Мазмұны түсінік хаты



бет32/78
Дата06.09.2024
өлшемі6.35 Mb.
#503432
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78
Қазақ әдебиеті тапсырмалар (2) (копия)

Кері байланыс. Жұптық жұмыс.

КЕНЕСАРЫ ХАН

Бейіт – қайтыс болған адам жерленген қабір, мола, зират.
Көкек айы – жазғытұрым кезіне сай келетін төртінші айдың арабша аты (сәуір).

1. Үзіндіні түсініп оқып, тезистік жоспар құрыңдар.
2. Кенесарының хан болғанын естігенде Гербурт-Жүсіп неге ренжіді деп ойлайсыңдар?
3. Шын мәнінде, Кенесарының өзін хан көтертуінің астарында не жатыр еді?
4. Гербурт-Жүсіп неліктен Кенесары ордасынан кете алмады?
5. Перовскийдің орнынан алынғаны Кенесарыны неге қатты қобалжытты?
6. Кенесарының әйелі мен балаларынан айырылғанынан да басқа жүрегін өртеген қандай күйігі бар еді?
7. Үзіндідегі көркем образдар галереясын топтастырыңдар.

1. Роман үзіндісін топпен бірге талдап, сюжеттік желісі бойынша «Интеллект картасын» құрастырыңдар.
2. Романның үзіндісіне сюжеттік-композициялық талдау жасаңдар. Тарихи шығарманың көркемдік ерекшелігі туралы өз ойларыңды айтып беріңдер. Негізгі кейіпкерлерін белгілеңдер.
3. Жұптағы бір оқушы – Кенесарының, екінші оқушы – Гербурт-Жүсіптің бейнесіне жинақтау және даралау арқылы талдау жасаңдар. Екі кейіпкердің арасындағы қарым-қатынасты өз сөздеріңмен қорытындылап жазыңдар.

4. Үзіндіні тыңдап, көркемдегіш құралдары мен айшықтауларды теріп жазып, автор стилін анықтаңдар. Уақыт – 15 минут.

Үзіндідегі жалпыадамзаттық құндылықтар туралы жазушы ойын өз көзқарастарыңмен сабақтастырып, пайымдауларыңды жазыңдар.
Үлгі:
Тақырыптық 2 сөйлем: ………………………………………………………..
Қолдаушы 3 сөйлем: …………………………………………………………..
Қорытынды 1 сөйлем: …………………………………………………………

Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңдер.
Кері байланыс. «3-2-1».
Сабақтағы 3 маңызды ақпарат.
Қиындық келтірген 2 мәселе.
Сабақта ұнаған 1 аспект.



АЛАША ХАН – халық аңызы бойынша, «Алты алашты» құрған тайпалардың түп атасы. Қазақ шежіресінде Алаша ханның шыққан тегі қарапайым кісі болған делінеді. Оның есімі қазақтың шығу тегін баяндайтын ең көне аңыздарда кездеседі. Сондықтан кейбір ежелгі деректерде «Алаш» этнонимінің шығуы осы Алаша хан атымен байланыстырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет