Мазмұны кіріспе информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер


Информатикадан деңгейлік тапсырмалар



бет6/37
Дата07.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#500687
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Денгейлік тапсырмалар

1.5.Информатикадан деңгейлік тапсырмалар
Қазіргі кезеңде халыққа білім беру жүйесі қайта құру бағытында ,яғни жүйенің барлық аспектілерін демократияландыру мен ізгілендіру бағытында дамуда. Білім берудегі «демократияландыру» халыққа әртүрлі білім беру қызметін ұсыну болса, ал «ізгілендіру» жеке оқушының тұлға ретінде дамуына бағытталған.
Ізгілендіру мен демократияландыру педагогикалық ғылымның әдістері мен парадигмасына өзгерістер енгізуді қажет етіп, мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді. Осыған орай , соңғы жылдары еліміздің білім беру жүйесінде оқытудың модульдік технологиясы мен педагогика ғылымының докторы, Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі кең өріс алуда.
Қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласындағы оқытудың деңгейлік жүйесі оқушыларға ғылым негізін меңгертудің негізгі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында.
Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушының жаңаша оқытылуын, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді.
Оқытудың жаңа технологиясының бірі - жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады.Деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік -* теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін әлеуметтік – психологиялық танымал, сұранымын ескеру талап етіледі. Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет.
Мектеп оқушыларының білім деңгейінің көрсеткішін төмендегідей бағалауға болады:
І деңгей (төмен )- эпизодтық. Білімді жаңа жағдайға көшіру мұғалім көмегімен жүзеге асырылады;
ІІ деңгей (орташа ) - түсініктерді жүйелеу деңгейі. 70% ғылыми ұғымдарды саналы түрде анықтайды; ІІІ деңгей (жоғары ) – бастапқы ғылыми ұғымға өту деңгейі деп белгілейді.
Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар олардың ойлауына әсер етеді, тапсырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді, оны шешуде ақыл – ойы дамиды, ойлауына жан – жақты әсер етеді деп түйіндейді. Бірінші деңгей тапсырмалары жаттап алуға лайықты, алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілетін білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік береді.
Екінші деңгей тапсырмалары материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар, ал үшінші деңгей танымдық - іздену түрдегі заңдылықтар шығару, қорытындылау жұмыстары.
Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы өте кең. Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады.Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыстар жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.
Деңгейлеп оқыту – оқытылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
Деңгейлік дифференциялау технологиясы кәдімгі қатардағы мектептің әрбір оқушының артықшылықтарын есепке алатын «жеке тұлғаны жетілдіру» мектебіне айналуына себебін тигізеді, мұндай мектепте балалар оқуға талпынатын, пән негіздерін жақсы бере алатын алдыңғы қатарлы оқу орнына айналады.
Бірінші деңгейдегі тапсырмалар – базалық стандарт болып табылады. Оларды орындауда оқушы бұл пәннен өткен нақты материалдарды қайталап айтып беру деңгейінде болады. Бұларды әрбір оқушы орындай алуы тиіс.
Екінші деңгей тапсырмалары оқушылардың оқу және ойлау қабілетін жетілдіретін жалпы және арнайы тәсілдерді игеруді қамтамасыз етеді.
Үшінші деңгей тапсырмалары оқушылардан алған білімдерін ойлап, талдап пайдалануды талап етеді. Бір деңгейден екіншісіне өту жүйесінің шекарасы сезілмейтіндей өте икемді болуы тиіс.
Міне осындай тәсілдермен өзгермелі ортада тиімді шешімді жылдам қабылдай алатын, өзіндік ойлау қабілеті бар, өзін өзі жетілдіре алатын, жаңа типтегі адамды қалыптастыруға, тәрбиелеп шығаруға болады. Осындай қасиеттері бар адам әлеуметтік жағынан да өзі жақсы қорғай алады.
Оқушылармен жеке жұмыс істеумен қатар кейде оларды екі – екіден топтастырып, бір тапсырма беремін. Мұндайда бір оқушы (жақсы оқитыны) жетекші болып тағайындалады да, олар есепті талқылап, шығару жолын қарастырып, компьютерде шығарып, шығарған есептерін бірлесіп қорғайды. Егер әлсіз оқушы шығарылу жолдарын айтып бере алмаса, яғни дұрыс жауап бермесе, екіншісінің де бағасы төмендетіледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың жеке қасиеттерін есепке алуды талап етеді, оларды ұжымдық түрде жұмыс істеуге үйретеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет