Хақылықта, туралықта тұрамын деп,
Жалғанда жалғыз қалдым жанға жақпай.
135
Мұны Абай да айтқан жоқ па еді?! “Моласындай бақсының, жалғыз
қалдым тапшыным”. Ӛлеңдегі жалпы айтар ойдың мұндай ұқсастығы
Мәшһүр пен Абай поэзиясындағы мазмұндық бірлікті, идеяластық
жақындастықты танытады.
Мәшһүр Жүсіптің мысал ӛлеңдерін қарастыра келе түйгеніміз – бұл
жанрда да ақынның діни-ағартушылық бағытынан алшақтамай, қайта сол
бағыттағы ой-идеясын ӛрістете түскендігін аңғарамыз. Мұнда ол мысал
жанрының табиғатына сай діни-ағартушылық идеяларын тікелей емес,
жанамалай, пернелей жеткізеді. Ақынның бұл мысалдары Мәшһүрдің
творчестволық шеберлігі ұшталып сӛз ӛнеріндегі ӛрісі ашылып, биікке
кӛтерілген кезінде жазылған. Бұған ақын мысалдарының жоғарғыдай
тұщымды ой, толғамды пікірге толы болып келуі дәлел бола алады.
Мәшһүр-Жүсіп – бірнеше ірі дастандар да жазған ақын. Бірақ олар кезінде
жарияланбай қол жазба күйінде тараған. Оның кейбірі жеке адамдардың
ӛмірін ӛзек етсе, енді бірі құран сюжеттерінен, Шығыстық сюжеттерден
алынып, солардың негізінде жазылған. Алғашқысына “Жантемір қажы”,
Шонтыбай қажы” “Нүсіпхан” т.б. қиссалары жатса, соңғысына “Жер мен
кӛк”, “Хаятбақшы”, “Миғраж”, “Пайғамбардың дүниеден ӛтуі туралы”,
“Гүлшат-Шеризат” тәрізді туындылары жатады.
Айтпаймын мен бұл сӛзді тіпті тектен,
Келеді бір жел гулеп аспан кӛктен.
Ішіме сақтауыма сӛз сыймады,
Жүйрік боп озғаннан соң Сүйіндіктен, –
деп басталатын “Жантемір қажы” дастаны Мәшһүрдің екі томдығының
бірінші томында ӛлең деп берілген. Мәшһүр шӛбересі Г.Жүсіпова оның
дастан екенін дәлелдеп, толық нұсқасын баспасӛзде жариялады. Бұл
шығарманың кӛлемді туынды екені, ақын оны дастан ретінде жазғаны мына
жолдардан айқын байқалады:
Ісіне бұл заманның болдым құса,
Бозбала шамаң келсе маған ұса.
Ерігіп мен үйімде ішім пысып,
Бір Сақы, бір сараңды қылдым қисса.
“Жантемір қажыға” қиссасы ӛмірден алынып жазылған, нақты деректерге
құрылған шындықты дастан. Мұнда ақын ӛзінің кӛзі кӛрген ӛз елінің ардақты
азаматы Жантемір қажының ӛмірінен үзік сыр ала отыра, адамзатты
мәртікке, жомарттыққа, азаматтыққа, адалдыққа шақырады. Жалпы дастан
сарыны ел қамын жеген айтулы тұлғаның азаматтық істерін насихаттау. Пәни
136
жалғаннан қызық таппай, “Бір құдайдан басқаға сиынбаған” Жантемірдің
қажыға сапары ұлы мақсатымен сабақтас. Ол ӛз ойын былай білдіреді:
– Байтулла келіп едім сенің үшін,
Ондағы керек қылмай елдің ішін.
Мені алып қал, жібермей қайта Арқаға,
Ер тонарлық ежелгі қайда күшің.
Жантемір – қажылыққа шын кӛңілмен, адал ниетпен барған адам. Ол құдай
жолына шын берілген жан болған соң да қасиетті Меккеде қалғысы келді.
Мұхаммед пайғамбар жұртын кӛрген ол ендігі ӛмірді мансұқ етеді. Алла
жазып кӛрген қызық, сүрген ӛмірді ӛзіне місе тұтады. Мекке жеріндегі ақ
ӛлім алланың берген сиы деп біледі. Ӛйткені ол – ӛзгелер құсап “Атақ үшін
әуре боп, қажы атанғанға мәз болу үшін” келген жан емес, “Құдайға шын
ықыласын берген” жан. Алла жолына шын берілген жанның осын-
дай
шешімге
келіп,
Алла
жолына
берілгендігінің
дәлел-
деуін
ақын
дастанның
алдыңғы
бӛлігінде
оның
азамат-
тық тұлғасын жан-жақты ашу арқылы дәлдей білген. Бір сӛзбен айтқанда,
Мәшһүрдің “Жантемір қажыға” дастаны – аллаға деген асқақ сенімді
ардақтаған, дін жолындағы азаматтардың адами істерін, таза кӛңіл, ақ
пейілдерін үлгі еткен діни-ағартушылық бағыттағы кӛрнекті дүниесінің
бірі.
Ақынның “Гүлшат-Шеризат” қиссасы шығыстық сюжетке жазылған
туындыларының іргелісі.
Жігітке құдай берген қиын емес,
Болғаным менің ақын биыл емес,
Бетіне ақ қағаздың салып шимай,
Қиссасын “Гүлшат-Шеризат” қылдым кеңес, –
деп басталатын дастан, Мәшһүрдің бес шумақтық кіріспесінен соң, Кәркін
патша жайын жырлауға ауысып кетеді. Қисса бір-бірімен желілес
бӛліктерден тұрады. Ғалым Алма Қыраубаева “бес бӛлімге бӛлуге болады”
деген тұжырым жасайды.
Бірінші желі – Бағдат патшасы Кәркіннің балаға зарығуы, тілегі болып
әйелі босанарда, қуанышқа жүрегім шыдамай ма деп аңға кетуі; Арыстаннан
жаралы болып қаза табуы; Баладан тақты қызғанған уәзір Парахзат баланың
шешесін Барыс батырға ӛлтіртіп, ӛзін орманға тастауы; Барыстың баланың
қасына хат пен 10 гауһар қалдыруы.
Екінші желі – Парахзаттың түсі. Онда ол алып айдаһар кӛреді. Ол әлемді
ӛртейді. Парахзат ӛзі ӛлімін кӛреді, сол сәтте аспаннан бір інжу-маржан
137
түсіп, Аждаһаның кӛзі соған түсіп, Парахзатты жайына қалдырады. Барыс
түсін шешеді, інжу-маржан қызың болады, сол бәледен құтқарады деп
жориды. Оның айтқаны келеді. Парахзат қызына Ирамбағын салдырады.
Үшінші желі – баланың ӛсуі; Үш жасқа шейін шешесін еміп, онан соң
Арыстан асырап ӛсіруі.
Тӛртінші желі – баланы керуен басы Сағит қожа асырап алуы; Оның білім
алып, үлкен азамат болып ӛсуі; Гүлшаттың Ирамбағы салынған Шын-
Машында тұрып жатуы.
Бесінші желі – Гүлшатты суреттеу, оның бағбан арқылы Шеризатпен
кездесуі; Шеризаттың соғысы, Барыс батырға кешірім жасауы; Гүлшаттың
әкеге ара түсуі, мысал-әңгіме айтуы, Шеризаттың Парахзатты кешіруі.
Қисса шығыстық сюжетке жазылғанмен, мұнда ауыз әдебиетіндегі қазақ
эпостық жырларының әсері байқалады. Мәселен Парахзат түсі Алпамыс
жырындағы Тайшық түсімен ұқсас болуы. Гүлшаттың сұлулығын суреттеуде
эпостағы қазақ қыздарының бейнесі айқын танылады. Соғыс суреттерінде де
батырлық жырлар елесі бар. Сонымен бірге қыз бен жігіттің бірін-бірі
суреттен кӛріп, не түсінде кӛріп ғашық болмай, бірін-бірі ӛңінде кӛріп
ұнатуы қазақ жырларының шындықты табиғатына жақындата түседі. Ендеше
Мәшһүрдің “Гүлшат-Шеризат” дастаны – оның ӛзіндік тӛл туындысы.
Мұның тағы бір дәлелі осы сюжетке қазақтың ірі әнші-ақыны Әсет
Найманбаевта қисса жазған. Ол “Ер Шеризат” деп аталады. Екі ақынның
поэмаларындағы кӛп айырмашылық бар. Олардың ортақ сюжетке шығарма
жазғанымен, әр қайсы ӛз биігінен келіп, ӛзінше жырлап, ӛзіндік туынды
жасағанын аңғару қиын емес.
Қорыта айтқанда, “Гүлшат-Шеризат” – Мәшһүр-Жүсіп Кӛпеевтің ақындық
шеберлігінің айқын кӛрінісіндей айшықты шығарма.
Жалпы алғанда, Мәшһүр – діни-ағартушы ақын. Бұл ерекшелікті біз
ақынның кез-келген ӛлеңінің желісінен аңғара аламыз. Ол діни танымдық
ойларын шығармашылығында орын алған ӛзге тақырыптардың негізімен
ұштастыра білген. Әр ӛлеңнен дінді арқау ете отырып еркіндік пен
азатшылдықты ұран қылып кӛтерген ақын мақсатын айқын аңғарамыз. Ақын
ӛлеңдеріндегі басты мұрат “Қуаттап алып жүрсе әркім дінін, Ӛткізсе
ғаділдікпен ай мен күнін” деген арман тілекті кӛздейді.
Мәшһүр Жүсіптің әрбір ӛзекті ойының түбірінен діни сананың
топшылауын танимыз. Дін арқылы ол асыл мұратты биік мақсаттарға
шақырады. Оның азатшылдық ұранын арқалаған арманды асқақ үні де діни-
танымымен тығыз байланыста ӛрістейді.
Мәшһүр Жүсіп Кӛпеев қаламынан туған ӛлең-жырлар ӛзі ӛмір сүрген
қоғамының қыр-сырын ашып берумен бірге, езілген халықтың жасыған
жүрегін жұбатып, рухын кӛтерді. Елінің жайына күйзелген Мәшһүр Жүсіп
Кӛпеевтің мұңлы сырға толы ӛлеңдері қазақ ұлтының езгідегі халіне шын
138
жаны ашыған кӛңілден туған. Нақтылай айтсақ, ақын ӛлеңдері асқақ
патриотизмге толы. Осындай ерекше Отансүйгіштік екпінді жырларында
ақын ӛз замандастарына да, кейінгі ӛскін – жастарға да ӛнегелі сӛз айта білді.
Мәшһүр – сыршыл лирик емес, әлеуметтік ӛмірді арқау еткен азаматтық
лириканың ӛкілі. Ӛзімен замандас, бағыттас ақындар арасынан ӛлеңдеріне
азатшылдықты арқау етіп, алғаш ел-жұртына бостандық жайын бүкпесіз айта
білген де Мәшһүр болатын.
Ақын ӛлеңдері ой тереңдігімен де, айтар ойын қарапайым да дәл жеткізе
білуімен де құнды. Халықтық тілдің құнарлы оймен астасуынан Мәшһүр
Жүсіп ӛлеңдері қазақ поэзия әлемінде ешкімге ұқсамайтын даралық
танытады.
Достарыңызбен бөлісу: |