Төртінші кітап. Қапада
1. «Абай жолы» роман-эпопеясының төртінші кітабы қандай тараулардан тұрады?
2. «Түн-түнекте» тарауының толық нұсқасын оқыңдар.
3. Үзіндінің сюжеттік-композициялық құрылымына талдау жасаңдар.
4. Үзіндіде көтерілген басты мәселелер не?
5. Семей қаласына тараған оба ауруынан халықты сақтандыру үшін Абай қандай әрекеттерді қолға алады? Тараудан мысалдар келтіріңдер.
6. Абай мен Павлов арасындағы қарым-қатынас туралы не айтар едің? Абайдың орыс достарының қазақ халқына жанашырлығы, ізгі ниеттері
қалай бейнеленген? Олардың бойында ең тамаша мінез-құлық, қасиеттер қалай жинақталған?
7. Төртінші кітапта Абай халық тағдыры шешілетін жерде, қалың елдің қамқоршысы бейнесінде суреттелетініне мысалдар келтіріңдер.
1. Топпен бірге үзінді мазмұнын ашатындай мәселелердің тізбесінен тұратын жоспар жасаңдар.
2. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай жеткен биіктікті межелеңдер. Қосымша дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Абай бейнесін жасаудағы жазушы шеберлігі туралы ойларыңды кестеге түсіріңдер.
Ү л г і :
1. Жазушы үзінді кейіпкерлерінің киім киюін, жүріс-тұрыс, сырт пішіндерін ерекше сипаттап, этнографиялық суреттер жасағанына дәлелдер келтіріңдер.
2. Үзіндіден көрінетін Әбіш–Абай арасының романның бірінші, екінші кітаптарынан көрінетін Абай–Құнанбай арақатынасынан өзгешелігі, айырмашылығы туралы топта талқылау жасаңдар. Жазушы Абай–Әбіш, Құнанбай–Абай арқылы қандай мәселе көтерген деп ойлайсыңдар? Бұл мәселенің бүгінгі күнде маңыздылығы неде?
Шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалаңдар.
Кері байланыс. «Жинақтау парақшасының индексі».
(Екі жағында да көрсетілген тапсырмалары бар парақтар таратылады).
1-беті: бүгінгі тақырып бойынша негізгі идеяларды атап шық.
2-беті: бүгінгі тақырыптан нені түсінбегеніңді анықта.
Қазақстан үшін Әуезов – екінші Абай, біз үшін – Шығыстың Шолоховы… М. Шолоховтың «Адам тағдыры» әңгімесіндей шалқар шабытпен жазылатын болса, ол шығарма өмірді мадақтайды әрі дәріптейді. «Абай жолы» – нақ осындай шығарма…
Мұхтар Әуезов өзінің «Абай» романының бірінші кітабымен-ақ әдебиеттің атқаруға тиісті ең жоғары қызметі мен ең жоғары рөлін қолмен қойғандай көрсетіп берді. Ол өз халқының өзін-өзі танып-білуіне көмектесті, ал басқа халықтар үшін тамаша жаңалық ашты…
Достарыңызбен бөлісу: |