содан бастау керек», - дейді. Менің ойым да сол. Информатика пәнін оқыту барысында оқулықтағы материалды құрғақ баяндаудан гөрі қызықты, бейнелі түрде түсіндіруге оқушылардың ойлауына бағытталғаны дұрыс деп ойлаймын.
Компьютерді қосымша оқыту жабдығы ретінде пайдалану білім беру саласында жаңа бір әдістемелік жүйе қалыптасып келеді. Бұл бағыттағы алғашқы қадам Президентіміздің орта білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асырып, барлық мектептерді кемдегенде бір компьютерлік сыныппен қамтамасыз етуімен 2002жылы іске асырылған болатын. Кейіннен қабылданған Қазақстан Республикасы ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту мемлекеттік бағдарламасында компьютерлік технологияларды білім саласында кең қолдану ісін дамытуға көп көңіл бөліп отыр. Ендігі бағыт – сол компьютерлік техниканы тұрақты жұмыс істейтін күйде ұстап, білім саласындағы жаңа технологияларды пайдаланып, кез келген пән мұғалімдерін электрондық оқу құралдарын даярлау, қолдану ісіне жұмылдыру жалғасуы тиіс. Президентіміз бастаған білім жүйесін ақпараттандыру ісін ары қарай дамыту барлық пәндер бойынша компьютерлік оқулықтарды кеңінен оқу процесіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылады. Сонда ғана білімді ақпараттандыру ісінің нақты экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретіні анық. 1980 – жылдардан бастап мектептерде «Информатика мен есептеуіш техника» пәні жүргізіліп келеді. 1990жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясы орта білім және кәсіптік білім институты ұсынған мемлекеттік стандарт бағдарламасы шықты. Жоғары оқу орнын жаңа бітірген жас мпамандар осы бағдарламаны түпкілікті басшылыққа алып жұмыс істегенді оңай көреді. Онда программалау тілдеріне аз көңіл бөлінген. Программалау тілдерін орта буында тереңдетіп оқытпасақ, оқушылардың жоғары техникалық оқу орындарында оқуы қиын болады. Және олимпиадаларда да жоғары нәтиже ала алмаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет