Тапсырмалардың үлгілері мен бағалау парақтары
№1 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау тапсырмалары
Тақырыбы: Өлең-сөздің патшасы
Оқыту нәтижелері: Әдеби шығарманың жанрлық табиғатына талдау жасау, ұлттық құндылықтар-дың маңыздылығын контекстермен үндестіру.
Бағалау критерийлері: Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын сипаттайды;
Ойлау дағдыларының деңгейлері: білу, түсіну, қолдану
Орындау уақыты:15 мин
Тест
1. Абай Құнанбаев қай өңірде дүниеге келген?
А) бұрынғы Семей облысындағы Шыңғыс тауының етегінде дүниеге келген
В) Абай Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында дүниеге келген
С) бұрынғы Семей облысының Семей қаласында дүниеге келген
Д) Абай Павлодар облысында дүниеге келген
Е) бұрынғы Семей облысының Үржар ауданында дүниеге келген
2.А.Құнанбаевтың «Қалың елім, қазағым» өлеңіндегі автор көтерген ұлттық мәселелерді анықтап, концептуалды кесте құрыңыз.
Ұлттық мәселелер
3. Шығармадағы ұлттық мәселелерді өмірмен байланыстырыңыз
4. А.Құнанбаевтың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінен алынған үзіндідегі өзекті мәселені ғаламдық тақырыппен байланыстырыңыз.
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың.
Көрсе қызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір күн — жыртың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кетпесе, енді өз ырқың.
Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,
Оның да алған жоқ па құдай құлқын?
Достарыңызбен бөлісу: |