Мазмўны сабырова З.Ќ., Сатбекова А. А


СӨЗ ТІРКЕСІН ДАМЫТА ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ



бет4/21
Дата17.06.2016
өлшемі1.84 Mb.
#143249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

СӨЗ ТІРКЕСІН ДАМЫТА ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сембаева А.Ғ. – ората мектеп мұғалімі (Алматы обл,, Жаркент ауданы

Ақжазық орта мектебі)


Сөз тіркесін бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технологиясының міндеттерді шешуге тиімді болатыны, технологияның негізіне жазу теориясы  алынумен байланысты деп анықталды. Жазудың өзі тілдің  таңбалық болмысын  түсіндіруге тірек болады. Сөз тіркесі синтаксисі туралы қажетті лингвистикалық ұғымдар жүйесін  іріктеп, бастауыш сынып оқушыларына   қазақ  жазу принциптерін  анықтау, сөздің сөз тіркесі құру процесі, сөз тіркесі мүшелерінің  жазылуы, айтылуы туралы ережелерді  үйрету арқылы  дамыта оқыту қызметін  ұйымдастыру көзделді. Қазақ  жазуының  теориялық  концепциясына  сүйеніп, бастауыш сыныпта «тізбек», «тізбектелу», «дыбыстар тізбегі», «буындар тізбегі», «түбір мен қосымшалар тізбегі» сияқты ұғымдарды енгізіп,  олардың лингвистикалық  түсініктерін  меңгерту  арқылы ғана  тіл бірліктерінің  тізбектелуі туралы  түсінік  қалыптастырады /1, 54/. Бір сөздің  орфографиялық түрін талдату  арқылы тіл жүйесіндегі  тіл бірліктерінің  тізбектелуі туралы жалпы ұғым жасату керек. Одан кейін  оқушылар өз бетімен  сөздер құрамындағы  дыбыстардың  тіркесімділік  қабілеті мен тіркесімділік  талғамы, тіркесім талаптары  туралы түсінік  беріліп, тапсырмалар орындатылып, қорытынды тұсында  тіркесім туралы ұғым жасатылады. Тіл бірліктерінің, дыбыстың  түбірдің, қосымшаның, жеке сөздің құрамын талдау арқылы оқушы әр біліктіңмағынасын ашады,соның негізінде әрбір тіл бірлігінің қызметі- өз тектес бірлікпен тіркесіп, өзінен жоғары деңгейдегі жаңа тіл бірлігін жасау екендігіне біртіндеп көзі жетеді. Осы тәріздес жұмыстар арқылы ғана бастауыш сынып оқушыларының ізденімдік- зерттеушілік қызметін ұйымдастыру тиімді болады. Сөйтіп, оқу қызметін  оқушы теориялық ойлауы мен тілін дамыту бағытында құруды көздей отырып, сөз тіркесі синтаксисін бастауыш сыныптарда оқытуды жазба тілдің принциптерін меңгертумен байланыстыруды  жөн деп қабылдадық. Әрине, бұл дегеніміз- бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуды тек орфографиялық принциптерге негіздеуді ұсыну емес. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін дамыта оқыту барысында жазу принциптерін тірек етудің мүмкіндігін анықтау және оны болашақта нақтылай зерттеу қажеттілігінің өзі – бастауыш сынып оқушыларына фонетикалық және морфологиялық, синтаксистік ұғымдар аясын кеңейте меңгерту мәселесілелерімен тығыз байланысты.

5-9 сыныптарда  сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясындағы сөз тіркесінен берілетін білім мазмұнын іріктеуде бұл сынып оқушыларының орфографиялық машық- дағдылары белгілі бірдей дәрежеде  қалыптасқаны назарда ұсталынады. Сондықтан да орфографиялық принциптер  бұл  сынып  оқушылары үшін  ғылыми жаңа мәлімет болуы көрінбеуі ықтимал.Осындай мәселе біздің алдымызға 5-9 сынып оқушылары үшін сөз тіркесін  дамыта оқытуда негізгі  теориялық тірек іздеу  керектігін танытты. Ондай теориялық тірек  ретінде біз мынадай жолды  таңдадық:

- сөз тіркесін оқытуда  логика элементтерін қолдану  және  оқушыларға  логика элементтерін тілмен байланыстар отырып меңгерту;

- сөз тіркесін лексикамен, морфологиямен байланыстыра оқыту;

- жаңа синтаксистік ұғымдардың  енгізілуі;

- қазақ тілінің жүйелі  ғылыми курсы  салалы фонетика,  лексика, морфологияның синтаксистік  негізде оқытылуы;

- сөздің синтаксистік қызметіне сөз тіркесін құруға қатысуын да енгізу;

- сөйлем құрылуындағы  сөзбен  қатар сөз тіркесінің қызметін де алдыңғы қатарға  шығару;

- сөз тіркесі мен сөйлем  (жай сөйлем, құрмалас сөйлем) жасалуындағы синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастар табиғатына терең синтаксистік талдаулар жасату;

- орфоэпия заңдылықтарының жаңа ұғымдарын енгізу;

- пунктуация теориясының ұғымдарын меңгерту;

- сөз тіркесінің текст құраушылық қызметіне байланысты ұғымдар жүесін енгізу.

Жаңа ғылыми ұғымдарды сөз тіркесін оқытумен байланысты енгізудің өзінде оқушының белгілі бір дәрежедегі даярлығы болуы керектігі естен шығармау қажет. Жаңа лингвистикалық ұғымдар енгізілгенде, оқушының  олармен қалай танысатыны,  қандай оқу мақсаттарын   қоятыны, қандай міндеттерді шешу арқылы жаңа мазмұндық топтастырулар жасауға жете алатыны анықталады. Мұндай мәселе оқушыны орындайтын оқу әрекеттерінің барынша нақтылауын, жүйеленуін міндеттейді. Оқушы теориялық ұғымды анықтауға, талдауға кіріспес бұрын, мұғалім негізгі оқыту нысаны - сөз тіркесінің табиғаты туралы білім мазмұнын есіне түсіріп, оқушының сөз тіркесі туралы білетін білімдік мазмұнын жаңа аспектіден қарауына басшылық етіп, олардың сөз тіркесі туралы білімін жүйелеп алуына көмектеседі. Осы ретте оқушының теориялық ойлауын дамыту мақсатымен бірге оқушының тілін дамыту мақсаты да бірігіп, сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясының  толыққандығы айқындала  бастайды. Яғни оқушының теориялық ойлауын дамыту міндеті оқушының тілін дамыту міндетімен біріктіріліп, оқушының жан- жақты дамуына жаңа, үлкен арна жасалады. Бұл жерде сөз тіркесінің өзі тектес басқа тіркес түрлерімен салыстыруы, құрмалас сөйлеммен салыстыруы, сөйлем мүшелері мен сөз тіркесінің байланыстығы, текст туралы ұғымдар берілуі туралы  айтып отырмыз. Бұл жұмыстардың барлығы, түптеп келгенде, негізгі обьект- сөз тіркесі синтаксисінің табиғатын неғұрлым терең, неғұрлым айқын танытуға бағытталады.

     Сөз тіркесін дамыта оқытуда эмпирикалық және теориялық таным деңгейлерінің ерекшеліктері осы 5-9 сыныпта аса ескеріліп, эмпирикалық және теориялық  деңгейлерде берілетін білім мазмұндары іріктеледі. Өйткені алдымызға қойылған мақсат- оқушылар сөз тіркесін эмпирикалық және теориялық  деңгейлерде  бірізділікпен талдай отырып, осы тіл бірлігінің грамматикалық тіл бірлігін айқындауға, тіркес түрлерін ажырата білуге, жай және күрделі сөз тіркестерін тануға, сөздердің байланысу тәсілдеріне, байланыс түрлеріне, құрамына, түрлеріне және синтаксистік байланыстармен синтаксистік қатынастар табиғатына терең назар аударулары керек. Сөз тіркесін тілдің барлық  ішкі жүйелерімен (фонетика, лексика, морфология, сөйлем, текст) байланыстара оқыту арқылы пунктуациялық, орфоэпиялық талдаулар жасату арқылы мұғалім оқушының сөз тіркесінің жүйелік-құрылымдық табиғатына мазмұндық талдау жасау дағдыларын қалыптастырады /2, 44/.

    5-сыныптан бастап, оқушылардың синтаксистік ұғымдарды терең тануы мен синтаксистік ұғымдарды жүйелеуге дағдылануы  дамыта оқыту технологиясының міндеті болып саналады. Өйткені, 5-сыныптан бастап оқушылар қазақ тілінің жүйелі курсын оқып- үйрене бастайды. Енді оқушы тілдің ерекше қызметіне ден  қойып, бастауыш сыныптарда меңгерген жазудың заңдылықтары мен тілдің заңдылықтарына теориялық тұрғыдан қарауды үйренеді. «Дыбыс және оның мағынасы»,  «Сөз және оның мағынасы», «Сөз тіркесі және оның мағынасы», «Сөйлем, сөйлем түрлері, олардың мағыналары» деген тақырыптар енді оқушыға тіл бірліктерінің семантикалық тұрғыдан танылуы  қажеттігін айқын көрсетеді. 5-сыныпта фонетиканы оқытудағы басты мақсат – фонеманың сөзбен морфемнің мағынасын ажырататын қызметін таныту. Фонема туралы ұғым қалыптасқан оқушыда жазудың фонематикалық, морфологиялық принциптері туралы түсінік қалыптасуға дайын болады. Жазба жұмыстар мен синтаксистік талдауларды дәстүрлі әдістемеден басқаша етіп түрлендіру және олармен көп жұмыс жасау арқылы оқушыларда жаңа, бұрынғы оқытуда айтылмайтын, тіл жүйесіндегі барлық дерлік бірліктердің, фонемадан бастап, морфема, сөз, сөз тіркесіне шейінгі тіл бірліктерінің, түпкі қызметі- сөйлем құрылымына қатысу екендігі туралы ұғым қалыптасады. Сөйтіп, «Тіл – жүйелердің жүйесі» екендігіне ғылыми талдаулар арқылы көз жеткізеді /3, 79/. Мұндай ұғым жасауда оқушылар жаңа біліміне бұрынғы эмпирикалық білімін тірек етуі үйретіледі.

     5-сыныпта фонетика, лексика жүйелерінің сөз тіркесімен байланыстырыла оқытылуына қажетті лингвистикалық және практикалық материалдар дидактикалық қажеттілікпен іріктелінеді. Фонетика тақырыптарын сөз тіркесімен байланыстыруда, дыбыстардың бірізділікпен орналасу арқылы сөз, сөз тіркесі, сөйлем құралуы туралы теориялық топтастырылған ұғымдар жасалуымен бірге, орфоэпиялық нормалардың үйретілуі де дамыта оқытуда үлкен тірек бола алатын жол деп саналады. Лексиканы оқытуда сөз тіркесін байланыстырудың тиімді жолы ретінде біз лексиканың «Сөз мағынасы», «Синонимдер», «Терминдер», «Көп мағыналы сөздер», «Тұрақты тіркестер» тақырыптарына баса назар аудардық. Осы бағытта жасалған жұмыстардың көлемі, негізінен, синонимдерге байланысты болды. Себебі, синоним сөздердің мағыналарының түрлі реңктері, экспрессивтік-эмоционалдық бояулары сан қырлы болып оқушылардың теориялық ұғымдар жасауы  мен тіл дамуына мол мүмкіндік бере алады /4, 94/.

6-сыныпта морфология жүйесі оқылады. Бұл сыныпта сөз тіркесін морфологиямен байланыстыра оқытуға лингвистикалық материалдар бай әрі жеткілікті. Морфологияны сөз тіркесімен байланыстырыла оқытудың  лингвистикалық негіздемесі сөз тіркесінің морфологияға  тым жақын екендігі туралы  қағидаға сүйенеді, өйткені, сөз тіркесінің жасалуының өзі сөз таптарының синтагмалық қасиеттеріне байланысты. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, одағай, шылау, еліктеу сөздердің барлығы бір- бірімен тіркесімдік қабілеттері жағынан, синтаксистік қызметтері болуы жағынан сөз тіркесін оқытуға үлкен тірек болады. Сөз тіркесін дамыта оқытуды морфологиямен байланыстыруда оқушылардың дәстүрлі білім алу барысына өзгерістер енгізілді. Ол өзгерістер мынадай: дәстүрлі бағдарламада сөз таптарының синтаксистік қызметі  тақырыптардың соңғы жағында ғана, сөйлем мүшесі болуы туралы анықтама және мысалдармен беріледі. Ал сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясы жалпы сөз таптарының  белгілері туралы  жалпы анықтама беруді ұсынып, сол маңызды белгілердің бірі- сөз табының синтаксистік қызметі екндігіне назар аударылады. Сөздің лексикалық, морфологиялық табиғаты  лингвистиканың ортақ мәселесі екені белгілі, ал сөзді синтаксема деп танушыларға /4, 84/ сүйенетін болсақ, сөздің белгілі бір сөз табына жатқызылуының өзінде оның (сөздің) синтаксистік табиғаты басты орын алып тұрғанына  назар аударылмайды. Мысалы, зат есім болса, оның сыны, саны, сапасы болады. Дерексіз зат есімдер мен сын есімдердің (батыр, қорқақ т.б.), тұйық етіс пен зат есімдердің (жүгіру, айту т.б.) айырмашылықтары зат есімнің сын есім арқылы анықталатын синтаксистік қасиетіне сүйене отырып танытылды. Мұның өзі оқушылардың дәстүрлі жүйедегідей, морфология мен синтаксисті айырып танудан сақтандырып, тіл жүйесінің тұтастығын тануға жетелейтін жол деп санады. Зат есімнің ішкі семантикалық түрлерінің өзі олардың түрлі тіркесімдік мүмкіндіктері арқылы тануды қажет етеді (ұл бала, қыз бала т.б.).

Ал сөздердің тіркесімі арқылы ғана сын есімнің, сан есімнің табиғаты танытылатыны бағдарлама мен оқулықта айтылмайды (қызыл көйлек, жеті күн т.б.). Сөз таптарының синтаксис болмысы олардың сөз табы болу мүмкіншіліктерін айқындайтын маңызды факторлардың бірі екендігі сөз тіркесін дамыта оқыту бағдарламасында алдыңғы орынға қойылды.Сын есімдердің синкреттік ерекшеліктері, сан есімдердің сөз табы екендігі  не еместігі туралы ғылыми көз қарастар  оқушыларға ауызша материал түрінде таныстырылуы қажет деп танылды. Есімдіктің тек орынбасар сөз ғана еместігі де, есімдік тек белгілі бір есім сөзді ауыстырушы емес, тұтас абзацтарды да ауыстырып тұратыны  тексті оқытумен байланысты түсіндірілді. Етістік сөз табының мүмкіншіліктері мен олардың сөз тіркесін жасау ерекшеліктері зерттеудің лингвистикалық бөлімінде кең талданды. Сол материалдардың дені сөз тіркесін дамыта оқытуда қолданылды.


ӘДЕБИЕТТЕР

1. Давыдов В.В. Виды обобщения в обучении. – М.: Педагогика, 1972.

2. Эльконин Д.Б. Избр. Психологические труды. – М.,1991.

3. Репкин В.В., Репкина Н.В. Развивающего обучения: теория и практика. – Томск, 1997.

4. Рахметова С. Бастауыш класс оқушыларының тілін дамытудың негіздері. – П.ғ.д., ғылыми дәр.алу үшін жаз. дисс. авторефераты. – Алматы, 1994.
ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада сөз тіркесін дамыта оқыту туралы айтылады.


РЕЗЮМЕ

В статье говорится о развивающем обучении словосочетаний.




ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СЕПТІКТЕРДІ ОҚУ ОРЫС ТІЛІНДЕ ЖҮРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ЖАҢАША ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Тәжіғұлова С. – жоғары санатты мұғалім (Алматы қ-сы, №95 мектеп)
Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты- оқушыларды белгілі дәрежеде қазақша сөйлеп, өз ойын басқа біреуге жеткізе алатындай, сондай-ақ өзгенің сөзін ұға, түсіне алатындай деңгейге жеткізу. Оқушыларды осындай деңгейге жеткізу үшін оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі жеке сөз түрінде емес, сөйлем түрінде үйретілуге тиісті. Жеке сөздер мен грамматикалық формаларды жалаң түрде жаттату арқылы өзге тілді игеру мүмкін емес. Өйткені сөздер өзара байланысқа түсіп, сөйлем құрамына түскенде ғана белгілі бір ойды білдіреді. Белгілі бір ойды білдіретін сөйлемдер (әрине жай сөйлемдер, келе-келе күрделене түседі) жеке сөздермен салыстырғанда қабылдауға, ұғынуға, ойды сақтауға әлдеқайда жеңіл келеді. Ал мұндай сөйлем құрамындағы сөздерді байланысқа түсетін дәнекерлердің ішіндегі ең негізгісі септік жалғаулары. Септік жалғауынсыз сөйлем тек кейбір реттерде ғана болмаса кездеспейді деуге болады.

Әдіс пен тәсіл – бір нәрсе емес, олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Біздің пайымдауымызша,әдіске ортақтық, жалпылық қасиет тән де, ал тәсілге жекелік қасиет тән, басқаша айтқанда, әдістің тынысы кең, ортақтық сипаты бар, қандай пәнді болмасын оқыту үстінде кәдеге жарап отырады. Бірақ мұнда бір ескеретін жайт, жоғарыда аталған әдістер пәннің ерекшелігіне қарамастан талғамсыз қолданыла береді деген пікір тумаса керек, пән ерекшелігін негізге ала отырып, ретіне қарай саралап, талғап қолдану мұғалімнің ақыл-ой парасаты мен тапқырлығына, шеберлігі мен алғырлығына тікелей байланысты.

Сонымен, оқыту әдістері дегеніміз – барлық пәндерге ортақ оқу мен оқытудың жолдары да, ал оқытудың тәсілдері дегеніміз - белгілі бір пәннің немесе тақырыптың жеке мәселелерін тереңірек игерту үшін қолданылатын айла- амалдар.

Әдіс пен тәсіл осындай белгілері арқылы бірінен- бірі ерекшелінеді, бірақ бұған қарап, бұлардың арасында ешқандай байланыс жоқ деген тұжырым жасауға болмайды. Тарихи тұрғыдан алып қарайтын болсақ, қазіргі кезде танымал болған әдістеріміздің бірқатары тәсілдердің негізінде қалыптасқан. Білімі мол, тәжірибесі жеткілікті алғыр мұғалімдердің ой елегінен өтіп, тәжірибеде оң қолданыс тапқан болашағы мол тәсілдер сол қалпында қалмай, жекелік қасиеттен жалпылық, ортақтық қасиетке ие болып, әдістер мазмұнына сай деңгейге көтеріліп отырған. Қысқасы, сапалы, мәнді, оңтайлы тәсілдер кейіннен барлық пәнге ортақ әдіске айналып отыруы- заңды құбылыс.Өз пәнін терең, жан-жақты білетін және оны шексіз сүйе білетін мұғалім оқыту тәсілдерінің алуан түрлерін кеңінен қолдана алады. Қазақ тілі, оның ішінде оқу орыс тілінде жүретін сыныптардағы қазақ тілі, сабағының сапалы өтуі де мұғалімнің орынды қолданылған тәсілдеріне тікелей байланысты. Мәселен, қазақ тіліндегі септік жалғауын оқу орыс тілінде жүретін сыныптарда оқыту барысында сабақтың мазмұнын жетілдіріп, оқыту желісін түрлендіріп отыратын мынадай тәсілдің түрлерін тәжірибеде тексеріп, оның пайдалылығына көзіміз жетті: сұраққа жауап жазу; берілген сөздерді өзара тіркестіру; сөйлем құрастыру; көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қоя білу; олқы сөйлемдерді толықтыру; септік жалғауларын негізге ала отырып сөйлемдер құрау; дайын мәтіннен септік жалғауларын таба білу, олардың түрлерін ажырату; септік жалғауларының жалғану тәртібін айқындау; әңгіме құрастырып жазу; кім көп біледі деген мақсатта мақал-мәтелдер жарысын ұйымдастыру; өлең, мәтіндер жарысын ұйымдастыру; жұмбақтар жарысын ұйымдастыру; мәтіннен септік жалғауларын тауып, олардың үндестік заңына, жалпы ықпал заңдарына үйлесімділік қасиеттерін айқындау; телефонмен сөйлесу ойыны; мәнерлеп оқу жарысы; бір-бірінің баяндау жұмысын сынау, бір-бірінің жазу жұмыстарын сынау, бағалау; қазақ тіліндегі септік пен орыс тіліндегі септіктің ара қатынасын айқындау, мысал жазу, толықтыру; сөздерді мағыналық жағынан қарама-қарсы қоя білу; сөздікпен жұмыс; сұрақ қоя білу; пікір айту; хормен оқу; өздері күнделікті көріп, біліп жүрген оқиғаларды баяндау; мәтіннен табыс септігімен тіркесіп тұрған сабақты етістіктерді таба білу; барыс,шығыс септіктерімен тіркесіп тұрған қозғалыс әрекетін білдіретін етістіктерді таба білу; өздігінен табыс септікті сөйлемдер құрау; барыс септікті сөйлемдер құрау; шығыс септікті сөйлемдер құрау; ілік септікті сөйлемдер құрау;сондай-ақ жатыс, көмектес септікті сөйлемдер құрау; қимыл- әрекетті пайдалана отырып түсіндіру тәсілі, сурет бойынша сөйлемдер құрау;шағын мазмұндама жазу; әр септіктің және қимыл-әрекеттің иесі болып рөлдер ыңғайында сөйлемдер құрау, т.б. Осы аталған тәсілдердің қандай түрі болмасын қазақ тіліндегі септік жалғауларын игеруге бағытталып отыруы қажет.

Сөйлей білуге машықтандыратын ұтымды жолдардың бірі – жаттығу жұмысы. Жаттығулардың тиімділігі – оқушылардың сөйлей білу дағдыларын қалыптастыруға пәрменді ықпал жасайды. Психологтардың айтуына сүйенетін болсақ, дағды мақсатты, саналы қайталаудың негізінде қалыптасады. Осы тұрғыдан алғанда, сабақта пайдаланылатын оқу материалдары тартымды, оқушылардың таным қабілетін арттыратындай, ойлау дәрежесін жетілдіретіндей болуы қажет.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқитын балаларға қазақ тілін игеру жеке сөздерді септетіп жаттату ыңғайында болмай, кішігірім, келе-келе күрделі сөйлемдерден сұрақтарды, сондай-ақ септіктерге тән тұлғалық көрсеткіштерді тірек ету ыңғайында меңгерту қажет.

Мұндай жолмен игерту қиынға соға бермейді, өйткені септік жалғауларын сұрақтар қою арқылы тапқызу әрі оқыту төменгі сыныптардан басталады. Жоғарыда айтқандай, оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқитын балаларға қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты- оқушыларды сөйлей білуге, өз пікірін өзгеге жеткізе білуге, тілдік қорын дамытып, қазақ тілін қатынас құралы ретінде жұмсай білуге үйрету. Міне, осы тұрғыдан келгенде қазақ тілін оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқытудың тиімді жолдарын төмендегіше саралауға болады:

1.Оқыту әдістері:түсіндіру, сұрақ-жауап, иллюстрация-демонстрациялау, мәтін бойынша оқыту, тексеру, бағалау.

2.Оқу әдісі: аударма, сөйлем және сөзді толықтыру, қайталау, жаттығу, бақылау, дағдыны қалыптастыру.

Әдіскер-ғалымдар оқыту әдістерін топтастырғанда, негізінен, үш түрлі белгіні негізге алады. Олардың бірқатары оқытушы мен оқушының іс-әрекетін негізге алса, енді бірқатары оқу материалының мазмұнын негізге алған, ал енді басқалары мұғалімнің шығармашылық зерттеу әдістерін тірек еткен. Біз оқыту әдістерін топтастыруда осылардың ішінен оқытушы мен оқушының іс-әрекетін негізге алу ұстанымын орынды деп білеміз, өйткені оқыту ісіндегі негізгі мақсат – таным- білімді игеру және игерту, бұл – оқытушы мен оқушының іс-әрекетінен тұрады.

Септік жалғауларының екі түрлі қызметі бар, біріншісі – өзі жалғанған сөзді тұлғалық жағынан түрлендіру, екіншісі – сөз бен сөзді байланысқа түсіру.Мұның екінші қызметі біріншіден жоғары тұрады, өйткені түрлендірудің өзі сөз бен сөзді байланысқа түсіруден туындайды. Демек, септік жалғаулы сөздер сөз бен сөзді байланысқа түсіреді дейтін болсақ, ілік септігін қоспағанда, өзге септіктер, негізінен, етістіктермен байланысқа түседі.Бірақ мұнда бір ескеретін жайт, септік жалғаулы сөздер кез- келген етістіктермен емес, мағыналық жағынан үйлесімі бар етістіктермен ғана тіркеседі. Міне, осындай мағыналық байланысы бар етістіктерді тауып, тіркестіруге бағытталған жаттығуларды молынан жүргізу керек. Бұл әдіс, біріншіден, оқушылардың сөйлеу тілін дамытуға мүмкіндік жасайтын болса, екіншіден, грамматикалық материалды игеруге жағдай жасайды.

Септіктерді меңгертуде сөздерді жеке алып септеуден, осымен шектелуден аулақ болу керек, өйткені бұл таза қазақ мектептері үшін болмаса, оқу орыс тілінде жүретін мектептері үшін жарамсыз, себебі сөзді жеке алып септеу ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады және өзара байланыссыз алынған дербес сөздер еш уақытта қатынас құралы міндетін өтей алмайды.

Септіктерді оқытуда, әсіресе қайталау сабағында, сұрақ-жауап әдісі арқылы диалогты сөйлемдер құрау оқушы дағдысын қалыптастыруда жетекші қызмет атқарады. Өйткені мұндай жолмен орыс тілді оқушылардың сөйлеу тілі жетіледі, тіл байлығы артады.

Оқыту жүйесінде мұғалім – ең басты тұлға, Оны еш нәрсе де алмастыра алмайды. Педагогика, әдістеме ілімінің соңғы жаңалықтарымен қаруланған ұстаз шәкірттерінің алдында, сондай-ақ бүкіл халықтың алдында әр уақытта абыройлы.


ӘДЕБИЕТТЕР

1. Сатбекова А.А. Қазақ тіліндегі септіктерді орыс мектебінің 6-класында оқыту. – Алматы, «Мектеп», 1998.

ТҮЙІНДЕМЕ

Бұл мақалада қазақ тіліндегі септіктерді оқу орыс тілінде жүретін мектептерде жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері туралы кеңінен сөз болады.


РЕЗЮМЕ

В данной статье речь идет о новых методах и приёмах преподавания падежной категории казахского языка в школах с русским языком обучения.




АУДАРМАШЫНЫҢ МӘТІНДІК ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Халық Г.Ж. – аға оқытушы, магистрант (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Мәтін – сөз арқылы жеткізілетін, сөйлеудің шығармашылық нәтижесі. Мәтін арқылы барлық тілдік бірліктер іске қосылатындықтан, ол ерекше күрделі тілдік таңбаға жатады. Демек, мәтінді талдау мен мәтінді тану, оның түзілімі мен құрылымын саралау, мәтінжасам барысындағы тілдік бірліктердің қызметін анықтау және оны аудармада қолдана білу бүгінгі таңда өзекті мәселе. Мәтін туралы зерттеулер ертеден басталғаны мәлім. Мәтінтанушы ғалымдар Халидей мен Хасан мәтін туралы бірде: «The text is the product in the sense that it is an output, something that can be recorded and studied… It is a process in the sense of a continuous process of semantic choice, a movement through the network of meaning potential, with each set of choice constituting the environment for a further set» /3, 10/ деген екен .

Яғни, мәтін дегеніміз – дыбыстап қайта айтуға немесе зерттеуге болатын өнім. Бұл өнім семантикалық және потенциалды мағыналық қозғалыстан тұратын, қоршаған ортасын әрекетке шақыратын үздіксіз үрдіс.

Ал батысгермандық ғалым К. Норд аударма барысында мәтіннің дұрыс түсініліп, дұрыс зерделенуі осы мәтінге байланысты аудару тәсілін дәл таңдауға ықпал етеді дейді. Аударма үрдісінің бүкіл кезеңдерін жинақтап К. Норд /1/2, 282/ төмендегі кестесін ұсынад

1блок-схема: процесс 49-кесте

прямая со стрелкой 47прямая со стрелкой 48
прямая со стрелкой 46прямая со стрелкой 44

прямая со стрелкой 45

салыстыру сапа кепілі



блок-схема: процесс 42блок-схема: процесс 43

прямая со стрелкой 41


прямая со стрелкой 35прямая со стрелкой 39прямая со стрелкой 36прямая со стрелкой 40 шешім іске

қабылдау асыру



блок-схема: процесс 34прямая со стрелкой 37прямая со стрелкой 38

Бұл кестеден мәтінді аударудағы әрекеттердің кезеңдерге бөлініп тұрғанын, әр кезеңнің бір-бірімен байланыста екендігін көруге болады.



  • Бірінші кезең тапсырыс мәтінді тану, мәтін түрін анықтау немесе түпнұсқа мәтінді (ТМ, мәтін 1) ұғып, мәлімет алу

  • Екінші кезең ТМ ді талдау, оның түзілімі мен құрылымын саралау,

  • Үшінші кезең аударма тәсілдерін қолдана отырып, тілдік бірліктерді таңдау, синтаксистік құрылымдарды сол мақсатқа бағындыру,

  • Төртінші, мәтін бөлімдерінің мағынасын сақтай отырып, оны тұтас бірлік деп қарау, аударма тілдегі (АТ ) қажетті тілдік бірліктерді таңдап, жаңа мәтін (мәтін 2) құрастыру болып есептеледі.

Мәтінді ұғыну дегеніміз, аудармашының атқаратын жауапты кезеңі.

Себебі жай (қарапайым ) Қабылдаушы немесе Рецептор /4, 327/ басқа тілдегі мәтінді көргенде, оның мазмұнын жобалап қана түсінуге құқылы болса, аудармашы оны анық, жете түсінуі және екінші тіл арқылы ТМ-нің мазмұнын жеткізуі керек. Аудармашы түпнұсқаның синтаксистік құрылымын да анық түсініп, мәтін мазмұны жайлы нақты шешімге келеді.

Тапсырыс мәтін аударылған соң шығыс мәтін аудармасы кіріс мәтін нұсқасымен салыстырылады. Бұл әрекет аударма нұсқаларының функционалдық сәйкестігіне көз жеткізу үшін жасалынады.

Аудармашы түпнұсқа мәтіннің мағынасы мен мазмұнына, оның түріне қарай отырып тәржіма тәсілдерінің біріне таңдау жасайды.

Аударма кезеңдерін сәтті пайдаланып, дәлме-дәл тәржіманы жүзеге асыру мақсатымен, болашақ маманға аудармашылық құзырлығын дамыту қажет. Бұл құзырлық мынадай алғышарттардан тұрады:


  1. Аударма барысында ол барлық жинақтаған білімін, күш - жігерін қолдана білуі;

  2. Алынған ақпаратпен жұмыс істей алу, тапсырыс мәтінді ұғынып, жаңа мәтін құрастыра білу біліктілігі.

  3. Коммуникативті-функционалды теңбе тең балама мәтін құрастыра алу біліктілігі

Дегенмен, оқыту барысында әдіскерлер аудармада ешқашанда «дәл осы, дұрыс нұсқа» деп көрсететін мәтіннің аудармасы болмайтындығын ескертеді. Аудармадағы мәтіннің әр түрлі нұсқалары студенттерді ізденіс пен шығармашылыққа жетелейді. Жоғарыда сөз болған кестені аудармашылық үлгі ретінде оқыту үрдісінде қолданып көрелік.

Салыстыру барысында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың белгілі «Наурыз айы туғанда» /5, 276 / өлеңін К. Нордтың кестесін пайдалана отырып, талдап көрелік:



2-кесте

блок-схема: процесс 17


прямая со стрелкой 16


прямая со стрелкой 15


прямая со стрелкой 13прямая со стрелкой 14

салыстыру



блок-схема: процесс 9прямая со стрелкой 12


блок-схема: процесс 10
When here comes month Nauryz

There is party, there is feast

Mothers saving special treats

For their sons who on trips

Prepare then meals as surprise
Nauryz, Nauryz, holy day!

Welcome blissful holiday!

Slowly melts sugar – snow,

Warming steadily terra- clay.




сапа


сапа

прямая со стрелкой 8


прямая со стрелкой 6прямая со стрелкой 7 шешім

жасау іске

шешім асыру асыру
прямая со стрелкой 4прямая со стрелкой 5прямая со стрелкой 2прямая со стрелкой 3


блок-схема: процесс 1

Қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаев аударма саласына да өзінің үлкен үлесін қосқан адам. Ақын Х. Ерғалиев Шекспир сонеттерінің 154-ін орыс тілінен қазақ тіліне аударған болса, Мақатаев У. Шекспирдің 1-46 сонеттерін аударған.

Мұқағали Мақатаевтың үш аударма кітабы, У. Уитменнен аударған «Шөп жапырақтары», У. Шекспир «Сонеттері», А. Дантенің Құдіретті комедиясынан «Тамұқ» бөлімі болды. Мұқағали шығармалары кез-келген қазақтың жүрегін тебірентіп, асқақтықты, табиғат пен сұлулықты сүюге жетелейді. Наурыз мейрамы – қазақ халқының ұлы мерекесі, «Ұлыстың – ұлы күні». Қыстан аман-есен шыққан елге көктемнің шуақты күндері келетін мезгіл. Шығарма қуаныш пен шаттыққа толы. Шаттық өрілген өлеңнің қазақ тілінен ағылшын тіліне аударылған нұсқасын ұсынамыз:
Наурыз айы туғанда Thus here comes Nauryz

Наурыз айы туғанда, When here comes month Nauryz

Той болушы еді бұл маңда. There is party, there is feast

Сақталушы еді сыбаға, Mothers saving special treats

Сапарға кеткен ұлдарға, For their sons who on trips,

Наурыз айы туғанда. Prepare them meals as surprise.


Наурыз, наурыз, күнгі игі! Nauryz, nauryz holy day,

Күні игі жердің – түрі игі. Welcome happy holiday!

Бауыры жылып науат қар, Slowly melts sugar – snow,

Бабымен ғана жібиді. Warming steadily terra- clay.

Шашалып ырыс шанақтан, Neighbors calling for the guest,

Шақырып бір үй бір үйді, Proudly greet each on the feast.

Шаттанушы еді бір игі. Oh, such delight with different treat!
Осынау игі кең жерге, Thus approaches month Nauryz,

Наурыз айы келгенде. To this sacred, spacious place

Наурыз тойын бергенде, Faces full of pride and joy,

Көрмегендер де арманда, Wish, you’ve seen this merry toi

Арманда оны көрген де. I was born then dear mate,

Келіп ем өмір-орманға, On this blissful Nauryz date

Наурыз айы келгенде. Being holy is my fate!
Аударма сәтті шықты ма, шықпады ма, оған баға беруші оқырман. Себебі, поэзия – экспрессивті мәтін, ол тілдің функционалдық қызметімен бірге, шығармашылық шеберлік қызметін атқарады. Экспрессивті мәтін – эстетикалық міндет атқарады, осыған орай тәржіма оқырманға әсер етсе, онда аудармашының міндетінің орындалғаны.

Қорыта айтқанда, Норд кестесі болашақ маман аудармашыларды оқыту барысында, тәржіме тәсілдерін дұрыс пайдалануға, алған білімдері мен құзіреттіліктерін дамытуға, аудармашылық құзырлықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді деген сенімдеміз.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Абдрахимова Г.Б. Языковая компетенция как основа формирования переводческой компетенции. Қазақстан республикасында шетел тілінде білім беру философиясы және тілдік саясат. Ғылыми-тәжірибелік конференция. Мақала. – Алматы, 2008. – 280-282 б.

  2. Christiane Nord. Textanalyse und Ubersetzen. – Heidelberg:Groos,1995 Halliday, MAK & Hasan R. Language, Context and Text. Melbourne. Deakin University Press, 1989. – 10б б.

  3. В.Н. Комиссаров. Современное переводоведение. – Москва, 2004. – 327 б.

  4. Мұқағали. Шығармалары. 3 том. – Алматы: Жалын, 2008. – 276 б.

РЕЗЮМЕ


В статье рассматриваются предпереводческие проблемы работы с текстом и важные составляющие переводческой компетенции при переводе из казахского языка на английский язык.
ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада болашақ қазақ-ағылшын тілді аудармашылардың мәтіндік құзырлығын қалыптастырудың жолдары қарастырылады.


Ә Д Е Б И Е Т Т А Н У

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет