Мазмұны түсінік хаты



бет30/78
Дата06.09.2024
өлшемі6.35 Mb.
#503432
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78
Қазақ әдебиеті тапсырмалар (2) (копия)

«ҚАҺАР» РОМАНЫ

Мақұм әуені – әуен түрі.
Указ – Ресей империясының құқықтық-нормативтік құжаты.
Боғдыхан – император деген мағынада.
Ақсаңдақ – аты шулы, атақты деген мағынада айтылған сөз.
Наркескен – екі жүзі бірдей өткір қылыш түрі.
Ши жүгірту – бір-біріне айдап салып, араздастыру.

1. Үзіндіні түсініп оқыңдар. «Қаһар» дегенді қалай түсінесіңдер? Неліктен роман «Қаһар» деп аталған?
2. І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының бірінші, екінші кітаптары қалай аталады?
3. Тарихи роман дегеніміз не? Қандай тарихи романдарды білесіңдер?
4. Романға арқау болған тарихи тұлғалар туралы не білесіңдер? Үзінді оқиғасын қазақ тарихындағы қай тарихи кезеңмен байланыстырар едің?
5. Романның негізгі идеясы мен тақырыбына сипаттама беріп, өз талдауларыңды дәптерлеріңе жазыңдар.
6. Кенесарының портретін жазушы қалай суреттеген?
7. Нысанбай ақынның Қасым төреге Шыңғыс шежіресін қисса етіп айтып беруі Кенесарыны неге ойға батырады?
8. Қасым төре неліктен түбі Абылайдың жолын қуған ұрпақтары ортаншы ұлы Кенесары мен кіші баласы Наурызбай болар деп үміттенеді?
9. Кенесарыны қандай ойлар мазалайды? Кенесарының ойынша, қазақтардың өз тәуелсіздігінен айырылуының ең басты себебі неде?

1. «…Ал бүгінгі таластай, қалың бұқараның тәуелсіздігін қорғау арманы мен сенің жұрт билігін қолға алам деген көкейкесті тілегің ұштасып жатқанда, соңыңнан ерген қолдың артында емес, алдына шығу қажет. Сонда ғана саған қара халық сенеді, соңыңнан ереді. Бұқара өз басыңның қамы үшін емес, халқың үшін алысып жүргеніңді көзбен көргені жөн. Сөйткен күнде ғана, арманыңа жетесің. Халық өзі арманыңа жеткізеді» деген Кенесарының ойын тарқатып, топта талдап, ортақ пікір білдіріңдер.
2. Топпен бірге үзінді кейіпкерлерін тану (Қасым хан, Нысанбай ақын, Кенесары) тапсырмалары бойынша жұмыс жасаңдар:
– Жазушының кейіпкерлерді суреттеуі, портреттері;
– Кейіпкерлердің іс-әрекеттері, сөз саптауы, ойлау ерекшеліктері;
– Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;
– Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогі, қоршаған ортаға қарым-қатынасы;
– Кейіпкерлер бойындағы ізгі қасиеттер тізбесі.
3. Үзіндіден қандай құндылықтарды байқадыңдар? Кестеге толтырыңдар.





1. «РАФТ» стратегиясы бойынша үзіндінің өздеріңе ұнаған бөліктерін таңдап алып, қайта өңдеп, өздерің қалаған кейіпкер атынан монолог жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет