7-тақырып. Өмір және өлім. Өмірдің мәні
1. Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім).
2. Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны.
3. Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы.
Өмip философиясы – 19-20 ғасыр шекарасында Германия мен Францияда пайда болған, буржуазиялық философияның субъективті-идеалистік бағыты, кең мағынада өмірдің мақсаты, мәні туралы мәселелерді қарастыратын философия. Иррационалстік бағыт ретінде Германияда (Шопенгауэр, Ницше, Дильтей, Зиммель) және Францияда (Бергсон) 19-20 ғасырлар аралығында пайда болды. Олар классикалық рационализмге қарсы тұрды. Философияның бастауы ретінде «өмір» ұғымын пайдаланады.
Өмір философиясы барлық тіршілік иелеріне рухқа, не материяға ұқсамайтын, бірақ түйсік сезімі арқылы тануға болатын өмір көрінісінің формасы және әлдеқандай бір алғашқы реальдық ретінде қарастырады. Бұл философияның пайда болуына биология немесе психология сияқты ғылымдарының жедел дамуы әсер етті. Өмір философиясындағы басты ұғым - өмірдің мәні мен мағынасын алуан түрлі, оны қай позициядан, қалай түсіндіруге байланысты. Мұндағы «өмір» ұғымы бәрінен бұрын тірі организм өмір сүріунің шарты ретіне биология-натуралисттік мағынасында қолданады. Сонымен қатар, «өмір» - дүниенің фбсолюттік шектік негізі болып табылады. Ол материя мен санаға қарағанда белсенді, көп мағыналы әрі мәнгі қозғалыста болады. Оны сезімдік немесе ақыл ой сатылары арқылы емес, тек түйсікпен ғана тануға болады, әрі діни толғаныстармен топшаланады. Өмір философиясы ішкі логикасы жағынан екі салаға бөлінеді: 1) Өмірді тек биология жағынан қарастырып, түсіндіріп биологиядық қасиеттерді шындық өмірдің барлық түрлеріне телиді.Бұл конспекция өмір философиясының психологиялық варианты деп аталады. 2) Өмірді рухани күштердің иррационалдық құбылуы ерік және ішкі толғыныс формасында қарастырады.Сонымен бірге өмір философиясының мәдениет философиясы немесе « тарихи » нұсқа деп аталатын түрі де бар. Бұл қағиданы жақтаушылар өмірді « ішкі » жағынан талдап түсіндіре отырып, тікелей ішкі толғаныстарға жүгінеді. Өмірдің мәнін адам жан дүниесі мен психологиялық тәжірбиелері арқылы емес, мәдени тарихи тәжірібиелер арқылы түсіндіріледі. Өмір философиясының жекеленген нұсқалардың принциптік айырмашылықтарға қарамастан, оның әр түрлі концепцияларының ортақ негізі бар. Ол - қаншылдық пен позитивизм ықпалына байланысты 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында кең тарап, үстем болған мотодологизмге қарсы күрес жүргізу. Қазіргі таңда, өмір философиясы экзистенциализм мен персонализмге ұстанып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |