Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет57/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   133
Қыз алған жоқ жақыннан Тобықты әзір
Ӛлтірем деп жүрмесін бізді қазір, 
Ӛзімді аяп тұрғам жоқ, сізді аяймын, 
Сен сау болсаң болар ем мен-ақ нәзір. 
 
Шәкәрім Мамырдың осы алғашқы кездесудегі сӛзінен-ақ оның ішкі 
әлемінің рухы қаншалықты биік екенін танытып ӛтеді. Бұл – олардың бір-
бірімен тілдесіп, сырласып, белгілі бір уағдаға келгеннен кейінгі кездесуі 
сәтіндегі Мамыр сӛзі. Сол алғашқы кездесуден-ақ, біз Мамыр бойындағы 
нық сенімді, нақты байламды байқаймыз. 
Шындығында поэмадағы әрбір қимылдың, оқыс оқиғаның бастау кӛзінде 
Мамыр тұрады. Ол – ӛжет те ӛр қыз. Мұны Шәкәрім Мамырдың әрбір 
сӛзінен, іс-әрекетінен бай-қатып, үнемі оқырманға ой тастап отырады. 
Қалқаманмен кездесіп, бірге кетуге бел байлаған Мамыр шешіміне назар 
аударайық: 
Мамыр айтты: Мен сенсіз тірі тұрман, 
Үш қайырдым сӛзіңді мен антұрған, 
Бір құдайға сиында, алда жӛнел, 
Жолыңда ӛлсем разымын, жаным құрбан. 
Бұдан тағы бір түйеріміз поэмада Шәкәрім кӛбіне Мамырдың сырт 
тұлғасына, сыртқы сұлулығына сұқтанбай, оның ішкі жан дүниесін ашуға 
ұмтылған. Мамыр ең алдымен, ішкі рухы күшті, бір шешімді ӛжет қыз 
ретінде кӛрінеді. Оны поэманың басында еркекшора қыз ретінде кӛрсетуі де 
осы ерге тән ӛжеттіктің ӛзегі қайда жатқанына жӛн сілтеу еді. 
Мамырдың жан сұлулығы, ішкі сезім нәзіктігі жоғарыдағы Қалқаманмен 
кездесу сәтінде айқын білінеді.
 
Алдыңа кешу сұрап келіп тұрмын, 
Кӛзге тірі болсам да ӛліп тұрмын, 


164 
Қалқаман, осы саған қоштасқаным, 
Денемді емес, жанымды беріп тұрмын. 
 
Қыз жанының нәзіктігі, сезімталдығы, оның ішкі рухы осы сӛздердің ӛн 
бойынан тӛгіліп тұрған жоқ па? Яғни Шәкәрім кейіпкерлердің сӛз қатысын 
олардың бітім болмысын ашуға оңтайлы пайдаланып, сол арқылы 
кейіпкерлерінің жан-дүниесіне терең бойлаған. Сүйгеніне деген адалдыққа, 
махаббат атты ұлы сезімге деген пәктікке Мамыр ӛмірінің соңына дейін берік 
болады. Ағасы Кӛкенайдың қолынан қаза табар сәтте қайсарлығын, ӛжеттігін 
сақтап қалуы оның бейнесін биіктете түседі. Ол ӛзінің ажал алдында 
тұрғанына ӛкінбейді, тілегі тек Қалқаманның амандығы. 
– Кӛкенай, қорғамаймын, сӛзіме бақ, 
Ісім жӛн, бір құдайға кӛңілім хаһ. 
Мойныңа менің қаным халал болсын, 
Болма енді Қалқаманның қанына ортақ. 
 
Кешікпей мен ӛлемін, сен тірісің, 
Іс емес құдай кешер қылған ісің. 
Ӛлтіртпе, тілегім сол, Қалқаманды, 
Барасың тәңір алдына, білемісің? 
Мамырдың осы соңғы сӛзінде ӛз ісіне ӛкіну жоқ. Тек тағдырға 
мойынсыну бар. Ол ӛзінің адалдығына сенімді, махаббат атты ұлы күштің 
құдіретіне шырмалып, құрбанға шалынғанын жақсы түйсінеді. Осы қасіретті 
оқиғаның құрбаны жалғыз ӛзі ғана болуын қалайды. Сондықтан да оның 
аузы-нан шыққан соңғы сӛз “Қалқаман, аман бол!”. 
Поэмадағы Қалқаман – шыншыл бейне. Оның ӛзгелерден артылып, кӛзге 
ұрып тұрған ерекшелігі жоқ. Ол – шыншылдығымен, қарапайым жан 
ретіндегі іс-әрекетімен сүйсіндіретін кейіпкер. Қалқаман – Мамырға шын 
ғашық жан. Ӛз тілегіне орай, қыз келісімін алған жігіт, алдағы қиын-қыстау 
күндердің, тартыс-таластардың боларын біле тұра, күрт шешім қабылдап
берік байламға келеді. Сӛйтіп, Мамырды алып қашады. Бұл – Қалқаман 
бейнесінің ірі қимылға барар азаматтық тұлға екенін байқататын бір кӛрініс. 
Қалқаманның Мамырдай аруға тең, Мамыр махаббатына сай тұлға 
екендігін танытатын екінші бір кӛріністі Шәкәрім поэма соңында береді. 
Мәмлеге келмеген Кӛкенай ақырында садақпен атып, қара санынан 
жаралағанда, “Мамырдан қалған жанның керегі не” деп, басын оққа байлаған 
Қалқаманның аман қалғанын кӛріп, “А, құдайлап” шауып келген құрбы-
құрдасына ол былай дейді: 


165 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет