Мазмұны Кіріспе Пән



бет22/64
Дата09.09.2022
өлшемі2.08 Mb.
#460463
түріСеминар
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   64
filosofiya. oak. 2021-2022

6-тақырып. Адам
1. Адам және Ғалам.
2. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі.
3. Қазақ философиясындағы адам мәселесі
Антропология – адам туралы ілім. Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұдан философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылардың адам жөніндегі, оның дүниеде атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой – толғауларынан туғаны дәлел болады. Бір нәрсенің сырын ашып, білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмейтінін түсініп, соны іште де болса мойындау қажет. Біздің білуімізше, философияның мәселесі – бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяға, субъективтің (адамның ) ішкі дүниесінің объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы.
Философиядағы адам мәселесі: қайырымдылық пен зұлымдық, жан мен тән, адам еркіндігі, адамның қоршаған дүниеден өз орнын табу және т.б. түсіндіріледі.
Дәл осы мәселелге әр кезеңдегі ойшылдар әртүрлі аспектілермен, көзқарастармен байланыстыра отырып қарастырды.
Антикалық философияда табиғат пен адамды түсіндірудің ерекше тәсілі құрылды. Космоцентристік көзқарас дегеніміз барлық философиялық зерттеулердің негізінде рухани бастама бола алатын космостың басымдылығын айтамын (жан, әлемдік сана). Ғарышты түсіну табиғатты түсінудің орталық мәселесі болып табылады. Осы байланыста адам табиғаты түсіндіріледі. Адам – кіші ғарыш, адам, әлем, адам санасы, ойлауы сәйкестікте.
Сократтан бастап, адам мәселесі орталық орынға жылжи бастады. Ортағасырлық философияда бұл сұрақ Құдай ілімімен және оның мәнімен түсіндірілді. Табиғат пен адамды түсіну аналогиялық түрде жүзеге асты.
Қайта Өрлеу дәуірі гуманистік болып табылады, сондықтан антропоцентрлік сипата, яғни философияның орталық мәселесі – адам, өзіндік құнды мән ретінде және ол арқылы дүниені түсіну. Философтар адам еркіндігін, оның өмірін жеке ішкі белсенділігімен, шығармашылық іс әрекетімен байланыстырды, яғни тұлғаны өзіндік дамытудың негізгі факторы ретінде көрсетті.
XVII ғасырда батысеуропалық философияда таным мәселесінің басты бейнесі ретінде қарастырды. Мәселені талдау екі қарама қайшы танымдық концепцияның тууына әкелді: эмпиризм және рационализм. Адам мәселесінің танымдық қабілеттері мен еркіндігі бұл кезеңде рационалистік шарттармен шешілді. XVIII ғасыр француз философиясы да рационалистік тұрғыда қарастырды.
Адам мәселесімен байланысты, маңызды мәселелердің бәрі, оның тарихи және индивидуалды даму барысында, табиғи және әлеуметтік қатынасы болып табылады.
Антропосоциогенез – материя қозғалысының биологиялық формадан әлеуметтік формаға өту процесі; жануардың адамға айналуының және жануарлардың адамзат қоғамымен ажырамас бірлігі. Антропогенез және социогенез қапталдаса жүріп отырған екі дербес процесс емес. Адамның қалыптасуы оның мәнінің қалыптасуы болып табылады. Алайда адамның мәні жеке индивидке тән абстракті немесе өзінің шын мәнінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Демек адамның қалыптасуы (антропогенез) денегіміз ең алдымен қоғамдық қатынастар жиынтығы, яғни, қоғамдық (социогенез) қалыптасуы. Социогенез – антропогенездің мазмұны. Антропосоциогенездің біртұтас процесінің бір-бірінен айырғысыз байланысты екі жағы бола отырып, антропогенезбен социогенез уақыт жағынан сәйкес келеді. Жалпылама түрде қарастырғанда қоғамның қалыптасу кезеңі сонымен бірге адамның қалыптасу кезеңі болып табылады.
Адам табиғаты туралы екі концепция құрылды:
– социологизаторлық – марксистік философия жақтастарының адам қоғамдық қатынастар жемісі деген тезис ретінде қалыптасты. Индивид ерекше биологиялық-генетикалық нышандарды иеленбейді, ал тұлға тек әлеуметтік қана емес, адам құрылымындағы биологиялық-физиологиялық өлшемі бар адам болып табылады;
– биологизаторлық – адам мәнін биологиялық тұрғыдан түсіндіру болып табылады.
Философиялық антропология:
1) Адам туралы философиялық ілім, «адам дегеніміз не» сұраққа жауап беретін, объективті-ғылыми және адам мен табиғаттың құндылықтық көрінісін біріктіретін философиялық пән.
2) Германиядағы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған қазіргі философиядағы ағым. Философиялық антропологияның негізгі идеялары мен әдістемелік шарттары Макс Шелердің «Ғарыштағы адам жағдайы» (1928), Гельмут Плесснердің «Адам мен органикалық сатылар. Философиялық антропологияға кіріспе» (1928) атты еңбектерде көрініс тапқан. Философиялық антропология өкілдері – Г. Хенгстенберг, А. Гелен, П. Ландсберг, Э. Ротхакер және тағы басқалары адамның «синтетикалық» концепциясын жасауға бағыттады және философияда бұл ілімді «адам құрылымының мәні мен мағынасы туралы», «адам туралы көзқарасты адам болмысы тұрғысынан» көрді.
Философиялық антропология өкілдері бұл мәселеге гноселогиялық қайнар көздің пайда болуымен жеке ғылымдарда – Э. Кассирер «мәдени антропологиядан», Р. Христиан мен В. Вайцзекер, М. Ландман «медициналық антропологияға» қатысты ойларды көтерді
Макс Шелер (1874-1928жж.) – философиялық антропологияның негізін салушы және бұл ұғымға толық мінездеме берді: ", Шелер, «Қазіргі заманда маңызды философиялық мәселелердің ішінде философиялық антропологияны өзекті мәселелердің бірі деп тануға болады.
Шелер философиясы адамгершілік тұрғыда құрылды. Ол қадыр қасиетті адамға және адамзатқа тәуелсіз, әрқайсысыныың өз мәні болатын «нақты дүниелер» деп қарастырады. Дүние қадыр қасиетті айуандық тән жан стихиясына енгізгенде шынайы адамның негізі рухани әрекеттер иесі ретіндегі тұлға пайда болады, адам өз тұлғасының мәні болып саналатын осы әрекеттерде кіршіксіз «заттарға» қадыр қасиетке ие болады. Адам табиғаты оның құрылымы, табиғаи сферасы мен адамның байланысы арқылы іргелі пәнді түсінеміз. (органикалық емес, өсімдік және жануарлар әлемі) және барлық заттар негіздемесімен; оның метафизикалық және физикалық шығу тегімен, әлемдегі психологиялық және рухани бастауымен; күш және энергия туралы, яғни қозғайды және сол арқылы қозғалады, оның биологиялық, психологиялық, мәдени, рухани тарихи және әлеуметтік дамуының негізгі үрдістері мен заңдары туралы; оның негізгі мәндері мен шынайылығы туралы. Онда жан мен тәннің психологиялық, танымдық және өмірлік сұрақтарының мәселелері сақталады. Тек осындай антропология ғана нақты негіздеме бере алады, сонымен қоса, барлық гуманитарлық пәндерді зерттеу мақсаты ғана анықтайды және нақтылайды.
Әлеуметтік философия қоғамның, оның дамуының философиялық-методологиялық теориясы болып табылады. Философиялық теория ретінде ол қоғамдық құбылыстарды, процесстерді зерттеп-талдағанда оның негізгі мәселесін шешу тұрғысынан қарайды. Ал социологиялық теория ретінде ол қоғамдық құбылыстарды, процестерді зерттеп-талдағанда оның негізгі мәселесін шешу тұрғысынан қарайды. Ал социологиялық теория дегенде қоғамды зерттеп, талдау біртұтас ыңғай, бүтін бір құбылыс, белгілі бір жүйе, өзін-өзі қозғаушы, өзін-өзі дамытушы ретінде де оның нақты салаларын, бөлшектерін талдап, арнайы қарауды да айтамыз. Біріншіден, қоғамдағы іс-әрекет, қызметтің субъектісі - нақтылы адам, ол өзінің материалдық және рухани қажеттері мен мұқтаждарын тек қоғамда ғана қанағаттандырады. Қоғам дамуының екінші бір маңызды алғышарты - қоғамдағы адамдардың енжар емес, керісінше, белсенді болып, қоғамда болған жағдайды жайбарақат қабылдамауы. Егер адамдар қоғамда жағымсыз жағдайды байқаса, олар оны белсенді іс-әрекетті, саналы қызметі арқылы өзгертіп, өздеріне тиімді, ыңғайлы жағдай жасайды. Үшіншіден, қоғам дамуындағы алғы шарт - әрбір дара адамның өзіне тән потенциалдық күш-жігері, қасиеті, жағдай мен ортада өзара байланыста ғана дамиды. Өйткені, бұл болмаса, қоғам да адам да болмайды. Адамның мәнін қоғамнан тыс, еңбек құралсыз, материалдық өндіріссіз танып білу мүмкін емес. Төртіншіден, методологиялық алғы шарт - қоғам жеке адамдардың жай ғана механикалық жиынтығы емес, ол өзгеше бір тұтас әлеуметтік жүйе, олардың бірімен-бірі тығыз байланыста болатын қоғамдық қатынасы. Қоғамды зерттеп, талдаудағы ақырғы методологиялық алғы шарт - қоғам біртұтас бөлінбейтін әлеуметтік өмір, бір-бірінен ажырамас, бір-біріне әсер ететін екі фактордан, яғни адамдардың белгілі бір қызмет әдісінен және әлеуметтік фактордан тұрады. Олар адамдардың материалдық, рухани өндірісті дамытудағы тарихи қызметі арқылы пайда болады.
Әлеуметтік философияның обектісі қоғамды тану болып табылады, яғни әлеуметтік шындықты танумен айналысады.
Бұл білім саласы адамдардың дүние мен дүниедегі өз орнын түсінудегі қызығушылығы жайлы мәселені қозғағанмен, әлеуметтік философияны анықтау күрделі.
Әлеуметтік философия өз бастауын Антикалық кезеңнен алады. Оның пайда болуын, яғни қоғам және жеке салалары туралы философиялық пайымдауды алғаш қарастырған Сократ пен Платон есімдерімен байланыстырамыз.
Платон өзінің «Мемлекет» және «Заңдар» атты шығармаларында ежелгі қоғамның логикалық – түсініктік сараптамасын жүзеге асырады, ал Аристотель «Саясат» атты шығармасында өз кезіндегі қоғамның әлеуметтік мәселелеріне эмпирикалық-ғылыми зерттеу жасайды.
Антикалық заманнан бері қоғамның мемлекеттік-құқықтық және саяси құрылымының теориясы мен тарихының, әділетті қоғам мен билік туралы ілімдерінің маңызы арта түсті.
Ортағасырлық тарихнама мен Тарихтың қоғамдық санасына заттардың әдеттегі тәртібін төңкеріп, ескімен салыстыруға келмейтіндей жаңа әлем жасайтын жалпы әлемдік маңызды дәуірлік оқиға түсініктері енді.
Дәл осы ортағасырлардан бастап тарих философиясы «тарих даналығына құштарлық» ретінде қалыптаса бастады. Өйткені, даналық қана Құдаймен байланысты кәсіп ретінде түсіндірілді.
Қоғам мен адам туралы философиялық ілімдер дамуының ішкі логикасы Жаңа заман мен Ағартушылық дәуірінде ерекше қырынан көрініп, әлеуметтік философияның ішкі ядросын құрайтын философиялық-тарихи білімдер негізі қаланды.
Қоғамдық өмірді тануды алғаш жаратылыстану принциптерімен байланыстырған француз утопияшыл соцалисі - Клод Анри де Сен-Симон (1768-1825) болды.
Сен-Симон француз материалистерін қолдай отырып, деизм мен идеализмге қарсы шықты, оларға «физицизмді», яғни табиғатты зерттеуді қарсы қойды. Детерменизмді үзілді-кесілді қорғай отырып, оны адамзат қоғамының дамуына қолданды және тарихи заңдылық идеясын баянды етуге ерекше көңіл бөлді. Тарих, оның айтуынша табиғаттану сияқты орнықты ғылым болуы керек. Әрбір қоғамдық жүйе, Сен-Симонның пікірінше, тарихтағы алға басқан қадам болып табылады.
Тарихқа идеалистік тұрғыда қарағанымен қоғамдық прогрестің объектілігі, қоғам дамуындағы жеке меншік пен таптардың ролі туралы болжамдары Сен-Симонның үлкен жетістігі болып табылады.
Сен-Симон социологиялық ілімі өткен тарихтың заңды нәтижесі – жаңа қоғамдық құрылыстың орнауын тарих қажеттілігіне негіздеу мақсатына арналды.
Вебер Макс (1864-1920) - атақты неміс экономисі, әлеуметтанушы, философ, тарихшы және мәдениеттанушы. В. «идеалды типтер» теориясын қалыптастырды. Идеалды типтер - деректемелік материалдарды ұғымды түрде ретке келтіруге мүмкіндік беретін үлгілер, схемалар, бітімдер. Вебер оларды өзінің нақтылы зерттеулері мен өмірлік тәжірибе қисындарын жүйелендіру мақсатында қолдана алады. Мысалы, антиктік, феодализм, капитализм ұғымдары осындай үлгілерге жатады. Алайда идеалды типтер нақтылы өмір байлығын және күрделілігін толық қамти алмайды. Сол себептен ғалым олардың шектілігін де аңғаруы керек деген пікірде. Мәдениеттану тұрғысынан Вебердің екі еңбегін: «Протестанттық этика және капитализм рухы» (1904-1905) және «Әлемдік діндердің шаруашылық этикасы» (1905) атап өтуге болады. Бұл еңбектердің басты идеясы - әр елдердегі экономикалық өмір оларда қалыптасқан діни-әдептік нормаларға тікелей байланысты өтеді. Данилевский, Шпенглер және А. Тойнбиге тән өркениеттерді биологияландырған деп қарау ұстанымдарына қарсы шығып, Вебер жаңа ғылымды - ғылым социологиясын жасады. Оны П. Сорокин мәдениет социологиясымен теңестірді. Әлемдік тарихты экономика шешеді деген Маркстен өзгеше, Вебер адамдар дүниесінде тұтыну емес, ақиқат, ізгілік және әсемдік билеуі керек деді. Адамдық қауымдастықтардың мәдени тағдырына биліктің тигізетін ықпалы зор. Вебер 3 түрлі бағындыру тәсілі мен билікті атап өтеді: «жария» немесе рационалды тип (демократия, парламентшілдік); дәстүрлі тип (әдетте, монархия); харизматикалық тип (әдетте, диктатура мен «көсемшілдік»), Вебер бойынша, нақтылы әлеуметтік жағдай мен заман талаптарына сай рационалдылық, дәстүрдің және харизманың бірлігі қоғамдық өмірдің орнықтылығын қамтамасыз ете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет