134
керуеннің басында бес есек пен он қашырға толы жүк артқан шайтанды
кездестіруінен ӛріс алады. Оқиғаға негіз болған образдардың бірі – Ғайса
пайғамбар, екіншісі – құдайдың қарғысына ұшыраған тылсым жауыздық пен
зұлымдықтың
бейнесі ретінде таныс, діни кітаптардағы Ібіліс, Лағын деген
аттарымен белгілі – Шайтан. Ақын мұнда жақсылықты жасаушы мен
жамандықты жақтаушы арасындағы сӛз
қақтығысы арқылы шығарманың
айтар ойы мен идеялық мақсатын айқындай түскен. Шайтан бейнесі арқылы
Мәшһүр Жүсіп Кӛпеев адамдар бойына үйір еткен қастық пен жауыздық т.б.
жамандықтарды таратушы тылсым күш иесін кӛрсетеді. Сол арқылы адамдар
арасындағы алауыздық, зұлымдық, қызғаншақтық, ӛтірік, ғайбаттық ӛркен
жайғандығын меңзеп және ел
ішінде соны таратушыларды, әзәзілдің тіліне
ергіштерді ӛткір сынға алады. Онысы мысал жанрының табиғатына сай,
орынды шыққан. Ақын зұлымдықтың сипатын зұлым күш иесінің ӛзіне
айтқызады. Шайтан:
…Жұрттың тыныштық бүтінін ойламаймын,
Саламын бас қосылған жерге бүлік, –
дей келе, артқан жүгінің сипатын ӛзі саралап береді.
Артқаным бір есекке ылғи жалған,
Жалғанда ӛтірік жоқ мұнан қалған.
…Жүгім бар бір есекте мекер-хайла,
Мұнымен келтіремін үлкен пайда.
…Күншілдік бір есекке тиеп артқан,
Жібек кендір арқанмен буып тартқан.
Базарға мұнан бұрын кӛп барғанмын,
Жерім жоқ бұл саудадан залал тартқан.
Артқаным бір есекке ӛңкей зорлық,
Кӛрінген бір жерім жоқ ешкімге жек.
Мастанып артқандықтан тәккапарлық
Жүре алмай бара жатыр мынау есек.
Мәшһүр адамдар арасында жаман қасиеттердің белең алған сипатын
“шайтаннан қылды сауда кӛтерме алып, орнына бұлар жүрді шайтан қалып”
деген жолдармен аша түскен. Мысал-ӛлең соңында ақын діни-ағартушы
ретіндегі ақындық салтымен: “Дін қайда, осы күнде ғылым қайда?” – деген
сұрақты тағы алға тартады. Осы ӛлеңде Мәшһүр Жүсіп ӛз
жайына қатысты
мынандай ой айтады:
Достарыңызбен бөлісу: