(Т)кегль-ринг сайысының ережелерін айтып шығуды ұсраңыз.
(Ұ, Т, Қ) «Роботтың тән үлгісін» оқушылармен талқылаңыз. Роботтың іс-әрекеттерін сөздік алгоритм түрінде жазуды сұраңыз.
Оқушылар роботтың атқара алатын қызметтерін анықтайтын әңгімелесуді ұйымдастырыңыз.
(Т, Қ) Оқушылармен роботтың сыртқы құрылымын (датчиктер, олардың орналасуы және т.б.) талқылаңыз.
(Ұ, Т) Оқушыларға бір кегльді табу үшін алгоритм жасауды ұсыныңыз. Мәселені шешу үшін қолайлы программа жасаңыз. Тапсырманы толық шешу үшін программаға өзгерістер енгізуді талап етіңіз, мысалы циклды қолдану немесе роботтың бұрылыс градусын анықтау және т.б.
(Т) Қажетті жағдайларда роботтың құрылымына өзгеріс енгізуді және программаны тестілеуді талап етіңіз. Қиыншылықтар туған кезде оқушыларға қолдау көрсетіңіз, ол үшін дайын роботты ұсыныңыз немесе қателерді анықтау үшн қосымша сұрақтар қойыңыз немесе дайын программаның үлгісін беріңіз.
-Датчиктердің орналасуы есептің шешіміне әсер ете ме және қалай әсер етеді?
- Қандай дизайн ең сәтті болды және неге?
- Осындай тапсырманы қандай өмірлік жағдайда қолдануға болады?
Оқушыларға өз идеяларын іске асыруға мүмкіндік беріңіз, Егер роботтардың конструкциялары өзгеше болса, жарыс қызықты өтеді.
Оқушыларды бірнеше рет эксперимент жүргізуге және қажет болған жағдайда программалық және аппараттық бөлімдерге өзгерістер енгізуге ынталандырыңыз.