Мазмўны сабырова З.Ќ., Сатбекова А. А


ПОЛИЛОГТЫ ҚАТЫСЫМДЫҚ ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ



бет3/21
Дата17.06.2016
өлшемі1.84 Mb.
#143249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ПОЛИЛОГТЫ ҚАТЫСЫМДЫҚ ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ
Ибраймова Л.Ә. – ф.ғ.к., аға оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Сөйлесім синтаксисінде сөйлеу актілерінің түрлеріне монолог, диалог, полилогты жатқызамыз. Диалог – әрбір сөйленім сөйлесушіге бағытталып, белгілі бір тақырып мазмұнымен шектелетін сөйлесімнің бір түрі. Диалог жекелеген сөйленімдердің қысқалығымен және олардың синтаксистік құрылымының біршама қарапайымдылығымен сипатталады /1, 132/. Диалогқа қарағанда монолог сөйлесушінің сөзін қажет етпейді, сөйлесім алдымен сөйлеушінің өзіне қатысты болады. Монологтың синтаксистік құрылымы күрделі болып, көбірек тақырыптық мазмұнды қамтуға ұмтылады /1, 132/. Полилог – аты айтып тұрғандай бірнеше сөйлесушінің қатысуымен жүзеге асатын қатысымдық акт. Қазақ тіл білімінде полилог мәселесі арнайы зерттеліп, оның қатысымдық, когнитивтік, стилистикалық т.б. қырлары жете қарастырылмаған. Әдеби көркем шығармалардағы полилог мәселесінде де зерттеуді қажет ететін жайттар жеткілікті. Дегенмен қазақ тіл білімінде бүгінгі күнге дейін «сахнадан түспеген» функционалды грамматика, құрылымдық грамматика зерттеулерінен гөрі қазақ әдебиетінде полилог, монолог, диалог мәселесі кеңінен қарастырылған. Соның бір дәлелі ретінде Т. Сыдықовтың «Қазақ тарихи романының көркемдік тіні» атты оқу құралын атауға болады. Оның ойынша, «диалог – адам мінезі сараланып көрінетін барометр. ...Диалогтерде уақыттың әлеуметтік-саяси атмосферасын шамалауға болатын детальдар мол ұшырасып отырады. ...Адамның мінез-құлқын, жылдар бойы қалыптасқан, сүйегіне сіңген стереотип әдетін, кейіпкердің қай ұлттың өкілі екенін, пиғыл-ниетін көрсетеді. Полилогта халық тағдыры сынға түскен кезеңдік оқиғаларға байланысты жұрттың ұжымдық пікірі айтылып, көңіл-ауаны, хал-аһуалы көрінеді. Бір ғажабы, қазақ жазушыларының полилогтарында қаншама кейіпкерлер қатысса да әрқайсысының сөзі, мінезі-құлқы, әрекеті, адамдық бет-бейнесі, әлеуметтік сана деңгейі, көзқарасы шамаланып, дараланып тұрады /2, 106-113/. Бұл – полилогты қатысымдық, когнитивтік, әлеуметтік лингвистика т.б. тұрғысынан талдауға көмегін тигізетін көзқарас.

Полилог тікелей қатысымдық актінің көрінісі екендігіне ешқандай дау жоқ. Солай болғанда сөйлесім синтаксисіндегі көрінісін тема-ремалық жікке бөлу арқылы байқап көруге болады.

Жағдаятқа байланысты полилогта (жамырай сөйлеуде) бірнеше сөйлеуші қатысқандықтан кімнің сөзі екені нақтыланбайды, яғни «баяншылар» мен «қабылдаушылар» белгісіз бола отырып, қатысым жүзеге асады. Мысалы:


  • Мырзалар, – пристав екі құлағын басып біраз тұрды да, қолын жоғары көтерді, – шуламай тәртіппен айтыңдар, не керек сендерге?

  • Уа, нан бер, нан!..

  • Ажарды босат түрмеден!..

  • Мүгедек солдатты босатып бер!

  • Баланияз жазаға тартылсын!..

  • Асқарды емдетсін!

  • Жұмыстан қуылғандар қайтадан алынсын!

  • Онысыз жұмыс істемейміз...

  • Мырзалар, – пристав басын изеп күлді, – тыңдасаңдаршы бір. Біз осы айтқандарыңыздың бәрін зерттейміз...( Ә. Сәрсенбаев).

Бұл мысалдан қазақ халқының ұлттық сипатын байқауға болады. Күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі, әсіресе қарапайым (мысалы, әйел затының ортасы) ортада жамырай сөйлеу қалыпты жағдай. Полилогтың құрамында көбіне тема да, рема да бір-біріне ұқсамайды және әрбір сөйленім жаңа ақпарат таситындығы жоғарыдағы мысалдан байқалады. Дегенмен мұнда барлық сөйлеушінің ортақ бір мүддесі бар екендігі белгілі болып тұр.

Сөйлесімде (мәтінде) реманың орны маңызды. Себебі алдыңғы сөйленімдердегі жаңа ақпараттар арқылы қарым-қатынас өрбіп отырады. Бұны С.М. Аташев «ой сабақтастығы», «информация тәртібі» /3/ деп атайды.

Жамырай сөйлеуде әрбір сөйлеуші белгілі бір жағдаятқа байланысты жадыдағы ақпараттарды толықтырып, жаңғыртады. Мысалы:

Көптің аты көп. Ұзақ ойланып, талай амалды жөнсіз долбарлағандардың ішінен бір жас жігіт тосын ақыл айтты:



  • Жәке, осы былтыр қайтқан Ожан серіні ту-ту Қожа жасауы дей ме, соның зиратына апарып жерлепті ғой. Марқұмның сүйегін қалай иістендірмей, бүлдірмей жеткізді екен?

  • Әлгі сері Ожан ба?

  • Сол, сол! Өзі де, марқұм, қасиетті адам екен-ау. Көзінің тірісінде жоқ-жітікке малын таратып беріпті дейді. Сонда көп малды таратып бергенше, ылғи күн батып, қас қарайып кете берсе керек. Сонда, жұрт: «Ожанның малы таратуға жеткенде, құдайдың күні қарай тұруға жетпеді» дейтін көрінеді! Сонау әулиелердің қасына апарса апарғандай-ақ сері ғой!

  • Ойпырм-ай, мен де естіп ем, өзі кемі айшылық жер шығар-ау!

  • Оу, Қожа жасауы дегенің қай жасау, қай қожа?

  • Қай қожа екенін қайдан білейін, көп қожаның бірі шығар.

  • Ә-әй, мұның айтып тұрғаны Түркістандағы Хожа Жассауғи зираты да!

  • Е, солай демейсің бе?

  • Оны Әулие Әзірет Сұлтан Зираты дейтіндері қайда?

  • Е, онда Абылай мен Қаз дауысты Қазыбектің де сүйектері жатыр, – десіп, әркім шала-шарпы естіген, білгендерін сөз қыла бастап еді:

  • Иә, сөзіңнің жаны бар, – деп, Жаңбыршы кеу-кеулеп кеткен жұртты басты. – Ол Ожанды жылқының терісіне қаптап апарды деседі, өзім естігенім болмаса, көрмеген ісім.

  • Апыр-ай, қаптағанда қалай, тұлып қып тігетін шығар-ау!

  • Иә, сүйтетін көрінеді. Ол үшін жаңа сойған жылқы терісі керек. Соған орап, ауа кірмейтіндей етіп таспамен бітеу тігіп, сыртын қара маймен майлап тастайтын көрінеді.

  • Онда жылқының есебін қалай табамыз, соғым кезі де емес.

  • Жылқыны бірдеме етерміз-ау ортамыздан шығарсақ та, – деп Жаңбыршы соңғы кесімін айтты. Не де болса бүгінгі түн асықпайық. Муфтақты алдырайық, көпті көрген қария, әрі мұсылмандық рәсімді білетін адам (С. Жүнісов. Ақан Сері).

Осы мысалда аялық білімнің алатын орны ерекше. Тілдесушілер жадыда сақталған аялық білімнің нәтижесінде тілдік қатынасты жүзеге асыра алып отыр.

Жамырай сөйлеу қатысымды жеңілдетіп, сөйлеушілердің алдына қойған сөйлесім мақсатының, түпкі ойдың жүзеге асуына ықпалы күшті болады. Бұл сөйлесім актісінде барлық сөйлеушілердің араласуымен ортақ мақсат шешіліп, жадыдағы сақталған тілдік ақпараттар жаңғырып қана қоймай, жаңа хабарлармен де толысқанын көруге болады. Жамырай сөйлеуде сөйлесушілерге тақырып ортақтығының болуы маңызды. Тақырыптың ортақтығы тема мен реманың өрілуінің көзі болып саналады.

Көрші-қолаң, бала-шаға мені қоршап алды.


  • Кәне, қарағым, көзіңді көрсетші.

  • Операцияны қай жеріңе жасады?

  • Әй, өзі бұрынғыдан үлкейіп, әдеміленіп кетіпті, былай қара!

  • Батыр-ау, өзінің тіккен орны да білінбейді ғой, – десе, енді бірі:

  • Ой, тұра тұршы. Бәрінен бұрын операция қалай болады екен, соны айтшы, – дейді ( С. Жүнісов. Ақан Сері ).

Сөйлеушілердің білім қорының аздығынан немесе аялық білімнің жоқтығынан тақырыптан ауытқуды байқауға болады. Мұндай жағдай тек білім қоры ғана емес, түрлі жағдайлардың әсерінен де болады. Жоғарыдағы мысалда әңгіме көз туралы. Тек екінші сөйлеуші жағдаяттан нақтылы хабардар емес (Операцияны қай жеріңе жасады?). Көзге жасалған операцияны және көздің операциядан кейінгі жағдайы қатысымның өрбуіне арқау болып тұр.

Жамырай сөйлеуде тақырыптан ауытқу қалыпты жағдай. Мәселен, сөйлеушілер бір нәрсе туралы айтып келе жатып келесі бір тақырыпқа ауысып кетеді. Біраз уақыттан соң сол тақырыпқа қайта оралулары да немесе оралмаулары да мүмкін. Мұндай жағдайда тема мен реманың да актуалдануы бірқалыпты болмайды. Оны көбіне ауызекі сөйлесім тілінен жақсы байқауға болады.

Жамырай сөйлеудің бір ерекшелігі – теманы ремаға тарқатып беруі. Оны мына мысалдан байқап көруге болады:

Ақан сері де Көбен бидің көлденең ойын дәл түсінгендей жатақтарға айнала шолып қарап алды да:



  • Ал, ағайын, кім де-кім әкейден дүние-зат, ол-пұл алып қарыздар болса, кешірімді! – деп Мұхаммет кеткен жаққа қарады. Мұхаметтің қасында Рамазан да тұр екен. Екеуінің де өңі келмей, долырып, күйіп тұр екен. Ағалары қарағанда ұнатпай, сырт айналып, ағаш арасына қарай сүңги беріп еді, Ақан Рамазанды тоқтатып алды. – Әй, Рамазан тұра тұр. Сіздерге бұл қарызды кешіруші мен емес. Мен бар болғаны әке аманатын орындаушымын. Әлгі Мұхаммет жоқ еді (Ақан оны ұялтайын деп әдейі арашалады). Рамазан болатын. Солай емес пе, Рамазан! (Рамазан салғырт қана басын изеп, жыларманға келіп бұрылып кетті). Әкем марқұм өлерінен бір ай бұрын бізге енші бөліп, әлгі қарыздарды ешкімнен алмаңдар, өздеріне айтыңдар, бәрін кештім деп еді.

Жұрт тағы да гу ете қалды. Қолы қысқа жандар қуанысып, кейбірінің көзіне жас үйірілді.

  • Жарықтық-ай!

  • Топырағы торқа болсын!

  • Апырм-ай, қаншама пұлды кешкені-ау!

  • Түһ, мына бір арқаны кеңітер жақсылық болды-ау! Жатқан жерің кең болғыр!

  • Ой, жарықтық о дүниеде жұмақтың төрінен кетпе!

  • Қашан өлгенше бетімнен отым шығып жүруші ем.

  • Оу, мен үш рет қарыз алдым-ау.

  • Не деген кең адам еді, топырағың торқа болғыр!

  • Құдай да жақсыны қоя ма, – дескен Қорамса атына жаудырған алғыстар қалың нөпірдің әр тұсынан естіле беріп араның ұясынша гуілдеп, ұзақ уақытқа дейін бір-бірімен бас шұлғыса сөйлесіп кетті (С. Жүнісов. Ақан сері).

Тақырып біреу, ортақ бір адамды сипаттап, алғыс айтуда. Бұны мынандай схемаға түсіруге болады (5-суретке қараңыз):

Сурет 1 – Полилогтағы сөйленімнің актуалдану схемасы

Бір қарағанда сырт тұлғасы екеуара сөйлесуге ұқсайтын жамырай сөйлеу түрлері де бар. Ол сөйлесушілердің қойған сауалдарының жауабының болуынан көрінеді.

....Аттанар жақ қара санына басқан көмескі көз таңбаға тесіле қарап, бұл жалпы арғындардың таңбасы екенін ажыратқанмен әркім өзінше әр жорамал айтып, қай елдің меншікті малы екенін тап басып танитын ешкім шықпады. Айыл-тұрманы берік, жеңіл қозықұйрық ерден бір белгі тауып айыру қиын.



  • Бұл маңның жылқысына ұқсамайды.

  • Тегі алыс жақтан жүрген жолаушы болса керек.

  • Әлде көкпар тартысып жүріп жығылды ма екен бейбақ?!

  • Қой, онда басқа көкпаршылар соншама көз жазып қалмаса керек еді ғой.

  • Қасқыр қуып келе жатып жазым болды ма?

  • Мына қара қатқақта кім қасқыр қуушы еді, ессіз біреу болмаса...

  • Е, кім біледі, жолда кездесіп қалса...

  • Не де болса бұл тегін адам емес. Мұнда бір гәп бар: аттан құлайтын адамның сиқы көрінбейді, – дескеннен басқа, дөп басып сәуегейлік айта қоюға ешкімнің батылы бармайтын секілді (С. Жүнісов. Ақан Сері ).

Жамырай сөйлеудің ойды жеткізудегі еркіндік, жағдаяттылық т.б. ерекшеліктерін қарай отырып, тікелей ауызекі сөйлеу тіліне тән табиғатын көруге болады. Полилогты түрлі сипатта талдаса, сөйлесім синтаксисінің мәні ашыла түсері анық.

ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. – М., 1969. – 606 с.

  2. Сыдықовтың Т. Қазақ тарихи романының көркемдік тіні. – Алматы, 1998. – 164 б.

  3. Аташев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі сөйлемнің актуальді мүшеленуі. – Филол. ғылымд. канд. дисс. – Алматы, 1995. – 143 б.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада диолог, полилог қатысымдық тұрғыдан қарастырылады. Полилогты мәтіндердің өзіндік ерекшеліктері қарастырылады.
РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются полилог и его особенности с коммуникативного отношения.




ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТАМЕН ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Саметова Ж. – оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2006 жылдың 18 қаңтарында Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде, атап айтқанда «Қазақстанды таяудағы 10 жыл ішінде әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу стратегиясында» /1/ білім беру мәселесіне де баса назар аударылды.

Сонымен бірге, Елбасының «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталатынын» ерекше атап көрсетуінде де үлкен маңыз бар. Өйткені кез келген мемлекеттің рухани, әлеуметтік- экономикалық дәрежесі сонда өмір сүретін халықтың білім деңгейіне қатысты бағаланады /2/.

Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.

Болашаққа үміт артқан мемлекет, ең алдымен білім сапасының іргетасын қалайды. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдыретті күш тек білімге ғана тән қасиет. Ұлы философ Конфуций: «Оқымай ойлану бос әрекет» деген, яғни білім ғана биікке жеткізеді.

Оқушы білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек.

Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы – білім беру жүйесінде түрлі технологияларды қолдану /4/.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық тенологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Оқушыға қазақ тілі сабағын жүргізу барысында интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі неде?

Интерактивті тақтаны пайдалану дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны оқушыға беру процесі.

Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың тиімді жолдары:


  • Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану;

  • Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру;

  • Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;

  • Ғылыми-ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу;

  • Жеке тұлғаның инттелектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Технологиялық құрал арқылы алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;

  • Білім мен тәрбиенің бірізділігі;

  • Жалпы компьютерлік сауаттылық;

  • Оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы;

Интерактивті тақта арқылы электронды оқулықтарды пайдалану өте ыңғайлы. Ал білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Әлі де білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Оқушы өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып, біледі, алайда олардың қабылдауы әртүрлі. Ақпаттарды қабылдаудың негізгі арналары: есту, көру және сезу болып табылады. Өзін қоршаған ортадан қабылдайтын мәліметтердің 90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту жүйесі арқылы, тек 1 пайызын сезім мүшелерінің көмегімен қабылдайды. Көру жүйесі – есте сақтаудың түрлері ішінде жетік, үздік дамығаны. Педагог – психологтардың зерттеулері бойынша берілетін білім оқушының ішкі мұқтаждығымен сәйкес келмесе, онда оқу процесінде қиындық туындайды. Тәжірибе тұрғысынан қазақ тілі пәнін алатын болсақ, мысалы орыс тілді аудиторияда үй жануарларларының қазақша атауларымен танысу керек болса, оқулықтан олардың тек атауларын ғана оқи алса, ал интерактивті тақтадан, олардың түрлі-түсті көркем суреттерін, видео-бейнесін, дауыстарын естуге мүмкіндік бар, сондықтан оларға сөздерді тез жаттап алуға себеп мол болады.

Қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен мұғалімге байланысты. Қазіргі заман мұғалімінен өз пәнінің терең білгірі болуымен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси экономикалық, білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу-тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Оқушы білімінің сапалы болуы бір жағынан мұғалімнің сабақ беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне байланысты болса, екінші жағынан мектептің техникалық материалдық базасының жабдықталуы да әсер етеді. Оқушының мектепте алған білімді тек игеріп қана қоюы жеткіліксіз, оны жетік меңгеру арқылы болашақ өмірінде өз қажеттілігіне жарата білуі керек. Соңғы кездері мектептеріміз сабаққа қажетті электрондық оқулықтармен, интерактивті тақтамен және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталуда.



Ақпараттық технологиялардың мүмкіндері пайдаланып жасалынған электрондық баспа оқулығын пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушылардың өздігінен жұмыс жасай алады. Әсіресе аталған электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың сабаққа деген ынтасын жоғарылатып, өздігінен мұғалімнің нұсқауынсыз тақырыптарды игеруіне және зертханалық жұмыстарға алдын ала дайындалуларына мүмкіндік туғызады.

  • Интерактивті тақтаны қолдану саласы өте кең: электрондық оқыту жүйесі қашықтан оқыту үшін, өздігімен ізденіс барысында, жалпы білімге деген талпыныс бар оқушыларға өте тиімді. Қазіргі заман талабына сай мүмкіндігін көп дербес компьютерлерді өңдей отырып, тарау бойынша оқушылардың дағдыларды қалыптастыру, білім бақылау жұмыстарын бағалауға мүмкіндік береді. Осы арқылы компьютерлік технологияның дамуының тереңдетілуі білім сапасын жоғарылата отырып, мұғалімнің жұмысын жеңілдете түседі.

Мен өзімнің қазақ тілі сабағымда интерактивті тақтаны пайдаланып өтемін. Бұның тиімді жағы көп: сабаққа қажетті материалдар, кестелер мен сызбалар, анимациялық көріністер, оқушыларды машықтандыру (практикалық және тәжірибелік) фильмдері, анықтама сөздік, оқушы білімін бекітетін дидактикалық материалдар бар. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік жұмыстары(сөздік диктант, диктант) оқушы білімін бақылауда және оқушының өз бетінше ізденісін туғызуда көмегі зор.

  • сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;

  • мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық технологияны меңгеруі;

  • оқушының пәнге қызығушылығы;

  • білімнің тереңдігі;

  • тексеру түрлері, бағалау;

  • практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады.

  • Қорыта келгенде интерактивті тақтаны қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде интерактивті тақтаны сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар электрондық материалдарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен практикалық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша қажетті материалдармен танысып, кестелер және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, дыбыс пен музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға бормен жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі түсінікті. Меңгерілуі қиын тақырыптарды компьютердің көмегімен түсіндірсе жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенінің 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио- және бейнеақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады.

Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және обьектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Мұғалім алдын ала дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндірілу жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Егер оқушы тапсырманы орындаған кезде қиналса, мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталап, түсінуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс-әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.

Қазіргі таңда мемлекетіміздегі мектептерде интерактивті тақталар жалпылай орнатылып жатқанымен, мектеп басына шаққанда өте аз, тіпті бір мектепте бір ғана тақтадан кездесіп ажтады. Сондықтан Қазақстандағы білім беру жүйесі әлемдік деңгейге көтерілсін десек, интерактивті тақталар саны әр сыныпта болуға тиіс деңгейге дейін жетуіміз керек. Ол дегеніміз шет елдегі iPad-ты оқу үрдісінде пайдаланып жүрген замандастарымызға бір табан жақындағанымызды білдіреді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы». – Егемен Қазақстан газеті. 19/І-2006. №16.

2 Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан экономикалық,әлеуметтік және саяси жаңару жолында». – Егемен Қазақстан газеті 3/ІІІ-2005. №13

3 «Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы». – Егемен Қазақстан газеті. 16/І-2004. №5.

4 «Тәрбие тағылымдары» /озық іс-тәжірбиелер жинағы/. – Алматы, 2007.

5 Н.Түндебаева. Орыс тілді аудиторияларда қазақ тілін коммуникативтік оқыту технологиясы. Қазақ тілі және әдебиеті орыс мектебінде, 2007. № 10. – 3-7 б.

6 И.К. Кубаева Научно-методические основы обучения казахскому учащихся 5-7 классов в концепции неосферного образования. – Москва, 2007.
ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада қазіргі таңдағы оқу үрдісінде кеңінен пайдаланылып жүрген, интерактивті тақтаның қазақ тілі сабағында қолдану тиімділігі көрсетілген.


РЕЗЮМЕ

В статье рассматривается эффективность применения интерактивной доски на уроках казахского языка.




ИННОВАЦИОННЫЙ УРОК – КАК СОВРЕМЕННАЯ ФОРМА

ОРГАНИЗАЦИИ УРОКА
Сатимбекова С.А. – преподаватель (г. Алматы, КазгосженПУ)
В педагогике классно-урочная система предусматривает различные формы организации учебно-воспитательного процесса: домашняя учебная работа (самоподготовка), экскурсии, практические занятия и производственная практика, семинарские занятия, факультативные занятия, консультации, зачеты, экзамены. Но основной формой организации обучения в ВУЗе является урок.

В педагогической литературе преобладает точка зрения, соглас­но которой урок – это вариативная форма организации целенап­равленного взаимодействия (деятельности и общения) определен­ного состава педагогов и учащихся, систематически применяемая (в определенные отрезки времени) для коллективного и индивиду­ального решения задач обучения, развития и воспитания. Сущ­ность и назначение урока как целостной динамической системы сводится, таким образом, к взаимодействию педагога и учащихся, целью которого является усвоение учащимися знаний, навыков и умений, развитие их способностей, опыта деятельности и об­щения.

Эффективность и результативность урока во многом определяют­ся его структурой, под которой понимается дидактически обуслов­ленная внутренняя взаимосвязь основных компонентов урока, их це­ленаправленная упорядоченность и взаимодействие. Структура тра­диционного урока включает четыре основных элемента: опрос, объяснение, закрепление и домашнее задание. Такой урок формиру­ет знания, но не обусловливает общее развитие учащихся, поскольку элементы традиционной структуры не отражают процесса их само­стоятельной учебной деятельности.

С другой стороны, такой урок отражает лишь внешние признаки учебного процесса (организовать, спросить, объяснить, закрепить и т.д.) и не отражает внутреннюю его сторону (закономерности учебно­го познания, структуру учебной деятельности и др.). Поэтому тради­ционный урок не может служить для педагога руководством к дейст­вию.

Большее внимание сегодня уделяется человеку как личности – его сознанию, духовности, культуре, нравственности, а также высоко развитому интеллекту и интеллектуальному потенциалу. Соответственно, не вызывает сомнения чрезвычайная важность, острая необходимость такой подготовки подрастающего поколения, при которой оканчивали бы учебные заведения образованные интеллектуальные личности, обладающие знанием основ наук, общей культурой, умениями самостоятельно и гибко мыслить, инициативно, творчески решать жизненные и профессиональные вопросы. Поэтому должен происходить постоянный поиск, цель которого – найти новые формы и приемы, позволяющие слить в единый процесс работу по образованию, развитию и воспитанию учащихся на всех этапах обучения. Коллективу преподавателей необходимо реализовать концепцию, которая предполагает необходимость обеспечения учащихся прочными знаниями материала программы с одновременным осуществлением разноаспектного развития и формирования личности каждого обучаемого – с учетом его индивидуальных способностей и возможностей.

Пути и способы реализации этих принципов должны быть в значимой степени творческими, нетрадиционными и в то же время эффективными.

Инновационные уроки, реализуются, как правило, после изучения какой-либо темы или нескольких тем, выполняя функции обучающего контроля и оценки знаний учащихся. Такие уроки проходят в необычной, нетрадиционной обстановке. Подобная смена привычной обстановки целесообразна, поскольку она создает атмосферу праздника при подведении итогов проделанной работы, снимает психологический барьер, возникающий в традиционных условиях из-за боязни совершить ошибку. Такие уроки осуществляются при обязательном участии всех учащихся, а также реализуются с непременным использованием средств слуховой и зрительной наглядности (компьютерной и видео техники, выставки, буклеты, стенды). На таких уроках удается достичь самых разных целей методического, педагогического и психологического характера, которые можно суммировать следующим образом:


  1. осуществляется контроль знаний, умений и навыков учащихся по определенной теме;

  2. обеспечивается деловая, рабочая атмосфера, серьезное отношение учащихся к уроку;

  3. предусматривается минимальное участие на уроке учителя.

Естественно, что инновационные уроки больше нравятся учащим­ся в силу их необычности по замыслу, методике организации и прове­дения, отсутствия жесткой структуры, наличия условий для саморе­ализации и т.д. Поэтому такие уроки должны быть в арсенале каждо­го преподавателя. Вместе с тем следует учитывать, что на подобных уроках, как правило, отсутствует серьезный познавательный труд учащихся, невысока их результативность. В силу этого они не долж­ны преобладать в общей структуре обучения, преподавателю необхо­димо определить место нетрадиционных уроков в своей работе.

В.А. Сластёнин пишет «понятие "инновация" означает новшество, новизну, измене­ние; инновация как средство и процесс предполагает введение чего-либо нового. Применительно к педагогическому процессу инновация означает введение нового в цели, содержание, мето­ды и формы обучения и воспитания, организацию совместной деятельности учителя и учащегося». Характерной особенно­стью развития урока в конце 80-х-начале 90-х годов являлось то, что в практике общеобразовательной и профессиональной школы имел место активный процесс возникновения нестандартных форм проведения урока. Нестандартный, или инновационный, урок – это занятие, имеющее нетрадиционную, гибкую, вариативную структу­ру и ориентированное, главным образом, на повышение интереса учащихся к обучению посредством новой формы организации их учебной деятельности.

В современной педагогике существует большое количество различных инновационных уроков. Можно выделить следующие группы таких уроков:

1. Уроки в форме соревнований и игр: конкурс, турнир, эстафета, дуэль, КВН, деловая игра, ролевая игра, кроссворд, викторина.

2. Уроки, основанные на формах, жанрах и методах работы, известных в общественной практике: исследование, изобретательство, анализ первоисточников, комментарий, мозговая атака, интервью, репортаж, рецензия.

3. Уроки, основанные на нетрадиционной организации учебного материала: урок мудрости, откровения, урок – “дублер начинает действовать”.

4. Уроки, напоминающие публичные формы общения: пресс-конференция, аукцион, бенефис, митинг, регламентированная дискуссия, панорама, телепередача, телемост, рапорт, диалог, “живая газета”, устный журнал.

5. Уроки-фантазии: урок-сказка, урок-сюрприз, урок 21 века, урок-подарок от Хоттабыча.

6. Уроки, основанные на имитации деятельности учреждений и организаций: суд, следствие, трибунал, цирк, патентное бюро, ученый совет, редакционный совет.

Таким образом, можно сказать, что инновационный урок предполагает введение каких либо новых элементов, не использовавшихся ранее, наиболее распространенным является элемент игровой деятельности. Так как в ходе игры учащиеся не только закрепляют и обобщают материал, но и сами принимают активное участие в ходе урока, сотрудничают друг с другом, с преподавателем и т.д.

Для более полного понимания, что из себя представляет инновационный урок рассмотрим некоторые из вышепредставленных.

Деловая игра – средство моделирования разнообразных условий профессиональной деятельности (включая экстремальные) методом поиска новых способов ее выполнения.

Деловая игра позволяет найти решение сложных проблем путем применения специальных правил обсуждения, стимулирования творческой активности участников как с помощью специальных методов работы (например, методом «Мозгового штурма», так и с помощью модеративной работы психологов-игротехников, обеспечивающих продуктивное общение.

Цель:


  • активизация и закрепление знаний учащихся, приобретенных при изучении данной темы;

  • анализ, синтез, интерпретация материала в ходе данного урока;

  • практическое применение полученных знаний, планирование хода действий.

Основная задача:

• выработка навыков принятия практического решения на игровых этапах «создания» и «развития деятельности» предприятия.

Урок-КВН.

Основными целями и задачами такого урока является:



  • обобщение и систематизация знаний учащихся по данной теме – явлениях, процессах и закономерностях;

  • развитие способностей обобщать и систематизировать изученный материал;

  • объяснение закономерностей и процессов;

  • установление причинно-следственных связей;

  • строить графики;

  • развитие мышления учащихся и их творческих способностей;

  • формирование грамотной устной речи;

  • воспитывать в учащихся чувство товарищества, умение работы в коллективе; ответственности и самостоятельности;

  • развивать познавательный интерес к предмету.

Урок заключается в том, что группу учащихся необходимо разделить на команды, в каждой из которой выбирается капитан. Победителем будет считаться тот, у кого будет больше правильных ответов на предложенные задания. Правильность и полноту ответов определяет специальная счетная комиссия, состоящая из преподавателей, родителей учащихся или старших товарищей.

Задания для такого урока могут быть различными. Это может быть решение задач; фронтальный опрос членов команд по очереди; отгадывание ребусов, кроссвордов; выявление закономерностей; поиск лишних слов и их исправление; демонстрация домашнего задания, предварительно данного преподавателем по выбранной теме; разыгрывание сценок и т.п.

Урок-конкурс.

Проведение такого урока позволяет:



  • проверить прочность усвоения теоретических знаний, практических умений и навыков за весь курс обучения;

  • систематизировать знания учащихся;

  • формировать у учащихся добросовестное отношение к труду, сознательное отношение к выполнению трудовых заданий;

  • воспитывать волю к победе;

  • прививает учащимся интерес к выбранной профессии;

  • развивать у учащихся самостоятельность мышления, творческую инициативу и активность.

Задания для такого урока могут быть примерно такими же, как и для урока-КВНа.

Урок-конференция.

Вряд ли стоит доказывать, что самым надежным свидетельством освоения изучаемого материала является способность учащихся вести беседу по конкретной теме. В данном случае целесообразно проводить урок-конференцию. Урок-конференция – это своеобразный диалог по обмену информацией. На таком уроке, как правило, учащиеся овладевают определенным количеством частотных клише и пользуются ими в автоматическом режиме. Оптимальное сочетание структурной повторяемости обеспечивает прочность и осмысленность усвоения.

В зависимости от поставленных задач тема урока может включать отдельные подтемы. Во всех этих случаях мы имеем дело с обменом значимой информацией. В такой ситуации логично прибегать к элементам ролевого диалога. Такая форма урока требует тщательной подготовки. Учащиеся самостоятельно работают над заданием по рекомендованной преподавателем литературе, готовят вопросы, на которые хотят получить ответы. Подготовка и проведение урока подобного типа стимулирует учащихся к дальнейшему углублению знаний в результате работы с различными источниками, а также расширяет кругозор.

Урок-сюрприз.

Особенностью данного урока заключается в том, что учащиеся не знают, какие задания их ожидают, для этого используются специально приготовленные шкатулки с вопросами, «черные» ящики, конверты и т.д.

Цели такого урока следующие:


  • обобщить знания учащихся о понятиях, показать их значение, взаимосвязь;

  • расширить кругозор, словарный запас через исторические сведения о величинах, повторить старинные единицы массы, длины, времени;

  • выявить имеющиеся знания и понятия процессов, явлений на уровне собственного жизненного опыта;

  • воспитывать активность, самостоятельность.

Урок-аукцион.

Этот урок строится как повторительно-обобщающий с акцентом на показ практической значимости изученных вопросов – в этом и цель урока.

Структура урока такова: приветствие; повторение во время опроса основных вопросов темы; объяснение правил аукциона; "продажа" предметов; музыкальная пауза; продолжение "продажи"; музыкальный финал; итоги.

Построить урок – аукцион можно в такой форме: за демонстрационным столом располагаются ведущие в импровизированных костюмах. Перед ними – большой волчок, а вокруг него по кругу расположены "продаваемые" предметы. Ведущий запускает волчок. Остановившаяся стрелка указывает, какой именно предмет будет продаваться. Покупатели, желающие приобрести данный предмет, должны указать его связь с предметом, точнее – с пройденной темой. Называют по очереди; второй ведущий после каждого ответа громко считает: раз, два,…три. Выигрывает тот, кто до счета "три" последним даст ответ.

Мы рассмотрели только наиболее распространенные нестандартные уроки. При планировании и проведении таких уроков преподаватель может вносить собственные коррективы исходя из выбранной темы для проведения урока и способностей учащихся, также преподаватель, полагаясь на свою фантазию и опыт, может спланировать собственный инновационный урок, который будет иметь место в системе профессионального обучения.

В данной работе остановимся на подробном рассмотрении и планировании такого инновационного урока как деловая игра.

ЛИТЕРАТУРА

1. Макаренко А.С. «Педогогические сочинения».

2. Подлосый И.П. «Педагогика. Новый курс».

3. Асипова Н.А. Казакбаева З. «Инновационные технологии по жизнеоберегающему образованию».


РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются научно-теоретические основы подготовки учеников к инновационно-проектировочной деятельности, учет которых рассматривается как главное условие противостояния стеоретипам и формирования творческого отношения.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада білім беру үрдісін құрудың педагогикалық стеоретип пен шыәармашылық қарым-қатынасты қалыптастырудың негізгі жағдайы ретінде инновациялық-жобалық қызметтің ғылыми-теориялық жақтары қарастырылған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет