Мазмұны нормативтік сілтемелерМ. Әуезовтің «Абай» романы
Жоғарыда көрсетілген 1942 жылғы «Жолда» бөліміндегі: Айғыздан туған Смағұл Оспанмен түйдей құрдас болатын сөйлемі мен 1961 жылғы «Жолда» бөліміндегі: Айғыздан туған Смағұл Оспанмен түйдей құрдас сөйлемі баяндауыштары арасындағы айырмашылық бар. Демек, автор алғашқы басылымында құрама етістікті баяндауыш түрін берсе, екінші басылымында есімді баяндауышқа айналдырып болатын есімше жұрнақты бол етістігін алып тастаған. Қалған сөйлемдердің де баяндауыштары өзгертілген. Екінші сөйлемнің алғашқы басылымының баяндауышы құрама болса, кейінгі нұсқасының баяндауышы бар сөзінен жасалып тұр: бар еді → бар. Үшінші сөйлемде де болатын етістігін алып тастап, есімдікті есімді сөйлемге айналдырған: осы болатын → осы. Төртінші сөйлемнің алғашқы нұсқасы сын есімді құрама баяндауыш болса, кейінгі нұсқасы сын есімді баяндауыш болып өзгертілген: қаралы еді → қаралы. Бесінші сөйлемнің алғашқы басылымында баяндауышы жалпы есім мен екен көмекші етістігінен жасалған құрама баяндауыш болса, екінші басылымында зат есімді баяндауыш болып сөйлемді тиянақтап тұр: шешесі екен → шешесі. Алтыншы сөйлемнің алғашқы баяндауышы жалқы есім мен еді көмекші етістігінен болса, кейінгі баяндауышы таза жалқы есімнен жасалып сөйлемді тиянақтап тұр: Мәкіш еді → Мәкіш. Жетінші сөйлемнің құрылымында Абай сөзінің орнының ауысқандығын және еді көмекші етістігінің жоқ екендігін көріп отырмыз: қысы еді → қысы. Сондай-ақ автор екінші кітабының кейбір бөлімдерінің аттарын да өзгертіпті. Мысалы, екінші бөлімінің бұрынғы аты «Әнде», екінші басылымында «Жайлауда», төртінші бөлімі «Аңда» - «Оқапта», жетінші бөлімі «Тағы да әнде» - «Биікте» деп өзгертіпті. Сегізінші жай сөйлемнің бірінші басылымында Көкбай жалқы есімінің болғанын, ал екінші басылымында жоқ екенін көріп отырмыз және етістікті баяндауышты автор жалпы есімді баяндауышқа айналдырған: жігіт болатын → жігіт. Тоғызыншы сөйлем алғашқы басылымды бар еді тұлғасында келсе, кейінгі басылымда еді көмекші етістігі түсірілген: бар еді → бар. Соңғы сөйлемнің баяндауышы алғашқы басылымында құрама баяндауыш болып келсе, екінші басылымында еді көмекші етістіктерін автор алып тастап, есімді баяндауыштар жасаған: бірі еді → бірі. Біздің пайымдауымызша, автордың болатын, еді көмекші етістіктерін алып тастап, таза есімді баяндауыш жасауы: есім баяндауыштар ойды дәл, нақты қысқа жеткізудің стильдік тәсілінің бірі болып табылады. Ал еді көмекші етістігін алатын болсақ, бұл көмекші етістіктің «е түбірінде қазір толық лексикалық мағына жоқ, сондықтан мазмұны жағынан да, форма жағынан да шалағай, яғни толымсыз сөздер. Бірақ лексикалық мағыналары да, грамматикалық формалары да толымсыз (шалағай) болғанымен, олар тілімізде айрықша мол функция атқарады. Еді көмекші етістігі тарихи е (ер) етістігінің жедел өткен шақ формасынан (ер+ді) қалыптасқан. Осыған сәйкес, еді формасы қай сөзге тіркессе де, оған өткен шақ мағынасын үстейді және жіктеліп жұмсалады да, қай жақ екенін көрсететін көмекші сөз ретінде қызмет етеді» [49, 248 б.]. Сондай-ақ «болатын етістігі әрі жетекші, әрі көмекші болып қызмет атқарады. Бол етістігінің көмекшілік қызметі өзге көмекші етістіктерден басқаша, демек, оның ең негізгі және басты қызметі - есімдерден құранды етістіктер тудыру. Оның бұл «мамандығын» өзге көмекшілер атқара алмайды. «Бол» етістігінің жәрдемімен жасалған құранды етістіктердің соңғы компоненті түрленіп, саралама, суреттеме етістіктер жасайды» [73, 265-267]. Есім баяндауыштар туралы профессор М. Балақаев: «Қазақ тілінде есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктердің) қайсысы болса да баяндауыш қызметінде жұмсала береді, бұл үшін олардың қасында көмекші етістіктің тұруы шарт емес. Ал есім баяндауыштардан кейін тұратын көмекші етістіктер баяндауышқа ондай тек шақтық мағына қосып қана қоймайды, сөйлемнің тұлғасын түрлендіретін де қызметте жұмсалады. Сондықтан Мен оқушымын. Сен оқушысың. Ол – оқушы дегендерді таза есімді сөйлем деп қарасақ, Мен оқушы едім. Мен оқушы болатын болдым. Сен оқушы болатын болдың дегендерді есімді және етістікті сөйлемдердің екі арасынан орын алатын, бірақ есімді сөйлем болу қасиеті басым, жай сөйлемнің ерекше бір, есім-етістікті құрама баяндауышты түрі деп қараймыз» [75,89]. М. Әуезовтің бірінші басылымындағы етістікті сөйлемдерді есімді сөйлемдерге ауыстырудың біздіңше мынандай себептері бар: - Есімді сөйлем етістікті сөйлемге қарағанда мағыналық та, көлемі жағынан ықшамды. - Тарихи жағынан есімді сөйлем етістікті сөйлемге қарағанда бұрын қалыптасты. Осы дәстүрді сақтаған М. Әуезов тарихи романын байырғы қалыппен тек есімді сөйлемдермен беруі автордың тілдік түпкі дамуынан хабардар екенін көрсетсе керек. М. Әуезов «Абай» романының кезінен кейінгі әдебиеттер түбегейлі етістікті сөйлемдермен ғана берілуде. Біз өз жұмысымызда М. Әуезовпен қатарлас жазушылар С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин шығармаларынан тақырыптары жағынан жақын үзінді алып, баяндауыштарын талдағанымызда, М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында есімді сөйлемдерді молынан қолданғанына көз жеткіздік. «Абай жолы», «Ботагөз», «Оянған өлке», «Миллионер» шығармаларынан көлемі жағынан бірдей әріптік белгілерден тұратын (3400 әріптік белгі), төрт шығармада да «түннің суреті», «кездесу» тақырыптары әр жазушының қаламына сай суреттеліп берілген. жүктеу/скачать 162.44 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |