Мазмұны нормативтік сілтемелер


-Болымды және болымсыз сөйлемдер



бет8/32
Дата08.11.2023
өлшемі162.44 Kb.
#482647
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
арысбаева салтанат

    Бұл бет үшін навигация:
  • анау
-Болымды және болымсыз сөйлемдер: Поэзия – ажарлап құраған сөз тізбегі емес... (Т. Нұртазин). Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ (Мақал).
-Атаулы сөйлем: Айдала. Көлдің биік қабағы. Әлсіз жел (С. Мұқанов) [13, 18]. Автордың еңбегінен есімді сөйлемдерді тек хабарлы сөйлем түрінен емес, сұраулы, бұйрықты, лепті, болымды және болымсыз сөйлемдер де кездестіреміз.
Баяндауышы есімді сөйлемдер пікірін проф. М. Балақаевтан кейінгі тереңірек түрде қарастырған ғалым профессор Р. Әмір өзінің «Особенности синтаксиса казахской разговорной речи» деген еңбегінің «Структурно-функциональные типы простых предложений» деген тараушасында: «В казахском языке все простые предложения можно подразделить на две основные грамматические группы: предложения с подлежащим-именем и предложения с подлежащим причастием. Такая классификация основывается не только на чисто грамматических признаках, но и принимает во внимание функциональное взаимоотношение предложений с подлежащим-именем и предложений с подлежащим-причастием.
В казахском языке основным, базисным грамматико-коммуникативным типом является тип предложения с номинативной основой построения (т.е. подлежащим-именем)» [29,55] - деп осы сөйлемдердің ерекшелігін: «Предложения эти имеют также большую емкость по сравнению с предложениями, где подлежащее выражено глаголом. Они могут включать все второстепенные члены, расширяющие содержание предложения. Разнообразны и формы сказуемых в предложениях с подлежащим-именем» - деп сипаттайды. Одан әрі автор: «Функциональной, стилистической параллелью предложений с подлежащим-именем являются предложения с подлежащим-глаголом... Нам кажется, что появление предложений с подлежащими, выраженными глаголами, связано с приемом предикационного выноса, характерным для казахского языка.
В предложении предикативный член содержит основное ядро информации. Поэтому в процессе речи слово, выполняющее функцию сказуемого, воспринимается особо. Именно на эту функциональную избранность сказуемого опирается стилистический прием, называемый нами приемом предикационного выноса. Суть этого приема заключается в том, что функцию предикативного члена (сказуемого) выполняет акцентируемое слово» - деп келесі мысалдар арқылы көрсетеді: «Кеше алдым – Алғаным кеше; үй салдық – салғанымыз үй. Баяу жүрді – жүрісі баяу [29, 55]. Сондай-ақ предикация жолы арқылы субъектіні білдіретін сөздерді ерекшелеуде: «Бұны айтқан – сол бала. Мұны кептірген – кешегі аңызақ жел.Предикация жолымен объектіні, уақытты, жағдайды, сапаны білдіретін сөздерді ерекшелеуде: Қасымның ұнатпайтыны осы (Б. Тілегенов). Күзден бері председательдің орынбасары болып жүргені де солардың арқасы (С. Мұратбеков). Автор: «Конструкция предложения с подлежащим-причастием позволяет в качестве сказуемого со значением времени, причины использовать местоимения осы, сол: Айғайшаның көптегн бері өзін-өзі анықтап көргені осы еді (Ә. Нұрпейісов). Менің естіп отырғаным осы. (Ғ. Мұстафин). Апамның ұзақ сөйлескенін көргенім сол (М. Әуезов). Автор осы берілген сөйлемдердің сілтеу есімдікті баяндауыштары болған істің уақытын білдіреді дейді. Сонымен бірге мынау, анау сілтеу есімдіктерінің баяндауыш қызметіндегі жұмсалуының ерекшелігін: «В предложениях, построенных по способу предикационного выноса, сказуемым с особым функциональным назначением выступают местоимения мынау, анау. Конструкции с этим составом служат для выражения эмоции, вызванной действием: Оңбаған, құдай жүзін көрмегір, сенің алдыңғы сұмдығың жетпеп пе еді! Қолың батып әкеңнің басын жарып отырғаның анау» (М. Әуезов). Біз үшін Қайшамен не деспеді. Енді мұның жайлауы жарасып, жері кеңіп отырғаны мынау (М. Әуезов). Басқасын қайтейін, ең аяғы бір сүйектің басын тістескен Достың істеп отырғаны анау (Ә. Нұрпейісов). Профессор Р. Әмір жай сөйлемді осы, сол, анау, мынау сілтеу есімдіктері арқылы көрсеткен [29, 58].
Профессор Р. Әмір «Жай сөйлем синтаксисі» деген еңбегінде «Субстантивтену және оның синтаксис құрылымындағы орны» деген тақырыпша беріп, онда қазақ тілінің грамматикалық құрылысында субстантивтіктің орны ерекше екенін атап өтеді. Автор: «Субстантивтіктің тіліміздің синтаксистік құрылысына, сөйлем құрау жүйесіне тигізетін септігі бірнешеу. Соның бірі – жай сөйлем құрылысының, функциялық шеңберінің кеңеюіне жол ашуы. Дүние жүзіндегі тілдердің көпшілігінде жай сөйлемдер құрылысы жағынан номинативті болып келеді. Сөйлем бастауышы есім, баяндауышы етістік, есім болып құралады: Бала өсті; Бала жас т.т. Қазақ тілінде жай сөйлем бастауышы етістік, баяндауышы есім, етістік болып та құрала береді: Келгені білінді, Келгені дұрыс т.б. Сөз жоқ, бастауыш мүше қызметінде жұмсалу үшін етістік сөздер субстантивтенуге тиіс. Сонымен, етістік субстантивтену арқылы бастауыш ретінде жұмсалатын болды, сол арқылы жай сөйлемнің мүмкіншілігі кеңейді, лексикалық базасы молайды. Екіншіден, номинативті сөйлемдер субъект зат пен оның қимыл, сынмен предикативтік қатынасқа түсуін білдіретін болса (ұста кірді, ұста жас т.т.), соңғы сөйлемдер субьект қимыл мен предикативтік қимылдың қатынасқа түсуін білдіретін болды. Оқығаны ұнады. Көп тілдер бұл пікірді тек құрмалас сөйлемдер арқылы ғана білдіре алады: понравился, как он читал», - деп, субстантивті сөз таптары арқылы жай сөйлемді нақты көрсетеді [29,56]. Автор осы еңбегінде есімді сөйлемдер тақырыбына қатысты «Сөйлемнің логикалық-грамматикалық типтері» тараушасында: Субьект зат пен оның заттық сапасының қатынасын білдіретін сөйлемдер: Оспан – бригадир. Бригадир – сол кісі. Жамал – шөп желке қыз. Бұл сөйлемдердің баяндауыштары зат есімнен жасалған. Кейде екі мүшесі де бір-ақ сөздің қайталауы болып келетіні бар: Сөзім – сөз. Аты- ат-ақ. Жұмысым – бұрынғы жұмыс [30, 66]. Автор «Номинативті және етістікті сөйлемдер» деген келесі тараушасында: «Актуализациялау қызметі сөзді баяндауыш позициясына шығару арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін бастапқы номинативті сөйлем аталғандай трансформацияға түседі.Бұрынғы баяндауыш қызметіндегі етістік есімшелік форма алып бастауыш болады да, актуализацияланатын сөз (объект, субъект) баяндауыш қызметіне ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет