Мұны кешегі аңызақ жел кептірді. – Мұны кептірген – кешегі аңызақ жел. Аңызақ желдің мұны кептіргені кеше». Мұнда екінші сөйлемнің баяндауышы жел зат есімі болса, үшінші сөйлемнің баяндауышы кеше үстеу арқылы жасалып тұр [30, 57-58].
Профессор Р. Әмір «Особенности синтаксиса казахской разговорной речи» деген еңбегінің «Система сложных предложений в разговорной речи» тарауында да есімді құрмалас сөйлемдер туралы пікір қозғайды. Профессор Р. Әмір: «Особым структурно-семантическим типом представляются сложные предложения, включающие простые предложения с субъективно-глагольным построением, где сказуемыми выступают осы еді, сол еді. Этот компонент является вариантом функционально-самостоятельных простых предложений со сказуемым осы, сообщающим время действия. Простые предложения со сказуемыми осы еді, сол еді являются вариантами, функционально связанными со структурой сложных предложений, выражающих временные отношения: Аяғымыздың бортқа іліккені сол еді, машина селкілдеп қозғала берді (Б. Тілегенов). Келгені сол еді, бастық шақырып кетті. Нұрсұлу бір жаққа баруға жиналып жатқаны сол еді, телефон шылдыр ете қалды (Қ. Жұмаділов) [30, 148]. Демек, осы пікірден автордың сілтеу есімдігі мен көмекші етістік арқылы жалғаулықсыз ыңғайлас (мезгілдес) салалас сөйлемнің бірінші сыңарларының жасалу жолдарын көрсетуі есімді құрмалас сөйлемнің бір түрі деп айтуымызға болады. Одан әрі автор: «Предложения с субъективно-глагольным построением теснее связаны со структурой сложного предложения в тех случаях, когда в качестве сказуемого выступает слово мұң екен» - деп мына мысалдарды береді: «Ебейсіннің үйден шығуы мұң екен, Құдайменде қарқылдап үйді басына көтере күлді (Ә. Нұрпейісов). Селдір сұйық қамыстары селтиіп, ащылық сораң өскен алқап еді. Соған жету мұң екен, әлгі сұр құйын лезде аппақ болып ұзарып шыға келді (Ә. Нұрпейісов) [30,49]. Р. Әмір мұң екен баяндауышы туралы: «Компонент со сказуемым мұң екен практически употребляется только в сложносочиненном предложении. Мұң екен является сентимантичным словом, служащим для выражения синтиаксических отношений. В данном употреблении оно лишено конкретного лексического значения» - деп мұң екен сөз тіркесінің қазақ тілінде баяндауыш қызметінде жиі кездесетінін атап өтеді, дегенмен, бұл да есімді сөйлемнің бір жаңа түрі деп айтуға болады. Автор: «В состав сложносочиненного предложения с причинным значением могут входить номинативные предложения: Аңқаулығым ғой, солардың тұзағына ілініп қалғанымды білмеппін (Б. Майлин). Орынсыз дәнеңкесі жоқ, құрдай қатынап жатқан машина, жетер ілесіп (Қ. Мұхаметжанов). Ташкеннің дачаға баратын поезы жүргелі жатыр екен, қаптаған адам, ерсілі-қарсылы жүгіріп мазам кетті (І. Жансүгіров) [30, 55] - деп автор пікірін былай жалғастырады: «Будучи компонентом сложных предложений, номинативное предложение называет событие, действие, обусловливающее содержание следующего сообщения. Қаптаған адам в последнем примере обусловливает состояние, действие говорящего: ерсілі-қарсылы жүгіріп мазам кетті» - деп есімді сөйлемнің құрмаластың құрамындағы орнын атап көрсетеді.
Автордың бұл еңбектерінен есімді жай сөйлемдер мен есімді құрмалас сөйлемдердің жасалу түрлеріне көп көңіл бөлгенін байқаймыз.
Жоғарыда талданған еңбектердің барлығы есімді сөйлемдерді жеке зерттеудің нысаны ретінде қарамаған. Олар сөйлемнің түрін ажыратуда, баяндауыштың жасалу ерекшелігін анықтағанда айтылып отырған. Қазақ тіл білімінде есімді сөйлемдерді жеке зерттеу нысанасы ретінде қарастырған елеулі екі еңбек бар. Оның бірі – К.Қ. Оңалбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі есімді сөйлемдер» атты кандидаттық диссертациясы. Бұл зерттеу жұмыста жай сөйлемдердегі есімді сөйлемдерге қатысты төмендегідей мәселелер тұңғыш рет жүйелі түрде берілді: 1) есімді сөйлемдердің негізгі белгілері, ерекшеліктері; 2) есімді сөйлемдерге қатысты сөз таптары; 3) есімді сөйлемдердегі құрама баяндауыштардың сипаты; 4) есімді, етістікті сөйлемдердің қайсысының бұрын қалыптасу мәселесі; 5) есімді сөйлемдерге тән дауыс ырғағы, тыныс белгілері [30].
Б. Елікбаев «Қазақ тіл біліміндегі есімді құрмалас сөйлемдер» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады [30].
Бұл еңбек бүкіл түркітануда есімді құрмалас сөйлемдер туралы тұңғыш зерттеу жұмысы болып табылады. Автор зерттеуінде есімді құрмалас сөйлемдердің қазақ, түркі, орыс тіл білімінде берілу дәрежесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тыныс белгілеріне жан-жақты талдау жүргізеді. Жұмыста есімді құрмалас сөйлемді дәстүрлі жіктеме бойынша есімді салалас құрмалас сөйлемдер мен есімді сабақтас құрмалас сөйлемдер деп бөліп алып, олардың ерекшеліктері мен жасалу жолдарына тоқталған.
Түркітану ғылымында жекелеген түркі тілдерінің синтаксисі белгілі деңгейде зерттелініп келеді. Мұндай зерттеулер біздің ғасырымыздың басынан-ақ европа, орыс ғалымдарының тарапынан қарастырған. Олардың қатарына П.М. Мелиоранский, Н.А. Баскаков, А.П. Поцелуевский, Н.П. Дыренкова, Н.К. Дмитриев, В.М. Насилов, А.К. Боровков, Е.И. Убрятова, Э.В. Севортян, Н.З. Гаджиева, Б.А. Серебренниковтар және т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Дегенмен түркітану ғылымында тарихи синтаксиске қатысты жекелеген арнаулы еңбек жоқ екені белгілі. Нақты айтқанда, көне түркі руника жазбалары тілінің синтаксистік құрылымы, сөйлем құрылысы, сөйлем мүшелері олардың сөйлемдегі орын тәртібі туралы басын аша зерттеген еңбектер саны көп емес.
Түркологтардың дені орыс ғалымдары, бір жағынан әрбір түркі тектес елдердің ғалымдары болып бөлінгенімен, жалпы түркологияда олар өз саласына үлкен із қалдырды.
Біз өз жұмысымызда тақырыбымызға қатысты ғалымдар пікіріне назар аударуды жөн көрдік. Алғаш рет түркітануда есімді сөйлем туралы сөз еткен түркмен тілінің маманы А.П. Поцелуевский: «Одна из этих особенностей связана с очень поздним (сравнительно) возникновением в тюркских языках финитных глагольных форм, а, следовательно, и предложений вербального типа. Так, например, в языке орхонских надписей VIII века нашей эры мы находим только две личные формы глагола: императив и имперфект (общую форму прошедшего времени). Вполне понятно поэтому, что для синтаксического строя древних тюркских языков характерно абсолютное преобладание номинальных предложений» - деп ғалым түркі тілдерінің европа тілдеріне қарағанда бір айырмашылығы – есімді сөйлемдер алғаш қалыптасқанын сөз етеді. Автор ертедегі VІІІ ғ. Орхон жазуларында көбінесе есімді сөйлемдерді мол кездесетінін айта келе, дегенмен, императив, имперфекті тұлғалы етістіктер де кездеседі, бірақ олардан соң есімдік баяндауышты тұлғалардың да кездесетінін айтады. Соңғы ескерткіштерде т.б. жазбаларда етістіктің элементтерінің баяндауыш қызметінде жұмсалуы кездесе бастады. Одан әрі етістікті сөйлемдердің қалыптаса бастағанына байланысты ХVІІІ-ХІХ ғғ. есімді сөйлемдерге қарағанда етістікті сөйлемдер басымдылық жасай бастайды. Бұл құрамды баяндауыштар тек жай сөйлемде ғана емес, тіпті құрмалас сөйлемдерде де мол орын алды деген шешімге келеді. Сондықтан да қазіргі кезде сөйлем түрлерінің бәрі көбіне етістікті сөйлем түрінде беріліп жүр – дейді [30, 84].
Автор бұл еңбегінде есімді сөйлемдер, олардың баяндауыштарының зат есім, сын есім, есімдік сөз таптарымен бірге бар, жоқ сөзді баяндауышты сөйлемдерді де «особые типы именных предложений» - деп есімді сөйлем қатарында қарауды жөн деп біледі.
А.П. Поцелуевский: «Именное предложение может иметь в качестве предиката имя (в особенности, имя прилагательное) или именную форму глагола.
Примеры предиката в именных предложениях:
1. Предикат выражен именем прилагательным (наиболее частый случай): Биз мыдам тайяр. Мы всегда готовы; Сув совук дәл. Вода не холодна.
2. Предикат – имя существительное: Мен Шасенемиң илчиси. Я посланец Шасенем. Атам өйдедир. Мой отец дома.
3. Предикат – местоимение: Бу китабың авторы – мен.
4. Предикат – наречие: Мен мунда, сен онда. Я здесь, (а) ты там.
Достарыңызбен бөлісу: |