Мазмұны кіріспе информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер


Информатика сабағында дидактикалық материалдардың тиімділігі



бет5/37
Дата07.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#500687
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Денгейлік тапсырмалар

1.4.Информатика сабағында дидактикалық материалдардың тиімділігі

Информатика мұғалімдерінің педагогикалық жұмысына қойылатын талаптарының басқа пәндер мұғалімінің жұмысына қойылатын талаптардан гөрі елеулі ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Сол талаптарды іске асыру – мұғалімнің жұмыстарының мақсаттылығын күшейтіп, сабақта және сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі құнды материалдарды ұйымдастыруына мүмкіндіктер туғыздырады


Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік, бақылау және тесттік тапсырмалардың, пысықтау сабақтарының, қызықты есептердің жиынтығы болып табылады.
Дидактикалық материалдарға енетін өзіндік жеке жұмыстар тек оқыту сипатына, жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруғакөмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталған. Бақылау және тесттік жұмыстарды жүргізуде өзіндік жұмысқа қарағанда уақыт көлемі қатаң ескеріледі.
Дидактикалық материалда ұсынылатын тест тапсырмаларының сұрақтары өте анық, түсінікті, ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс. Тест тапсырмаларды пайдаланып, нәтижесіне талдау жасай келе мынадай қорытынды жасауға болады. Тест тапсырмалар оқушылардың қандай материалды игеріп, қай материалды қандай түсіндіру қажет екенін де анықтауға мүмкіндік береді.
Дидактикалық ойындар – сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да, оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі. Оқушылардың пәнге қызығуын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын ойын элементтерінің рөлі зор. Ойын элементтерін пайдаланудың оқушылар білімін тиянақты етудегі зор мүмкіндігін ескере отырып, мен өз іс – тәжірибемде бірнеше ойын түрлерін қолданамын. Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың жоғары көңіл күйін туғызады. Ал мұның өзі оқушының белсенділігін, дербес ойлануын, қызығуын арттырып, сабақты қабылдауға, барынша қолайлы ықпалын тигізеді. Ойынның қандай түрі болса да жалқау, енжар балалардың ынтасын арттырып, білімге қызықтырады.
Әдістемелік әдебиеттерде берілген және мұғалімдердің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп.
Егер информатика курсы орта мектепке міндетті пән ретінде енгізілгеннен бері қалыптасқан тәжірибелерге тоқталатын болсақ, М.П.Лапчик информатика курсы бойынша өтілетін сабақтарды ЭЕМ – ді қолдану мөлшеріне қарай үш түрге бөледі: демонстрация, фронтальды лабораториялық жұмыс және практикум. Осы уақытқа дейінгі қалыптасқан тәжірибелер информатикадан оқу сабақтарын дидактикалық функциясы бойынша топтаймыз:

Оқу сабағының түрі

Сабаққа тән дидактикалық функциялары

Сабақ

Оқу бағдарламасында білім көлемін беру; негізгі іскерліктерді қалыптастыру: оқулықпен, анықтамалық әдебиеттермен және т.б. жұмыс істеу, бақылау жүргізу, қорытынды жасау. Есептер шығару.

Лекция (теориялық оқыту)

Қандайда бір проблема бойынша ұғымды беру; тақырып немесе тарау бойынша білімді қорытындылап, жүйелеу, лекция жазу, жоғарғы оқу орнындағы оқу түріне дайындау іскерлігін қалыптастыру.

Семинар (теориялық оқыту)

Өтілген тақырып, бөлім бойынша білімді жалпылап, жүйелеу; қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу іскерлігін жетілдіру, әртүрлі әдебиеттермен мақалалардағы баяндалған материалды салыстыра білу, өзінің көзқарасын айта білу және негіздей білу іскерлігі. Реферат, тезис, баяндамалар жоспарын және хабарламалар жазу; оқылғанды конспектілеу, көшірме жасау және оны өзінің білімін дәлелдеу үшін пайдалану.

Конференция (теориялық оқыту)

Өтілген материалдар бойынша білімді тереңдетіп, кеңейту; қосымша ақпарат көздерімен жұмыс істей білу іскерлігін дамыту. Оқыған материалы жөнінде баяндама немесе хабарлама жасау; қосымша әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Әңгімелесу (теориялық оқыту)

Негізгі оқу материалынан нені меңгергенін анықтау; біліміндегі олқылықтарды ашу және түзетулер енгізу, пән бойынша өз бетімен жүйелі жұмыс істеуге жетелеу.

Консультация (теориялық оқыту

Білімі мен іскерліктеріндегі олқылықтарды жою, меңгерілген білімін нақтылау; оқу процесінде пайда болған сұрақтарға жауап беру; оқу іс-әрекетінің әр түрін меңгеруге көмек көрсету.

Фронтальдық лабораториялық жұмыс

Оқушылардың программалық қамтамасыз етумен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру (жаңа материалды меңгеру, бекіту, меңгерілген материалды тексеру), жеңіл есептерді орындау өз бетімен эксперимент нәтижелерін тіркеп, оның қорытындысын тұжырымдау.

Практикум

Күрделі программалармен және ПҚ – дің қосымшаларымен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру, өз бетімен зерттеу жүргізе білу іскерлігін қалыптастыру.

Дидактикалық ойындарды шығармашылықпен түрлендіре отырып, оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдырамын. Бірақ ойын процесі мен оқыту процесін бір – біріне етене ұластырып ұйымдастырған жөн.
Оқушы ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңдегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.
Сабақ материалына лайықталған ойынды алып, тек қана оқушының орындай алатын іс-әрекеттерімен шектелу жеткіліксіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан-жақты ұйымдастырылуы керек.
Дидактикалық ойындардың түрлері өте көп. Соның ішінде қолданып жүрген ойындарды атап өтейін.
1. «Көкпар» ойыны. Ойынның шарты: оқушылар үш топқа бөлінеді. Мұғалім сұрақтар қояды. Қайсы топтағы қол көтерген оқушылар саны көп болса, сол топ оқушылар «лақты» алды делінеді, яғни жауап береді. Жауап толық болмаса, қайтадан қол көтеріліп толықтырылады. Жауапқа толық жауап берген оқушы лақты мәреге жеткізген болады, ол оқушыға жоғары ұпай қосылады.
«Көкпар» ойыны үшін қойылатын сұрақтар:
1. Бейсик тілінің стандартты санды функцияларын атаңдар.
2. Шартты оператордың жалпы түрін жазыңдар.
3. Параметрлі цикл операторының жалпы түрін жазыңдар.
4. Графиктік операторларды атаңдар.
«Көкпар» ойынының тиімділігі: үй тапсырмасына тиянақты дайындалуға, операторларды дұрыс жаза білуге, функциялар мен операторларды дұрыс айта білуге, жылдамдыққа дағдыландырып, есте сақтау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады.
2. Арқан тартысу ойыны. Ойынның шарты: Бейсик бұйрықтарының, операторларының және функцияларының аттары көрсетіледі. әрбір топтың оқушылары кезек тәртібімен олардың атын айтып түсініктеме береді. Кезектегі оқушы түсініктеме бере алмай қалса, сол жерде ол қатар үшін ойын тоқтатылады және ол оқушы жазаланады. Мысалы: «өнер-білімге», «тәлім-тәрбиеге» байланысты мақал-мәтел айтқызуға болады. Жауап беру келесі топқа өтеді. Қайсы топтың оқушылары көп жауап берсе, сол топ жеңді деп есептелінеді.
Арқан тартысу ойынының тиімділігі: алдында өтілген материалдарды қайталап отыруға қолайлы, оқушылардың есте сақтау, тез ойлану қабілеттерін дамытып, оларды ұжымдық жұмысқа дағдыландырады.
Сабақ үстінде кроссвордтарды шешуге арналған қысқаша бақылау жұмыстарын да орындауға болады. Кроссворд жасау – үй жұмысы. Балалар арнайы әдебиетпен танысып, терминдерді қайталайды, жаңа ұғымдарды біледі. Мұғалім олардың тереңдігін, жаңа сөздер санын крассвордтың құрылу күрделілігін, қателерді тексереді. Кроссвордтармен жұмыс істеу балаларға ұнайды, сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі. Бұлар оқушылардың шығармашылық жұмыспен айналысуына түрткі болады, олардың тек компьютерде жұмыс істеуге ғана қызығушылығын емес, пәннің теориялық негіздерін білуге ынталандырады.
Анаграммалар, ребустар және кроссвордтардан да басқа ойын технологияларын пайдалануға болады. Мысалы, «Литерлік шамаларды өңдеу операциялары» тақырыбын өткенде, қиып алып желімдеу операцияларын да қарастырамыз, олардың жаңа сөздер табуға көмектесетінін де айтып кетеміз. Сонан кейін оқушыларға өздерін бір сәт теледидардағы «Жұлдызды сағат» хабарының ойыншысы ретінде елестетуге мүмкіндік беріледі. Бір сөз жазылады да, олар 10 минут көлемінде сол сөздегі әріптерден тұратын неғұрлым көп сөз тіркестерін компьютерге енгізу керек.
Компьютерді экология, табиғатты қорғауға, экономиканы жобалауға, мәдениетті дамытуға қолдануға, информатиканы георафия, физика, химия, еңбек, құқық, математика пәндерімен, медицина ғылымдарымен байланыстыруға болады.
Пәндер арасындағы байланысты жүзеге асыруда оқушының пәнаралық білімді игеруі екі түрлі жолмен өткізіледі.
Біріншіден, оқушы пәнаралық білімді мұғалімнің түсіндіруінен немесе басқа оқулықтан дайын түрде қабылдайды.
Екіншіден, оқушы пәнаралық байланыс мазмұнын шығармашылық ізденіс үстінде игере алады. Онда ол бір жаңалық ашқандай болады. Алған білімі есінде ұзақ сақталып, пән бойынша білім сапасы артады, дүние танымы жан – жақты болады. Сондықтан оқыту барысында мен осы екінші жолдың үлесін көбейтуге тырысамын. Ол үшін сабақта әр түрлі әдіс – тәсілдерді, ұйымдастыру түрлерін қолдануды талап етеді.
Информатика сабағына қойылатын негізгі талап ғылыми негізде оқыту, термин сөздермен, сандармен, алгоритмдер құру, программалар жазумен, компьютерде жұмыс жүргізу, пән аралық байланыс жасау, өмірмен байланыстыру, халық педагогикасын қолдану болатын болса, мен осы жоғарыдағы талаптарды өз сабағымда басшылыққа аламын.
Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру үшін плакаттар, дидактикалық материалдар, көрнекі құралдар, кітаптар және журналдарды көптеп пайдаланамын. Журналдағы ақпараттық технологиялар жайындағы жаңалықтармен таныстырып отыру оқушыларды сабақтан тыс уақыттарда информатика кітапханасында өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет