Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет55/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   133
Ӛкінішті қалмайды кетсе ағатың. 
Күні-түні дей кӛрме, ғылым ізде, 
Қалсын десең артыңда адам атың, – 
 
дейді Шәкәрім. “Үш-ақ түрлі ӛмір бар”… Осы бір жолдарда адам ӛмірінің 
бүкіл болмысы айқындалып тұр. Ақын ӛмірдің ортаншысын кӛрсету, соған 
негізгі ойдың салмағын сала меңзеуі арқылы, адамды ізденіске, білімге 
талпындырады. Осынау екі шумақ арқылы түйінделген тұжырымда, ақынның 
ағартушылық ой идеясының тұтқасы жатыр. Ол – ізденіс, ол – еңбек. 
Ал еңбек тақырыбы – Шәкәрімнің бүкіл ағартушылық болмысы мен 
даналық ойының – дәні де нәрі. Абай “еңбек түбі зейнет” деген ұлы қағиданы 
ұстанып, “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген қанатты сӛз 


158 
қалдырса, Шәкәрімдегі еңбек ізденіспен тығыз байланысты. Шәкәрімдегі ой 
“Инемен құдық қазғанды” меңзейді. Және ол үнемі алға ұмтылысты 
жақтайды, соған үндейді. Оған үлгі ретінде Абай жолын ұсынады.
Шәкәрімді ақын ретінде де, дана ойшыл ретінде де толғантқан, тұңғиық 
ойдың тереңіне тартқан тылсым сырдың бірі – “ӛмір” ұғымы. Ол ақынның 
“Дүние мен ӛмір”, “Ӛмір”, “Тумақ, ӛлмек – тағдырдың шын қазасы”, “Ӛмір 
сырын кӛздесең”, “Анадан алғаш туғанымда”, “Үш-ақ түрлі ӛмір бар…” 
ӛлеңдерінің тақырыбына арқау болған. Қашанда болмасын, қай заманда 
болмасын ақындар адам ғұмырына ӛз ӛресі жеткен биіктен ой жіберуге 
тырысып-ақ баққан. Ежелгі жыраулар мен жыраулық толғам мен ақындық 
айқындықты ұштастырған Бұқар толғауларынан мұны айқын байқаймыз. 
Шәкәрім де бұдан тыс қала алмайды. Дүниеге келу мен кетудің мәні не де?.. 
Ӛмір соңы ӛкініштен тұра ма?.. Ӛкінбестей айла бар ма?.. Міне, Шәкәрімді 
толғандырған осы сұрақтар. Адам баласының дүниеге келуінің ӛзінен 
Шәкәрім оның ӛмір жолының бар мәнін ашып береді. 
Анадан алғаш туғанымда, 
Жыладым неге дыбыстап? – 
деп басталатын ӛлеңінде ақын адам ӛмірінің мың құбылған астарлы сырына 
үңіледі. Сәбилік түйсік пен есейген сезімнің тоғысынан ӛмір атты ұлы 
ұғымның мәнін ашуға ұмтылады. Әлгі сұрақтың жауабы қандай болмақ? 
Жауабы мынау: 
“Мұқтаждық ӛмір жолы бұл” – деп, 
Мұңайтып ақыл жылатқан. 
“Жас ӛмір қызық оны біл” деп, 
Алдамшы үміт уатқан. 
Ақын ойынша ӛмір қиындығын жеңер жалғыз күш – алғы күннен 
жақсылық күтер үміт. Үміт алға жетелейді. Бірақ үмітке “серік” қажет, ол – 
“серік” – “ӛмір ӛлімге тұсалғанға” шейінгі аралықтағы қажет қасиеттер. 
Еңбекке шыда, ебін тап та, 
“Сабырдың түбі – сары алтын”. 
Ӛзімшіл болма, кӛпті ардақта, 
Адамның бәрі ӛз халқың. 
 
Ынсап пен мейрім, әділетті, 
Жаныңдай кӛріп, жан сақта. 
Ол жолда ӛлсек, неміз кетті 


159 
Мақсатқа жетпей қалсақ та. 
Ұлы Абай ӛмір туралы: 
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған ӛлмек, 
Тағдыр жоқ, ӛткен ӛмір қайта келмек. 
Басқан із, кӛрген қызық артта қалмақ, 
Бір құдайдан басқаның бәрі ӛзгермек, – 
 
деп, толғанса, Шәкәрімнің де ӛмір туралы тұжырымы осылай ӛріледі. Бірақ 
Шәкәрім танымының бір сыры – ол ӛмірдің алдамшы екенін біле тұра, оны 
ӛкінбестей ӛткізудің нақты мысалдарын алға тартуында. 
Тумақ, ӛлмек-тағдырдың шын қазасы, 
Ортасы ӛмір, жоқтық ғой – екі басы. 
Сағымдай екі жоқтың арасында, 
Тіршілік деп аталар біраз жасы. 
 
Иә, ӛмірге келдің, кеттің, белгі бар ма?! Белгі қалуы мүмкін бе? Сағым дүние 
сағым күйінде қала бермек пе… Ӛкініш! Ал осы сағым дүниені сағынышты 
ӛмірге айналдыруға бола ма? Болады. Ол үшін Шәкәрім жеті нәрсені 
бұлжытпай орындауды ұсынады. 
Ӛмірдің ӛкінбейтін бар айласы, 
Ол айла – қиянатсыз ой тазасы. 
Мейрім, ынсап, әділет, адал еңбек, 
Таза жүрек, тату дос – сол жарасы. 
“Қош жұртым!” атты ӛлең – аты айтып тұрғандай, Шәкәрімнің ӛмірінің 
соңына қарай жазылып, ақын шеберлігінің кемеліне жеткен кезінде дүниеге 
келген туынды. Ӛмірден кӛргені кӛп, түйгені мол ақынның ӛткенге ой 
жіберіп, келешекпен сырласуы десе болғандай бұл ӛлеңді. Мұнда лирикалық 
кейіпкер ӛз ӛмірін қортындылайды. Терең тебіреністен туған ӛлеңде 
ойшылдық басым.
Қалған қараңғыда елім, 
Ойлап толғаумен 
Сынатұғын белім. 
Бұл алтын таңның атқан нұрынан 
Тұр есе алмай елім. 
 


160 
Шәкәрім – нағыз лирик ақын. Оның лирикасы сыршыл сезімге толы. 
Ӛлеңдері кӛркемдік бояуы қанық, жүректің қылын шертетін нәзіктікке бай 
болып келеді. Абай ӛлеңдерінен табылатын суреткерлікке тән белгілер 
Шәкәрімнің лирикасынанда бой кӛрсетіп отырады. Ӛйткені Шәкәрім – Абай 
дәстүрін, оның сӛз ӛнеріндегі үлгі-ӛрнегін жаңашылдықпен байытып, дәстүр 
мен жаңашылдық бірлігінен жаңа жол, соны соқпақ тапқан ақын. 
“Әкесінің баласы – адамның дұшпаны. Адамның баласы – бауырың” деген 
Абай қағидасын Шәкәрім – бүкіл ӛмір бойы берік ұстап ӛткен адам. Ақын:
Адамның маған бәрі бір, 
Не мұсылман, не кәпір. 
Тамам адам бір бауыр, 
Бӛлінбесе ӛлген соң. 
Мен ұлтшыл емеспін, 
Жақыным мынау демеспін, 
Ашылсын анық кӛмескім, 
Айтайын кезі келген соң, – 
дейді. 
“Шәкәрімнің лирикасындағы адамгершілік идеяларды иығымен кӛтеретін 
негізгі тұлға – ақын. Шәкәрім ұғымынша ақын қашанда ӛз дәуірінің ең ауыр 
жүгін кӛтеруге тиіс”
43
, – дейді Шәкәрімтанушы ғалым Б.Әбдіғазиев. 
Арыңның болсын ӛлең айнасындай, 
Кӛрікті, кӛптің ортақ – пайдасындай. 
Жосылып жатсын артта жортқан жолы, 
Арыңды, асқақ ӛзен арнасындай. 
 
“Ақындарға” атты ӛлеңінен алынған шумақтан ұғарымыз, ӛлеңдегі таза 
ойдың ӛміршеңдігі кейінгіге үлгі-ӛнеге шаша алуында. 
Шәкәрім поэзияны сӛз ӛнерінің ең озық үлгісі деп біледі. Ұлы Абай “ӛлең 
сӛздің патшасы, сӛз сарасы” десе, Шәкәрім ӛлеңді “қоспасыз, таза күміске” 
теңейді. Сондықтан да ол ӛлең ӛнерінің асыл қасиетін ардақтап ӛткен. Оған 
ӛз шығармашылығы арқылы мысқалдай болса да нұқсан келтірмеуге 
тырысып баққан. Шәкәрім – поэзия ӛлкесінде ӛз биігінен еш тӛмендемеген, 
қазақ ӛлеңін биікке кӛтерген ХХ ғасырдың ең айтулы ақыны. Ол қазақ поэзия 
әлеміне ӛшпес ӛрнегін салып кетті. Ӛзінің поэзияға, ӛлеңге қойған мына 
талабының ӛресінен шыға білді. 
Ерікті билеп алсын айтылған жыр, 
Сырты-гүл, жарасымды ішінде – сыр, 
43
Әбдіғазиев Б. Асыл арна. –Алматы, 1992. –81 б.


161 
Жаныңның ләззат алар жарығындай, 
Мәңгілік ӛшпейтұғын тӛгілсін нұр. 
 
Ӛлеңнен сезім терген, сыр терген, сол арқылы санаға ақыл құйып, нәр 
берген Шәкәрім асыл сӛзі арқылы кейінгіге ӛсиет қалдырып, ӛнеге беріп 
кетті. Надандыққа қарсы білімді, енжарлыққа қарсы еңбекті қойды. Сол 
арқылы елін алға жетеледі, аяғы ұрпақтың үмітін жақты.
Адам үшін еңбегім, 
Ӛмірден бар тергенім. 
Қалағанын қарап ал, 
Мұрам сол, жастар бергенім! 
 
деп ӛзі айтқандай, соңына мол мұра қалдырып, таңдауды да, толғауды да 
кейінгі ұрпаққа аманат етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет